Сабақ мақсаттары
|
Барлық білім алушылардың мүмкіндігі болады:
* Натрийдің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, физикалық қасиеттерін біледі
Білім алушылардың көбісінің мүмкіндігі болады:
* Натрийдің табиғатта кездесуі, табиғи минералдарын, химиялық қасиеттерін, өндірісте алынуы мен техникада қолданылу маңызын біледі. . Заттың қасиеті мен қолдану арасындағы тәуелділікті көрсете алады.
Кейбір білім алушылардың мүмкіндігі болады:
* Натрийдің қосылыстарына, қасиеттеріне байланысты есептер шығара алады,
|
Сабақтың ортасы
|
Тақтадан бір элементтің атом құрылысы көрсетіледі. Қай элемент екенін оқушылар анықтайды.
Э ) ) )
2 8 1
Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s1
Анықталған элемент атомының құрылысына байланысты сабақтың тақырыбы айтылады:
Сабақтың мақсатын оқушылар мен бірге айқындалады.
Тақырып бойынша интерактивті тақтадан 8 –сыныпқа арналған электронды оқулық көрсетіледі.
Мәнмәтінмен жұмыс -Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып шығады.
Тапсырма
І топ
Натрийдің атом құрылысы, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеті
ІІ топ
Химиялық қасиеттері, қосылыстарын анықтау, алынуы, қолданылуы
ІІІ топ
Натрийдің маңызды қосылыстары
Жеке жұмыс
Графиктік формуласы -
Валенттілігі –
Тотығу дәрежесі-
Табиғатта таралуы бойынша нешінші орын –
Натрий қосылыстары-
Табыс критерииі:
1.Валенттілігін табу, себебін түсіндіру, табиғатта таралуы бойынша орнын анықтай алу,
2.Тотығу дәрежелерін табу, кем дегенде екі қосылыстарда мысал келтіре отырып, тотығу дәрежесін табу, қандай жағдайда нөль мәнге ие болатынын түсіндіруі тиіс.
3. Натрий минералдарды атай білуі
Жұптық жұмыс
Жүруі мүмкін реакция теңдеуін құру
Na2O + SО2 →
Na + H2O →
NaOH + H3PO4 →
сұйыт
NaOH + CuSO4 →
BaCl2 + NaOH →
Na2O + CaO →
NaCl эл.тогы →
Табыс критерииі:
1.Реакция теңдеуін аяқтап, өнімнің формуласын дұрыс жаза білуі
2.Реакция теңдеуін дұрыс теңестіре білуі
3. Берілген реакцияда іс жүзінде жүрмейтін реакцияны анықтау керек.
4. Өндірісте натрийді алу реакциясын таба білу
1 топ: Натрийдің сумен әрекеттесуін жүргізіп, тиісті реакция теңдеуін құру
ІІ-топ: Натрий түйіршігінің қыздыруын бақылау
:
ІІІ-топ
Тиісті реакция теңдеуін жазу
Түзілген өнімді дұрыс атап өту
Табыс критерииі:
Зертханалық жұмыс жүргізу барысында спиртшамды дұрыс қолдану,
Қыздырған кезде натрий түйіршігінің өзгерісін бақылау,
Тиісті қорытынды шығару
Электрондық оқулық
: «Тілдің үш тұғырлығы»
Бүгінгі сабақтағы негізгі терминдермен қазақша, орысша , ағылшынша айту
Жұмсақ- мягкий -
Сілті - щелочь- alkalu
Тотықсыздандырғыш- востановление-recovery
Жеке жұмыс
Есеп:
1.Массасы 9,2 г натрийдің кесегі сумен әрекеттескенде неше грамм натрий гидроксиді түзіледі? г (NaOH)
2. Массасы 2,3 натрийді 50г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесін есептеңдер
( 7,7 % Na)
Табыс критерииі:
Есептің берілген шартын жазу
Нені табу керектігін анықтау
Тиісті жүретін реакция теңдеуін құру, теңестіру
Молярлық массасын табу
Пропорция құру
Тиісті жауабын шығару
|
Периодтық жүйе, интер тақта,
8 –сыныпқа арналған электронды оқулық
Н.Нұрахметов
Н. Заграничная
К. Сарманова
Жұмыс дәптері
Алматы «Мектеп» 2004
Таратпа парақшалар
Натрий кесегі, су, стакан, шыны табақша, спиртшам, .қысқыш, пышақ
Ә. Темірболатова
Есептер мен жаттығулар жинағы
Алматы «Мектеп» 2016
|