Жылдары Ашқан ғалымдар



бет1/2
Дата20.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#60600
  1   2
ХИМИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР


Жылдары

Ашқан ғалымдар

Химиялық құбылыстар, элементтер, т.б.

20 000-15 000 жыл б.з.д.




Біздің заманымызға дейінгі палеолит дәуірінің аяғында адамдары механикалық энергияны жылуға айналдыру ұстанымы арқылы отты алудың түрлі жолдарын тапты. Ол көміртегі (С) белгісімен болды және оны ағаш көмірі түрінде сурет салуға қолданды.

5000 жыл бұрын б.з.д.




Неолит дәуірінің адамдары саф күйінде мыс (Cu) пен алтынды (Au) пайдалана бастады. Бұл металдарды суық күйінде өңдеп, таза сәндік бұйымдар жасауға ғана қолданды.

4500-3500 жыл бұрын б.з.д.




Кіші Азияда мыс пен алтынды балқытып, ыстық күйінде өңдеу меңгеріле бастады, тіпті мысты карбонатты кендерден құю да іске аса бастады.

3300 жыл бұрын б.з.д.




Мысыр мен Месопотамийде мыстың қасиеттерін жақсарту мақсатында оны балқыту кезінде қорғасынның (Pb) және басқа металдардың кендерін қосты. Алғаш рет қалайылы (Sn)қола және мыстық алтынмен балқымасы алына бастады.

3000 жыл бұрын б.з.д




Қытайда металл күйінде сурьма (Sb) алынды.

3000-2000 жыл бұрын б.з.д




Мысыр мен Кіші Азияда темір (Fe) өндірісі бастау алды. Металдық қорғасын алына бастады. Жерорта теңізі елдерінде қола дәуірі дәуірледі.

2500 жыл бұрын б.з.д




Кіші Азияда өте таза күміс (Ag) балқытылып алынды. Б.з.д 3800 жыл бұрын белгілі болған алтынның күміспен балқымасы – аземді енді жасанды жолмен ала бастады.

2000 жыл бұрын б.з.д




Мысырда мысты сульфидті кендерден алудың қарапайым жолы пайда болды.

1800 жыл бұрын б.з.д




Қытай мен жапонияда тұңғыш рет металл күйіндегі қалайы алынған болу керек.

2000-1600




Ыстық көздерде қалатын тұнба түрінде күкірт (S) белгілі болды.

1500 1200




Мысырда, Финикии мен Палестинада алғаш рет сілітілік материалдар көзге түсе бастады (алғаш тек сәндік мақсатта қолданыла бастаған өсімдік күлі, сода, сөндірілген әк); қарапайым шыны ыдыстар өндірісі басталды.

1200 жыл бұрын б.з.д




Үнді елінде тұңғыш рет металл күйіндегі қалайы және мырыш (Zn) балқытылып алынды.

600 жыл бұрын б.з.д

Фалес ( шамамен 625- 547 жыл бұрын б.з.д), Анаксимандр (шамамен 610- 547 жыл бұрын б.з.д

Натуралофилософтар пайда бола бастады. Олардың еңбектерінде тұңғыш рет материализм элементтері кездесті.

б.з.д 600 жыл бұрын




Грекияда қорғасын мен басқа да кедей кендерден күмісті алу үшін купирлеу қолданылды.

б.з.д 400 жыл бұрын




Грекияда сынап (Hg) белгілі болды.

б.з.д 400 жыл бұрын

Левкипп (шамамен б.з.д 500-440 жыл бұрын) және Демокрит (шамамен б.з.д 470- 460-360 жыл бұрын )


Грекияда зат құрылысының атомдық теориясын негізделді.

б.з.д 350 жыл бұрын

Эмпедокл (шамамен б.з.д 490-430 жыл бұрын) мен Аристотель (шамамен б.з.д 428 немесе 427-348 немесе 347 жыл бұрын)

Грекияда Эмпедокл (шамамен б.з.д 490-430 жыл бұрын) көзқарастарына негізделген төрт элементті теория пайда болды.

I ғасырда

Үлкен Плиний

Кадмий атымен мырыш оксидін сипаттап жазды.

IV ғасырда




Металдық мышьяк алынды, бірақ оның нақты алынуы туралы сипаттама неміс жаратылыстанушысы және теологы Ұлы Альберттің (1193-1280) еңбектерінде ғана кездеседі.



V ғасырда




Александрияда алхимиялық екі элементті (күкірт және сынап) теория пайда болды.

VIII ғасырда

Джабир ибн Хайян (712-815

Араб алхимигі мүсәтір спиртін сипаттап жазды, қорғасынды ақ шаңқанды дайындауды көрсетті, сірке қышқылын алу үшін сірке суын айдады, азот қышқылының әлсіз ерітіндісін алды.

IX ғасырда

Аль-Рази (865-925

Араб алхимигі гипсті дайындау әдісін жазды, металл күйіндегі сурьманы сипаттады.

IX ғасырда




Александрияда дистилляцияның қарапайым жолы жасалды.

XIII XIV XIV ғасырда




Германияда металл күйіндегі висмут (Bi) алынды.
Алғаш рет шойын балқытуға арналған домна пештері салынды, бұрын шахталық пештер тек темір балқыту үшін ғана қолданылатын.

1527 жылы

Парацельс (шын аты Филипп Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм) (1493-1541)

Жаратылыстанушы және дәрігер үш бастама теориясын (күкірт, сынап және тұз) жасап ұсынды. Алхимиктердің жай металдарды алтынға айналдыру талпынысына ол химиялық білімді медицинаға қолданатын ятрохимияны (немесе иатрохимия) қарсы қойды.

1557 жылы

Юлий Цезарь Скалигер

Француз ғалымы және жазушысы қазіргі Колумбия жерінде платинаның (Pt)
қоры бар туралы бірінші жазбаша хабарламасы шықты.

1597 жылы

Андреас Либавий (шамамен 1540-1616)

Неміс алхимик дәрігері тұңғыш «Алхимия» оқулығын жарыққа шығарды. Алғаш рет тұз қышқылын,қалайының тетрахлоридін,аммоний сульфатын, патша арағын дайындауды сипаттап жазды.



1642 жылы

Юнгиус

Грек атомистикасының ізімен химиялық анализ негізінде алғашқы кезеңге жарайтын элемент туралы ұғымды енгізді.

1643 жылы

Торричелли Эванджелиста (1608-1647)

Италия физик және математигі вакуумның бар екенін дәлелдеді.

1644 жылы

Ван Гельмонт

Голландияда алғаш рет газдарға зерттеу жүргізіліп, осы термин енгізілді.

1671 жылы




Ағылшын химик, физигі алғаш рет темір кесектерін күкірт қышқылына салу арқылы сутегін алды.Бірақ оның химиялық табиғаты ашылмады.

1669 жылы

Хеннинг Бранд

Неміс жаратылыстанушысы зәрді көп рет айдау арқылы элемент күйіндегі фосфорды (P) алды.

1679 жылы

Георг Эрнст Шталь (1659-1734)

Неміс химик және дәрігері химияның тұңғыш флогистон теориясын ұсынды. «Флогистон» жанғыш деген мағынаны білдіреді.

1702 жылы

Вильгельм Гомберг (1652-1715)

Бураны темір купоросымен яғни темір (ІІ) сульфатының сулы ерітіндісімен қосып қыздырып, бор қышқылын алды.

1702 жылы

Грегор Эрнст Шталь

Ол ас тұзында (NaCl) ерекше сілті бар деп тапты. 1723 жылы шыққан «Химия негіздері» кітабында флогистон теориясын дамытты.

1727 жылы

Гальс

Газдарға анализ жасау әдісін ойлап тапты.

1735 жылы

Грегор Брандт (1694-1768)

Швед химик и минералогы висмут кендерінен кобальтты алды.

1736 жылы

Дюамель де Монсо

Ол ас тұзында сілті болатынын, бірақ оның поташ пен шарап тасында болатын сілтіден басқа екенін дәлелдеді.

1746 жылы

Иоганн Потт (1692-1777)

Неміс химигі шыны тәрізді тастар (кремнезем)бар екеніне болжам жасады.

1747 жылы

М.В.Ломоносов

(1711-1765)



Орыстың ұлы ғалымы өзінің жеке ұсыныстарына негізделген жылудың кинетикалық теориясы туралы еңбегін жариялады.

1747 жылы

Андреас Сигизмунд Маргграф (1709-1782)

Неміс химигі қант қызылшасының тамырынан қант кристаллдарын тапты.

1748 жылы

М.В.Ломоносов

(1711-1765)



Металдарды кальцинациялауда ауаның рөлін анықтады.

1750 жылы

Уотсон және Браунинг

Платинаға және оның қасиеттеріне нақты сипаттама берді.

1751 жылы

Аксель Фредерик Кронстедт (1722-1765)

Швед минералог және химигі кобальт кендерінен никельді ашты.

1752 жылы

Генрик Теофил Шеффер (1710-1759)

Швед ғалымына мышьяк қосу арқылы платинаны балқыту мүмкіндігі туды.

1754 жылы

Андреас Сигизмунд Маргграф

Квастан глиноземді тапты.

1766 жылы

Генри Кавендиш (1731-1810)

Ағылшын физик және химигі өзінің ауаны экспериментті зерттеу жұмысының нәтижесінде онда ауадан бірден ажыратылатын өзгеше газ бар екенін дәлелдеді, сондай-ақ сутегі мен көмір қышқыл газдарын ашқанын хабарлады.

1769 жылы

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

Пиролюзит пен тұз қышқылының қоспасын өңдеп, хлор алды. Бұл жұмыстардың нәтижелері 1774 жылы жарияланды.

1770 жылы

Карл Шееле және швед минералог және химигі Юхан Готлиб Ган (1745-1818)

Сүйек күлінен фосфорды алу жолын ұсынды.

1771 жылы

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

Пиролюзит пен концентрлі күкірт қышқылын қосып қыздырғанда «от ауасы» (оттегі) бөлінгенін бақылады. Сондай-ақ, бұл ғалым шарап, бензой, лимон,алма,қымыздық, галла, сүт, зәр және мышьяк қышқылдарын ашты. Үш улы газды: фторсутек, күкіртсутек және сутек цианидін алды.



1772 жылы

Даниель Резерфорд (1742-1819) және оған тәуелсіз Кавендиш



Екеуі де бір-біріне тәуелсіз азотты ашты.

1772 жылы

Карл фон Зикинген

Неміс ғалымы аммоний хлоридінің әсерімен платинаны тұнбаға түсірді және аммонийдің гексахлорплатинатын алды. Осылайша платинаны алтыннан бөлуге болатын еді.

1772-1774 жылы

Джозеф Пристли (1733-1804)

Бұл ағылшын физик, философы және дін қызметкері «тұз қышқылды ауа» (хлорсутек), «сілтілі ауа» (аммиак), күкіртті газ, иіс газы, азоттың моноксидін алды. Сондай-ақ ғалым Карл Вильгельм Шеелеге қатыссыз оттегін ашты.



1774 жылы

Карл Шееле (1742-1786)

Ауыр шпаттан (баритте) барий оксидін, ал пиролюзиттен марганец оксидін (MnO) тапты.



1774 жылы

Юхан Готлиб Ган

Пиролюзитті көміртегімен тотықсыздандыру арқылы ластанған марганец (Mn) алды.



1778 жылы

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

Молибден жылтырынан молибден қышқылын алды.

1781жылы

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

Тунгстейннен (шеелит) вольфрам қышқылын тапты.

1781жылы

Генри Кавендиш

(1731-1810)



Ауаның құрамын анықтады.

1782 жылы

Петер Якоб Гельем (1746-1813)

Молибден қышқылын көміртегімен тотықсыздандырып молибден (Mo) алды.



1782 жылы

Ференц Йожеф Мюллер фон Рейхенштейн

(1740-1825)



Венгер химигі және тау-кен инженері румын алтын кенінен теллурды (Te).
тапты.

1782 жылы

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

Глицерин және синиль қышқылын алды.

1784 жылы

Генри Кавендиш

(1731-1810)



Судың химиялық құрамын анықтады.

1783 жылы

Антуан Лоран Лавуазье (1743-1794)

Француз химигі өзінің тотығу теориясы туралы еңбегін толық жариялады.

1783 жылы

Ағайынды Элуярлар

Вольфрамиттан вольфрам қышқылын бөліп алды , ал одан көміртегімен тотықсыздандыру арқылы вольфрамды (W) алды.



1785 жылы

Клод Луи Бертолле (1748-1822)

Француз химигі калий хлоратын (бертолле тұзы) алды.



1786-1787 жылы

Антуан Лоран Лавуазье(1743-1794), Луи Бернаром Гюитоном де Морво (1737-1816), Клод Луи Бертолле (1748-1822) және А.Фуркура (1755-1809)

Француз Ғылым акдемиясының тапсыруымен осы төрт ғалым жаңа химиялық номенклатура жасауды басқарып, бір жылдың ішінде ойдағыдай аяқтады. Бұлар тотығу-тотықсыздану үрдістерін дұрыс түсіндірумен ерекшеленетін, элементтің жаңа анықтамасымен және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың табиғатын шамамен дұрыс түсіндіре білген антифлогистикалық химия жүйесін жасады.

1789 жылы

Мартин Клапрот

(1743-1817)



Неміс химигі Цейлондағы бағалы тасты зерттей отырып цирконийдің (ІІ) ооксидін ашты, уранды смолалы кеннен уранның (ІІ) оксидін тапты, бірақ оны ғалым металдық уран (U) деп ойлады.



1789 жылы

Товий Егорович Ловиц (1757-1804)

Химик және фармацевт мұзды сірке қышқылын алудың жолын ұсынды.

1791 жылы

Уильям Грегор

(1761-1817)



Ағылшын минералогы корнуэльдік темірлі құмнан титанның екі окисін тапты.

1791 жылы

Никола Леблан

(1742-1806)



Француз химик-технологы ас тұзынан соданы алудың өнекәсіптік жолын жасады.

1792 жылы

Товий Егорович Ловиц

Ғалым алғаш рет кристалдық глюкозаны алды.

1793 жылы

Мартин Клапрот

(1743-1817)



Стронцианиттан стронция окисьін (SrO) алды.

1794 жылы

Юхан Гадолин

(1760-1852)



Фин химигі иттербит минералынан иттрийлік жерді бөліп алды.



1795 жылы

Мартин Клапрот

(1743-1817)



Грегорға қатыссыз титанның екі окисін ашты.

1797 жылы




Бериллий окисі (BeO)алынды.



1797 жылы

Воклен және Клапрот бір-біріне қатыссыз

Сібір қызыл қорғасынынан хромды тапты

1797 жылы

Смитсон Теннант

(1761-1815)



Ағылшын химигі алмас, графит және ағаш көмірінің табиғаты бірдей екенін дәлелдеді.

1798 жылы

Луи Воклен

Берилийді (Be) ашты.

1798 жылы

Мартин Клапрот

1782 жылы ашылған теллурдың табиғаты қарапайым деген қорытындыға келді.



1798 жылы

Товий Егорович Ловиц

Микроскоппен тұздардың кристалдануын бақылап, кристалдардың пішіні тұздардың әр түрлілігін сипаттайды деген қорытынды жасады.

1800 жылы




Алғашқы электрлі батерей жасалды.

1801 жылы

Андрес Мануэль дель Рио (1764-1846)

Мехико минералогі қорғасын кенінен ванадийді ((V) тапты, ол оны эритроний деп атады,

ал кейіннен ол тапқан элемент тазаланбаған хром деп ойлады.



1801 жылы

Чарльз Хатчет (1765-1847)

Ағылшын химигі колумбиттен (оңтүстік америкалық темір-маргенец кені)ниобийді (Nb) бес оксиді күйінде тапты. Ол танталдың бес окисімен өте қатты ластанған екен.

1801 жылы

Яков Дмитриевич Захаров (1765-1836)

Орыс химигі алғаш рет И. Гиртаннердің "Начальные основания химии" деп аталатын кітабын орыс тіліне аударды. Ол алғашқылардың бірі болып Россияда химиядан антифлогистон теориясына сәйкес дәріс оқи бастады.

1803 жылы

Джон Дальтон (1766-1844)

Ағылшын химик және физигі өзінің атымен аталған еселік қатынас заңын және газдар заңдарын ашты,

«атомдық салмақ» ұғымын енгізді.



1803 жылы

Андрес Экеберг (1767-1813)

Ниобийдің бес окисімен ластанған бес окись түрінде танталды (Ta) тапты.

1803 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

(1779-1848)



Швед химигі және минералогі Гизенгермен бірге және бұларға қатыссыз Мартон Клапрот

церийлі жерді тапты.



1803-1804 жылдары

У.Волластон

(1766-1828)



Птатина кендерінің сынамасынан палладий (Pd) мен родийді (Rh) тапты, сондай-ақ таза

күйінде платинаны алды.



1804 жылы

Смитсон Теннант

«Патша арағында» ерімей қалған платина кендерінің қалдықтарынан осмий (Os)

мен иридийді (Ir) тапты.





1805 жылы

Кристиан Иоганн Дитрих Гротгус (1785-1822)

Бұл физик және химик тұңғыш рет электролиздің алғашқы теориясын ұсынды.

1807 жылы

Гемфри Дэви (1778-1829)

Тұздарының балқымаларын электролиздеу арқылы калий (K) мен натрийді (Na) алды.

Азот гемиооксидінің ауруды тыныштандыратын қасиетін ашты, сондай-ақ суды электролиздеу

арқылы сутегі мен оттегін алды, электрлік доғаны сипаттады.


1807-1818

жылдары


Йенс Якоб Берцелиус

45 элементтің атомдық массасын анықтады.

1808 жылы

Гемфри Дэви

Сынап электродын пайдалану арқылы балқымаларының электролизімен кальций (Ca), магний (Mg), стронций (Sr) және барийді (Ba) алды.

1808 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак

(1778-1850) және

Луи Тенар

(1777-1857)



Француз ғалымдары бор қышқылын қыздыру арқылы бос күйінде тазаланбаған борды (B) алды.

1808 жылы

Джон Дальтон

(1766-1844)



Атомдық теорияны анағұрлым нақтырақ көрсеткен химиялық философияның Жаңа жүйесі туралы еңбегін жариялады.

1809 жылы




Сабынды қышқылмен өңдеу арқылы май қышқылдары алынды.

1810 жылы

Гемфри Дэви

Карл Шееленің 1774 жылы ашқан «дефлогистенген тұз қышқылының» (хлордың) қарапайым табиғатын анықтады.

1811 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак және Луи Тенар

Кремний тетрахлоридін калиймен тотықсыздандырып, тазаланбаған аморфты кремнийді (Si) алды.

1811 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак

Сусыз синиль қышқылын алып, оның сандық құрамын зерттеді.

1811 жылы

Амедео Авогадро

(1776-1856)



Алғаш рет газдарда бөлшектердің бірдей саны бірдей көлем алатыны туралы болжам жасады.

1812 -1819

жылдары


Йенс Якоб Берцелиус

Химиялық туыстықтың электрохимиялық теориясын жасады және осының негізінде элементтердің, қосылыстардың, минералдардың классификациясын құрды.

1812 жылы

Константин Сигизмундович Кирхгоф

(1764-1833)



Орыс химигі крахмалды қышқылмен қосып қыздыру арқылы глюкозаны алды.

1813 жылы

Бернар Куртуа (1777-1836)

Француз химигі қоңыр балдырлардың күлінен иодты (I2) тапты.

1813 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Платина хлоридін және өте тұрақсыз платина окисін алды.

1813-1814

жылдары


Гемфри Дэви және оған қатыссыз

Жозеф Луи Гей-Люссак



Иодтың қарапайым табиғатын анықтады.

1814 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Химиялық элементтердің қазіргі химиялық таңбаларын енгізді.

1815 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак

Дицианды ашты.

1816 жылы

Купер

Фосфорлы сіріңкені ойлап тапты

1817 жылы

Август Арфведсон (1792-1841)

Швед химик және минералогі пекалиттен литийді (Li) тапты.

1817 жылы

Иоганн Вольфганг Деберейнер

(1780-1849)



Неміс химигі элементтерді атомдық массасы бойынша классификациялауға әрекет жасады (Деберейнер триадасы).



1817 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Гипсхольмдағы күкірт қышқылды өнеркәсіптегі қорғасынды камера қалдықтарынан селенді (Se) тапты.



1817 жылы

Карл Герман

(1765-1846)



Неміс дәріханашысы мырыш окисінен (ZnO) кадмийді (Cd) ашты. Геттинген профессоры Фридрих Штомбер кадмий окистерінің (CdO) мырыш карбонатында кездесетінін айтты.

1818 жылы




Атомдық салмақты жаңа әдіспен анықтауға мүмкіндік беретін меншікті жылу сыйымдылық заңын ашылды.

1818 жылы

Кристиан Иоганн Дитрих Гротгус

Өзінің атымен аталатын фотохимияның негізгі заңын дүниеге әкелді.

1819 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак

Ерігіштіктің алғашқы диаграммасын құрды.

1820 жылы

Анри Браконно

(1780-1854



Француз химигі желатинді қышқылмен қосып өңдеу арқылы

ы алғашқы амин қышқылын – глицинді алды.



1821 жылы

Иоганн Вольфганг Деберейнер

Майда бөлшектелген платинаның катализаторлық қасиетін ашты.

1824 жылы

Фридрих Велер

(1800-1882)



Бірінші рет бейорганикалық заттардан органикалық заттарды (мочевинаны ) синтездеп алды.

1825 жылы

Ханс Кристиан Эрстед (1777-1851)

Дат физик және химигі сусыз алюминий хлоридін калий амальгамасымен айру арқылы калиймен

қатты ластанған бос алюминийді алды.



1825 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Калий гексафтортитанатты тотықсыздандыру арқылы

ластанған металл титанды (Ti) алды.



1825 жылы

Жозеф Луи Гей-Люссак және Мишель Эжен Шеврель

Француз химик және физигі мен химик-органик екеуі стеарин майшамын жасауға патент алды.

1826 жылы

Жером Балар

(1802-1876)



Француз химик және дәріханашысы теңіз суынан бромды тапты және оның қасиеттерінің хлор мен иод

қасиеттеріне жақын екенін дәлелдеді.



1827 жылы

Фридрих Велер

Эрстед тапқан сусыз алюминий хлоридін калиймен

тотықсыздандыру арқылы алюминий алу әдісін жетілдірді.



1828 жылы

Фридрих Велер және оған қатыссыз француз химигі Бюсси

Бериллий хлоридін калиймен тотықсыздандыру арқылы

Металл бериллийді (Be) алды.



1829 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Торит минералынан торийдің екі окисін тапты.

1830-1831

жылдары


Сефстрем және Йенс Якоб Берцелиус

Шведтік темір кенінен екінші рет ванадийді ашты.

1831 жылы

Филипс

Құрамында күкірт екі окисі бар газдарды, оттегімен платина

және күкірт үш окисі қатысында ауаны тотықтыруға патент алды.



1832 жылы

Уильям Генри Фокс Толбот (1800-1877)

Күміс галогенидін қолдану арқылы суретке түсірудің

мәнін ашты.



1833-1834

жылдары


Майкл Фарадей

(1791-1867)



Ағылшын физигі электролиз заңдарын ашты.

1836 жылы

Йенс Якоб Берцелиус

Катализдік реакциялардың типтік қасиеттеріне

сипаттама берді.



1836 жылы

Огуст Лоран

(1807-1853)



Этил спиртіндегі

бірнеше сутегі атомдарының орнын хлор атомдарыменалмастырды - Йенса Якоба Берцелиус теориясына

қарама қайшылығы осында.



1839-1840

жылдары


Карл Густав Мосандер

(1797-1858)



Швед химигі «церий жерін» церий окисі мен лантан окисіне бөлді.

1840 жылы

Юстус Либих

(1803-1873)



«Органическая химия и её применение в сельском

хозяйстве и физиологии» еңбегін жариялады.



1840 жылы




Озон ашылып, сиапатталды.

1841 жылы

Эжен Пелиго

(1811-1890)



Француз химик-органигі сусыз уран хлоридін

калиймен тотықсыздандырып, ластанған металл (U) алды.



1842 жылы

Шарль Жерар

(1816-1856)



Молекула, эквивалент және атом ұғымдарын бір жүйеге келтіруге ұмтылды.

Ол дуалистік жүйеге қарсы унитарлық жүйе ұсынды.



1842 жылы




Ароматты нитроқосылыстарды тотықсыздандыру

Арқылы ароматты аминдерді алу жолымен (Зинин

реакциясы) анилинді және басқа да аминдер алына бастады.

Бұл синтетикалық бояғыштар, хош иісті заттар, дәрілік

заттар алу өндірісінің негізін қалады.


1843 жылы

Карл Густав Мосандер

«Иттрий жерін» иттрий окисіне және эрбий (Er) мен

тербийге (Tb) ажыратты.





1843 жылы




Гальваникалық никельдеу үрдісі пайда болды.

1844 жылы

Генрих Розе

(1795-1864



Неміс химигі танталиттерден ниобий хлоридін бөліп алды.



1844 жылы

Карл Карлович Клаус

(1796-1864)



Платина қалдықарынан рутенийді (Ru) ашты және оның қасиеттерін

сипаттап жазды, атомдық массасын анықтады.



1845 жылы

Адольф Вильгельм Герман Кольбе

(1818-1884)



Неміс химигі сірке қышқылын жемісті синтездеп шықты.

1845 жылы

Христиан Фридрих Шенбайн

Ғалым кездейсоқ нитроцеллюлозаны (пироксилин) ашты.

1847 жылы




Алғаш рет энергияның сақталу заңы математикалық тұрғыдан

негізделді. Химиялық үрдістердің термодинамикалық теориясы жасалды.



1847 жылы

Штреттер

Алғаш рет өзі бұрыннан үздіксіз бақылап жүрген қызыл фосфорды

(P) бөліп алды.



1847 жылы

Асканио Собреро

(1812-1888)



Итальяндық химик нитроглицеринді алды.



1848 жылы

Беттгер

Франкфурттық профессор қауіпсіз сіріңкені ойлап тапты.

1848 жылы




Амин тобы бар органикалық қосылыстар тобына «аминдер» деген ат берілді.

1850 жылы

Пьер Эжен Марселен Бертло (1827-1907

Француз химигі метанол, этанол, метан, бензол, ацетиленді

синтездеп алды.



1850-1852 жылдары

Александр Уильям Уильямсон (1824-1904)

Ағылшын химигі жай эфирлерге жататын органикалық қосылыстарды

судың типіне байланысты құруға болатынын көрсетті.



1851 жылы

Шарль Фредерик Жерар

Барлық қосылыстарды сутегінің, хлорсутегінің, судың

және аммиактың туындылары ретінде қарауға болады деген жалпылама теорияны ұсынды.




1854 жылы

Генри Бессемер

(1813-1898)



Ағылшын өнертапқышы шойынды болатқа айналдыратын

Бессемер әдісі деп аталатын конвертерлі әдісті ойлап тапты.



1854 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен (1811-1899)

Неміс химигі алғаш рет хром хлоридінің ерітіндісін электролиздеу

арқылы таза хром алды.



1855 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен

Газ горелкасын ойлап тапты.

1855-1859 жылдары

Анри Этьен Сент-Клер Девиль

Платинаны тазарту әдістерін тапты.

1856 жылы




Анилинді калий бихроматымен әрекеттестіру арқылы анилинді

пурпур алынды.



1857 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен

Газдық анализдің негізін қалады.

1857 жылы

Анри Этьен Сент-Клер Девиль

Термиялық диссоциацияны зерттеді.

1859 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен және Густав Роберт Кирхгоф (1824-1887)

Эмиссионды спектрлі анализ әдісінің негізін қалады.

1859 жылы

Эдвин Лаурентин Дрейк (1819-1880)

Американдық өнертапқыш бірінші болып мұнай мұнараларын

бұрғылауды бастады.



1860 жылы

Жан Серве Стас

(1813-1891)



Бұл ғалым швед химик және минералогі Йенса Якоба Берцелиуса.
қарағанда атомдық салмақты дәлірек анықтай бастады.

1860 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен және Густав Роберт Кирхгоф

Спектрлі әдіспен дюркгейм минералды суынан цезий (Cs) тапты.



1861 жылы

Уильям Крукс

(1832-1919)



Спектрлі әдіспен күкірт қышқылы өндірісіндегі қорғасын

камералары қалдықтарынан таллийді (Ta) тапты.





1861 жылы

Фридрих Август Кекуле

(1828-1886)



Органикалық химияны көміртек қосылыстарының химиясы

ретінде анықтады.




1861 жылы

Александр Михайлович Бутлеров (1823-1886)

Орыс химигі өзінің ойлап тапқан органикалық қосылысардың

құрылыс теориясына жаңа құрылымдық формуланың жаңа жүйесін қолданды, изомерияны түсіндірді.



1861 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен және Роберт Кирхгоф

Спектрлі әдіспен дюркгейм минералды суынан рубидийдіRb)тапты.

1861-1862

жылдары





Органикалық қышқылдардың сәйкес бромды және фторангидридті қосылыстарын алу әдістері жасалды.

1862 жылы

Александр Эмиль Бегюйе де Шанкуртуа

(1820-1895)



Француз геологі элементтерді атомдық салмақтарының өсуі ретімен орналастырды және «Теллур бұрандасына» жазып отырды.


1863 жылы

Фердинанд Рейх (1799-1882) және Иероним Рихтер (1824-1898)

Неміс химиктері спектрлі әдіспен фрейхберг мырыш кенінен

индийді тапты.



1863-1866 жылдары

Дж. Ньюлендз

(1838-1898)



Химиялық элементтерді жүйелеу үшін октава заңын ұсынды.

1864 жылы

Пьер Мартен (1824-1915)

Француз металлургі жалынды регенеративті пеште тұтас құйылған болатты алу әдісін тапты, соңынан бұл пеш ғалымның атымен аталды.

1864 жылы

Уильям Одлинг

(1829-1921)



Атомдық массасын ескере отырып, элементтер жүйелеуде

Басқа ғалымдарға қарағанда біршама ілгері нәтижеге жетті.



1865 жылы

Фридрих Август Кекуле

Бензолдың сақина тәрізді құрылымдық формуласын ұсынды.

1866 жылы

Жан-Шарль Глиссар де Мариньяк (1817-1899)

Женева университетінің профессоры алғаш рет сілтілік қос фторидтерді

Фракциялап кристаллдау арқылы ниобий мен танталдың таза қосылыстарын алды.



1867 жылы

Генри Энфилд Роско (1833-1915)

Ванадий хлоридін тотықсыздандыру арқылы таза ванадий

Ұнтағын алды.



1867 жылы

Адольф Байер

Индигоны синтездеп алды.

1867 жылы

Беттендорф

Мышьяк буын қондыру арқылы сары бейметалл мышьякты алды.

1868 жылы




Кизельгурге нитроглицеринді сіңіру арқылы динамит алынды.

1868 жылы

Пьер Жюль Сезар Жансен (1824-1907)

Француз астрономы күннің протуберанцтерін спектроскоптық зерттеу арқылы сары спектрлі сызық байқады, оны ағылшын астрономы

Джозеф Норман Локьер (1836-1920) жаңа химиялық элементке (гелию (He) жатқызды



1869 жылы

Дмитрий Иванович Менделеев (1834-1907)

Лотар Мейер(1830-1895)



Орыстың жан жақты химик ғалымы, педогогы химиялық элементтердің периодтық заңын ашты. Бұл ғалымға қатыссыз неміс ғалымы да атомдық массаларымен бірге

элементтердің валенттілігі ескерілген он алты топтан тұратын жаңа кесте ұсынды.Ол периодтық заңды ашуға жақындады,

бірақ оның шың басына жете алмады.


1869 жылы

Джон Уэсли Хайятт (1837-1920)

Бірінші рет пластмассаны синтездеп, оны бастапқыда целлулоид деп атады.

1870 жылы

Карл Шорлеммер

(1834-1892)



Неміс химик-органигі мұнай химиясының ұстанымдарын жүйеледі және

Бұдан сәл бұрын (1868) көміртегінің төрт валенттілігінің тең мәнділігін

анықтады.


1870 жылы

Роберт Вильгельм Бунзен

Мұз калориметрін ойлап тапты.

1972 жылы

Анри Этьен Сент-Клер Девиль

Халықаралық метр мен килограмның эталоны

жасалған иридий мен платинаның балқымасын дайындады.



1972 жылы

Александр Порфирьевич Бородин

Шарль Адольф Вюрцпен бір мезгілде



Альдольды конденсацияны ашты

1873 жылы

Голландия физигі Иоганнес Дидерик

Ван-дер-Вальс (1873-1923)



Газдардың қысымы, көлемі және температурасы байланыстыратын теңдеу енгізді

1874-1878

жылдары


Американдық физик Джозайля

Гиббс Уиллард (1839-1903)



Өзінің химиялық реакциялардың термодинамикасы туралы мақалаларында алғаш рет бос энергия – Гиббс энергиясы түсінігін енгізді.

1874 жылы

Дат химигі Якоб Генрих Вант-Гофф (1852-1911)

Және оған қатыссыз француз химигі

Жозеф Ашиль Ле Бель (1847-1930)


Көміртегі атомының тетраэдрлық моделін ұсынды

1875 жылы

Неміс химигі Клеменс Александр

Винклер (1838-1904)



Күкірт қышқылын таза күкірт екі оксидін платина катализаторы қатысында оттегімен тотықтыру әдісімен алу тәжірибесі туралы хабарлады.

1875 жылы

Француз химигі Эмиль Поль

Лекок де Буабодран (1838-1912)



Спектрлі жолмен мырыш кенінен галийді тапты

1878 жылы




Болатты томасов әдісімен өндіру қолға алынды.

1878 жылы

Жан-Шарль Глиссар де Мариньяк

Эрбий оксидінен иттербий оксидін бөліп алды

1879 жылы

Швед химигі Ларс Фредерик

Нильсон (1840-1899)



Эрбий оксидінің сынамаларынан скандий оксидін тапты

1879 жылы

Швед химигі Пьер Клеве (1840-1905)

Эрбий оксидінің сынамаларынан тулий оксиді мен гольмий оксидін тапты

1879 жылы

Эмиль Поль Лекок де Буабодран

Дидим окисінен самарий(Sm2O3) оксидін тапты

1880 жылы

Жан-Шарль Глиссар де Мариньяк

Дидим окисінен гадолиния оксидін бөліп алды

1880 жылы




электросплавительный процесс ашылды

1880 жылы

орыс химигі Федор Федорович

Бельштейн (1838-1906)



Органикалық қосылыстар туралы кең көлемді нұсқаулық жариялады.

1882 жылы

Ағылшын металлургы Роберт Эббот

Хэдфилд (1858-1940)



Легирленген болатты патенттеді.

1884 жылы

Американдық өнертапқыш Джордж Истмен (1854-1932)

Пластмассалы пленканы енгізуді бастады

1885 жылы

австриялық химик Карл Ауэр фон Вельсббах (1858-1929)

Дидим окисін неодим оксидіне және празеодим оксидіне бөлді.

1886 жылы

француз химигі Анри Муассан (1852-1907)

Калий фторидін қышқылда электролиздеу арқылы фторды алды.

1886 жылы

Клеменс Александр Винклер

Аргиродиттен германийді ашты

1886 жылы

Чарльз Мартин Холл

(1863-1914) және оған қатыссыз Поль Луи Туссен Эру (1863-1914)



Алюминий оксидінің криолитпен қоспасының балқымасынан электролиз жолымен алюминий өндірісінің үлкен өнеркәсіптік жолын жасап шығарды

1886 жылы

Эмиль Поль Лекок де Буабодран

"Гамий окисінен" диспрозияны бөліп алды.

1887 жылы

Ларс Фредерик Нильсон және С.О. Петерсон

Титан хлоридін оттегі қатысынсыз натриймен тотықсыздандыру арқылы 95% элементті титан алды

1888-1923

жылдары


Американдық химик Теодор Уильям Ричардс (1868-1926)

Атомдық массаларды анықтау әдістерін ойлап тапты және 25 элементтің атомдық массасын аса дәлдікпен анықтады.

1888 жылы

Француз химигі Анри Луи Ле Шателье (1850-1936)

Өзінің атымен аталатын химиялық реакциядағы тепе-теңдіктің ұстанымдарын жүйеледі.

1890 жылдары

Шотландық химик Джеймс Дьюар (1842-1923)

Арасы вакуум, қабырғасы екі қабатты колба тәрізді өзінің есімімен аталатын сосуд ойлап тапты. Бұл сосудта ұзақ уақыт сығылған газды сақтауға болады.

1892 жылы

Анри Муассан

Электрдоғалы пешті жасап шығарды

1894 жылы

Ағылшын физиктері Д.Рэлей(1842-1919), У.Рамзай(1852-1916)

Аргонды ашты

1894 жылы

Г.Гольдштидт

Өздері ашқан алюминотермиялық әдісті демонстриациялады

1895 жылы

Уильям Рамзай

Гелийді ашты

1895 жылы

Неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген (1845-1923)

Х –сәулелерді ашып, олардың қасиеттерін зерттеді.

1896 жылы

Француз физигі Антуан Анри Беккерель (1852-1908)

Уранды смолалы кеннің табиғи радиоактивтілігін анықтады.

1896 жылы

Химик және физик Мария Склодовская-Кюри (1867-1934)

Торийдің (Th) табиғи радиоактивтілігін анықтады.

1897 жылы

Ағылшын физигі Джозеф Джон Томпсон (1856-1940)

Электр өрісінің әсерінен катодты сәулелердің ауытқитынына тәжірибе жасап жүріп, электронды ашты.

1898 жылы

Француз физиктері Пьер Кюри (1859-1906) және Мария Кюри

Густав Бемонтпен бірге (1857-1932)



Уранды смолалы кеннен полоний тапты және Густав Бемонтпен бірге радийді ашты

1898 жылы

Уильям Рамзай және Моррис Уильям Трэверс

Криптонды, неонды және ксенонды ашты.

1898 жылы

П. Лебо

Берилий фторидінің натрий мен калий фторидімен балқытылған қоспасын электролиздеу арқылы таза берилий алды.

1899 жылы

Француз химигі Андре Дебьерн (1874-1949)

Уранды смолалы кеннен актиниййді тапты

1899 жылы

Ресей химигі Лев Александрович Чугаев (1873-1922)

Қаныққан көмірсутектерді синтездеу әдісін ойлап тапты (Чугаев реакциясы)

1900-1902

жылдары


Ағылшын химигі Уильям Джексон Поуп (1870-1939), кейіннен

швейцар химигі Альфред Вернер (1866-1919)



Көміртек моделін күкірт, селен, сондай-ақ қалайы атомдарына да қолдануға болатынын демонстрияциялады, кейіннен Альфред Вернер бұл тізімге кобальт, хром, родий және тағы да бірқатар металдарды қосты.

1900 жылы

Француз химигі Виктор Гриньяр (1871-1935)

Магний-галогенорганикалық қосылысты (Гриньяр реактиві) алды.

1900 жылы

Неміс химигі Ф.Дорнсделал

Радийдің радиоактивті ажырауында радиоактивті газ радон (Ra) бөлінетіні туралы болжамын айтты.

1900 жылы

Неміс физик және химигі Вильгельм Фридрих Оствальд (1853-1932)

Катализаторға реакция жылдамдығын өзгертетін, бірақ өзі реакция өнімінде болмайтын зат ретінде анықтама берді.

1901 жылы

Француз химигі Эжен Анатоль Демарсэ

Бұрын таза деп есептелген самарий окисінен европий окисін бөліп алды.

1902 жылы

Маркваль

«Радиотеллурды» бөліп алды. Бұл тура Кюридің полонийді ашқанымен бірдей еді.

1903 жылы

Эрнест Резерфорд и Фредерик Содди

Радиоактивтілік теориясын жасады

1903 жылы

Карл Ауэр фон Вельсббах

От тұтататын тас ретінде қолданылатын пирофорлы ферроцезийді ойлап тапты.

1903-1906

В. фон Больтон

Вакуумды доғалы балқыту әдісімен аздаған мөлшерде жұмсақ ниобий мен танталды алды.

1904 жылы

Шток

Сурьмалысутектен оны құрамында озоны бар оттегімен өңдеу арқылы сары түсті металдық сурьманы алды.

1905 жылы

немецкий радиохимик Отто Ган

«Радиоторий» -228-ді ашты.

1905 жылы

Лев Александрович Чугаев

Никельді анықтауға арналған реактивті (Чугаев реактиві) ашты,терпендерге зерттеу жүргізді, комплексті қосылыстар химиясының негізін қалады.

1905-1906 жылдары

Карл Ауэр фон Вельсббах және оған қатыссыз француз химигі Жорж Урбен (1872-1938)

Иттербий окисінің сынамаларынан лютецийді ашты (Lu).

1905-1910 жылдары

Неміс физик және химигі Вальтер Фридрих Герман Нернст (1864-1941) және химик-неорганик және технолог Фриц Габер (1868-1934)

Аммиакты қысыммен синтездеудің теориялық заңдылықтарын жасады. 1908 жылы жартылай зауыттық қондырғыда азот пен сутегінен осмий катализаторы қатысында 20МПа қысымда бірінші рет сұйық аммиакты алды.

1906 ж

Ресей органик химигі В.И.Тищенко

(1861-1941)



Майлы қатардың конденсация реакциясын ашты («Тищенко реакциясы), скипидардан камфора алудың өндірістік әдісін ұсынды, органикалық синтез, терпендер химиясы туралы еңбектер жасады.

1908 ж

Вильгельм Фридрих Оствальд

(1853-1932)



Аммиактың катализдік тотығу жолын ұсынды

1908 ж

Голландия физигі Хейнке Камерлинг-Оннеес (1853-1926)

Сұйық гелийді алды

1909 ж

Вайнтрауб

Бор хлоридін жоғары қысымдағы электрлі доғада тотықсыздандыру арқылы алғаш рет кристалдық борды алды.

1909 ж

Американдық химик Лео Хендрик Бакеланд (1863-1944)

Фенолформальдегидті смоланы алды, бірақ ол оны бакелит деп атады.

1910-1914 ж

орыс химигі Григорий Семенович Петров (1886-1957)

Фенолдың альдегидтермен конденсациясына контакт әдісін пайдаланып, бакелиттен кем емес карболит алды.

1910 ж

Орыс ғалымдары

Алғаш рет синтетикалық бутадиенді каучук үлгісін алды.

1910 ж

Мария Склодовская-Кюри және Андре Дебьерн

Радий хлоридін сынапты катод тотықсыздандыру арқылы металдық радийді алды.



1910 ж

француз химигі Жорж Клод (1870-1960)

Инертті газы арқылы өткен электр тогы әлсіз түсті жарық шығаратынын көрсетті.

1911 ж

Андре Дебьерн (1874-1949)

Халықаралық радийлі эталонды жасады.

1911 ж

Эрнест Резерфорд

Атом құрылысының планетарлы моделін жасады.

1912 ж

Неміс химигі Фридрих Карл Рудольф Бергиус (1884-1949)

орыс химигі Владимир Николаевич Ипатьевтің (1867-1952) мәліметтерін пайдаланып, тас кZмір мен мұнайды бензин алу мақсатында сутегімен өңдеудің практикалық әдісін ұсынды.

1913 ж

ағылшын физигі Генри Гвин Джефрис Мозли (1887-1915)

Элементтің периодтық жүйедегі орнын оның рентген спектрі арқылы анықтауға мүмкіндік беретін заңды ашты.

1913 ж

Фредерик Содди

Изотоп туралы түсінік енгізді және американдық физик және химик Казимир Фаянсқа (1887-1975) қатыссыз радиоактивті ауытқу ережесін дайындады.

1913 ж

Казимир Фаянс және Геринг

«Радиоэлементті» ашты және оны «бревий» деп атады (протактиний -224)

1913 ж

Венгер радиохимигі Дердь Хевеши (1885-1966)

Изотопты индикатор әдісін ұсынды

1914 ж

американдық физик Перси Уильялс Бриджмен (1882-1961)

Фосфорды 200 С температура мен 10000 ат қысымда қыздырып, қара металдық фосфорды алды.

1914 ж

Лели және Гамбургер

Торий хлоридін натриймен тотықсыздандыру арқылы тазалығы 99% болатын торий алды.

1915 ж

Фредерик Содди

Радий мен уранның түзілуін экспериментті түрде дәлеледеді.



1916 ж

Жапон металлургы Котаро Хонда (1870-1954)

Кобальт қосылған вольфрамды болаттан жасалған магниттер жоғары күштілігімен ерекшеленетінін тапты.

1918 ж

Отто Ган және австриялық химик -физик Лизе Майтнер (1878-1968) және бұларға қатыссыз Фредерик Соддии және Кренгстон

Ұзақ болатын протактиния – 231 изотопын алды.



1919 ж

Эрнест Резерфорд

Алғашқы жасанды ядролық реакцияны жүзеге асырды.

1919 ж

Американдық өнертанушы Элвуд Хэйнес

(1857-1925)



Құрамында қосымша ретінде хром мен никелі бар болаттың тот баспайтынын патенттеді.

1921 ж

Эрнест Резерфорд

Нейтронның бар екенін болжады.

1922 ж

Дердь Хевеши және нидерландық спектроскопист Дирк Костер

Рентгендік спектроскопия әдісімен цирконий минералдарынан гафнийді тапты (Hf).

1923 ж

дат физигі мен химигі Иоханнес Николаус Бренстед (1979-1947)

Қышқылдар мен негіздердің протонды теориясын ұсынды.

1925-1926 ж

Ван Аркел және де Бур

өздерінің газ фазасы арқылы заттарды «химиялық тасымалдау» әдісін сипаттаған мақаласын жариялады, бұл әдіс арқылы элементтерді ластамай таза күйде алуға болады.

1925 ж




Электрондардың атом қабатында орналасу ұстанымын жүйеледі.

1926-1928

Орыс ғалымдары Сергей Васильевич Лебедевтің басшылығымен

Натрий-бутадиенді каучукті алу жолын ұсынды..



1926 ж

Орыс органик химигі Родионов (1878-1954)

Бояғыштар мен дәрілік препараттардың негізгі қозғаушы күші болған альдегидтерді малон қышқылымен және аммиакпен конденсациялау арқылы аминқышқылдарын синтездеу («Родионов реакциясы») туралы еңбектерін жариялады,

1926 ж




Мюллер-Кюннің гипстен күкірттің екі окисін алу әдісі шықты.

1927 ж

Марден және Рич

Ванадийдің бес оксидінен металдық кальциймен және кальций хлоридімен тотықсыздандыру арқылы тазалығы 99,8% ванадий алды.

1929 ж

Иоханнес Николаус Бренстед

Катализдің қышқылдық –негіздік теориясын дамытты.

1930 ж

Американдық химик Томас Мидгли-Младший

(1889-1944)



Фреон алды.

1932 ж

Ағылшын физигі ДжеймсЧедвик

(1891-1974)



Альфа-бөлшектердің бормен және бериллиймен реакциясы арқылы нейтронды тапты.



1932 ж

американдық химик Юри

Ауыр сутегін тапты (дейтерий (D).

1932 ж

Американдық Уоллес Хьюм Карозерс" (1896-1937) және Джулиус Артур Ньюленд (1878-1936)

Неопрен – синтетикалық каучукті алды.



1932 ж

Американдық физик Карл Дейвид Андерсон (1905-1991)

Ғарыш сәулелерінен позитрондарды ашты.

1933 ж

Американдық физик және химик Лайнус Карл Полинг (1901-1994)

Инертті газдардың қосылыстары туралы алғашқы ойларды айтты.

1934 ж

Францияда

Алюминийді бөлшектермен атқылау арқылы жасанды радиоактивтілікті ашты.

1934 ж

Италияда

Ғылыми зерттеу институтында уранды нейтрондармен атқылау тәжірибелері жүргізіле бастады.

1934 ж

Американдық физик Карл Дейвид Андерсон

Ғарыш сәулелерінен мюонды тапты..

1936-1937 ж

Итальяндық физик-экспериментаторлар Эмилио Сегре (1905-1989) және Карло Перье (1886-1948)

Дейтрондармен сәулеленген молибден сынамаларынан
технецийді (Tc) тапты.

1937 ж

Клузиус және Диккель

Алғаш рет термодиффузияны изотоптарды бөлуге қолданды..

1938 ж

Отто Ган және Фриц Штрассман (1902-1980)

Нейтрондармен жайлап атқылағанда уран атомы ядросының ыдырауын ашты.

1939 ж

Маргарита Перей

Актиний қатарының табиғи радиоактивті ыдырауының қосымша өнімі ретінде францийді (Fr) ашты.

1939 ж

Жолио-Кюри және оған қатыссыз Фриш

Уран ядросы ыдырағанда босаған энергияны атом ядросының тамшы моделі негізінде есептеді.

1939 ж

Жолио-Кюри, Карл Дейвид Андерсон,

Лео Силард (Сцилард) (1898-1964) және т.б.



Ураннның тізбекті бөлінуін экспериметті дәлелдеді.

1940 ж

Эмилио Сегре, Дейл Корсон ( т.ж.1914), Кеннет Мак-Кензи (т.ж. 1912)

Висмутты бөлшектермен атқылағанда астатты (At) алды.

1940 ж

Эмилио Сегре және физик-экспериментатор Ву Цзяньсюн (т.ж.1912)

Уранның ыдырау өнімдерінен технецийді тапты.

1940 ж

американдық физиктер Эдвин Маттисон Макмиллан (1907-1991) және Ф. Абельсон

Уран-239-дың ыдырау өнімдерінен нептуний-239-ды тапты.

1940 ж




Ауыр ядролардың тосыннан бөлінуі ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет