Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы



бет7/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Астана және Щучинск қалаларын қосатын автобан пайдалануға берілгелі, сондай-ақ курорттық аймақтың дамуымен және туристер ағымының артуына байланысты жолаушылар айналымы 2,4 есе артты.

Щучинск қаласы мен аудан жолдарының қанағатсыз жағдайы проблемалық мәселе болып табылады. 2012-2013 жылдары Щучинск қаласының күрделі жөндеу жұмыстарына (1,2 кезек) 2428,3 млн. теңге жалпы сомасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Щучинск-Николаевка – 253 млн. теңге, Зеленый бор-Мәдениет – 585,5 млн. теңге, Қатаркөл а. ауыліші жолдарына – 935,5 млн. теңге, Зеленый бор а. – 467,8 млн. тенңге.



Теміржол көлігі. Ең үлкен темір жол тораптарының бірі Бурабай ауданында орналасқан. Бурабай Курорты станциясының вокзалы тәулігіне 1,5 мың жолаушыны қабылдай алады. Вокзал жылына 650 мың жолаушы қабылдап-шығарып сала алады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

2013 жылы тұтынушылардың коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 70 % құрады.

Ауданда 445 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, олардан зерттеу нәтижесі бойынша, 2013 жылы 120 тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

Тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында және көппәтерлі үйлердің пайдалану сапасын белгіленген талаптарға сай келтіру үшін 2011 жылы қаржыландырудың екі тетігі бойынша кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі және ағымдағы жөндеу басталды. 2011 жылы ТҮКШ жаңарту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2 тұрғын үйді жөндеуге, 2012 жылы 4 тұрғын үйді жөндеуге қаражат бөлінді. 2013 жылы күрделі жөндеуге қаражат бөлінген жоқ.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді, соның ішінде қайтарылатын қаражат есебінен ұйымдастыру үшін ауданда мемлекеттің 100 % қатысуымен мамандандырылған ұйымдар құрылған. Әкімдік жанында кондоминиум объектілерін зерттеп, жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайтын, олардың орындалу сапасына бақылау жасайтын тұрғын үй инспекциясы құрылған.

Бағдарламаны іске асыру кондоминимум қатысушылары ретінде тұрғын үй иелері, оны басқару органдарының (ПИК) мердігер ұйымдармен өзара әрекеттесулерін қарастырады. Тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге тікелей қызығушылығы болуына қарамастан, пәтер иелерінің тұрғын үйді жөндеуге қаражат жинау мен қайтаруда белсенділіктерінің төмендігінен құжаттарды әзірлеуде қиындықтар бар. Бағдарламаны сәтті және көлемді іске асыру үшін кондоминиум объектілерін тіркеу бойынша жұмысты жандандыру және тұрғындарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру қажет. Ауданда 2014 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша кондоминимуммен қамтылмаған 118 көпқабатты үй бар.

Тұрғын үйлерді жөндеуден аталған теттіктерді іске асыруда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуден шығындарын және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинаудан жарналарын төлеуге әлеуметтік тұрғыдан әлсіз азаматтарға атаулы көмек қарастырылған.
Жылумен қамтамасыз ету.

43 қазандық жылумен қамтамасыз етуде, оның 36 білім беру бөлімінің теңгерімінде, 7 – екі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жетекшілігінде.

Щучинск қаласы, Бурабай к. және Зеленый бор а. қызмет көрсететін негізгі жылумен қамтамасыз етушілер – «Термо-Транзит» МКК, «Тазалық Бурабай» МКК. Жылумен қамтамасыз етілетін баспананың жалпы ауданы 436 мың м2 құрайды.

Ауданның коммуналдық кәсіпорындарының қазандықтарының жалпы қуаттылығы 97,3 Гкал/сағ, түрлі модификациядағы 26 қазан қолданылуда, олардан 6 немесе 23 % ауыстыруды қажет етеді, жылу желілері – 48 км, олардан Щучинск қ. және Зеленый бор а. 18,2 км немесе 38 % ауыстыруды қажет етеді.

Шығарылған жылу энергияның негізгі қорларының үлкен тозығына байланысты жылу желілеріндегі кему жиынтығы 30-35 % жетеді. Жылу тасымалдауыштардан жылу кемулерінен үлкен ысырап әсіресе тұрғын үйлердің үй асты инженерлік желілері құбырларының ішкі және сыртқы коррозиясымен байланысты.

Экология және орман шаруашылығы колледжінің жылумен қамту объектілері: жылу желілері 7,2 км, су құбыры – 3,5 км толық ауыстыруды қажет етеді.

Коммуналдық қызметтердің сапасы жоғарылауы және табиғи ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру үшін коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жаңарту инвестициялық жобаларының масштабты орындауын қамтамасыз ету қажет.

Орталықтандырылған жылудың жоқ болуы жалпы ауданның проблемасы, соның ішінде және Щучинск қ. Қазіргі кезде Щучинск қ. 40 аса көппәтерлі үйлерде орталықтандырылған жылу берілмейді, бұл: «Горный», «КазНИИЛХа», «Трансавто», «Ремзавод» және т.б. шағын аудандары.Табиғат қорғау аймағына кіретін елді мекендерде: Бурабай к., Окжетпес а. 26 көппәтерлі үйлерді орталықтандырылған жылуға қосу шешімін қажет етеді.

Жылу есептеу құралдырымен қамтылғандар 12,2 % (қажеттілік 1802, орнатылды 220). Ауылдық жерде 0 %.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту.

51 елді мекендерден 22 елді мекен тұрғындары орталықтандырылған су көздерін пайдаланады, бұл пайыздық арақатынаста елді мекендердің жалпы сандарынан 43,1 %, ал тұрғын санынан 67 % құрайды.

Ауылдық елді мекендердің аумақтарына су жүргізетін желі 278 км, бұл 51 ауылдық елді мекендерде, олардан 146 км және 79 су ұңғымасы қолданылуда. АЕМ су объектілері ауданның коммуналдық меншігіне өткен, 2 объекті жеке меншікте, 5 объекті иесіз. Ауылдық елді мекендердің су тарту желілері 1970-1980 жылдары салынған, пайдалануға берілгенінен бері желілерге 2008 жылы Атамекен-Қаражар а., 2011 жылы Успено-Юрьевкадан басқасына күрделі жөндеу жүргізілмеген. Федосеевка а. су тасылмалы. 2009 жылы жоба қуаттылығы 65,7 млн.теңге «Кенесары а. су тарту желілерін қайта жаңарту» инвестициялық жобасын және сомасына 108 млн. теңге «Мадениет а. су тарту желілерін қайта жаңарту» инвестициялық жобасын іске асыру аяқталды. Аудандық 41 ауылдық елді мекендер сапалы ауыз суға зәру, соның ішінде: қайта жаңарту есебінен – 15 АЕМ, құрылыс – 5 АЕМ, күрделі жөндеу – 12 АЕМ, су тарату пункті – 9 АЕМ.

Сумен қамту көздерін қалпына келтіру үшін (су ұңғымасы) ауданның 41 АЕМ геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. 2013 жылы Қатаркөл, Веденовка, Федосеевка а. жұмыстар басталды, сонымен қатар 17 ауылда барлау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген (Николаевка, Савинка, Жаңаталап, Жаңажол, Қарабұлақ, Көрнекты, Қымызнай, Первомай, Ұрымқай, Қарашілік, Жасыл, Кіндік-қарағай, Баянбай, Қызылағаш, Атамекен. Қаражар, Златополье, Дмитриевка). Бұл ауылдар бойынша барлау жұмыстары 2014 жылдың 4 тоқсанында аяқталатын болады. 2015-2016 жылдары 4 ауылда (Жаңа Қарабауыр, Түлкілі, Шиелі, Сотниковка) барлау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады.


Су тарту желілері
    1. МКК

Су тарту желісінің жалпы ұзындығы, км

    1. С.і магистралдық желілер, км

    1. Ауыстыруды қажет етеді

    1. %

    1. Щучинск қ.

    1. 98,5

    1. 70,5 70,5

    1. 19

    1. 20

    1. Бурабай к.

    1. 9,8

    1. 9,8

    1. 5,8

    1. 59

    1. Зеленый бор а.

    1. 11,7

    1. 11,7

    1. 3,2

    1. 27

Ауылдық елді мекендер

    1. 278

    1. 278

    1. 220

    1. 79



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет