Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



бет2/7
Дата31.01.2018
өлшемі2,67 Mb.
#37176
1   2   3   4   5   6   7

Кен өндіру өнеркәсібі. Тау кен саласының негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары «Абай» шахтасы (тас көмірін өндіру), «Арселор МитталТемиртау» КД АҚ «Восточная» ОБФ (көмір концентратының өндірісі) болып табылады, онда 1,6 мың адамдар жұмыс істейді. Кәсіпорын тұрақты жұмыс істейтіндерден бірі болып табылады, шахтада бес жылда көмір өндірісінің ортажылдық көлемі жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды. Орташа айлық жалақы көлемі 110 мың теңгеден астам.

Абай ауданында тас көмір өндіруден басқа да пайдалы қазбалар өндіріледі, «Караганданеруд» АҚ құрылыстық тас өндіріледі және Оңтүстік-Топар «ТЭМК» АҚ-ен флюсті ізбес өндіріледі, сондай-ақ ауданның шағын кәсіпорындарымен жалпы кеңінен тарлаған пайдалы қазындылар өндіріледі.

2011 жылмен 2014 жылдар аралығында ауданның кен өндіру кәсіпорындарының көлемі 2460,3 млн.теңгеден 35069,4 млн.теңгеге дейін өсті.
2008-2014 жылдар аралығындағы кен өндіру өнеркәсібі көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі , млн.теңге

2 106,6

2 100,1

2 460,5

35 200,6

39 821,9

35069,4

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміне кен өндіруші саланың үлес салмағы

52,6

47,3

16,7

71,0

59,5

55,3

НИК, %









114,9

103,8

102,2

97,4

2014 жылы кен өндіру кәсіпорындарымен 36069,4 млн.теңгеге өнім өндірілді, немесе 2013 жылдың деңгейіне 89,8%. Төмендеу кәсіпорынды жетілдіру, и»Восточная» ОБФ, «ҚазахмысЭнерджи» ЖШС ГРЭС бойынша өндірістік жабдықтарды күрделі жөндеу есебінен; ТМД нарығында энергетикалық көмірге, сонымен қатар «Абай» шахтасында нашарлаған таулы-геологиялық жағдайында 221К18-С көшкінінде жұмыстар жүргізуге сұраныстың төмендеуі себебінен.


2008-2014 жылдар аралығындағы кен өндіру кәсіпорындарының басты өнім түрлері өндірісінің қозғалысы

№п/п

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

жыл

2009

2010

2011

2012

2013

2014

1

2

3

5

6

7

8

9




1

Ұсақ тас

мың. ш.м

511,5

598,9

463,5

533,4

608,4

732,5

2

Құм

мың ш.м

295

349,4

576,4

500,7

532,6

587,2

3

Флюсті әктас

мың тонна

1398,9

1155,0

1102,9

1030,0

1164,5

1331,6

4

Көмір

мың тонна










1015,0

985,5

936,8

5

Көмір концентраты

мың тонна










2577,5

2610

2568,5

2014 жылы кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің салыстырмалы салмағы -55,2% «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД құрамына кіретін «Абай» шахтасы және «Восточная» ОБФ, «Қарағандынеруд» АҚ, «ТЭМК»ЮТРУ АҚ).

«Караганданеруд» АҚ №2 Қарабас кәсіпорыны Абай ауданының Қарабас кентінде орналасқан. Қарабас құрылыс тасы жер қойнауы кенін пайдалану контрактісінің № 6/078 1998 жылдың 14 шілдесінен 2015 жылдың 24 ақпанына дейін жасалған. Негізгі өндіріс түрі құрылыс тасын өндіру. Басты өнімдер: - ұсақ төрбұрышты тас (фракциясы:3-10 мм, 5-10, 5-20 мм, 10-20мм, 20-40мм,25-60мм) – құм (фракциясы: 0-1мм, 1-3мм, 3-5мм, 0-5мм). Фабриканың өндірістік қуаты жылына– 1500 мың тонна. Кәсіпорын өнімі тауарлық бетон, темірбетон конструкцияларында, автокөлік және темір жолдар құрылысында т.б қолданылады. Кәсіпорын жаңа құралдармен жабдықталған, жоғарытехнологиялы, «Sandvik SRP AB» (Швеция) фирмасының автоматтандырылған сұрыптау-ұсату фабрикасымен және кеңес үкіметінен қалған және 2007 жылы реконструкция жүргізілген BARMAC (Финляндия) төрбұрышты тас шығаратын қондырғылар қолданылады. 2005 жылдан кәсіпорында ISО 9001-2000, 2006 жылдан ISО 14001 және OHSAS (Охсас) 18001 стандарттары бойынша жұмыс жасайды.Кәсіпорын отандық «СамрұқКазына» Қорының тізіміне енгізілген № 000668.

Өнім көлемін өсуі «Караганданеруд» АҚ үнемі пайдаланушылар есебінде және қазақстан аумақтық халықтық және жүйе құрушы компаниялармен келісім жасау арқылы арттырмақ.

Флюсті ізбесті өндіру кен орыны Абай ауданының Южный кентінде орналасқан Оңтүстік-Топар кен басқармасы әзірлейді. Ізбесті өндіру және қайта өңдеудің жылдық өндірісі 1,5 млн.тонна. Кәсіпорынның басты өнімі болып флюсті ізбес және кварц өндіру және өңдеу болып табылады. Кәсіпорынның тұтынушылары болып ірі металургиялық кәсіпорындар, Қазақстанның химия және тағам өнеркәсібі болып келеді. Басты тұтынушы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.

«ТЭМК» ЮТРУ АҚ кәсіпорынының көлемінің өсуі негізінен басты тұтынушы «Арселор МитталТемітрау» АҚ-на байланысты.

Тау-кен өнеркәсібін дамытудың негізгі проблемасы кәсіпорындардағы жабдықтардың жоғары деңгейде тозғандығы, сонымен қатар руда еменс өнеркәсіп кәсіпорындарын, оның ішінде «Қарағандынеруд» АҚ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жеткіліксіздігі болып табылады. Руда емес өнеркәсіп кәсіпорынына мемлекеттік қолдау бағдарламалары кірмейді, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібіне жатады.

Кен өндіру өнеркәсібін дамыту жаңа кен орындарын табумен байланысты, 2013 жылдан ТПК «Бас» ЖШС-ен «Абай-Наклонная» көмір өндіру шахтасын ашу жоспарланып отыр, ол көмірді №10 ауданның Шерубай-Нура шахта алңында өніріп иновациялық технологиялармен байытады. Болжамдалған өндіріс көлемі 1800 мың тонна көмір және өңделгеннен кейін1100 мың тонна кокос концтраты. Шахта алаңын ашу көлбеу және тік діңгектер арқылы деп болжамдалып отыр. Кен өндіру жұмыстары жаңа жер қазба кешендерімен жүргізіледі. Көмір өндіру тазарту комплекістерімен жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Өнірістің барлық звеносы Автоматталған Басқару Жүйесінің Процессімен жабдықталады. Тауарлық өнім алу кешендік құрғақ байыту өнімінің FGX сериясы арқылы жүргізіледі.

Болжамдалған жобаның мінездемесі:

- шахтаның құрылысы және іске қосу;

- кен байыту құрылғысын орнату және іске қосу;

- инфроқұрылымын құру: электр беру линияларын тұрғызу (ЭБЛ), жоғарғы подстанция, автомиль жолдары, су жүйелері, әкімшілік ғимараттар мен құрылыстар.

Құрылыс кезінде 400 адамдық жаңа жұмыс орыны құрылады, және іске қосу барысында 1000 жұмыс орыны құрылыады. Инвестиция көлемі өз қаражаты есебінде 29,4 млрд.теңге болады.

Электр қуатын, газ және суды үйлестіру қызметтерді «Корпорация Казахмыс» ГРЭС ЖШС жылу және электр қуаты), «Топар жылу жүйесі» ЖШС (жылумен қамтамасыз ету бойынша қызметтер), «Жигер Су» КМК (сумен қамтамасыз ету және Абай қаласының канализация қызметтерін ұсыну) кәсіпорындары жүзеге асырады.

Электр және жылу энергиясын өндіру «Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС 2014 жылы 23466 млн. теңгені немесе 2011 жылға қарағанда 374,4 % (6268,2 млн. теңге). Табиғи көрсеткіште электр қуатын өндіру 2014 жылы 4604,5 млн. кВт.ч немесе 2011 жылға қарағанда 132,5% құрады (3474,3 млн. кВт.ч.)

Салаларды дамыту перспективасы: «Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС сапалы электрмен жабдықтау мақсатында 2014 жылы 4 котлоагрегаттарға, 2 турбоагрегаттарға күрделі жөндеу жұмыстарын, 1 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. 2014 жылы №2 ст. түтіндік құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1А вагон төңкергіш және 1Б вагон төңкергіштері ауыстырылды. Электр жабдықтарына жетілдіру, ЗУУ (КА №4,13,14 ст.) қайта құру, №4,13,14 ст. к/а БЭ жинақтаумен қондырғыны қайта құру жұмыстары жүргізілді, ТЭМ-9 тепловоз сатып алынды.


Инвестициялау қызметі.

2011 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта Абай ауданының экономикасының негізгі капиталына 39,4 млн.теңге инвестиция салынды.



Инвестицияның жалпы көлемінің 85,8% пайызы кәсіпорындардың өз қаржысы есебінде, 13,6% бюджеттік қаржы есебінде, 0,5% басқа да қаржылар есебінде жүргізілді.


2010-2015 жылдар аралығында негізгі капталға

салынған инвестицияның қозғалысы

2014 жылы аудан кәсіпорындарымен негізгі капталдағы инвестицияға жалпы 14315,6 млн.теңгеге инвестициялар тартылды, олардан өнеркәсіпте 5786,9 млн. теңге.

2014 жылы қаржыландыру көздері бойынша үлес салмағы кәсіпорындардың өз қаржылары көздерінен болды. Олардың үлесіне негізгі капиталға түскен инвестициялардың жалпы көлемінің 85,8% тиесілі болды. Бюджеттік қаржылар үлесіне 13,6% (1954,2 млн. теңге) тиесілі болды.

2015 жылдың 6 айына негізгі капиталдағы инвестиция 2 млрд. 512 млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 29,1%.

82,6% инвестиция кәсіпорынның өз қаражаты есебінен игерілді (2076,1 млн. теңге), 17,4% - бюджеттік қаражат есебінен (436,0 млн. теңге).

Инвестиция көлемі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізінде ауылшаруашылығы саласы бойынша төмендеді. 2014 жылдың мамырында «Топар жылы жайы» ЖШС «Қазіргі заманғы жылы жай кешенін құру» (8 га алаң) 4,6 млрд. теңгеден астам инвестиция көлемімен индустриаландыру Каратасының жобасы іске қосылды.



2015 жылға негізгі капиталдағы инвестиция 9 млрд. 356 млн. теңге көлемінде болжануда (2014 жылға 65,3%).
2014 жылға Абай ауданы бойынша негізгі капиталдағы инвестицияның салыстырмалы салмағы (млн. теңге)

Индустриалық-инновациялық даму

Экспортқа бағытталған өнімдерді шығару қажеттігі өндіріс процессін иновациялау, сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапа жүйесін жітілдіруді басқаруға отандық тауар өндірушілерді ынталандыру болып табылады.

Осы мәселенің басты индикаторларының бірі, кәсіпорындар мен ұйымдардың сапасын арттыру, халықаралық стандарттар талабына сай менеджмент жүйесін сертификаттау. 2007 жылдан бері ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде СМЖ енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Караганданеруд» АҚ-да 2005 жылдан ISО 9001-2000, 2006 жылдан ISО 14001 және OHSAS (Охсас) 18001 халықаралық сапа стандартының жүйесі бойынша жұмыс жасайды;

2008 жылы ГРЭС «Қазақмыс Корпорацисы» ЖШС сериясы ІSO 9001:2000, ІSO 14001:2004, ВSІ ОНSАS 18001:1999 СМЖ енгізді (жылу және электр қуатын өндіру).

Инновациялық қызметтің басты түрі – жаңа технологияларды, құралдарды, инновацияларды енгізу.

Ауданда Шұғыл индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде индустриаландыру Картасына кіретін 2 жоба:

1) «Абай қ шұжық цехы және соғым пунктінің құрылысы», «Волынка ЖШС. 40 жұмыс орындарын ашумен инвестиция сомасы 600,7 млн. теңге, іске асыру кезеңі 2011-2015 жылдар, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 10 тоннаға дейінгі көлемімен шұжық өнімдерінің және тәулігіне 5 тоннаға дейін ет тағамдарының жаңа өндірісін, тәулігіне 20 бас малдарға дейін соғым пунктін ашуға мүмкіндік береді. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2016 жыл – 3,6 мың тонна шұжық өнімдері.

2) «Топар жылы жайы» ЖШС «Қазіргі заманғы жоғарғы технологиялық жылы жай кешенін ашу», 32,2 га алаңымен жылына 4500 көкөніс өнімдерін өсіру бойынша, инвестиция 4514 млн. теңге, 143 – жұмыс орындары. Іске асыру кезеңі 2011-2014 жылдар, жобалық қуаттылығы жылына 4500 тоннаға дейін көкөністер өсіру. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2015 жылы 4,5 мың тоннаға.

2014 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысының шұғыл индустриалық-инновациялық дамуы бойынша Үйлестіру кеңесі Республикалық индустриаландыру Картасына енгізуге «Спасск мыс кені аумағы (МКА) мыс кен өндіру және қайта өндіру бірыңғай кешенін құру» жобасын ұсынды.

Индустриаландыру Картасынан тыс 5 жоба іске асырылуда:

1. «Суарылатын жерлерді қалпына келтіру» «Татуин» ш/х. Жобаның құны 175,1 мрн. теңге. Іске асыру кезеңі 2011-2015 жылдар. 50 жұмыс орындарын ашу. Жобаның негізгі мақсаты 827 га алаң суарылатын жер шаруашылығын қалпына келтіру болып табылады.

2. «1000 басқа арналған жылқы фермасының құрылысы», «Шанс» ШХ. Жобаның жалпы құны 300 млн. теңгені құрайды, олардан жеке қаражат 150 млн. теңге, қарыз - 150,0 млн. теңге. Жүзеге асыру кезеңі 2011 – 2015 жж. 35 жұмыс орындарын ашу.

3. «Топар» тұқымдық шаруашылық» ЖШС қазіргі заманғы тұқымдық ет-сүт, фермер хожалығын құру. Жобаның құны 3 млрд.теңге 764 млн. теңге. Іске асыру кезеңі 2011-2015 жылдар. Қосымша 150 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

4. «Агрофирма Құрма» ЖШС құс қорасын қалпына келтіру және жетілдіру. 2009 жылдан бастап кәсіпорынмен құс қорасын қалпына келтіру және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. «КазАгроФинанс» АҚ қаражаты есебінен 3 құс қорасына 150,0 млн. теңге сомаға, жеке қаражат есебінен – 2 құс қорасына 85,0 млн. теңге сомаға, екінші деңгейлі банк қаражаты есебінен – 3 құс қорасына 150,0 млн. теңге сомаға жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

5. «Астра-Агро LTD» ЖШС вируссыз шағын клубты негіздегі элитті картоп өндірісі. Жобаның негізгі мақсаты Қарағанды облысы жағдайында биотехнологиялық әдістерді пайдаланумен вируссыз негізде картоп егу болып табылады. Жоба 4 жылға есептелді, жобаның құны 240 млн. теңге. Қазіргі таңда 187,0 млн. теңге игерілді, 35 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2015 жылы.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ауданда 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жалпы сомасы – 1 млрд. 909,7 млн. теңге.

Бірінші бағыт:Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша:

1.Тауарлық жұмыртқа өндірісі бойынша жабдықтарды жетілдіру, «Агрофирма Құрма» ЖШС жалпы 150 млн. теңге сомаға (2011 жылы мақұлданды)

2. Жоғары технологиялық жылы жай кешенін құру, «Топар жылы жайы» ЖШС, жалпы 385 млн. теңге сомаға (2012 жылы мақұлданды)

3. Картоп өсіру, көкөніс қоймасын салу үшін арнайы техникалар сатып алу, «Астра Агро» ЖШС, жалпы 302 млн. теңге (2013 жылы мақұлданды)

4. Жүк түсіргіш сатып алу (Sinotruk ZZ3251N3841A), «Аксу-Т» ЖШС, жалпы 16,5 млн. теңге сомаға (2013 жылы мақұлданды)


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет