Жылдың басты оқИҒалары


«Кәусар» әдеби жастар клубы



бет37/40
Дата29.03.2018
өлшемі6,02 Mb.
#39756
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

«Кәусар» әдеби жастар клубы (ОҚК) Балқаш қаласының жас ақындарын біріктіреді. Әдеби клуб жастар арасында қазақ халқының рухани құндылықтарын, далалық өмір философиясын насихаттайды, сонымен қатар өлкеміздің дарынды жастарының поэтикалық шығармашылықтарын дамыту үшін қолайлы клуб болып табылады. Жастардың әдеби туындылары «Кітап.Уақыт.Біз» блогында жарияланған. Клуб мүшелері Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ұйымдастыруымен қарағандылық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген жүлделердің лауреаты Серік Ақсұңқарұлының шығармаларын тікелей эфирде «Дауыстап оқу» жастар ақциясына белсене қатысты. №15 мектеп-лицейінен А.Камеридина, А.Қошанова, Д.Жұма, Абай атындағы №2 лицейден М.Алғамжанов, Н,Мамырлан, А.Алтай, А.Кенжеханова мен Балқаш медициналық колледжінің студенттері Ә.Бахытжанқызы, С.Әбден, Б.Тұрғанова қатысты. Қатысушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, асқан тебіреніспен мәнерлеп оқыды.

«Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік тірегі» мерекелік фейервергінде «Кәусар» әдеби жастар клубының жас таланттары өз арнаулары мен Астанаға қалам тартқан ақындардың өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды.

Этникалық келісім мен толеранттылықты, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Достық» этно-мәдени орталығы өз жұмысын жалғасыруда. Орталықтың негізгі міндеті – Балқаш аумағында тұратын халықтарды біртұтас кеңістікте біріктіру, әр ұлттың салт-дәстүрлерімен таныстыру. Этномәдени орталықтың мүшелері қалалық және кітапханалық іс-шараларды ұйымдастырушы және басқа да шаралардың қонақтары болып тұрады. 2017 жылы орталықтың қатысуымен «Мы - одна большая страна» мерекелік калейдоскоп өткізілді. Мерекелік шараның басты қонақтары – қаламыздың мәдениет орталықтары. Татар халықтары әуенін, корей халқы биін, неміс халықтарының көркем шығармашылық «Возрождение» қоғамы – осы және тағы да басқа көптеген шығармашылық өнерлерін қаламыздың этномәдени бірлестіктері ұсынды. Осылайша әр тілде сөйлейтін, әр дінді ұстанатын адамдардың мәдениетін сақтауды және құрметтеудің маңыздылығын атап өтті. «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік тірегі» мерекелік фейервергінде достық пен татулықтың ордасы Елордамызға қаламыздағы «Возрождение» неміс халқы мәдениет орталығы өз лебіздерін білдіріп, әннен шашу шашты.

Табиғатқа деген танымдық және эмоционалды қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында, «Балқаш табиғаты» жасөспірімдер клубы өз қызметін атқарады (№2 кітапхана-филиалы). Клубта «Для чего нужны заповедники?» экосағаты, «От всей души» көгілдір от, «Здравствуй, птичья страна!» экологиялық мерекесі, «Паутина» экологиялық ойыны және тағыда сондай іс-шаралар өткізілді.



«Рауан» патриоттық клубы (А. Гайдар атындағы ОҚБК) қазақстандық патриотизмді, азаматтылықты, руханият пен адамгершілікті насихаттау мақсатында жұмыс жасайды. Клубта «Мен өлкемді сүйемін!» интеллектуалдық ойыны, «Қала ескерткіштері» өлкетану сағаты, «Туған қаламның сүйікті жерлері» библиотакси, М.Мәметованың 95 жылдығына орай өткізілген «Қаһарман қызы қазақтың» тарихи сағаты және т.б. іс-шаралар болып өтті.

«Шаг навстречу» клубының қызметі (А. Гайдар атындағы ОҚБК) балалардың адамгершілік, эстетикалық, рухани құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Клубта «Ата-анама мың алғыс» көктемгі калейдоскоп, К.Чуковскийдің 135 жылдығы қарсаңында «Чуковскийдің таңғажайып қаласы» әдеби саяхаты, «Библиотека, книжка, я - вместе верные друзья» отбасылық қарым-қатынас сағаты және басқа іс-шаралары өткізілді.

«Күншуақ» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған клуб (Қоңырат мөлтекауданындағы, №5 балалар кітапханафилиалы). Есептік жылы шығармашылық ойлау қабілеттерін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында «Шебер қолдар» пластилинмен жұмыс, «Болашақ энергиясы - ЭКСПО-2017» аппликациямен жұмыс, «Қуыршақтар әлемі» шеберлік сыныбы, «Күзгі ертегі» ертеңгілік сыныбы және басқа іс-шаралары өткізілді.

«Атамекен» клубы Қоңырат мөлтек ауданындағы №5 балалар кітапхана-филиалында жұмыс жасайды. 2017 жылы клубта Ағыбай Коңырбайұлының 215 жылдығына орай «Қазақтың хас батыры – ер Ағыбай» тарихи сағаты, «Менің сүйікті қаламның келбеті» қаламыздың 80 жылдығына виртуалды саяхат, «Қоңырат кенін ашқан ерекше тұлға» атты академик М.П.Русаковтың 125 жылдығына танымдық сағаты және т.б. іс-шаралар өткізілді.



Бағдарламалар мен жобалар бойынша жұмыс


ОКЖ, филиалдар

Инновациялық нысандар енгізу

Қызығушылық бойынша клубтар

жобалар

бағдарламалар

ОКЖ

«Библиотека без границ»




«Қаламгер»

«Кәусар»


«Достық»

ОҚБК

«Путешествующие книги» жобасы

«Балабақшадағы кітапхана» бағдарламасы

«Рауан»

«Шаг навстречу»



№2 кітапхана-филиалы







«Балқаш табиғаты»

№5 кітапхана-филиалы







«Атамекен»

«Күншуақ»





«Библиотека без границ» жобасының жүзеге асырылуы

Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдерін біріктіру мен бейімдеу, олардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірге толықтай қатысуын қамтамасыз ету табылады. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасы «Шексіз кітапхана» жобасы бойынша жұмыс жасайды. Жоба мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдерін кітап пен кітап оқуға тарту, оларға қолжетімді жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы қоғамда бейімделуі, әлеуметтік мәдени оңалуы, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мен өзін-өзі танытуына көмектеседі.

Жоба міндеттері:

1.Әлеуметтік қорғалмаған топтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

2.Азаматтардың барлық топтарына арналған мәдени қызметтер мен ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін, олардың ақпаратқа еркін қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

3.Аталған топ өкілдерінің ақпараттық қажеттіліктерін толық және жедел қанағаттандыру.

4.Аталған топ өкілдері өміріндегі әлеуметтік-мәдени саланы жақсартуға бағытталған ағартушылық және бос уақыттағы қызметтерін ұйымдастыру.

Халықтың ерекше санатымен кітапханалық жұмыстың бір бағыты – бос уақытты ұйымдастыру және тұлғааралық қатынас. Жан жылуымен ерекшеленетін жаппай іс-шаралар тағдыры ерекше жандарға жағымды әсер етіп, кей жағдайларда өз бойындағы комплекстерден арылуға, әлеуметтік мәдени оңалуына септігін тигізіп жатады. Кітапхана қызметкерлері мәдени ойын-сауықтың әр түрлі формаларын пайдаланады: әдеби-музыкалық қонақжай, қызықты адамдармен кездесулер, кітапханалық отырыстар, адамгершілік, поэзия, музыка сағаттары, тақырыптық әңгімелер, кештер жәәне т.б. Іс-шаралар кітапхана қабырғасында өтеді, сол сияқты көшпелі шаралар ұйымдастырылып тұрады. 2017 жылы «Песня светлой весны – Наурыз» мерекелік панорамасы, «Мы помним, мы гордимся!» тарихи сағаты, «Әлеуметтік сала қызметкері күнімен!», «Біз өмірді көре аламыз» мерекелік іс-шаралары, «Талғамыңызға сай басылымдар - бізде» көшпелі кітапханасы ұйымдастырылды.



ІХ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ
Әдістеме жұмысы кітапхананың, ОКЖ құрылымдық бөлімшелерінің қызметін, барлық тараптарды қамтиды: халыққа қызмет көрсету, жинақтау, кітапхана қорын ашу және ұйымдастыру. Әдістемелікті қамтамасыз етудің әдістері мен негізгі практикалық нысандарын құру: әдістемелік ұсынымдарды регламенттейтін құжаттарды енгізу және құру, кітапханаға практикалық көмек көрсету, біліктілікті арттыру жүйесіне қатысу, жаңа ақпараттық-инновациялық технологияларды енгізу. Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы ОКЖ сайтында «Әдістемелік қызмет» айдарын жүргізеді, кітапхана бағыттары бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, басқа да мемлекеттік органдарға ақпараттар дайындайды.
Аналитикалық қызмет.

Есептік жылы әдістемелік жұмыстың басым бағыттары: кітапхана ісінің жағдайын зерттеу, одан әрі болжау, кітапхана қызметін қолдау және дамыту, кітапханалық кадрлардың және кітапхана қызметкерлерін қайта даярлау, білім беру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру, кітапхана қызметінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік кеңес беру.



Есепті жылы әдістемелік бөлім ОКЖ бойынша статистикалық кестесін құрды, онда тоқсандық, ай сайынғы есептер мен жылдық есептер, жоспарлар жайында жұмыс көрсеткіштері талданды, кітапхана қызметінің өзгертілгені туралы әдістемелік мониторингтар өткізілді: тоқсан бойынша негізгі бақылау көрсеткіштердің динамикасы, жасалған жұмыс талдауы, ақылы қызметтің орындалуы. Статистикалық кестелерді талдау, кітапхана ісі көрсеткіштерінің динамикасы, кітапханалық кадрлардың, қорлардың қозғалысы және т.б. есепте көрсетілді. Жыл сайын әдістемелік бөлім ОКЖ құрылымдық бөлімшелерінің өткен жылдық жұмыстарына талдау жасайды. Жыл қорытындысы бойынша ұжымдық жиналыста қорытынды қаралады.

Кітапхана – филиалдары жұмысының фронтальді тексерулері өткізілді. Тексерулер жүргізу барысындағы анықтама-талдаулар жасалды, жақсарту жөнінде ұсыныстар берілді. Ұсынымдардың орындалуын бақылау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қала әкімінің қатысумен болған аппараттық жиналыстарда қаралған мәселелер:

  • Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру жұмыстары;

  • Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің дамуы және жандануы;

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 2018 жылға жұмыс жоспары».


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің қатысумен қаралған сұрақтар тізімі:

- Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 2017 жылғы жұмыс қорытындылары

- маңызды мемлекеттік мерекелерге арнап іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

- мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру;

- есептерді, жоспарларды және атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды уақытылы тапсыру;

- бұқаралық жұмыс мониторингі;



- кітапханаларды қаржыландыру, оның ішінде 2018 жылға арналған кітапханалық қорды жинақтау;

- кітапхана қызметінде өзекті мәселелерді шешу;



- 2017 жылға арналған есептерді және 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындау.
Директор жиналысында қаралған сұрақтар:

- кітапхана қызметкерлерінің өздігінен білім алу және біліктіліктерін арттыру жүйесі;

- кітапханаға оқырмандар тарту бойынша жаңа әдістер енгізу жұмыстары;

- облыстық конкурстарға қатысу;

- электрондық каталогтардағы жазбалардың сапасын қалыптастыру;

- сайтты, блогты, әлеуметтік желілерді дер кезінде жаңарту;

- жазғы оқуды ұйымдастыру;

- шалғайдағы кітапхана-филиалдарына көшпелі әдістемелік көмек көрсету; (Саяқ және Гүлшат кенттері);

- мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру;

- жылға арналған кітапхана құжаттар қорын қалыптастыру және оны жинақтау т.б. жұмыстар.
Кітапханашыларға кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету.
Кітапханашыларға кеңес беру әдістеменің ажырамас бөлігі болып табылады, есепті жылы 51 кеңес беру жұмыстары өткізілді. (2016 жылы 49 кеңес)


кеңестер

барлығы (саны)

тақырыптар

кітапханашылар тобы

2017

51

  • блог және әлеуметтік желілермен жұмыс;

  • №6, 7 кітапхана-филиалдарына кітапханалық жұмыс бойынша көмек (әдістемелік);

  • электронды каталогпен жұмыс;

  • электронды кітаптар және кітапхана;

  • жазғы оқуды ұйымдастыру;

  • тақырыпқа сай кітап көрмелерін ұйымдастыру;

  • оқырмандарды тарту мақсатында жұмыстың жаңа, қызықты түрлерін енгізу;

  • ішкі жұмыс, құжаттарды тексеру;

  • 2018 жылдың жоспары мен есебін дайындау және т.б.

бөлім басшылары, кітапхана-филиалдарының меңгерушілері

Сәуір айында кітапханашы Т.Жақыпбекованың зейнетке шығуына байланысты құжаттар қорын қабылдап, Г.Манароваға өткізуге, әдістемелік көмек көрсету мақсатымен Саяқ кентінде орналасқан №6 кітапхана-филиалына жол жүрдік ( поездбен 200 км, басқа баратын жол жоқ). Жас кітапханашыға практикалық және әдістемелік көмек, ББК бойынша құжаттар қорын қою жұмыстары түсіндірілді.

Әдістемелік және жалпы көмек беру мақсатында қараша айында Гүлшат кентінде (қаладан 51 км) орналасқан № 7 кітапхана-филиалына есептік жылы екі рет барып қайттық. Халық саны – 503 адамды құрайды. Жұмыс тобы кітапхананың негізгі құжаттарын (жұмыс күнделігі, оқырман формуляры, есепке алу дәптері), жалпы кітап қорын салалар бойынша авторлық белгінің өсу ретіне байланысты, көркем əдебиетті алфавиттік көрсеткіш бойынша қойып, кітап көрмелерін жасауға көмек берді. «Рухани жаңғыру – дамудың жаңа сатысы», «Қазыналы өңір – құтты өңір», «Балалар әдебиеті – ғажайып әлем» және басқа кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Жұмыс барысында:

• кітапханашыға заман талабына сай біліктілігін өз бетінше жоғарылату мақсатында көп жұмыс жасау,

• оқырмандар белсенділіктерін арттыру, оқуды және кітапты қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру

• заман талаптарын ескере отырып оқымандарға қызмет көрсету жұмысына баса назар аудару

• компьютерлік сауаттылығын көтеру ұсынылды.



Әдістемелік басылымдар




Атауы

1

Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2018 год - Балқаш, 2017.- 28 б.


2

Лето с книгой

Балқаш, 2017.- 26 б.






Кітапхананың инновациялық қызметі

Кітапхана қызметкерлері инновациялық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін кеңінен насихаттайды, ақпараттық қызмет түрлерін, халыққа көрсетілетін ақпараттық қызметтер мен өнім түрлерін кеңейтуде.

ОКЖ Google Play Market жүктеуге болатын «Балқаш. Кітапхана жаныңда» ресми мобильді қосымша іске қосты. «Балқаш. Кітапхана жаныңда» – кітапханадағы оқиғалар туралы ақпарат; электронды каталогқа жүйелі кіру; виртуалды анықтамалық қызмет; кітапты ұзартуға сұраныс жіберу; электронды кітап оқу мүмкіндіктерін қамтитын мобильді қосымша.

Кітапханалық инновацияны дамытудың бірден-бірегейі ОКЖ сайтында ұсынылған электронды каталог. Электронды каталогтың іздеу мүмкіндіктері контекстік және кілттік сөздер арқылы іздеуге (тізбе аттары және туындылар басы) және т.б. мүмкіндік береді.

Кітапхананың интернет пайдаланушыларымен қарым-қатынас жасауға арналған кітапхана блогы өз жұмысын жалғастыруда. «Кітап. Уақыт. Біз» блогында тек кітапханалық сұрақтар мен оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі қоғамдық және мәдени құбылыстарды талқылай алады. Бұл жерде ақпарат блогқа ыңғайлы айдарлар бойынша орналасады.

Әлеуметтік желілер 2017 жылы кітапхана қызметін айтарлықтай белсенді түрде көрсете бастады, сондай-ақ, кітапхананың ең соңғы жаңалықтарымен жедел бөлісетін, кезекті іс-шараларға шақыру, жаңа медиа-ақпараттарды қою (видео, сурет) мүмкіндіктері бар. Бұл алаң қарым-қатынас және пікір алмасу алаңы (әр түрлі сауалнамалар). Жастар мен оқырмандардың ересек санаты ОКЖ әлеуметтік желісін белсенді пайдаланады: "В Контакте", "Фейсбук", "Одноклассники", "Мой мир".

Орталық кітапханада «Копьютерлік әліппе» атты егде жастағы адамдарға арналған тегін компьютерлік курстар жалғасуда. Жаңа топтар құру жұмыстары жалғасуда.



"Мобильді Кітапхана", SMS-таратулар, "Wi-Fi қиылысы" сервистері өз жұмыстарын жалғастыруда.
Кітапханалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Кітапханалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы жас кітапханашылар мен еңбек өтілдері бар қызметкерлерді оқыту кезең-кезеңімен өтті. I кезең – «Кәсіби шеберлікті дамыту мектебі» (Жас кітапханашы мектебі бағдарламасы аясында), ІІ кезең – «Кітапхана ісін меңгеру - ХХІ ғасыр кітапханашысы» (ОКЖ барлық кітапханашыларына), ІІІ кезең – «Семинарлар».





жас кітапханашы мектебі

басшылар мектебі

семинарлар

тренингтер

практикумдар

тағылымдамалар

рефераттар

дөңгелек үстелдер

байқаулар

мастер-класстар

аттестация

жол сапар

келу саны

кеңес

компьютерлік курстар

жұмыстан шығып кетті

жұмысқа қабылданғандар

2017

22

3

3

13

18

9

-

-

1

6

-

3

55

51

15

6

9

2016

19

2

4

12

16

6

-

1

-

6

-

4

53

49

13

13

12


Кітапханалық қызметкерлерді оқыту

ОКЖ барлық кітапханашыларына келесі семинарлар өткізілді:
«Доступная среда: формы и особенности обслуживания людей с ограниченными возможностями»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет