Жылдың басты оқИҒалары



бет10/12
Дата22.08.2017
өлшемі7,56 Mb.
#23856
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай

Қазақстан тарихында өшпестей із қалдырған ірі тұлғалардың бірі, әрі бірегейі Әлихан Бөкейханов. Биылғы жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуде. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасында жылдар өтсе де аты мәңгілікке сақталып келе жатқан қайраткердің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Халқы үшін туған нар тұлға» атты ісшара өтті. Қонақ ретінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ж.Башар, ҚР ардагерлер Орталық Кеңесінің төрағасы С.Кәукербеков, осы кеңестің мүшесі Б.Төлеуов, тарихшы Д.Қожақов, Ә.Бөкейханның ұрпағы, №2 Абай атындағы лицейдің химия пәнінің мұғалімі Р.Мұхамедиева қатысып, өз ойларын ортаға салды. «Алаштың Әлиханы» атты фильм көрсетілді.



Бұл кездесудің негізгі мақсаты Елбасының "Мәңгілік Ел" идеясында аталып көрсетілгендей, жастар арасындағы патриоттық сезімді дамыту болып табылады.

Д. Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына орай
Қаңтар айының 14 жұлдызында №1 кітапхана-филиалында «Кербез күй, шабытты шаттық!» тақырыбында қастерлі күй өнерін аспандата білген хас шебер ана - Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған музыкалық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.



Ісшараға №16 орта мектептің 6-шы сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы күй өнері және күйші туралы мәліметпен таныстырып, күйшінің саусақтарынан төгілген құдіретті әуеніне қима қағаздар бойынша талдау жасады. Үнтаспадан Айгүл Үлкенбаеваның орындауындағы “Аққу” күйін оқушылар ұқыптылықпен тыңдады. Ал кітапхананың жас оқырманы Ниязов Рауф Секен Тұрысбековтың “Көңіл толқыны” күй шашуын орындады. Соңында балалар күйден алған әсерлерімен бөлісті.

Халықаралық әйелдер күні
Көктем мезілі –әйелдік пен сұлулықтың нышаны. Осы мерекеге орай қала кітапханаларында

«Ал, қанеки қыздар!» (Ф№3), «А ну-ка девочки!» (Ф№2), мастер-класс по квиллингу «Любимой маме» (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Бабушкины посиделки» кездесу кеші (Ф№1) өткізілді.







Наурыз

Мәдениет сарайында 2016 жылдың 21 наурыз күні өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған сайыстың мақсаты – жастардың бойында қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғырту, ұрпақ сабақтастығы аясында салт-дәстүрді көрсете отырып «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау. Сайысқа зейнеткер аналар мен қаламыздағы мекемелердің атынан он ақ жаулықты әжелер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар: виртуалды-этнографиялық круиз және кітаптан жасалған ерекше киіз үй (А. Гайдар атындағы ОҚБК), «Наурыз думан» мекрекелік іс-шаралар (Ф№5), «Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр-аңыз» тарих – керуені (Ф№1) іс-шаралары өткізілді.






Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет