Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы



бет4/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Өңірдің агроөнеркәсіптік секторын дамыту басымдылығының бірі ретінде, Астана қаласының маңында азықтық белдік жасау шеңберінде, 4 жоба іске асырылған («Есіл агро» ЖШС тауарлық-сүт фермасы, «Жаңа бас» ЖШС ет комбинаты, «Айна» сүт зауыты, «Кенесары Астық» ұн тартатын комбинаты).

Ауданда ауыл шаруашылық өнімін қайта өндіретін кәсіпорындар барлығы 42 (соның ішінде 5 диірмен, 18 наубайхана, 4 шұжық цехі, 1 сүт зауыты, 1 өсімдік майы өндірісі бойынша).

Аудан үшін проблемалық мәселе кәсіпорынның қайта өңдеуін жүктеу болып табылады.

Ауданда жылына 3 мың тоннадан аса жалпы өндірістік қуаттылығымен етті өңдеу бойынша 4 цех жұмыс істейді. Мысалы аудан бойынша толықтай етті қайта өндеу бойынша қуаттылықтың жүктеуі барлығы 16 % құрайды. «Агрохолдинг «Жаңа бас» ЖШС (жылына 2,8 мың тонна қуаттылығымен) ірі ет комбинатының қызметі қайта жаңартылғандықтан 2014 жылы маусым айында аудан бойынша 25 % ет өнімдерінің шығаруын арттыруына мүмкіндік берді. Барлығы 273 млн. теңге сомасына ет өнімдері шығарылған немесе 210 тонна шұжық өнімдері және 60 тонна ет өнімдері.

Щучинск қаласында сүт зауыты қызмет етеді, «Есіл Агро» ЖШС жылына 3,5 мың тонна қуаттылығымен, 2014 жылы 780 тонна сүт және 3361 тонна сүт өнімдерін (кілегей майы, ірімшік, йогурт және т.б.) шығарған.

Аудан аумағында 5 бидайды қайта өндеу өндірістері (диірмендер) бар, жылына 140 мың тонна қуаттылығымен. 2014 жылы 7 мың тонна ұн шығарылған.

2013 жылы өсімдік майды шығару бойынша жаңа кәсіпорын ашылған, «Өсімдік майы Бурабай» ЖШС жылына 32 мың тонна қуаттылығымен. 2014 жылы 2,0 мың тонна май шығарылған.



АӨК дамуын баяулататын негізгі проблемалар арасында, келесілері ерекшеленеді.
Өсімдік шаруашылығында лимиттеуші факторларға: табиғи-климат шарттарынан тәуелділік; бидайдың сақтау және сату проблемалары; қолданылатын жабдықтар тозығының жоғары деңгейін қосуға болады.
Мал шаруашылығында негізгі проблема шикізат және өндірілетін өнім сапасының төмендігі. Жоғары өнімді мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар тұрақты азықтық базаның жоқ болумен тежеледі.
Ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеуде – негізгі проблема мал шаруашылық саласында кәсіпорындардың өнім өңдеулерінің өндіріс қуаттылықтарының 12 % әлсіз жүктемесі және мал сою пунктілері санының аздығы ет сапасының сипаттамасын төмендетеді.
Жерге орналастырушылық. Ауданның жалпы аумағы 594,5 мың га құрайды, олардан ауыл шаруашылық жерлер - 329,6 мың га, соның ішінде жыртылған жер - 202,8 мың га, жайылым - 118,7 мың га, шалғынды шөп - 0,9 мың га, көп жылдық отырғызулар - 0,4 мың га, жай жатқан жерлер - 6,7 мың га. Жерлердің инвентаризациялау бойынша жұмыс жүргізілуде, жұмыс барысында пайдаланылмаған жерлердің жалпы санынан 13 % дейін айналымға енгізу қарастырылған. 2012-2014 жылдары ауылшаруашылық маңызы бар пайдаланылмайтын 71253 га - жер анықталған (олардан жыртылған жер - 28057 га, жайылым– 32670 га, жай жатқан -10526 га). Арнайы қорға қайтарылған - 9026,6 га, сотта - 6585 га, иесіз деп есепке қойылған - 10584,8 га, қолданыла бастады - 56532 га. Ұқсас жұмыс жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген учаскелер бойынша жүргізілуде.

Гидротехникалық құрылыстардың жағдайының талдауы

Аудандағы жер қатынастары бөлімінің деректері бойынша суарылатын жерлер 1376 га, олардан 2011-2014 жылдары 80 га немесе 5,8 % пайдаланылған.

Суарылатын жерлердің ауданын арттыру үшін, өнеркәсіп дамуының және тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылық мұқтаждықтардына қажетті су шаруашылық құрылыстардың жұмыс жасауы бойынша қазіргі кезде келесі жағдай қалыптасты.

30 және одан артық жыл бұрын салынған су шаруашылық құрылыстар физикалық тозу және дұрыс пайдаланылмау нәтижесінде нормалардың талаптарына және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік ережелеріне сай емес жағдайда.

Гидротехникалық құрылыстар қажетті жөндеу жұмыстары өтпей ұзақ пайдаланылуы, су ағызғыш және су өткізгіш қабілеттіліктері жеткіліксіз, құрылыстардың пайдаланылу деңгейінің аздығы, мамандардың білікті баға беретін қадағалауы, көпшілік су шаруашылық құрылысы салыну кезінде ақаулары болуы нәтижесінде қазіргі кезде қанағаттанарлық емес техникалық жағдайда. Қолданыстағы кейбір гидротехникалық құрылыстар қауіпті болып келеді, яғни тоғандардың төменгі бьефінде және су қоймаларында орналасқан елді мекендер, экономика объектілері және әлеуметтік инфрақұрылым. Бұл Кенесары, Атамекен саяжайлары (Щучинск қ.) маңындағы бөгет. Көктемгі су тасуларын өкізуіде әлеуетті қауіпті гидротехникалық құрылыс, бөгеттердің қиратуымен және елді мекендерді, ауыл шаруашылық пайдаланатын жерлерді, өнеркәсіпті кәсіпорындарды су басуымен төтенше жағдайлар пайда болуы мүмкін.

Оларды тиісті техникалық түзу жағдайда ұстауға, дер кезінде сақтандыру және күрделі жөндеулер өткізуге қажетті қаражаттың жоқ болуы кедергі жасайды. Мамандардың білікті баға беріп қадағалауының болмауы құрылыстың жағдайын тұрақты байқауға және қауіпсіз жағдайда ұстау шараларын дер кезінде әзірлеуге және орындауға мүмкіндік бермейді. Құрылыстар қанағатсыз жағдайда болуы және көктемгі су тасу және жаңбырлық су тасулары кезеңінде су объектілерінің ластану көздері болып келеді және елді мекендерді, ауылшаруашылық пайдаланатын жерлерді, өнеркәсіпті кәсіпорындарын су басуының төтенше жағдайлары пайда болуы қауіп-қатерлеріне әкеле алады.

Сөйтіп, қазіргі кезде жыл сайынғы су шаруашылық құрылыстарын тексеруге, күрделі жөндеу су шаруашылық құрылыстарын қайта жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді өткізумен қоса, су шаруашылық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды өткізу қажет.

Суды орынды пайдалану және суарылатын жерлердің мелиоративті жағдайын қамтамасыз етуіне арналған облыс әкімінің 2009 жылғы 01 қазандағы № 55 тапсырысымен инвентаризация және гидротехникалық құрылыстарды төлқұжаттандыруды ұйымдастыру бойынша жұмысшы топ құрылды. Осыған ұқсас жұмысшы топ ауданда құрылды.

Ауданда шаруашылық және ауыз сулық мағынадағы гидротехникалық құрылыстардың инвентаризациясы өтті. Иесіз гидроқұрылыстар бойынша коммуналдық меншікке қабылдау туралы үрдіс жүруде.
Шағын және орта бизнес, сауда.

2013 жылғы 01 қаңтардағы шағын кәсіпкерліктің 7636 субъектісі тіркелген, соның ішінде 669 заңды және 6967 жеке тұлғалар. Жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны 6333. 2011 жылмен салыстырғанда шағын бизнес субъектілерінің саны 2,3 % көбейді. 2012 жылы шағын бизнес саласында 809 жаңа жұмыс орындары құрылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 20 мыңнан астам адамдар жұмыс істейді. 2011 жылы шағын бизнес субъектілерінің қызметінен 865 млн. теңге сомада немесе 116,2 % бюджетке салық және басқа төлемдер түскен. Ауданда 815 сауда объектілері, 3 базар, 133 қоғамдық тамақтандырудың кәсіпорындары және 604 қызмет көрсету саласындағы объектілері жұмыс істейді, ауылдық округтерде және Щучинск қаласында жеткілікті орналасқан және әртүрлі тауарлармен және қызметтермен халықтың сұранысын қанағаттануына мүмкіндік береді.

2014 жылғы 01 қаңтарға Бурабай ауданында 8272 шағын бизнестің субъектілері тіркелген, соның ішінде 699 заңды тұлғалар, 7292 ЖК және 281 КШ. Жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны 7214. 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шағын бизнес жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны 13,9 % көбейді. 2013 жылы шағын бизнес саласында 625 жаңа жұмыс орындар құрылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 21 мың адам жұмыс істейді. Шағын бизнес субъектілерінің қызмет етуінен бюджетке 2012 жылғы кезеңге 871,2 млн. теңге сомада немесе 103 % салық және басқа төлемдер түскен. 2013 жылға жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 14426,1 млн. теңгені құрады және 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 20 % көбейген (тұрақты бағаларда). Ауданда 824 сауда объектілері, 3 базар, 137 қоғамдық тамақтандырудың кәсіпорындары және 613 қызмет көрсету аясындағы объектілері жұмыс істейді, олар әртүрлі тауарлармен және қызметтермен халықтың сұранысын қанағаттануына мүмкіндік береді.

2015 жылғы 01 қаңтарға Бурабай ауданында 7414 шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері тіркелген. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім шығаруы (тауарлар, қызметтер) 7103,9 млн. теңгені құрайды. Жыл сайын шағын, орта бизнестің саласында 1 мыңға дейін жаңа жұмыс орындар құрылады, 15 шағын және орта бизнестің объектілері іске қосылған. Көпшілік белсенді кәсіпорындар – заңды тұлғалар – қызмет саласында жұмыс істейді, соның ішінде саудада, автокөлік жөндеуінде, тұрмыстық бұйымдарда – 54,9 %, басқада қызмет түрлерімен – 14,5 %, көлік саласында – 9,1 %, тұруға ұсыну бойынша қызметтер – 6,6 %, жылжымайтын мүлік операцияларында – 5,3 %, ауыл шаруашылығында – 5,2 %, өнеркәсіпте – 2,9 %, құрылыста – 1,5 % айналысады.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны артуына жеткілікті берік тенденцияға ие. 2011-2014 жж. кезеңіне өсудің орта екпіні 120,5 % құрады, 9,2 мың адамнан 19,0 мың адамға дейін. Айта кету керек, бұл шағын және орта кәсіпкерлікте экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан 40% кіреді.

2014 жылдың басынан бастап Бурабай ауданы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 686,9 млн. теңге сомада 4 жоба қабылданған, соңын ішінде: жобалардың 1 бағыты аясында қаражаттандыру бойынша 10 млн. теңге сомада (Зеленобор а/о) ЖК В.К. Ким «Жүк автомобилін сатып алу», 467,7 млн. теңге сомада (Щучинск қ.) «Азгард Моторс» ЖШС «Жүк тасудың істеп жатқан бизнесін ұлғайту үшін жүк автомобилдерін сатып алу», 4 млн. теңге сомада (Щучинск қ., осы бойынша кепілдік беру қабылданған) Е.Е. Жолдыбаев ЖК «Стамотогиялық қызметтерді ұйымдастыру», 205,2 млн. теңге сомада (Катаркөл а/о) «Орленок. К» ЖШС «Балалар сауықтыру орталығының құрылыс жобасы бойынша «АТФБанк» АҚ-ға қарыз берешектерді қайта қаржыландыру».

2010 жылдан бастап 2014 жылдары бойынша Бурабай ауданы бойынша бағдарламаның қызмет ету уақытында Өңірлік үйлестіру кеңесімен 1726,9 млн. теңге сомада 24 жоба мақұлданған, соның ішінде 22 жоба 1709,6 млн. теңге сомада кепілдік ету және қаржыландыру бойынша, 2 жоба 17,3 млн. теңге құнымен өндірістік инфрақұрылымын дамыту бойынша.

Содан басқа, 2011 – 2012 жж. ҚР экономиканы жаңғарту мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссия жанындағы Жұмыс тобымен 613,4 млн. теңге сомада Бағдарламаның 2 бағыты аясында қаражаттандыру бойынша 4 жоба мақұлданған.

Аудан бойынша барлығы 28 жоба 2340,3 млн. теңге сомада.

2009 – 2014 жж. кезеңінде «Бизнес-Советник» жобалар бойынша 280 адам, шағын және орта бизнестің топ - менеджментінің «Назарбаев университеті»АҚ - 2 кәсіпкер ,«Іскер байланыстар» - 12 кәсіпкер оқудан өтті. Ағымдағы жылдың 01 шілдесінен бастап өткен кезеңнен КҚАО-ның кеңесшілер 71 клиенттерге қызмет көрсеткен, облыстық КОО базасы «Жас кәсіпкердің мектебі» жобасы бойынша 7 адам оқытылған, 1 кәсіпкер (ЖК Жуков Н.И.) шағын және орта кәсіпкерлік топ - менеджментінің «Назарбаев университеті» АҚ жіберілген. Кәсіпкерлік бөлімде мемлекеттік қолдаудың басқа құралдарына және «Бизнес жол картасы 2020» бағдарлама бойынша консультациялық қолдауды 60 әлеуетті және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер алған.

2014 жылға бөлшек тауар айналымы 20044,4 млн. теңге, НКИ – 128,0 % құрады.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықтың жұмыспен қамтылуы жоғарылауына және кедейлік деңгейі төмендеуіне жағдай жасайды, шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны артуына оң тенденция болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте кәсіпорындардың маңызды бөлігі ауылдық шаруашылықта және қызметтердің саласында шоғыралған және маңызды инновациялық дамуға әкелмейді.

Қаржылық проблемалар: кепіл қамтамасыз ету жоқ болуына байланысты несие ресурстарына шек қойылған, сыйлық беру ставкаларының жоғары пайызы, несие мекемелерінде құжаттарды ұзақ мерзімде қарау; салық салу облысында жеңілдіктердің жоқ болуы; несие қатынастары облысында жеңілдіктердің жоқ болуы.

Кадрлық проблемалар: жұмысшы мен меншік иесінде тәжірибенің аз болуы, білікті кадр дефициті.

Бәсекелестікті дамыту. Қолда бар әлеуеттілік, ауданның табиғи-климат жағдайында негізі салынған, келесі салаларда бәсекелестік дамуына арналған шарттар жасайды: агроөнеркәсіптік кешенінде, шағын және орта кәсіпкерлік және сауда, туризм және қызметтердің саласында.

Сонымен қатар, ауданда бөлек тауарлық нарықтарда бәсекелестікті дамыту бойынша проблемалар бар:

88 % аса мал жеке шаруашылықтарда, бұл аудандағы мал шаруашылығы саласын дамытуға негативтік әсер етеді;

ауылдық округтердің жылу және электрмен жабдықтау инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша тез артта қалуы, энергия тұтыну көлемдері бойынша тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділіктерінің төмендеуіне әкеле алады;

транспорттық инфрақұрылымның қанағатсыз жағдайы;

жыл бойы жұмыс жасау үшін туристік инфрақұрылымдары дамымаған;

инновациялық жобаларды әрекетке енгізу динамикасы төмен;

ЖЖМ нарығы жеткілікті дамымаған.


Инновация және инвестиция. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 11680 млн. теңгені құрады (2010 жыл деңгейіне 89,4 %). Инвестиция құрылымында бюджеттік қаражат – 63,6 % негізгі үлеске ие болады, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 13,2 %, несиелік қаражат – 23,2 % құрайды.





Негізгі капиталға нвестиция, млн. теңге

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Барлығы

10935

12233

15214

17665

12177,8

11680

Бюджеттік инвестициялар

4031

2057

8226

4041

7624,8

7436

Жеке меншік инвестициялар

6904

10176

7440

12160

3358,3

4244

Шетел инвестициялары

-

-

-

1464

1194,7

39,6

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар, млн. теңге

2232

38

183

54,0

237,8

203,3

Салалар қиығында 2011 жылғы инвестициялардың ең үлкен үлесі туристтік салаға (76,9 %) бағытталған.

2012 жылы туристік-сауықтыру кешені пайдалануға енгізілген (бес жұлдызды қонақ үй және «Риксос» казиносы), бұл инвестициялар көлемінің өсуіне әсер етті, ол 17,7 млрд. теңгеге жетті. 2016 жылы Гольф-клубты қосу жоспарланған, тапсырыс беруші – «ҚазМұнайГаз–Сервис NS» АҚ. Жобаның құны 19 млрд. теңгеден астам құрайды. 2015 жылы «Боровое кантри клаб» коттедждік қаланың құрылысы белгіленген.

Инновациялардың облысында аудан кәсіпорындарының белсенділік деңгейі төмен болып қалады, және 3,6 % құрайды. 0,5 млн. теңге сомада инновациялық түрдегі қызметтер көрсетілген.

2009 жылға ауданда инновациялық өнім көлемі 10,1 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға 312 мың теңге бағытталған, бұл облыс бойынша инновацияларға барлығы 0,24 % шығынды құрайды. Инновациялардың қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып келеді.

Инновациялық өнім шығаруды «Азияэнергопроектмонтаж»-«сэндвич» панельдер ЖШС бөлімшесі жүзеге асырады.

2014 жылы «Щучинский КМЗ» ЖШС и «КазНИИЛХ» инновациялық технологиялар енгізілген.

Инновациялық дамытуды тежейтін негізгі фактор - инновациялық қызметті дамутыға арналған тиімді уәждеме жүйесінің жоқ болуы. Инновациялық әрекеті пайызының төменділігі ауданның туристік бағытымен байланысты.

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту. Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша аудан 10 ауылдық округке, Щучинск қаласына және Бурабай кентіне бөлінеді. Аудан аумағында 1 кент, шағын қалалар тобына жататын 1 аудандық маңызы бар қала, 50 ауылдық елді мекен, Зеленый бор ауылы тірек елді мекені болып табылады.

Щучинск шағын қаласы – Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Бурабай ауданы орталығы, аудандық бағыныстағы курорттық қала. Көкшетау қаласынан 75 км оңтүстік-шығысқа Щучье көлінде орналасқан. «Курорт-Бурабай» темір жол станциясы Петропавлск-Астана желісінде. Қала аумағында темір жол және автокөлік құралдарының кәсіпорындары орналасқан. Зауыттар: кенсіз құрылыс материалдары, темірбетон бұйымдар, сүт зауыты, ет комбинаты, тігін фабрикасы және қазандық-механикалық зауыты. Қаладан 20 км солтүстік-шығысқа танымал Бурабай курорты орналасқан.

2016 жылғы 01 қаңтардағы тұрғындар саны 45996 адамды құрады.

Бүгінге Щучинск-Бурабай курорттық аймақ аумағында саны көп шипажайлар, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс үйлері, спорттық-сауықтыру лагерлері орналасқан. Қазақстанның әр бұрышынан, ТМД елдерінен және алыс шетелден он мыңдаған адам демалу және емделу үшін келеді.

Жергілікті табиғи-климаттық шарттары тыныс алу органдары, ішек-қарын жолдары, жүрек-қан тамырлары жүйелері мен қимыл-тірек аппараттары ауруларын емдеуге септігін тигізеді.

Мұнда жылына шуақты күндер саны орта есеппен Қырымнан аз емес. Туристерді таза көлдердің, әдемі таулардың, таза курорттық ауаның, сондай-ақ қымыз, емдік балшықтар мен минералды бұлақтардың молшылығы қызықтырады. Дем алушылар қызметіне таза жағажайлар, қайықты және катамарандарды жалға беруге, әртүрлі туристтік маршруттар.

Щучье көліндегі жетекші сауықтыру және тынығу орталықтары:

«Зелёный бор» шипажай-емдеу-сауықтыру орыны, «Светлый» шипажайы, «Щучинский» шипажайы, «Алмаз» қонақ үйі, «Самал» қонақ үйі, «Жұмбақтас» пансионаты, «Сұңқар» демалыс үйі, «Kokshetau» бақ-қонақ үйі, «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйі, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Шағын Щучинск қаласы Петропавлск-Астана темір жол магистралі тораптық станция болып табылады. Темір жол машина құрылысына жататын Щучинск қаласының басты кәсіпорындарымен байланысты, РФ Курган қ., Екатеринбург қ., Тюмень қ. шығатын Щучинск қаласы арқылы Астана қ., Көкшетау қ., Петропавлск қ. қосатын халықаралық автомагистралдар өтеді. Осы салада үш кәсіпорын – «Бурабай» вагонды-жөндеу депосы»ЖШС және «Бурабай локомотив вагонды-жөндеу депосы» ЖШС, «Рауан-Бурабай» ЖШС жұмыс істейді. Осы кәсіпорындардан басқа Щучинск қаласында ұн тарту өндірісі саласындағы «Көкшетау-Мельинвест» ЖШС, «RG Gold» ЖШС филиалі кәсіпорындары жұмыс істейді, кәсіпорындар қызметінің негізгі түрі: құрамында алтын бар кендерді өндіру мен барлау, Доре құймасын өндіру, «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС – кәсіпорындар қызметінің негізгі түрі: 03-25 бу/сағ өндірістік бу қазандарын шығару; 0,01-100 Гкал/сағ-тан су ысытатын болат қазандар шығару; қазандық-қосалқы жабдықтар шығару; жылу магистралдарына арналған алдыңғы оқшаулау құбырларын жасау; сэндвич панелдер жасау; кез келген мақсаттағы метал құрылмаларын жасау.

Қалада етті қайта өндеу бойынша 11 кәсіпорын, 1 сүт комбинаты, 24 жартылай фабрикат және кондитерлік өнімдер өндіру бойынша қайта өндеу цехтері жұмыс істейді.

Қалада өнеркәсіптік өнім өндірісінің маңызды қарқынның өсуін негізгі кәсіпорындар: «Бурабай өсімдік майы» ЖШС, темір жол торабының кәсіпорындары, «Евро Пласт Бурабай» ЖШС, «Восток Энерго» ЖШС, «Темір жол Су» ЖШС, «Хоттей» ЖШС, «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС қамтамасыз етті.

Қаланың географиялық орналасқан жері ірі темір жолдар бойы және автокөліктер дәлізі өңірлік және республикалық нарықтарда қала экономикасының интеграциялық мүмкіндігін береді.

Қаланың құрылу саласында 9 жалпы білім беру мектептері, соның ішінде 9 орта мектеп, олардан 3 мектеп-гимназиясы, 1 мектеп-интернаты жұмыс істейді. Балалар өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі тәрбилеумен қамту 1776 баланы құрады. 8 балабақша және «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыстары орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны жұмыс істейді.

Шағын Щучинск қаласында кадрларды дайындау келесі оқу орындарымен: Ақмола облысы ББ «Туризм және сервис индустриясының колледжі» ММ, «Щучинск Педагогикалық колледжі» МКҚК, «Экология және орман шаруашылығы колледжі» МКҚК, «Щучинск қаласының жоғары техникалық мектебі» МКҚК жүзеге асырылады.

Щучинск қаласының әкімшілік аумағында 142205 дана кітап қорымен бес кітапхана, 206 қондырмалы орынға бір мәдениет үйі, Щучинск тарихи-өлкетану мұражайы, балалар кітапханасы жұмыс істейді.

Спорт саласында 1500 орынға стадион трибунасымен, 49 жазықтық спорттық құрылыстар, олардан 12 баскетбол, 28 воллейбол, 9 футбол, 3 теннистік корта, 27 спорттық зал, 3 шаңғы базасы, «Атлет», «Олимп», «Ягуар» тренажерлік клубтар жұмыс істейді.

Щучинск қаласының барлық жылу желілерін Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы «Термо-Транзит» МКК ШЖҚ қызмет көрсетеді.

Щучинск қаласының 5 қазандығы жылу энергиясының қоры болып табылады.

Жылу желілерінің ұзындығы 49,7 км құрайды. Жылу желілерінің тозығы 48,5 %. Тұрғындардың орталық жылумен қамтамасыздығы МЖД – 65,78 %, ИЖС – 5,3 %.

Қалада су құбыры желілерінің жұмыс істеуін Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жанындағы «Бурабай Су Арнасы» МКК ШЖҚ және «Темір Жол СУ» ЖШС қамтамасыз етеді.

«Бурабай Су Арнасы» МКК ШЖҚ пайдалануында 98,5 км су құбыры және 81,9 км кәріздік желілер, сорғы станциясы тәулігіне 10,5 куб метр өнімділігімен, басты кәріздік жүйесі, 7 сорғы айдау станциясы мен тазарту құрылыстары бар. Тазарту құрылысы тәулігіне 16,4 мың куб метр өнімділігін құрайды. Сергеевское су қоймасы сумен жабдықтаудың қоры болып табылады, одан Көкшетау өнеркәсіп су құбыры бойынша шағын Щучинск қаласы тармақталатын желілерге дейін су түседі.

«Темір Жол СУ» ЖШС пайдалануында 42 км су құбыры, сорғы станциясы, 2 ұңғымасы сағатына 40 куб метр өнімділігімен және бір су тазарту станциясы бар. Тазарту құрылысы тәулігіне 1500 куб метр өнімділігін құрайды. Қарашілік жер асты суларының туған жері сумен жабдықтаудың қоры табылады. Су тарту желілерінің тозығы 100 % құрайды.

Қаланың электрмен жабдықтауын «Көкшетау Энерго Орталығы» ЖШС «Қалалық электр желілері» филиалі арқылы жүзеге асырылады, ол 430 км электр беру ауа желілерін, 126 км кабель желілерін, оның теңгерімінде 245 подстанса бар, 4 қайта бөлу пункті қызмет көрсетеді.

Шағын Щучинск қаласында қазіргі уақытта газ құбыры желілерінің жоқтығынан қаланы табиғи газбен қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.

Тұрғындарды сыйымдылықты сұйытылған газбен жабдықтау бойынша қызметтерді «Облгаз» ЖШС, «Щучинск учаскесі Өңірлік Газ» ЖШС жеке кәсіпорындар көрсетеді. Қала тұрғындары сыйымдылық газбен жабдықтау 100 % қамтамасыз етілген.

Қалалық жолдардың қатты жабындығының жалпы ұзындығы 162,0 км құрайды. Шағын Щучинск қаласында автокөлік жолдарының қанағаттандырылмаған жағдайы проблемалық мәселе болып табылады. Автокөлік жолдарының жақсы жағдайдағы барлық ұзындығы 18 км. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы ұзындығы 74 км, жолдардың қанағаттандырылмаған жағдайдағы ұзындығы 74 км тұр.

Жолдардың ұзындығы 79 км реконструкцияны, 65 км күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді.

2015 жылдың басына қаланың теңгерімінде 445 көппәтерлі тұрғын үй тұр, соның ішінен 120 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

Тұрғын үйдің қол жетімділігі және құрылыс дамуын қамтамасыз ететін жағдайы төменде кестеде көрсетілген.

Қаланың негізгі проблемасы экономиканының әлсіз диверсификациясы болып табылады. Щучинск-Бурабай аймағының дамуына байланысты туристтік кластер құрылмаған, қала курорттық аймақтың орталығы ретінде жеткілікті дамымаған.

Білікті инженер-техникалық қызметшілердің жеткіліксіздігі, логистикалық инфрақұрылымның дамымағаны орын алады.

Зеленый бор ауылы тірек ауылдық елді мекені. Зеленобор ауылдық округі құрамында Зеленый бор, Молбаза, Қымызнай, Жаңаталап, Мәдениет елді мекендер есептеледі.

Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 43 259 мың шаршы метр, соның ішінен елді мекеннің аумағы 1 512 га, ЖТҮҚ арналған жерлер – 27 га құрайды.

Зеленый бор ауылы тұрғындарының саны 3 300 адам, соның ішінде ер адамдар – 1 706, әйел адамдар – 1 594, зейнеткерлер – 373, мүгедектер – 213, 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар – 283, оқушылар – 361, жұмыс істейтіндер – 2 085, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 356 және жұмыссыздар – 19 адам.

Тұрғындардың жұмысқа қабілетті саны 2 147 құрайды, соның ішінен ауылда жұмысқа орналасқандар – 383, соның ішінде «Нефтеснаб Кокше» ЖШС – 72, ЖК – 26, мемлекеттік және әлеуметтік объектілерде адамдар жұмысқа орналасқан (әкімдік – 5, «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты, Зеленобор мектеп-гимназиясы және балабақшасы – 266, дәрігерлік амбулатория – 14).

Шаруа қожалығында – 12 адам, қызмет көрсету саласында – 27 жұмыспен қамтылған. Үй-үйді аралау нәтижесінде 356 өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, соның ішінде 26 салықтық органдарда тіркелгендер және 46 жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандар және төленбейтін отбасылық жұмыскерлер анықталды.

Қызмет ететін кәсіпорындар және мекемелер саны – 5, соның ішінде 5 – мемлекеттік («Зеленобор ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, Ақмола облысы білім басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегі облыстық орта мектеп-интернаты» КММ, Зеленобор мектеп-гимназиясы, «Ромашка» балабақшасы» КММ, дәрігерлік амбулатория) және 2 – жеке («Бурабай Құс Фабрикасы» ЖШС, «Нефтеснаб Кокше» ЖШС).

Ауылда әлеуметтік сала объектілерінен Зеленобор мектеп-гимназиясы 361 оқушыға арналған қазақша-орысша оқытумен, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі, спорт кешені күрделі жөндеуді қажет етеді.

Пошта бөлімшесі, цифрлі АТС, 12 дүкендер, 1 қоғамдық монша жұмыс істейді.

Ішкі ауылдық жолдардың 15 км-нен 4 км асфальтталған, орталық жылу, сумен жабдықтау, кәріздік бар. Н. Цой атындағы орталық көшесі жарықтандырылған, автобустық хабарлама бар.

2012-2013 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 05 шілдедегі № 919 қаулысымен бекітілген, Ақмола облысының жолдар басқармасымен ұзындығы 10 км Зеленый бор ауылының ішкі ауылдық жолдарын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Осы жобаны қаржыландыру 2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту іс-шаралар жоспарына енгізілген.

60 көппәтерлі тұрғын үйдің 7-і – 5 қабатты, 4-і – 3 қабатты, 49-ы – 2-қабатты үйлер, соның ішінен 50 % қанағаттанарлық жағдайда, 50 % қанағаттанарлық емес жағдайда тұр.

Зеленый бор ауылының ағымдағы жағдайы талдауының қорытындысы бойынша келесі мезеттерді атап өтуге болады:

- әлеуметтік объектілер жөндеуді қажет етеді, соның ішінде: күрделі жөндеуді Зеленобор мектеп-гимназиясы, дәрігерлік амбулатория, «Жұлдыз» спорт кешені, Мәдениет үйі.

- күрделі және ағымдағы жөндеуді жылу жолы және сумен жабдықтау учаскелері, сондай-ақ кәріздік жолдарға реконструкциялау қажет;

- тұрғындардың жұмысқа қабілетті негізгі бөлігі Астана қаласында, Бурабай кентінде жұмыс істейді.

Зеленый бор ауылының нақты артықшылығы бар, Омск-Щучинск автокөлік жолы бойында орналасқан, Бурабай темір жол станциясының жақын бейімділігі, ауыл шаруашылықтың тағайындауы құнарлы жерлерінің бар болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі объектілерінің бар болуы, өткізу нарығына жақындығы.

Ауылдық округтің 10 орталығы бойынша тұрғындардың саны 16293 адам болып есептеледі. Аудандық орталықтан ең кем алыстатылған Бурабай кенті 20 км және ең үлкен алыстатылған Веденовка ауылы 75 км.

Негізгі басымдылық дамуы Бурабай кенті, Қызылағаш ауылы және Қатаркөл ауылы туристтік бизнестің дамуы болып табылады. Қалған ауылдық округтердің орталығында ауыл шаруашылық бағыттары бар.

Кенесары ауылы және Атамекен ауылы маңында облыстық орталық Көкшетау қаласын республиканың астанасымен Астана қаласын біріктіретін заманауи автомагистралі өтеді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету саласында объектілерді дамытуға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерде проблемалар бар, түрлендірудің жоғары қарқындарының жеткіліксіздігімен шартталған. Саланың біршама баяу дамуының негізгі себептері: ауыл шаруашылықтың техника-техникалық жабдықталғандығының төмендігі ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кіріс деңгейінің жеткіліксіздігінен, ауыл шаруашылықтың тағайындауы құнарлы жерлерді пайдаланбауының болуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың қанағаттанарлық емес деңгейі, білікті кадрлардың тапшылығы, ауылдық жерлерде өмір сүрудің сапасы және төмен деңгейімен шақырылған.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Білім беру.

Ауданда 47 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, олардан 10 балабақша (4 – МКҚК, 6 – жеке меншік), 10 толық күндік мектепке дейінгі шағын – орталық, 27 жарты күндік мектепке дейінгі шағын-орталық. 2003 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 15,7 есе артты (2003 жыл – 3, 2014 жыл – 47). Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарына баратын балалардың жалпы саны 2920 адамды құрайды, олардан балабақшаға – 1720 бала, жарты күндік шағын-орталықтарға – 757. 2003 жылдан бастап балалардың саны 6,8 есе өсті (2003 жыл – 434 бала, 2014 жылғы – 2984).







2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны (шағын-орталықтарды қоса), бірлік.

5

32

42

44

47

47

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын саны, бірлік.

1094

1896

1604

2551

2717

2817

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны, бірлік.

1137

1915

1678

2612

2984

2920

Жалпы аудан бойынша 2010 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі жас балаларды қамту көрсеткіші артқаны байқалып, бүгінгі күнге 60,1 % құрайды (1-6 жас). Туудың өсуі балабақшаларда орындардың тапшылығы артуына жағдай жасайды. Мектептердегі мектепке дейінгі шағын-орталықтарды кеңейту және ауданда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша балабақшалардың құрылысы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен балаларды қамтуды 100 % жеткізуге жағдай жасайды.

Ауданда жеке меншік балабақшалардың үлесі артты. Бурабай ауданының балабақшасы жалпы санынан 2009 жылы жеке меншік бақшалардың үлесі 20 % артып, 2014 жылы 60 % құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрлармен қамтамасыздық деңгейі орташа аудан бойынша қанағаттанарлық және 2014 жыл соңына бала санының 1 тәрбиешіге ара қатынасы 11-ге 1.

Ақмола облысының Бурабай ауданында күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны 2014-2015 оқу жылының басына жалпы саны мектепке дейінгі дайындықты қосқанда 9477 оқушымен 43 бірлікті құрайды. Олардан 28 мектеп - шағын комплектілі (бастауыш мектеп 30 оқушыға дейігі контингентімен, негізгі мектеп 82 оқушы контингентімен және орта мектеп 280 оқушы контингентімен).




2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Мектептер саны, бірлік

49

49

48

47

46

43

Олардан қазақ тілінде оқытатын мектеп, %

18

18

14

14

14

14

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушы саны, адам

10351

10191

9830

9612

9620

9477

Педагогикалық қызметшілер саны, адам.

1202

1203

1233

1245

1424


1148


Соңғы жылдардың талдауы оқушы саны орташа 1,7 % төмендеуін көрсетеді, бұл тағы бір проблема – білім беру ұйымдарының санының азаюына әкеледі.
Аудан мектептерінің саны қысқаруларының ең басты себебі шағын комплектілі болуынан ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы. 2011 жылы Федосеевская бастауыш мектебі жабылды, 2012 жылы Брусиловка БМ, 2013 жылы Лесхоз БМ, 2014 жылы Новоандреевская, Жаркинская, Кульстанская бастауыш мектептері, 2015 жылы Леснохуторская бастауыш мектебі. Өз кезегінде, бастауыш мектептерінің шағын комплектілі болу себептері ауылдық жерден халықтың қалаға миграциясы сияқты, сонымен қатар халықтың туу деңгейінің төмендеу факторлары.

8 жылдың ҰБТ қорытындылары тұрақты оң динамикаға ие. Білімнің сапа көрсеткіштері жақсаруда. ҰБТ орташа балы 2014 жылы түлектер арасында 78,6 баллды құрады. 2014 жылы 4 түлек «Алтын белгi» куәлігімен, 1 – куәлік үздік аяқтады. 50 баллдық шектен 66 оқушы өте алмады. 152 түлек ЖОО, грантқа – 33, колледждерге – 152 түлек түсті.


2015 жылы ҰБТ орташа балы түлектер арасында 76,6 құрады. 13 түлек «Алтын белгi» куәлігімен, 2 – куәлік үздік аяқтады. 50 баллдық шектен 79 % оқушылар 50 баллдық шектен өте алды. Түлек ЖОО, грантқа – 32, колледждерге – 105 түлек түсті.
Сонымен қатар, 2015 жылы 930 оқушы 9 сыныпты аяқтады. Олардан үздік-85 оқушы. 518 адам колледждерде, 10 сыныпта 409 адам оқуды жалғастырды.

Жалпы 9566 оқушы санынан тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушы контингенті 9158 оқушыны құрады. Аз қамтылған жанұялардан 867 оқушы 100 % тегін ыстық тамақпен қамтылған. 32 мектептің асханалары бар, олардан 18 жарым-жартылай жабдықталған, бұл ас блоктарының жабдықталу қамтамасыздығының 42,8 % құрады.

Аудан ұстаздары өз біліктілік деңгейін тұрақты жоғарылатады, ауданда 1138 ұстаз, олардан жоғары және біріншіні біліктілік категориялы 568 мұғалім, бұл 49,7 % құрайды. 2011-2015 жж. 216 мұғалім АОО «Назарбаев интеллектуалды мектебі» оқыту бағдарламалары бойынша біліктіліктерін жоғарылатудан өтті. 2015 жылы білім ұйымдарына келген жас мамандар 32 % немесе 36 адам.

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған инклюзивті білім беруге арналған жағдайлар жасалуда. № 2 ОМ, № 4 ОМ, № 8 ОМ «Мирас» КМГ, Зеленобор МГ, мектеп-интернаты ішінде 6 логопункт қызмет етуде, Зеленобор МГ, № 8 МГ, мектеп-интернаты ішінде КРО сыныптары ашылды.

Инклюзивті біліммен қамтылғандардың балалардың барлығы – 157. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға республикалық бюджет трансферттерінен 1751,0 мың теңге үйде оқытылатын екі мүгедек-балаға арналған арнайы жабдық сатып алуға бөлінген, бұл мүгедек – балаларды арнайы жабдықтаумен қамтамасыз ету пайызын 53,3 % жоғарылатты.

Ауданда 2014 жылдың аяғына 181 жетім-бала және әке-шешелерінің қамқорысыз қалған балалар, немесе 18 жасқа дейінгі (18232) балалардың жалпы санынан 1,0 %. Бұл саннан 176 бала тәрбиелеуші қолында және қамқорлықта, 5 бала-қазақстандық азаматтардың жанұяларында патронатты тәрбиеленуде, 28 бала КЛ-да, колледждерде оқиды. Сөйтіп, әр алтыншы жетім-бала институттандыру жағдайында тәрбиеленеді.

Сонымен қатар, жанұяларды, мектептерді қолдау қызметтерінің жоқ болуы, асырап алған ата-аналардың, азаматтардың жетімді немесе ата-ананың қамқорысыз қалған балаға қамқоршы болуға, патронатқа жетім-бала немесе бала алғысы келетіндердің мүмкіншіліктері шектеледі.

2014 жылы ауданның Т және КББ ұйымдарының желісі жалпы контингенті 3517 адам оқитын 5 оқыту мекемелерінен тұрады, олардан күндізгі бөлімде 3133 адам оқиды.







2008 ж.

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының саны, бірлік

6

6

6

6

6

5

5

ТжәнеКББ ұйымдарындағы оқушылар саны, бірлік

3252

3322

3538

3537

3658

3517

3788

ТжәнеКББ мамандар шығару, адам.

722

847

915

973

925

996

1162

ТжәнеКББ педагогикалық қызметкерлер саны, адам.

374

327

319

310

318

297

338

Ірі кәсіпорындар және білім басқармасы арасында меморандумдар жасалып, оларды орындау шеңберінде Т және КББ ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту және кәсіпорындарға арналған кадрларды дайындау мәселелері шешіледі.

Атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, Т және КББ дамуын баяулататын, шешуді қажет ететін, бірқатар маңызды проблемалар бар:

- күрделі жөндеуді талап ететін, ғимараттардың тозығының жоғары деңгейі және өндірістік-оқу жабдықтарының моральдық ескіруі;

- техникалық және қызмет етуші еңбек кадрларын дайындау үрдісіне бизнесті жеке секторды тартудың төмен деңгей;

- өнеркәсіп саласында техникалық және еңбек етуші қызмет мамандарының қажеттіліктерінің объективті болжамының болмауы.

Ауданның білім беру ұйымдарында 2062 педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, олардан мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде – 266, жалпы орта білімде – 1424, техникалық және кәсіптік білімде – 297, қосымша білімде – 75.

Нәтижесінде, білім саласындағы проблемаларға: 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен аз қамтылуы, педагогикалық кадрлардың үздіксіз тапшылығы, білім ғимараттарының физикалық және моральдық тозықтығының маңызды деңгейі, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім объектілерінің лайықты жабдықпен және инвентарьмен қамтамасыздығының төмен деңгейін жатқызуға болады.


Денсаулық сақтау.

Ауданда 9 дәрігерлік мекемелер қызмет етуде, олардың саны 2010-2014 жылдары 2 бірлікке арттырылды (2010 ж. – 7 бірл.). Ауданда ана мен бала өлім-жітімінің көрсеткіштеріне негативтік әсер ететін, әйелдердің және балалардың денсаулық көрсеткіші төмендігі сақталуда(30 %). Соңғы жылдардың барысында ауданда аналық өлім-жітім көрсеткіші тұрақсыз (2011 жылға – 2 өлім, 2012 ж. – 0, 2013 ж. – 1 өлім, 2014 ж. – 0), 2014 жыл қорытындылай 2010 жылмен салыстырғанда нәрестелік өлім-жітім 21,9-дан 2014 жылға 9,2 төмендеді, БСК-дан өлім-жітім 2010 ж. 583,8-ден 2014 жылғы 672 дейін төмендеуі байқалады, онкологиялық аурулардан өлім-жітім өзгерісі шамалы 2010 ж. 141,2-ден 2014 ж. 72 дейін. Шаралар қабылдануымен байланысты, туберкулезбен ауру-сырқаулық деңгейі 2010-2014 жылдар аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 26,55-ке төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 2014 жылдың соңына 44 құрады.







2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Тұрғындар саны

73392

73550

74009

74794

75179

74631

туды

1248

1142

1161

1244

1230

1193

қайтты

988

1044

963

899

939

814

Табиғи өсім

260

98

198

345

291

379

Туберкулезге шалдығу деңгейі

101,14

80,81

80,27

75,68

66,51

44,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет