Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»
Оқылатын шығарма Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі
А.Алтай «Прописка»
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерлерді тек тұрғысынан сипаттайды
• Берілген эпизодқа талдау жасайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Ақын кейіпкері кім? Оны қалай сипаттайды?
Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда.
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың...
Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!
А.Алтайдың «Прописка» шығармасынан маңызды деп тапқан эпизодқа талдау жасап, себебін түсіндіріңіз.
Е.Жүністің «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі негізінде түйген ойыңызды таратып жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |