Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Ендеше ғалымның өткен шақтың әр түріне байланысты көрсеткен мағыналық реңктің сөйлемде берілуіне тоқталайық



бет14/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Ендеше ғалымның өткен шақтың әр түріне байланысты көрсеткен мағыналық реңктің сөйлемде берілуіне тоқталайық:


  • Жедел өткен шақ формасы сөйлеушінің сөйлеу кезінен бұрын болып өткен қимылды жай хабарлау түрінде баяндауын білдіреді (Мен кітапханаға кеттім).



  • Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады (Мен ол жігітті жақсы танимын, институтта бірге оқығанбыз).



  • Бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болып өткен істі, қимылды өз көзімен көрмей, екінші бір адамның айтуымен немесе басқа бір жағдай арқылы білдірсе, оны ежелгі өткен шақ формасында баяндайды (Қайырбек кеше Москвадан қайтыпты).



  • Дағдылы өткен шақ сөйлеу кезінен кем дегенде жарты не бір жыл бұрын болып өткен істі, қимылды білдіреді және істің, қимылдың ертеректе бірнеше рнет қайталанып, әдетке, дағдыға айналғандығын көрсетеді (Әбдірахман әкесі үшін қатты қиналып, оңашада ұзақ ойланып жүруші еді).




  • Қатысты өткен шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс, қимылмен ұштасып, соған байланысты өткендігіннемесе белгілі бір мезгіл ішінде өткендігін көрсетеді (Мен кеше киноға барып едім).

Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары бұрынғы өткен шақтың формаларын жасаушылар екені белгілі. Олардың беретін анықтамаларына қарсақ та, Қ.Жұбанов ізін көруге болады. Н.Сауранбаев «Бұрынғы өткен шақта болған істің айқын, ақиқат екендігі тұжырымды болып көрсетіледі» деген анықтамамен түсіндірсе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «Бұрынғы өткен шақта істің жедел өткен шақтағыдан бұрын болғандығы, болмағандығы көрсетіледі» делінген.

Осындай құбылыстарды жинақтаған Ы.Маманов: Қазақ тілінде еді көмекші етістігі күрделі шақ формаларын жасауда үлкен рөл атқарады. Бұл есім сөздермен және етістіктің кейбір формалармен тіркесіп, сол тіркескен сөздеріне әртүрлі грамматикалық рең береді. Солардың ішінде еді еді көмекші етістігі өткен көсемше (-п/ -п/ -іп), өткен шақ есімше (-ған/ -ген/ -қан/ -кен) және қалып етістіктерімен (отыр, тұр, жатыр, жүр) тіркесіп, қатысты өткен шақ формаларын жасайды, — дейді.

Ал келер шақ жөнінде ғалым «сөйлеу кезінен кейін болатын істі, қимылды білдіретін етістік формасы» деген анықтама береді де, оның үш түрін көрсетеді: а) ауыспалы келер шақ (жаз+а+мын), ә) болжалды келер шақ (жаз+ар+мын), б) ниет келер шақ (жаз+бақ+пын)

Ауыспалы келер шақ формасы дәл сөйлеу кезіндегі болып жатқан істі, қимылды білдіре алмайтын, оның негізгі мағынасы – осы шақтық емес, келер шақтық. Ал осы шақ мағынасында жұмсалуы оның ауыспалы мағынасы екендігін білдіреді. Яғни бұл мағына контекске байланысты анықталады.


Әрбір шақ формаларының шақтық мағынасы сөйлемде мезгіл үстеулерімен тіркескенде айқындала түсетіні белгілі.
Бұл тұрғыдан ғалым мезгіл үстеулерін горизонтальды және көлемдік деп екіге бөледі.
Мезгіл үстеулерін етістік формаларын тіркестіре отырып, тұжырым жасайды: горизонталь мезгіл үстеулері (әлгінде, кеше, баяғыда, былтыр, біраздан, ертең, бүрсігүні, ендігі жылы т.б.) өткен шақ және келер шақ етістік формаларымен тіркесіп, осы шақ формасымен тіркеспейді.
Ал көлемдік мезгіл үстеулері (қазір, бүгін, осы кезде, осы айда, биыл т.б.) етістіктің өткен шақ, келер шақ, осы шақ формаларымен түгел тіркесе береді(Биыл келдім. Биыл келемін. Биыл келіп жүрмін). Сөйтіп, ауыспалы келер шақ көп жағдайда жалпы осы шақ мағынасын беріп, кейде алдыңғы сөйлемнің әуеніне қарай өткен шақтық ұғымда да жұмсалатындығына тоқталады.

Ы.Маманов болжалды келер шақ формасын сөйлеушінің сөйлеу кезінен кейін бір қимылдың, істің болу-болмауы туралы сенімді түрде айтпай, болжай айтуын білдіреді деп түсіндіреді. Сонымен бірге, субъективтік мәнде сөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен, болжалды келер шақты ашық райға жатқызбайды.


Ғалым –мақ, -мек… –мақшы, -мекші.. жұрнақты есімшенің жіктелген түрін ниет келер шақтың грамматикалық көрсеткіші қызметін атқарады деп таниды. Болжалды келер шақ сияқты ниет келер шақ формасы да сөйлеу кезінен кейін болатын қимылды, істі объективтік шындық түрінде білдірмейді. Мұнда сөйлеушінің немесе қимыл иесінің болашақта бір істі, қимылды орындау туралы ниетін, ойын білдіреді, яғни қимылға субьективтік қатысты білдіреді.

Ниет есімшеге «еді» және «бол» көмекші етістіктері тіркесіп ниет өткен шақ формасын жасайтындығын айтады. Сонда қимылдың өзі келер шақпен де, өткен шақпен де ұштасып жатады екен. Мысалы, «Қапан келесі айда қайтпақшы еді» десек келер шақты, «Қапан былтыр қайтпақшы еді» десек өткен шақты білдіреді. Сөйтіп, ғалымның пікірінше, болжалды келер шақтағыдай ниет есімшенің «еді» және «бол» көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі формасы ашық рай мәнінде белгілі грамматикалық шақ мағынасын білдірмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет