Жылдың басты оқИҒалары



бет8/12
Дата22.08.2017
өлшемі7,56 Mb.
#23856
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
Биыл ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының жыл кітабы ретінде жаппай оқуға Д.Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы таңдап алынды.

Осы акция аясында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада оқырмандар мен колледж студенттеріне арналған алғашқы ісшара ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандар мен студенттерді Дулат Бабатайұлының өмірімен таныстырып, «Өсиетнама» кітабынан жырлары мен өлеңдерін оқыды.



Қазақстан Республикасының Ұлттық академикалық кітапханасы бастамасымен биылғы жыл «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жарияланды.

Көрнекті ақын шығармаларын насихаттау, қоғамды оқуға тарту, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында №2 кітапхана- филиалында «Ел үшін еңіреген ұлы тұлға» атты тарихи сағат өткізілді.

Дулат Бабатайұлы - бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөлінген сүйікті жырауы, қазақтың тұрмыс тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі. Ол өз заманының білімді адамдарының бірі болды.

Ісшараға №16 мектеп 6 сыныбы оқушылар-оқырмандары қатысты. Балалар ақынның туған тілге, жерге, ел тарихына деген сүйіспеншілігін өлеңдері, жырлары арқылы жеткізе білді. Ұйымдастырылған кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылып, шолу жасалынды.


«Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында оқылып жатқан Д.Бабатайұлының «Өсиетнама» туындысы бойынша №4 кітапхана-филиалында «Азаттық жырының ақтаңгері» атты танымдық оқулар өткізілді. Ісшараға №8 орта мектеп оқушылары, Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты. Қатысушыларға «Бір ел - бір кітап» акциясы таныстырылып, мәдени-сауық орталығының маманы Шаймерденов Аманжол Дулат Бабатайұлының өмірі мен жырлары туралы әңгімеледі.

Ақынның шығармаларында негізінен адамгершілік, адалдық, бірлік, ізгілік, шындық, тазалық және т.б. жалпы адамзаттық құндылықтар сипатталады. Әбдіғалиқызы Аида «Ақ жайлау», «Сандықтас», Сағынтай Айтолқын «Атаны бала алдады», Шәкірова Дильназ «Дүние жемтік мен төбет», Төлеутай Аңсар, Көпжанов Бекзат «Еспембет» дастанын, Тлеубеков Кадірәли «Дулаттың айтқаны» шығармаларынан үзінділер оқыды. Соңында кітапхана қызметкерлерімен дайындалған ақын Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын «Зар заман» атты видео көрсетіліп, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.


Қала күні
Жыл сайын біздің кітапхана Қала күні мерекесіне белсене қатысуда. «Балқашымды жырлаймын!» атты поэзия сағаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында өткізілді. С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың «Қаламгер» және «Кәусар» әдеби клубтарының мүшелері - М.Бөлекова, Б.Мүбарак, Қ.Туғанбаева, Д.Өміржан, Д.Бөкен, Ж.Оразалиева, Ш.Советалы, Ж.Жазкей, №53898 әскери бөлімінің қызметкері А.Жүнісов, №15 мектеп-лицейінің «Жас Өркен» жастар медиялық клуб мүшелері, жас ақындарымыз - Е.Сапар, Ж.Құсайынова, Е.Жәмел, Е.Балықбаев және Н.Қалидің шығармалары тыңдармандарымызға ерекше әсер қалдырды. Ісшара соңы барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтардың тапсыруымен және тамаша көңіл-күймен аяқталды.



Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет