Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы



бет5/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тапшылықтың шамалы төмендеуі дәрігерлік кадрларда байқалады 2010 жылғы 70,3 %-дан 2014 жылы 78,4% дейін. Дәрігерлік қызметші санатының артуы 38,3 % (2010 ж. 23,8) дейін және орта дәрігерлік қызметшінің 37,2 % (2010 ж. 15,3) дейін.

2010-2014 жылдарда емхана заманауи жабдықтармен қамтамасыздық көрсеткіші (ТПЕ бағдарламасына сәйкес) 2010 жылға 29,2-ден 2012 жылы 53,9 дейін және 2014 жылы 53,55 артты.

Денсаулық сақтаудың дамуының негативтік жақтарына ЖИТС инфекциялары мен нәрестелік және аналық өлім-жітім деңгейінің жоғарылауы, ауру-сырқаулық деңгейдің артуы, дәрігерлік кадрлардың тапшылығының маңызды деңгейі, дәрігерлік мекемелердің заманауи жабдықтармен қамтамасыздық деңгейнің төмендеуі, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттардың физикалық және моральдық тозықтығы деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелерінде үздіксіз қосымша қаражаттық ресурстар қажеттілігін жатқызуға болады.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.

Аудан халықтың саны көбеюі жұмыс істейтін халықтың санын арттыруына 2010 жылы 42676 адамнан 2014 жылы 43838 адамға дейін апарып соқты. Инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарды құру бойынша шараларды қолдану аясында, 2010 жылы 5,4 %-дан 4,8 % жалпы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады, соның ішінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздар.

2014 жылы жұмысқа орналасуда көмекке аудандық жұмыспен қамту орталығына және әлеуметтік бағдарламаларға жолданған – 883 адам 4,3 % өсуімен 2010 жылмен салыстырғанда – (847 адам).

2011 жылдан бастап 2014 жылдар кезеңіне жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар көмегімен 3053 адам жұмыспен қамтылған.







2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жұмыс істейтін халықтың саны, мың адам

43,0

43,4

44,9

36,5*

36,6*

40,1*

43,8

Жұмысқа орналасуда көмек сұрап келді, адам

1579

1856

847

893

860

892

862

Жұмысқа орналысқандардың саны, адам

1930

1678

596

930

715

679

729

Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам

363

162

167

130

72

57

45

Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %

6,7

6,8

5,4

5,3

5,2

5,0

4,8

*- 2011 – 2013 жж. ауданда мәліметтер статистикамен саналмаған.
Ауданда 2011 – 2014 жж. 4702 жаңа жұмыс орындар құрылған, оның ішінен тұрақтысы – 3056 орындар немесе 65 % жалпы санынан. Сонымен қатар Ауылды жерде 1428 жаңа жұмыс орындар құрылған немесе 30,4 % құрылған жұмыс орындардың жалпы санынан.





2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жаңа жұмыс орындардың жалпы саны

1104

1548

1412

1505

1356

920

921

Соның ішінде ауылды жерде

211

517

604

377

533

261

257

Соның ішінде тұрақты

893

1031

808

1128

823

659

446

2014 жылы өздігінен жұмыспен қамтылғандар саны 18342 адамды құрады, бұл 2010 жылы (21079 адам) 13 %-ға төмен.

Халықтың әл-ауқаты өсуі, соның ішінде еңбекақы табыстары күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар үлесі төмендеуіне әкеп соқты 2010 жылы 4,3 %-дан 2014 жылы 3,6 %-ға дейін.





2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Табыстары күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар үлесі, %

4,9

4,8

4,3

4,4

4,2

4,4

3,6

Күнкөріс минимумының өсу қарқыны, %

105,5

100,3

121,0

107,4

108,3

117,0

104,6

Орташа айлық жалақы, теңге

31548

51127

56597

65004

77371

79891

79938

Аудан бойынша жалпы аз қамтылған азаматтардың саны 2014 жылы 38 отбасы, оларда – 167 адам, 2010 жылы – 63 адам, оларда – 227 адам.







2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Аз қамтылған азаматтардың саны, жанұя/адам

77/262

69/222

63/227

38/138

31/124

32/138

38/167

Адрестік әлеуметтік көмек 2014 жылы 48 жанұя, оларда 2208,8 млн. теңге сомаға 196 адам, 2010 жылы 88 жанұя, оларда 4542,7 млн. теңге сомаға 326 адам.







2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Адресті әлеуметтік көмек алушылардың саны, жанұя

152

100

88

59

53

41

48

Оларда, адам

497

345

326

204

186

172

196

Адресті әлеуметтік көмек млн. теңге төленген

6815,0

5591,2

4542,7

3690,6

3011,0

3023,4

2208,8

Адрестік әлеуметтік көмек алушыларының санаттарының талдауы бойынша, АӘК алушылар арасында ең үлкен үлесті санаттарды: 18 жасқа дейінгі балалар: 2010 ж. – 66,3 %, 2011 ж. – 67,2 %, 2012 ж. – 64,5 %, 2013 ж. – 62,8 %, 2014 ж. – 64,3 %; балаларға қараумен айналысатын тұлғалар: 2010 ж. – 19,9 %, 2011 ж. – 19,6 %, 2012 ж. – 11,8 %,2013 ж. – 13,9 %,2014 ж. – 17,3 %, жұмыспен қамту органдарында есепте тұратын жұмыссыздар: 2010 ж. – 2,8 %, 2011 ж. – 2,9 %, 2012 ж. – 2,2 %, 2013 ж. – 1,2 %, 2014 ж. – 2,6 %; жалдамалы жұмысшылар: 2010 ж. – 8,0 %, 2011 ж. – 5,4 %, 2012 ж. – 9,7 %, 2013 ж. – 8,1 %, 2014 ж. – 6,1 %.







2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

18 жасқа дейінгі балалар, %

63,2

65,8

66,3

67,2

64,5

62,8

64,3

балаларға қараумен айналысатын тұлғалар, %

16,1

16,8

19,9

19,6

11,8

13,9

17,3

жұмыспен қамту органдарында есепте тұратын жұмыссыздар, %

8,8

5,5

2,8

2,9

2,2

1,2

2,6

жалдамалы жұмысшылар, %

6,6

7,0

8,0

5,4

9,7

8,1

6,1

2012 жылдың қыркүйектен бастап 2013 жылдың қаңтар айы бойынша мүгедектердің қолжетілімдіктері үшін әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін паспорттау жүргізілген. 411 объектілері барлығы паспортталған. 2013 ж. – 17 объектілері, 2014 ж. – 15 объектілері, 10 объектілер жабылған (жойылған).







2013 ж.

2014 ж.

Бейімделген обьектілерінің саны

17

15

Жалпы, 2011 – 2014 ж. кезеңге экономикалық еңбек нарығындағы жағдай экономикалық белсенді тұрғын саны 43,8 (2014 ж. мың адам) өсуінің оң тенденциялармен және жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыздық пунктке төмендеуімен сипатталады.

Еңбек нарығын дамытудың проблемалары:

а) ең тапшы мамандықтар денсаулық сақтау саласында, тау-кен өнеркәсібінің мамандары, дәнекерлеушілер, электриктер, жүргізушілер, машинисттер, тракторшылар сындағы мамандар болатын еңбек нарығында дисбаланс;

б) жеке меншік бизнес ұйымдастыруға кепілді рәсімдеудің қиындатылған жүйе;

в) әр түрлі біліктілік кадрларында жұмыспен қамту нарығының ағымдағы және болжамдық қажеттіліктерінің мониторингінің ғылыми-негізді жүйесінің болмауы;

г) ауылдағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және жастардың жұмысқа орналасу проблемалары.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың ара салмағы – 2008 ж. – 336 ад. – 100 %, 2009 ж. – 336 ад. – 100 %, 2010 ж. – 336 ад. – 100 %, 2011 ж. – 386 ад. – 100 %, 2012 ж. – 378 ад. – 94,9 %, 2013 ж. – 385 ад. – 100 %, 2014 ж. – 388 адам. – 97 %.





2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың ара салмағы, адам/%

336/100

336/100

336/100

386/100

378/94,9

385/100

388/97

Өмір деңгейінің негізгі проблемалары: нақты еңбек ақы деңгейінің төмендеуі, ауыз судың сапасы; баспананы абаттандырудың төмен деңгейі; ЖИТС инфекциясын жұқтыру тіркелген жағдайлар.


Мәдениет.

Клубтық түрдегі мәдениет кәсіпорындарының желісі 13 объектіні құрайды. Олардан 12 мемлекеттік (Аудандық мәдениет үйі МКҚК, «Агрореммаш» МҮ, Саңыраулар қоғамының клубы, «Оқжетпес» МҮ МКҚК, «Бурабай» МҮ, Веденовка а/к, Қатаркөл а/к, Наурызбай а/к, Николаевка а/к, Шиелі а/к, Ұрымқай а. МҮ) Брусиловка а/к. 1 клуб «Жұлдыз» шипажай түрдегі мектеп интернаты облыстық білім басқармасы теңгерімінде тұр.

4 авариялық жағдайда тұр, олардан «Агрореммаш» МҮ (Щучинск қ.), ауылдық жерде 3 АМҮ – Қатаркөл а., Николаевка а., Наурызбай батыр а., Бурабай МҮ қайта қалына келтіруді қажет етеді.

35 кітапханадан ауылдық жерде 30 орналасқан. Кітапханаға барған оқырмандар саны 175630 адамды құрады. Жалпы жылдық көрсеткіштің артқаны байқалады, оқырмандар саны, кітап беру мен кітап қорының саны артқан.



2014 жыл бойы барлығы 1780 іс-шара өтті.





2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж




Бар-лығы

Ауылда

Бар-лығы

Ауылда

Бар-лығы

Ауылда

Бар-лығы

Ауылда

Бар-лығы

Ауылда

Оқырмандар саны

17675

9525

17500

9942

17500

10229

17550

10253

17600

10300

Кітап-беру (мың экз)

366,8

187,0

360,8

196,78

360,8

196,78

360,85

196,8

360,85

196,8

Келіп кету (мың келіп кету)

171,35

92,43

172,0

96,48

174,72

100,65

174,73

100,29

175,63

100,3

Кітап қоры (мың экз)

364,2

220,5

357,6

216,5

357,5

216,3

358,8

217,5

364,0

220,0

Ауданның кітапхана жүйесін жаңарту мақсатында Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпарат жүйесі (РАКАЖ) бағдарламасының модулі алынып, орнатылды. 2011 жылдан бері Кешенді жоспар көрсеткіштерін орындауға сәйкес 9 ауылдық кітапханаға телефон қойылды: 2011 жыл – 4 (Оқжетпес а., Қатаркөл а., Златополье а., Бурабай к.), 2012 жылы – 2 (Кенесары а., Успеноюрьев а.), 2014 жыл – 3 (Ұрымқай а., Қызылағаш а., Баянбай а.).

Соңғы төрт жыл ішінде кітапханалар саны өзгерген жоқ, ауылдық жердегі клубтар саны 1-ге артты.







2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж




Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

клубтар

35

30

35

30

35

30

35

30

35

30

кітапханалар

12

9

12

9

13

10

13

10

13

10

Клуб кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері (іс-шаралар, көрермендер және клуб құрамаларының саны) жыл сайын артуда, жалпы өсу динамикасы: 2013 жылы 2012 жылға қарағанда – 9,8 %,  соның ішінде ауылда – 9,5 %,  2014 жылы 2013 жылға қарағанда – 1,0 %.







2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж




Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлығы

Ауылда

Барлы-ғы

Ауылда

Өткізілген іс-шаралар

893

202

980

242

985

325

990

432

993

435

Көрермендер саны (мың адам)

62,3

23,1

64,4

25,3

67,0

27,8

63,4

29,0

71,1

29,8

клуб құрамаларының саны

30

9

32

11

34

13

41

21

41

21

клуб құрамаларына қатысушылар саны

610

91

637

103

644

115

671

166

628

166

Төрт жыл ішінде клуб құрамаларының өсу динамикасы, қатысушылар мен көрермендер санының артуы байқалып, мәдени-демалыс іс-шараларының қажеттілігі әсіресе ауылдық жерде бар екенін аңғартады.

Саланы жоспарлы қаржыландырудың тиімді бюджеттік саясатының арқасында мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту бойынша іс-шаралар іске асырылып, кәсіби кадрлық әлеуеттілік жасалып, әрдайым сценалық репертуар жаңартылып, гостроль қызметі іске асырылып отырады. Шығармашылық ұйымдары облыс пен республика көлемінде ауданымыздың белсенді имиджін лайықты түрде көрсете халықаралық фестивальдар мен конкурстарға белсенді қатысады.

Мәдени шығармашылық қызметкерлерінің саны жыл сайын артуда: 2010 жылы 23 адам, 2011 жылы 25 адам, 2012 жылы 26 адам, 2013 жылы 39 адам, 2014 жылы 27 адам.

Төрт жыл ішінде мәдениет саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында мәдениет объектілеріне жөндеу жасалды. Жыл сайын жөнделген ескерткіштердің саны артуда: 2011 жылы – 5 бірлік, 2012 жылы – 6 бірлік, 2013 жылы – 7 бірлік, 2014 жылы – 9 бірлік.

Сала дамудының оң үрдісіне қарамай оларды шешу үшін әлеуеттілік пен материалды-техникалық базасын нығайту бойынша мәдениет объектілеріне күрделі жөндеуді кезең кезеңімен жасаудың жоспары әзірленген проблемалық мәселелер де бар.

Сөйтіп келе, мәдениет саласында келесі проблемалар аталады:


  • Мәдениет объектілерінің тозығының жоғары деңгейі және инфрақұрылымның қысқаруы;

  • Тұрғындардың клуб іс-шараларына баруының төмендеуінен қалыптасқан үрдіс, сәйкесінше, белсенді тұрғындар бөлігінің қызығушылықтың және бос уақытты өткізу орнының басқа бағыттарға ауысуы; өсу байқалады.

  • Бағдарламаны іске асыру барысындағы қолданылатын шаралар нәтижесінде жағдайдың жақсаруына қарамастан, жалпы мәдениет саласының қызметтері сапасына тұрғындардың қанағаттануы төмен – 2011 жылы 18 %, 2012 жылы 30 %, 2013 жылы 35 %, 2014 жылы 40 %. 2015 жылға дейін қанағаттану деңгейін 50 % дейін арттыру жоспарлануда.

Алдағы жылдарға қойылған міндеттер: ауданның мәдени мекемелері мен кәсіпорындарының материалды-техникалық базасын ары қарай нығайту; кадрларды даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру; мәдениет және өнер арқылы тұрғындар мен жастарда салауатты өмір салтын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; тұрғындардың мәдени бос уақыттарын қамтамасыз ету; мәдени мемлекеттік кәсіпорындар желісін сақтау мен дамыту бойынша жұмыс; мәдени объектілеріне бару деңгейін арттыру; мәдени сала қызметтерінің сапасын жақсарту; тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауды қамтамасыз ету.
Тілдерді дамыту

2012-2013 жж. басына 35 мемлекеттік мекемелерден және кәсіпорындардан мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушыларының саны 254 адамды құрады, ал 2013-2014 ж. басына тыңдаушылар саны 268 адамға дейін артты. 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 85 % артуымен аяқтау туралы сертификаттарды 76 адам алды, олардан 46 % өзге ұлт тыңдаушылары. 2014-2015 оқу жылында Тілдерді оқыту орталығында 21 топта 28 мекемеден 280 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Үш тілдік саясатты іске асыру мақсатында аудан әкімінің қаулысымен мекеме атауы Бурабай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп өзгертіліп, 2013 жылғы 07 тамызда әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. 2013 жылдың 01 қыркүйегінен Мемлекеттік тілді оқыту орталығы базасында ағылшын тіліне оқыту енгізілді. Мемлекеттік тілдік топ санын сақтай отырып, 1 жылдық оқыту мерзімімен ағылшын тіліне оқыту үшін 12 адамнан тұратын екі топ ашылды.

Ағылшын тіліне оқыту 7732 оқушы оқып жатқан жалпы білім беретін мектептерде, ауданның орташа арнайы оқыту мекемелерінде жүргізілуде (2200 студент). Ағылшын тілін меңгеру бойынша «Арман» МТОТЖО үйірме ұйымдастырылған. Сонымен қатар, тілді оқыту «Мерей», «Айналайын», «Ақбота» бала бақшаларында ұйымдастырылған (430 бала).

Ай сайын мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын атқару бойынша мониторинг өткізіледі. Шығыс хат-хабарды атқару пайызы 95 % құрайды және соңғы 4 жылда 14 % өскен.





2009 ж

2010 ж

2011ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Кезеңдік баспа өнімдеріне жазылу, экз./мемлекеттік тілде, %

637999

10%


620908

8%


626439

8%


621542

9%


540855

10%


500622

45%


Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындда оқитындар саны, адам.

208

209

240

254

268

280

Мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі, %

81,0

83,0

84,0

85,0

94,5

95

Тілдерді дамыту саласындағы проблемалар: ауданда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің төмендігі, тұрғындардың мемлекеттік тілдегі БАҚ сүйенудің жеткіліксіздігі.

Мемлекеттік тілдегі өңірлік интернет-ресурстер негізінен мемлекеттік мекемелер мен ведомстволармен ғана ұсынылған.


Дене тәрбиесі және спорт.

Ауданда 2014 жылы саны 12584 адам шұғылданатын 70 дене тәрбиесі ұжымы 17,1 % құрайтын. 2011 жылдан бастап 2014 жыл бойынша кезеңге салыстырғанда шұғылданғандардың саны ____ % өсті.

Спорттық мектепте кең тараған спорт түрлері – шаңғы жарысы, биатлон, күрес, бокс, футбол (6 бөлімше). Мектепте 18 жаттықтырушы жұмыс істейді, олардан 10 штаттық, 8 сағаттық, барлығы арнайы жоғары білімді мамандар. Барлығы 39 топ, 2011 жылғы 01 қыркүйекке оқушылар саны 492 адам. 2011 жылға БЖСМ-де: еркін күрес бойынша спорт шебері – 2; 6 – СШК (5-күрес, 1-бокс). БЖСМ оқушылары 70 аса облыстық және республикалық масштабтағы жарыстарға қатысты.

2011 жылға жоспар кезінде 40 адам болса, облыс құрама командаларының құрамдарына қосылған спортшылардың саны 75 адамды құрайды. Ұлттық құрама құрамына шаңғы жарысы және биатлоннан біздің ауданымыздан 10 спортшымыз кіреді.

2014 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 41,7 мың адам қамтумен 99 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілген, бұл 45 % құрайды.

Ауданның климаттық жағдайы спорттың қысқы түрлерін белсенді дамытуға ыңғайлы: шаңғы жарысы, биатлон. Осы мақсатпен қысқы кезеңде аудандық және облыстық қана емес, әр түрлі жарыстар, сонымен қатар, спорттың осы түрлерінен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Мүгедектер спортының дамуына назар аударылуда, жыл сайын мүгедек-спортшылар арасында спартакиада өткізіледі. Сонымен қатар, жазғы спартакиада бағдарламаға да қосылатын спорттың ұлттық түрлері де дамуда (тоғызқұмалақ, қазақша күрес). Бірақ та бұл бағытта ұлттық атты спорт түрлеріне көңіл бөлу қажет, оған алғы шарттардың барлығы да бар (жеке ат фермасы, ипподром құрылысына арналған аумақ бар).

2015 жылы тапсырылуға жоспарланған және үлкен спорттың дамуына және тұрғындарды спортқа қатыстырудың оң имиджін жасауға жағдай жасайтын, 2009 жылдан бері республикалық шаңғы базасының құрылысы басталды.



Спорттағы спорттық саланың позитивтік жағы адамдардың саны артуында деп есептеуге болады, сонымен қатар, спортпен жүйелі шұғылданғандардың, спорттық құрылыстардың санының артуы, мектептердің дене тәрбиесі оқытушыларымен жоғары қамтамасыздығы және спорттық мекемелердің көпшілігі өз қызметтерін тегін көрсетуі, бұл спорттық объектілерге халықтың қол жетімділігін ұлғайтатын факті.





2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Спорттық құрылыс саны, бірл.

168

169

170

171

176

182

186

Соның ішінде ауылда, бірл.

82

84

84

84

87

96

86

Жөнделген спорттық объектілер, бірл.

4

1

1

2

3

1

1

Пайдалануға берілген спорттық объектілер, бірл.

1

2

1

1

5

6

4

Аудандарда спорттық мекемелермен тұрғындардың қамтамасыздығының әлсіздігін, спорттық құралдар және жабдықтардың тозықтығының жоғары деңгейі және оқушылармен спорттық шараларға қатысуының төмендеуін негативтік жақ деп есептеуге болады.
Туризм.

Щучинск-Бурабай курорттық аймақтың табиғи объектілері ерекше ғылыми, мәдени, экологиялық және үзілістік құндылықтарға ие. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында сауықтыратын орындарда жазғы шипалы маусымда 500 мыңнан аса адам демалады.



Курорттық аймақ қызмет етуі саласында 600 аса объекті жұмыс жасайды (санитарлы-курорттық мекемелер, балалар сауықтыру орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер т.б.). 25 % аса объектілер – бұл жеке құралдарын орналастыру секторы, ол кәсіпкерлік қызметке жатады және жеткілікті динамикалық дамуда. Ауданның туристтік әлеуеттілігі көптеген халықаралық және республикалық көрмелерге қойылған. Жетекші туроператорлар үшін жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылған.





2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж.

Орналастыру орындарының саны, бірлік

98

105

107

112

128

140

187

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген, адам

20584

39146

43100

55718

56133

94811

122023

Қонақ үй бөлмелерінің саны, бірлік

1800

1838

1855

1905

2102

2256

3008

олардан люкс класы
















588

633

Бір мезгілдік сиымдылық, жататын орын

3787

3990

5893

5827

6287

6045

8233

толығуы, %

15,1

15,9

14,5

23,3

21,7

13,2

11,0

Жататын орынның орташа құны, теңге

4375,9

3332,1

2790,1

2875,5

2766,6

3047

2973

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген қызметтердің көлемі, млн. теңге







507,9

655,6

878,0

2045,1

3087,1

Туристтік қызмет ету инфрақұрылымына 2014 жылы 140 объекті енеді, соның ішінде: 45 санаторлы-курорттық мекемелер, соның ішінде 14 балалар сауықтыру орталықтары; туристтерді орналастыруға мүмкіндік беретін 95 объекті соның ішінде, барлығы – 53 қонақ үйлер мен отельдер, туристік базалар мен демалыс үйлері – 22, өзге орналастыру орындары – 17.

Ауданда 16 мамандықтан туристтік өнеркәсіпке арналған кадрларды дайындайтын екі оқу мекемесі бар: педагогикалық колледж және кәсіптік лицей № 4.

Туристтік фирмалардың 14 жұмыс істейді. Аудандық туристтік фирмалармен туристтердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, оның туристтік саяхат жасау кезеңіндегі және саяхат жасауына қажетті туристтік қызметтердің спектрінің барлығы ұсынылуда (орналастыру, тасымалдау, қоректену, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының қызметтері, гидтардың-аударушылардың және жол жүру мақсатына байланысты басқа да көрсетілетін қызметтер).

2014 жылға туристтік қызмет саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2013 жыл деңгейінен 51 % өсуімен 3087,1 млн. теңгені құрады.

2011 жылдан бастап 2014 жыл бойынша кезеңге іс-сапар мақсаты бойынша келушілерінің саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті немесе 2010 жылы 43,1 мың адамнан 2014 жылы 122 мың адамға дейін.

Ауданда туристтік бизнесті дамытудың қолайлы жағдайына қарамастан туризмді дамытуды баяулататын факторлар ретінде бірқатар проблемалар бар. Оларға жататын:

Туризм саласында тиісті сапалы қызметтермен қамтамасыз ететін кадрлардың жетіспеушілігі.

Туристтік тартымдылықтың төмен болуы. Бұл – инфрақұрылым және сервис деңгейлерінің жеткіліксіз дамуына байланысты, бірақ негізгі проблема ауданның шетел ел тілдерінде тұтынушылардың санасында туристтік аймақ ретінде әлсіз жайғасымдылығы болып табылады. Туристтік имиджді жақсарту бойынша іс-шараның қаржыландырылуы шектелген.

Туристтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, соның ішінде жыл бойы жұмыс жасау бойынша.


Ішкі саясат.

Өңірде ішкі саяси жағдайды анықтайтын көрсеткіштер әлеуметтік зерттеулердің негізінде қалыптасады. 2014 жылы азаматтық бірлестік институттарының және мемлекеттің өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесі 75 % құрады. Мемлекеттік саясатқа конфессия аралық саладағы қатынастарға 82 % тұрғындар, этнос аралық саладағы өзара қатынастарға 82 % тұрғын оң баға берді.

Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты сақтап және онан арғы нығайту өкімет платформасында конструктивті қоғам күштерін біріктіру мақсатымен саяси жұмысты реттеу қажеттілігіне байланысты.

Ауданның саяси аренасында бүгінгі күні саяси партиялардың 5 бөлімшесі бар: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, «Қазақстан коммунистік партиясы», «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Ақ жол» демократиялық партиясы.

Көпшілік бөлімдердің қызметі жалпы енжарлықпен және орындағы халыққа аз белгілігімен ерекшеленеді.

«Нұр Отан» ХДП саяси нарық жүйесінде кең әлеуметтік халық арасында сенімін жаулап алған, бұрынғыша саяси партиялардың рейтингінде көшбасшы орынға ие. Бұған тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтарының маңызды проблемаларының шешіміне, сонымен қатар алғашқы ұйымдардың нығаюына ықпал етуші облыстық және аудандық бөлімшелердің белсенді саяси қызметі жағдай жасайды.

«Нұр Отан» ХДП бөлімшесі жанында кәсіпкерлік – құрылымдардың ҮЕҰ, БАҚ өкілдері кірген, сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қоғамдық Кеңесі құрылып, тиімді жұмыс істеуде.

Саяси партиялармен және қозғалыстармен жұмыста қоғамдық-саяси тақырыптарда жүйелі «дөңгелек үстелдердің» өткізу, аудан әкімінің саяси партиялардың және қоғамдық-саяси қозғалыстардың және т.б көшбасшыларымен ресми кездесу сияқты әртүрлі формалар қолданылады.

Бурабай ауданында келесі бағыттарда белсенді жұмыс істейтін 10 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген: қайырымдылық, сауықтыру-сақтандыру, этномәдениеттік, құқық қорғаушылық, экологиялық және басқалар.

Оларда тұрақты негізде 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді, уақытшада (кеңесшілер, сарапшылар) – 2 мың адамға дейін.

ҮЕҰ қаржыландырудың негізгі көздері халықаралық гранттар, бизнес- құрылымдардың демеушілік көмегі болып келеді.

Үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуін жетілдіруге өткен уақыт аралығында үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы үшін заңдық және ұйымдық шарттар жасалған. ҮЕҰ құзыретті және жауапты үлесін сарапшылық кеңестерге, депутаттық топтарда, бірге жобалардың орындауы жанында, әртүрлі бағыттар бойынша әрекеттестік механизмдерін әзірлеуде, заңнама ұсынымдарын қабыл алуына және т.б. қатыса мемлекеттік саясат құру үрдісіне қосады.

Аудандық «Нұр Отан» ХДП бөлімшесі және т.б. жанындағы ауданның ҮЕҰ басшылары сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Қоғамдық Кеңес құрамына кірді.

Басымдылықтарды анықтау және үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік өкімет органдарының өзара әрекеттерінің үйлесімді жолдарын іздеуде салмақты үлесті аудан әкімдігі жанындағы консультациялық Кеңес қосады. Жағдайға сәйкес, Кеңес отырыстары жарты жылда 1 рет өткізіледі.

Ауданда 4 ұлттық-мәдениет бірлестіктері өз қызметін атқаруда. Жыл сайынғы өтетін іс-шаралар дәстүрге айналды: Достық фестивальдері, Ұлттық мәдениет күндері, «Сабантой» халық мейрамдары, «Масленица», Қазақстан халқының бірлігі күні, Славян жазбалары және мәдениеті күндері және басқалары.

Өңірдің барлық халықтары және ұлттары өкілдерінің қызығушылықтарын біріктіруде ерекше орынға Бурабай ауданы өкілдері кіретін (Яков Васильевич Стерлигов – «Бурабай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; Жеңіс Серікбайұлы Оспанов – «Бурабай» аудандық газетінің корреспондеті) Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясы ие. Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясынан Бурабай ауданының өкілдері тек қана сессия жұмысында ғана емес, сонымен қатар ассамблея қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіруден ауданда өтетін ақпараттық-насихаттық жұмыс бойынша қоғамдық-саяси іс-шараларда белсенді қатысып, қоғамдағы бірлік пен келісімнің ары қарай нығайтуына жағдай жасайды.

Ауданда мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасында конструктивті диалогты реттеу мақсатында, аудан әкімдігі жанында діни бірлестіктер байланыстары бойынша Кеңес жұмыс жасауда. Кеңес атқаратын негізгі мақсаттар мен атқарымдар: бұл аудандағы діни жағдайды жан-жақты зерттеу және талдау, өзара түсіністік және діни бірлестіктер аралық шыдамдылықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізуі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кеңестік көмек көрсету, ақпараттық-насихаттық шараларды өткізу, азаматтардың дін тұту бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету облысында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша кеңестік жұмыс.

Кеңес отырыстарында Бурабай ауданындағы діни жағдай күйінің мәселелері, діни бірлестіктерді құқықтық жөнге салу проблемалы аспектілері, шетел миссионерлердің қызметі, діни бірлестіктер және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестіктері, саны аз діни топтарды есептік тіркеу және діни объектілерді тіркеуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Аудан аумағында 5 миссионер, 23 тіркелген діни ұйым қызметтерін жүзеге асыруда.

Барлық 5 миссионер римдік-католиктік шіркеу өкілдері. Миссионерлер діни бірлестіктердің жарғысында мәлімделген бағыттарға сәйкес, негізінде әлеуметтік бағдарланған қызметпен шұғылданады (түскі тамақтар, азық-түлік себеттер, кедей жанұялардағы балаларға арналған кеңселік бұйымдар және т.б.). Тұрғындардың миссионерлердің қызметіне көзқарасы олардың қоғамдық-пайдалы қызметтері негізінде «толерантты» деп сипаттауға болады.

Облыстық мемлекеттік органдарымен тұрақты негізде тақырыптық конференциялар, оқу орындарында лекциялар өткізіледі, семинар-тренингтер, айтыстар, «дөңгелек үстелдер», бірыңғай ақпараттық күндер, шолу-сағаттар, дәстүрлі конфессия өкілдерінің тұрғындардың әртүрлі категорияларымен кездесулері.

Діни бірлестіктер арасында бақталастық, қарсы тұру фактілері жоқ, аудан аумағындағы барлық бірлестіктер бір бірімен жақсы қатынаста. Ауданда діни жағдай мониторингі ай сайынғы жүргізіледі, діни бірлестіктердің сандық, жас, әлеуметтік-кәсіптік, көшбасшылық құрамы талданады.



Ақпараттық кеңістік.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тапсырыс арқылы идеологиялық жұмыс бағыттарының бірі ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету болып келеді.

Ауданда 6 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген (БАҚ). Мемлекеттік емес БАҚ салыстырмалы салмағы 86 % құрайды (1 мемлекеттік, 6 тәуелсіз). Мемлекеттік тілде әзірленіп эфирға шығатын 1 БАҚ, орысша – 2, қазақ және орыс тілдерінде – 4.

2013 жылға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде баспа БАҚ-мен 219,1 мың см2 материал шығарылған. Мемлекеттік тапсырыс орындайтын БАҚ арқылы ел дамуының негізгі басымдылықтары және жүргізілудегі мемлекеттік саясаты туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейі 65 % құрады.

БАҚ және мемлекеттік органдардың конструктивті өзара әрекеттесулері мақсатында, аудан әкімдігі жанында бұқаралық ақпарат құралдары бойынша (ақпараттық саясат) құрамына БАҚ редакторлары мен мемлекеттік орган өкілдері кірген, Қоғамдық Кеңес құрылған және қызмет етуде.

БАҚ негізгі проблемалары:

- аудандық газет редакцияларын әлсіз материалды-техникалық жабдықтау;

- білікті журналист кадрлары және операторлардың жеткіліксіздігі.


Жастар саясаты.

2013 жылға ауданның жалпы тұрғынынан жастардың саны 17904 мың адамды құрады немесе аудан тұрғындарының жалпы санынан 24 %, олардан жас жігіттер – 9113 мың адам, қыздар – 8791 мың адам, сонымен бірге жастардың жалпы санынан ауылдық жастардың үлесі 38 % құрайды.

2013 жылы жастардың өзекті проблемаларын анықтау, жастар бірлестіктерінің белсенділігі және жастар саясаты саласында тақырыптық шараларды орындау тиімділігі бойынша «Қазіргі жастар: жағдай талдауы» әлеуметтік зерттеуі өткізілген.

Жастардың белсенділігі көзге көрінетіндей өсті. Ауданда: 2 ҮЕҰ: Қатаркөл а/ш колледжінің «Шаңырақ»ЖҚҰ, ЩТК-ның «Жастар» ЖҚҰ. Сонымен қатар «Нұр Отан»ХДП «Жас Отан» аудандық жастар қанатының бөлімшесі, Жастар КВН лигасы, дебат клубы белсенді қызмет етуде. 2013 жылға жастар саясатын қаржыландыру 300 мың теңгені құрайды.

30.10.2012 жылғы № а-10/608 Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысымен Бурабай ауданы әкімдігі жанында жастар қоғамдық бірлестіктерін және қозғалыстарын құру және олардың қызметін талдау, ұсынымдарын және ұсыныстарын ынталандыру, аудандағы мемлекеттік саясатты іске асыру жағдайларын зерттеу, 14-тен 29 жасқа дейінгі жас азаматтарының бостандықтары және құқықтарын қорғау, ауданда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң орындалуы туралы ақпаратандыруды қамтамасыз ету, шығармашыл және дарынды жастарды анықтау, әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік саясатты орындау жағдайы және әлеуеттілігі туралы мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, жастарды белсенділендіру бойынша жұмыс жасайтын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Кеңес құрылған.

Жастар арасында өзекті проблема жұмыссыздық. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 100 адам, соның ішінде 31 адам жасы 14-тен 29 жас аралығында.


Қоғамдық құқық тәртібі және қауіпсіздік.

Криминогендік жағдай тұрақты, бұл сөзсіз жалпы ел дамуына және ішкі қауіпсіздігіне оң ықпал жасайды. Оның жағдайына 2011-2013 жылға арналған құқық бұзулардан сақтандыру және қылмыспен күрестің аймақтық бағдарламаның орындалуы оң ықпал жасайды.

Ішкі істер органдарына деген сенімділік болжамының деңгейі 2011 жылы 51 %, 2013 жылы – 99 % құрады.

Жол-көлік оқиғаларының саны 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда 2013 жылы 7 құрады, бұл жоспарланған деңгейден 36 % төмен. ЖКО және зардап шеккен адамдар саны кемуінің ең басты себебі соңғы бес жылда жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде, бағдаршамдар, жол белгілерін, «жер полицейлерін» орнату, Щучинск қаласы мен аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын жасау болып табылады.

2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы тіркелген қылмыстардың саны 2 есе 1666 оқиғаға дейін артуы байқалды. Белгіленген өсу шегі жеке және заңды тұлғалардың қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздардың және хабарлауларының 100 пайыздық тіркелулерін өткізу курсының, есепке алудың барлық түрлерінің тәртіпке салынуымен, сонымен қатар, нақты статистика құруды бақылауда қатандықтың салдары болып табылады. Қылмыстардың барлық түрлерінен тіркелген динамиканың талдауы жылдың басқа айларымен салыстырғанда жазғы кезеңде олардың өсу шегі орташа 1,3 есе екенін куәландырады. Шапшаң-тергеу бөлімшелеріне жүктеме артуы курорттық аймақтың болуымен шартты, соған байланысты 2010 жылға қылмыстың ашылу пайызы 101 % қарсы 52,3 % төмендеуіне негативтік әсер етті.

Сонымен қатар, адам өлтіру, зорлау, есірткі заттары айналымы саласындағы қылмыстар сияқты өзгеше ауыр қылмыстардың түрлердің 100 % ашылуына қол жеткізілген, сонымен қатар, ауыр қылмыстардың ашылуы 29,4 % (87 % дейін), денеге зақым келтіру 6,7 % (90% дейін), ұрлық 11,7 % (75,6 % дейін), бөтен мүлік ұрлығы 5,3 % (70% дейін), пәтерлік ұрлықтар 6 % (75,6 % дейін) ұлғайған.

Есірткіге байланысты қылмыстардың үлесі (14 оқиға), 2011 жылға тіркелген қылмыстардың жалпы санынан 0,8 % құрайды, бұл 2010 жылғы үлестен 3,2 есе төмен.

Жалпы мемлекеттік нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жүйесін құруға тәсілдеме ұйымдастыру біршама толық жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеттілігін қолданып, әсерлі ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.

Қазақстанмен шектесетін мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдайдан миграциялық ағындардың өсуі, сәйкесінше есірткі, қару айналымы, ұрлық және басқа қылмыстардың артуына әкеледі.

Сонымен қатар жол-көліктік кешені қиын жағдайларда жұмыс жасайды. Автокөліктік парктың өсу шегі және заманауи автокөлік жылдамдығы екпіні көше-жол желісінің даму екпіндерінің шамасынан асады. Жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы қанағатсыз. Жол қозғалысы қатысушыларының транспорттық тәртібі төмен, әсіресе көлік жүргізушілерінің. Жүргізушілерді дайындау жүйесі маңызды жақсарулар енгізуді талап етеді.

Бұлардың және басқа себептердің кешені жол-көліктік оқиғалардың зардаптарының өте ауыр болатынын алдын ала анықтайды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет