Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Геометрия



бет4/6
Дата05.09.2022
өлшемі495,57 Kb.
#148744
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОШ СОР Геометрия 7кл каз

Барлығы:

13



«Түзулердің өзара орналасуы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні________________________________________



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Параллельдік белгілерін пайдалана отырып, түзулердің параллельдігін анықтайды.



Параллельдік белгілерін қолдануда қиналады.

Екі түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштарды дұрыс анықтағанымен, параллельдік белгілерін қолдану кезінде қателік жасайды.



Түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу кезінде дұрыс қолданады.

Есеп шығаруда үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданады.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдануда қиналады.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып, теңдеу құрастырады, теңдеу шешу барысында / бұрыш мәндерін анықтауда қателік жібереді.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы есеп шығаруда дұрыс қолданады.



Үшбұрыш теңсіздігі теоремасын қолданып, үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары туралы қорытынды жасайды

Үшбұрыштар теңсіздігі туралы теореманы қолдануда қиналады.



Үшбұрыштың түрін дұрыс анықтайды, теңдеу құра алады, бірақ қабырғаларын анықтауда / үшбұрыш теңсіздігі теоремасын қолдануда қателік жасайды.



Үшбұрыштың түрін дұрыс анықтайды, үшбұрыштар теңсіздігі теоремасын қолданып қабырғаларының ұзындықтары туралы дұрыс тұжырым жасайды.



Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолданып есеп шығарады.



Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдануда қиналады.



Есеп берілгені
бойынша сыртқы бұрыш қасиеті мен тікбұрышты үшбұрыш қасиетін қолданады, бірақ есептеулер жүргізуде қателік жібереді.



Тік бұрышты үшбұрыштың қасиетін дұрыс қолданып, жауабын дұрыс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет