Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар география


«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет8/9
Дата02.10.2019
өлшемі10,09 Mb.
#49131
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОШ БЖБ География 8-сын қаз

«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Тақырып

Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау. Дүнижүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы. Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері.


Оқу мақсаты

8.5.1.1 Табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды

8.5.1.2 Жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды

8.5.1.3 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды

Білім алушы


Бағалау критерийі

  • Табиғат ресурстарына экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға береді.

  • Жеке аймақтардың табиғи ресурстық әлеуетін анықтайды

  • Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттайды

  • Табиғат ресурстарының орталықтары мен өнім түрлерін атайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма
1. Табиғат ресурсын игеру жолы көрсетілген суретпен жұмыс жасаңыз.

1-сурет 2-сурет


(а) 1-суретте көрсетілген пайдалы қазбаны игерудің мемлекет экономикасына тигізетін әсерін бағалаңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


(b) 2 -суретті пайдаланып, қазба қалдықтарының әсеріне экологиялық тұрғыдан баға беріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Табиғат ресурсының таралу картасын қолданып, жанғыш пайдалы қазбалардың әрқайсысына қатысты ірі қоры бар 3 кен орнын жазыңыз.

(a)Көмір ______________________________________________________________________________

(b)Мұнай _____________________________________________________________________________

(c)Газ ______________________________________________________________________________




3.) Сызбада тамақ өнеркәсібінің бір саласы көрсетілген. Сызба бойынша шикізаттан дайын өнімге дейінгі аралықта болатын үдерісті сипаттаңыз. _________________________

(b) Солтүстік Қазақстан бойынша дайын өнім алатын бір орталықты атаңыз.____________







Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Табиғат ресурстарына экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға береді.

1


табиғат ресурсын игерудің мемлекет экономикасына әсерін сипаттайды;

1

қазба қалдықтарының әсерін экологиялық тұрғыдан бағалайды;

1

Жеке аймақтардың табиғи ресурстық әлеуетін анықтайды.

2


көмірдің ірі 3 кен орнын анықтайды;

1

мұнайдың ірі 3 кен орнын анықтайды;

1

газдың ірі 3 кен орнын анықтайды;

1

Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттайды.

Табиғат ресурстарының орталықтары мен өнім түрлерін атайды.


3


шикізаттан дайын өнімге дейінгі үдерісті сипаттайды;

1


Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша дайын өнім алатын орталықты атайды.

1



Жалпы балл

7



«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Табиғат ресурстарына экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға береді.

Табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалауда қиналады.


Табиғат ресурстарының мемлекет экономикасына әсерін сипаттауда / қазба қалдықтарының әсеріне экологиялық тұрғыдан баға беруде қателіктер жібереді.

Табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды.

Жеке аймақтардың табиғи ресурстық әлеуетін анықтайды.


Жеке аймақтардың табиғат ресурстарының әлеуетін бағалауда қиналады.



Көмірдің / мұнайдың / газдың ірі кен орындарын анықтауда қателіктер жібереді.


Жеке аймақтардың табиғи ресурстық әлеуетін анықтайды.



Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттайды.

Табиғат ресурстарының орталықтары мен өнім түрлерін атайды.




Табиғат ресурстарын өңдеу технологиясын сипаттауда және дайын өнім түрлері мен орталықтарын атауда қиналады.


Шикізаттан дайын өнімге дейінгі үдерісті сипаттауда /дайын өнім алудың бір орталығын атауда қателеседі.

Табиғат ресурстарын өңдеу технологиясын сипаттайды,

дайын өнім түрлері мен орталықтарын атайды.




4 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет