Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар география


«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет5/9
Дата02.10.2019
өлшемі10,09 Mb.
#49131
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОШ БЖБ География 8-сын қаз

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып


Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды. Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді. Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады.


Оқу мақсаты

8.3.3.1 Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды 8.3.3.2 Құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылықтағы маңызын түсіндіреді

8.3.3.6 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді

  • Құрлық суларының шаруашылықтағы қолданылу маңызын сипаттайды

  • Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

1. Қазаншұңқырлар негізінде көлдің түрлерін анықтаңыз. Көлдің пайда болу жолын түсіндіріңіз.

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3. _________________________________________________________________



2. Құрлық суларының шаруашылықта қолданылу мақсатын сипаттаңыз.

(a) Өзен сулары _______________________________________________________________

(b) Көл сулары ________________________________________________________________

(с) Жер асты сулары ___________________________________________________________

(d) Мұздықтар ________________________________________________________________
3. Мәтінмен танысыңыз.Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтап, салдарын жазыңыз. Шешу жолдарын ұсыныңыз.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Елімізде қазіргі кезеңде шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі –экологиялық мәселелер. Соның бірі Арал теңізі алабымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы шаруашылыққа Әмудария мен Сырдария өзендерін тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы таязданып, құрғай бастады, айналасындағы жерлер өмір сүруге қолайсыз сор шөлге айналды. Арал теңізінің түбіндегі тұздар ауаға таралып, адамның тыныс жолы ауруларының пайда болуына әсер тигізді. Еліміздің батысында орналасқан мұнай кен орындары бүгінгі таңда Каспий теңізінің экологиялық жағдайын нашарлатып жіберді. Мұнай кен орындарын бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезінде пайда болған апатты жағдайлардың салдарынан мыңдаған тоннa мұнай теңізге құйылып, суда өмір сүріп жүрген балықтардың азаюы және суда жүзіп жүрген құстардың санының азаюына әсерін тигізді. Сонымен қатар, Іле және Қаратал өзендерін шаруашылықта қолдануына байланысты Балқаш көліне де қатер төндіруде, алдағы уақытта батысы құрғап, шығысы сор жерлерге айналуы мүмкін.


Еліміздегі суға қатысты экологиялық мәселе

Экологиялық мәселенің пайда болу себебі

Экологиялық мәселенің салдары

Шешу жолдары















Бағалау

критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді.

1


көлдің түрлерін ажыратады;

1

көлдің пайда болу жолын сипаттайды;

1

Құрлық суларының шаруашылықтағы қолданылу маңызын сипаттайды.




2


өзен суларының шаруашылықта қолданылу маңызын сипаттайды;

1

көл суларының шаруашылықта қолданылу маңызын сипаттайды;

1

жер асты суларының шаруашылықта қолданылу маңызын сипаттайды;

1

мұздықтардың шаруашылықта қолданылу маңызын сипаттайды;

1

Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.


3


еліміздегі суға байланысты мәселелерді анықтайды;

1

экологиялық мәселенің пайда болу себебін түсіндіреді;

1

экологиялық мәселенің салдарын сипаттайды;

1

шешу жолдарын ұсынады.

1

Жалпы балл

10

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

Құрлық суларының пайда болу жолдарын түсіндіреді.


Көлдің түрлерін ажыратуда және олардың қалыптасу жолдарын түсіндіруде қиналады.

Көлдің түрлерін ажыратуда / олардың қалыптасу жолдарын түсіндіруде қателеседі.



Көлдің түрлерін ажыратады және олардың қалыптасу жолдарын түсіндіреді.

Құрлық суларының шаруашылықтағы қолданылу маңызын сипаттайды.

Құрлық суларының шаруашылықтағы маңызын сипаттауда қиналады.

Өзен/көл/ жер асты суларының /мұздықтардың шаруашылықта қолданылу маңызын сипаттауда қателіктер жібереді.

Құрлық суларының шаруашылықтағы маңызын сипаттайды.


Құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.


Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтауда,, салдарын сипаттауда,. шешу жолдарын ұсынуда қиналады.

Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтауда / салдарын сипаттауда / шешу жолдарын ұсынуда қателеседі.



Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтап, салдарын сипаттайды және шешу жолдарын ұсынады.



«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып


Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер.Материктердің табиғи зоналары.Өсімдік әлемі мен жануарлар.


Оқу мақсаты


8.3.4.1 Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді

8.3.4.3 Әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады

8.3.4.5 Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын сипаттайды

  • Әр материктегі ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің ерекшеліктерін салыстыра анықтайды

  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын дәлелдейді




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма


  1. Мәтінмен танысып,тапсырманы орындаңыз.

  1. Табиғат зоналарын қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

  2. Биіктік белдеуді қалыптастыратын негізгі факторларды атаңыз. ______________________

_____________________________________________________________________________
Табиғи зоналардың қалыптасуы

Табиғат зоналар ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мысалы: аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі


Биіктік белдеудің қалыптасуы

Таумен жоғары көтерілген сайын белгілі биіктік (вертикаль) зоналар (белдеулер) бойынша климат жағдайларының қалыптасуы. Биіктік артқан сайын температура мен қысым азая бастайды. Белгілі бір биіктікке жеткенде ылғалдылық артады да, ең көп жауын-шашынды белдеу түзіледі, ал одан кейін ылғалдылық азая береді. Биіктік климат белдеулігімен тек климат жағдайларының ғана емес, онымен бірге су ағынының, топырақ пен өсімдік типтерінің, жануарлар дүниесінің өзгеруіне де әсерін тигізеді.



2. (а) Африка мен Оңтүстік Америка материгіндегі экваторлық орман зонасын салыстырып, кестеге жазыңыз.

Африка

Ұқсастығы

Оңтүстік Америка







(b) Суретте Анд және Гималай тауларының биіктік белдеулері берілген.




(a) Биіктік белдеулерінің санын анықтаңыз. __________________________________________

(b) Тау етегіндегі табиғат зонасын атаңыз.____________________________________________

(c) Биіктік белдеулеріндегі ұқсастықтарды жазыңыз.____________________________________ ____________________________________________________________________

(d) Биіктік белдеулеріндегі айырмашылықтарды анықтаңыз.____________________________ ________________________________________________________________________


3. Сурет бойынша талдау жасаңыз.

(a) Табиғаттағы өсімдіктердің маңызын сипаттаңыз._____________________________________

(b) Жануарлардың адам өміріндегі маңызын жазыңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(c) Адам, жануар және өсімдік арасындағы байланысты анықтаңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(d) Өсімдіктер мен жануарларды қорғау жолдарын ұсыныңыз. ___________________________________________________________________________________




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын сипаттайды.

1


табиғат зоналарын қалыптастыратын факторларды атайды;

1


биіктік белдеулерін қалыптастыратын факторларды атайды;

1

Әр материктегі ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің ерекшеліктерін салыстыра анықтайды.



2


экваторлық орман зонасының Оңтүстік Америкадағы ерекшелігін жазады;

1

экваторлық орман зонасының Африка материгіндегі ерекшелігін жазады;

1

екі материкте де кездесетін ұқсастықтарды анықтайды;

1

Анд және Гималай тауларындағы биіктік белдеулерінің санын анықтайды;

1

тау етектеріндегі табиғат зонасын атайды;

1

биіктік белдеулердің ұқсастықтарын анықтайды;

1

биіктік белдеулердің ерекшеліктерін сипаттайды;

1

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын дәлелдейді.


3

табиғаттағы өсімдіктердің маңызын сипаттайды;

1

жануарлардың адам өміріндегі маңызын сипаттайды;

1

адам, жануар, өсімдік арасындағы байланысты түсіндіреді;

1

тірі табиғатты қорғау жолдарын ұсынады.

1

Жалпы балл

13

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын сипаттайды.


Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын сипаттауда

қиналады.




Табиғат зоналарының/биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын сипаттауда қателеседі.


Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу жолдарын дұрыс сипаттайды.


Әр материктегі ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің ерекшеліктерін салыстыра анықтайды.



Әр құрлықтағы ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерді салыстыруда қиналады.


Оңтүстік Америкадағы / Африка материгіндегі экваторлық орман зонасының ерекшелігін сипаттауда / ұқсастықтарын анықтауда / Анд және Гималай тауларындағы биіктік белдеулерінің санын анықтауда / тау етектеріндегі табиғат зонасын/ерекшеліктерін сипаттауда қателіктер жібереді.


Әр құрлықтағы ұқсас табиғат зоналары мен биіктік белдеулерді дұрыс салыстырады.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын дәлелдейді.


Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын дәлелдеуде

қиналады.




Табиғаттағы өсімдіктердің / жануарлардың маңызын анықтауда / адам, жануар, өсімдік арасындағы байланысты сипаттауда / қорғау жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді.


Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығын дәлелдейді.


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет