Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындалу уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1.(a) Натрий гидрокарбонатындағы (NaHСО3) көміртектің массалық үлесі тең болады: A) 1,19%
B) 14,28%
C) 27,38%
D) 57,14%
(b) Күрделі қосылыстың құрамындағы элементтердің массалық үлестері
H - 2,04%, S - 32,65%, O – 65,31%-ке тең. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.
2. Ас үйде тамақ пісіргенде газ балонынан пропан (С3Н8) жағылады.
Пропанның жану реакциясы теңдеуін жазып, теңестіріңіз.
Пропанның жану реакциясындағы өнімдерді және реагенттерді атаңыз. өнімдер: реагенттер:
|
Маратқа зертханада тәжірибе жасау үшін оттегі газы керек болды. Оттегі газын марганец диоксиді катализаторы қатысында сутек пероксидін айыру арқылы алуға болады.
Сутек пероксидінің ыдырау реакциясы теңдеуін жазыңыз.
Бұл реакцияны қандай заңға сүйеніп жаздыңыз, осы заңға анықтама беріңіз.
Берілген химиялық реакцияларды аяқтап теңестіріңіз, реакция типін анықтаңыз.
AI2O3 + HCl → AICl3 + …
… + H2SO4 → MgSO4 + H2
H2 + CI2 → …
D) AI(OH)3 → ….. + H2O
Реакция типі:
А)
В)
С)
D) _
Бағалау критерийі
|
Тапсыр
ма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептейді, массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтайды
|
1
|
күрделі қосылыстың құрамындағы көміртектің массалық үлесін
есептейді;
|
1
|
массалық үлесі бойынша заттың молекулалық формуласын
анықтайды;
|
1
|
Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады
|
2
|
пропанның жану реакция теңдеуін
жазады;
|
1
|
өнімдерді атайды;
|
1
|
реагенттерді атайды;
|
1
|
Зат массасының сақталу заңының анықтамасын жазады
|
3
|
сутек пероксидінің ыдырау реакция
теңдеуін жазады;
|
1
|
зат массасының сақталу заңы анықтамасын жазады;
|
1
|
Химиялық реакцияларды реагенттердің саны және құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді
|
4
|
А реакция типін анықтайды;
|
1
|
В реакция типін анықтайды;
|
1
|
D реакция типін анықтайды;
|
1
|
С реакция типін анықтайды;
|
1
|
А реакцияны аяқтап, теңестіреді;
|
1
|
В реакцияны аяқтап, теңестіреді;
|
1
|
С реакцияны аяқтап, теңестіреді;
|
1
|
D реакцияны аяқтап теңестіреді.
|
1
|
Барлығы
|
15
| «Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептейді, массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтайды
|
Күрделі қосылыстың құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеуде, массалық үлесі бойынша қарапайым формуласын табуда қиналады
|
Күрделі қосылыстың құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеуде / массалық үлесі бойынша қарапайым формуласын табуда қателіктер жібереді
|
Күрделі қосылыстың құрамындағы элементтің массалық үлесін есептейді және массалық үлесі бойынша қарапайым формуласын табады
|
Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады
|
Күрделі заттардың жану реакция теңдеулерін құрастыруда , өнімдерді, реагенттерді анықтауда қиналады
|
Күрделі заттардың жану реакция теңдеулерін құрастыруда / өнімдерді / реагенттерді анықтауда қателіктер жібереді
|
Күрделі заттардың жану реакция теңдеулерін құрастырады, өнімдерді, реагенттерді анықтайды
|
Зат массасының сақталу заңының анықтамасын жазады
|
Сутек пероксидінің ыдырау реакция теңдеуін жазуда, зат массасының сақталу заңына анықтама беруде қиналады
|
Сутек пероксидінің ыдырау реакция теңдеуін жазуда / зат массасының сақталу заңына анықтама беруде қателіктер жібереді
|
Сутек пероксидінің ыдырау реакция теңдеуін жазады, зат массасының сақталу заңына анықтама береді
|
Химиялық реакцияларды реагенттердің саны және құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді
|
А, В және С, D реакцияны аяқтап теңестіруде және типін анықтауда қиналады
|
А /В / С/ D реакцияны аяқтап теңестіруде / типін анықтауда анықтауда қателіктер жібереді
|
А, В және С, D реакцияны аяқтап теңестіреді және типін анықтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |