16 – 18 жастағы жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамуын қарастырар болсақ, олардың да жас ерекшелігіне қарай өз жүктемелері болады. Жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығу жүктемелері ретінде жоғары қарқынмен қысқа аралыққа жүгіруді (от 20 метрден 30 метрге дейін) атап өтуге болады. Жас футболшыларды дайындау кезінде аз көлемдегі, яғни 3-4 және 4-5 минутқа тең жүктемелерді ұсынуға болады. Дәл осындай жүктемелер жылдамдық қасиеттерін дамытыға және техникалық-тактикалық қызметтерді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Үлкен көлемдегі жаттығу жүктемелері және 5-6 минутқа тең орташа көлемдегі жаттығу жүктемелері жас футболшылардың жылдамдығын дамытуға ұсынылмайды. Мұндай жүктемелерді орындау жылдамдыққа төзімділікті дамытуға апарады. Сонымен қатар мұндай жүктемелер қозғалыстың координациялық механизміне кері әсер етеді.