Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет89/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

5-лекция
Тәуелдік жалғау
Заттың біреуге не басқа затқа меншікті, тәуелді екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталады.
Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Жақ адаммен қатысты болып, бірінші жақ сөйлеушіні, екінші жақ тыңдаушыны, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді. Тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары үнемі адамға қатысты айтылады да ІІІ жағы адамға да, затқа да қатысты қолданыла береді. Мысалы: менің кітабым, сенің қаламың, оның дәптері, судың ағысы, өзеннің арнасы, т.с.с. Сондықтан ІІІ жақтың мағынасы кең болады.
Зат есімнің тәуелдік жалғауын қабылдауы зат есімнің тәуелденуі деп аталады. Тәуелдеу оңаша (анайы) тәуелдеу және ортақ (сыпайы) тәуелдеу болып екіге бөлінеді.
Заттың бір ғана адамға не затқа тәуелді, меншікті екенін білдіретін анайы түрдегі тәуелдеу оңаша тәуелдеу деп аталады. Заттың бірнеше адамға не затқа меншікті екенін білдіретін сыпайы түрдегі тәуелдеу ортақ тәуелдеу деп аталады. Яғни оңаша тәуелдеу анайы түрмен, ортақ тәуелдеу сыпайы түрмен беріледі.
Оңаша тәуелдеу
Жекеше:
І жақ атам, отауым, егеуім
ІІ жақ атаң, отауың, егеуің
ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі
Көпше:
І жақаталарым, отауларым, егеулерім
ІІ жақ аталарың, отауларың, егеулерің
ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері
Ортақ тәуелдеу
Жекеше:
І жақатамыз, отауымыз, егеуіміз
ІІ жақ атаңыз, отауыңыз, егеуіңіз
ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі
Көпше:
І жақ аталарымыз, отауларымыз, егеулеріміз
ІІ жақ аталарыңыз, отауларыңыз, егеулеріңіз
ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері
Ескерту. Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер: 1) тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде түсіп қалады. Мысалы: аудан әкімі, мектеп бастығы; 2) біздің, сіздің, өзіміздің деген есімдіктерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы кейде түсіп те қолданылады. Мысалы: біздің жайлау, сіздің қалам, өзіміздің бала; 3) тәуелдеу мағынасы кейде жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, зат есімдерге -нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары тіркелу арқылы жасалады. Мұндайда олар сингәрмөнизм заңына бағынбай жалғана береді әрі меншіктелуші сөз меншіктенуші сөзден бұрын тұрады. Мысалы: кітап Серіктікі, қарындаш Ақандікі. 4) тәуелдік жалғауы затсымақтанған (субстансивтенген) басқа сөз табына да жалғана берді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады; 5) бірқатар зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буынындағы қысаң дауысты дыбыс ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: халық – халқым, орын – орным, көрік – көркі, ерік – еркі, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет