Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы



бет6/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ



Байланыс және коммуникация.

Телефон желісінің қызметін 41 АТС атқарады, олардан қалалық – 15, ауылдық АТС – 26.

НА желілері СТС 19 ОАТС және 4 МАД, 3 АТС CDMA-450.

01.01.2012 жылға жалпы іске қосылған сыйымдылық 23521 нөмірді құрайды, соның ішінде жеке тұлғалар – 21146, дара кәсіпкерлер – 567, шарушылық есеп ұйымдары – 1120, бюджеттік ұйымдар – 490. 2011 жылы 886 телефон орнатылған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 4,9 % артқан.

Үй шаруашылық телефон орнату пайызы 92,8 % құрады, соның ішінде, қала бойынша 98,7 %, ауыл бойынша 84,6 %.

Байланысты дамыту мақсаттарында порттық сыйымдылық және нөмірлердің сандарын кеңейтуге ауылдық 3 АТС жаңарту жүзеге асырылып, өткізгішсіз радиобайланыс арқылы телефония қызметтерін көсетуге арналған 5 станция орнатылған. 9 ауыл кең жолақты Интернет желісі қызметіне қосылған. Интернетке ену көрсеткіші ауданда 100 жеке тұлғаға шаққанда 23 % құрайды және облыс бойынша ең биік көрсеткіш болып табылады.

01.01.2015 жылғы жағдаймен ауданда 43 мектеп бар, барлығына телефон орнатылған (100 %), барлық мектеп Интернет аймағына қосылған, 17 мектеп КЖИ қосылған.

2013 жылға мобильді байланыспен және 3G стандарты байланысымен «Астана қаласы – ЩБКА – Кокшетау әуежайы» бағыттарын 100 пайыздық қамсыздандыру, сонымен қатар, ЩБКА аумағын цифрлік хабарлау қызметтерімен қамсыздандыру жоспарланған.

Үй шаруашылығында және кәсіпорындарда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияллардың құрылымының өзгеруі тұрғындардың өмірінде компьютерлік технологиялар мен телекоммуникациялық қызметтерінің рөлінің артуын көрсетеді.

2014 жыл қорытындысы бойынша аудан бойынша компьютерлік сауаттылык деңгейі 54 % құрады.

Ыңғайлы тарифтік саясатты қолданғанына қарамастан сала проблемаларына ауылдық жердегі АКТ қызметтерінің жоғары құны мен жабдықтардың жоғары құнын, тозығы жеткен және технологиялық ескірген телекоммуникация желілерін жаңартудың құнын, білікті мамандар тапшылығын жатқызуға болады.


Архитектура және қала құрылысы

51 ауданның елді мекендерден негізгі жоспармен 12 қамтамасыз етілген (Щучинск қ., Бурабай кенті Молбаза ауылын есепке алумен, Зеленый бор ауылы, Ақылбай, Сарыбұлақ, Ключевое, Сосновка, Жасыл, Шиелі, Кенесары, Қатаркөл), сондай-ақ Бурабай ауданы дамутудың схемасы әзірленген. 2014 жылы «Санаторий Щучинский» ықшам ауданның егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобасымен негізгі жоспар әзірленген. 2015 жылы Щучинск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлаудың жоспарлауына қаражат бөлінген.


Құрылыс.

2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 10028,8 млн.теңге немесе 2013 жылға қарағанда 106 % құрады.







2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж.

2014 ж.

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

7489

18374

10216

15210

7865

8768,2

10028,8

Баспана пайдалануға берілді, мың ш.м.

15,2

13,1

10

23

19,2

17,2

14,1

ЖТҚ, мың ш.м

15,2

8,9

7,1

13,1

12,2

17,2

14,1

Пайдалануға берілген баспананың жалпы ауданы 2013 жылмен салыстырғанда 14094 м2 немесе 82,1 % құрады. Соның ішінде, өткен жылға жалпы ауданы 14094 м2 немесе 82,1 % 61 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.

Құрылыс өнеркәсібінің негізгі проблемалары ретінде заманау талаптарға сай сапалы, қанағаттандыратын елді мекендердің бас жоспарлары, білім объектілерінің, денсаулық сақтау және спорттық-мәдениеттік объектілердің құрылысына жобалардың, аудандардың инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылымын абаттандыру және дамытуға қаражаттың жетіспеушілігі және жеке құрылыс, ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің құрылысының қажеттілігін атап кеткен жөн.


Жолдар.

Аудандық маңыздағы жалпы қолданыстағы автокөлік жолдар желісі 355,9 км., олардан асфальтты-бетонды қабатты – 6 км, қара тасты – 124,9 км, қиыршық тасты – 224 км.

2011 жылға аудандық бюджет есебінен Щучинск қ. 8460 м2 жолдардың және жаяу жүргінші жолдары учаскелеріне, 8 аялдамалық алаңдарды жөндеу, ОАЕ ауданында, Морозов көшесінің жаяу жүргінші жолын қалпына келтіру өткізілген.

Облыстық бюджеттен 42 млн. теңге бөлініп, Мәдениет а. баратын 8 км жол учаскесіне жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен Щучинск-Бурабай-Наурызбай батыр – облыс шекарасы, Ақылбай-Қызылағаш жол учаскелерінің жөндеуі жүргізілген.

Бурабай к. жол желісін дамыту бойынша 45,2 млн. теңге сомасына облыстық трансферттер есебінен ЖСҚ әзірлеу жасалды. Республикалық бюджеттен 2012 жылы Бурабай к. жол желісін салу мен қайта жаңартуға 472 млн. теңге, 2013 жылы – 645 млн. теңге, 2014 жылы – 680 млн. теңге бөлінді. Бұл 2012-2014 жж. болашақта ауылдық жолдардың 22 км қайта жаңартуды өткізуге қол жеткізеді.

2013 жылы 423,5 млн. теңгеге (1 транш) ұзақтығы 28,7 км Щучинск-Николаевка жолының бөлігінде ресбуликалық бюджет трасферттері есебінен орташа жөндеу жасалды.

Бурабай-Қатаркөл жолына облыстық бюджет есебінен 8,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жасалды.

Облыстық бюджет есебінен Щучинск қ. Привокзальная, Абылайхан, Едомский, Морозов көшелеріне 466,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жүргізілген, 109,0 млн. теңгеге Астана-Щучинск автотрассасының 266 км автомобиль жол өтпесі қайта жаңартылды.

2011-2013 жылдары аудан бойынша жергілікті маңызы бар 182,4 км автомобиль жолдары күрделі және орташа жөнделіп, қайта жаңартылды.

Щучинск қ. 7, қала маңылық 11 автобустық бағыт желілері жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 70 транзиттік автобустық бағыт желілері жүріп өтеді: халықаралық – 5, қала аралық – 57, аудан ішілік – 8 бағыт желісі. Ауданның ауылдық елді мекендері 39 қоғамдық көлікті пайдаланады, қалған 14 елді мекенде ондай мүмкіншілік жоқ, олардан 5 АЕМ – аз қоныстанғандықтан, 10 АЕМ (19 %) – жолдардың жаман жағдайларына байланысты.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзақтығынан 89 км немесе 25 % құрайды. Соған орай, жүк айналымы және жолаушы айналымы 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылға 26,7 % азайды.







2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж.

2004 ж.

Автомобиль көлігінің жүк айналымы, млн. ткм

108275,8

50308

44900

40103,2

32902

32276

32921

Автомобиль көлігінің жолаушы айналымы, млн. пкм

10379,9

10113

12300

12187

21198

28954

45449


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет