Жылдың басты оқИҒалары



бет11/12
Дата22.08.2017
өлшемі7,56 Mb.
#23856
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Жаздық оқулар
Жаз мезгілінде, аулаларда, блалар алаңдарында, аллеяларда жаздық оқулар іс-шаралары ұйымдастырылды: «Читальный зал под открытым небом» (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Лето,  книга, я - друзья!» ашық оқу залы (Ф№3), «Летние  чтения под открытым небом» (Ф№2), «Литературная скамейка» (А. Гайдар атындағы ОҚБК).






Астана күні

Мереке аяында «Ұрпаққа мұра болған Астанам!» атты жастардың ардагерлермен кездесу кеші өтті (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), сонымен қатар, «Еліміздің жүрегі- Астана!» интерактивті викторина (А.Гайдар атындағы ОҚБК), «Астана – бас қала» танымдық сағаты (Ф№5), «Главный город страны» элетронды презентация (Ф№2), «Астана – арман қала» кітап көрмесі (Ф№4), «Астана – столица Независимости» әдебиетті қарау (Ф№1), «Тебе, моя Астана посвящаю» мәнерлеп оқу сайысы (Ф№3) өткізілді.









Металлургтер күні

Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде батыл кәсіптің еңбеккерлері – мысшылар өз мейрамдарын атап өтуде.



2016 жылдың 21 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп, Балқаш мыс қорыту зауытының ардагерлерімен кездесу өткізді. Қонақ ретінде Тынышпаев Хамза, Кереев Анатолий, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайының өлкетанушысы, Балқаш көпсалалы колледжінің оқытушысы Қожақов Дәулет шақырылды.

Америкалық бұрыш

2016 жылдың 23 шілде күні балқаштық оқырмандар назарына америкалық бұрышын Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының халықаралық әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Балжан Серикбаева ұсынды. Әріптесіміз бөлімнің мақсаттары, міндеттері, негізгі жұмысымен таныстырып, одан кейін бейресми түрде біздің жас оқырмандарымыз 3D қаламмен жұмыс істеуді үйреніп, твистер ойынын ойнап, викторина сұрақтарына жауап беріп, ағылшын тіліндегі әдебиеттерімен танысты. Шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.



Қазақстан Республикасының Конституция күні

Кітапханаларда «Елдіктің асыл тірегі – Ата заң» ақпараттық сағат (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Волшебная книга – книга Законов» құқықтық сабақ (Ф№1), «Өз құқығынды білесің бе?» ақпарат күні (Ф№5), «Конституция – основной закон государства» құқықтық сағаты (Ф№3), «Біз туралы, біз үшін» (А.Гайдар атындағы ОҚБК).



Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай

Қазақстанның зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші болса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, әлемнің назарына ілікті. Биыл Семей полигонының жабылуына 25 жыл толып отыр. Осы елеулі оқиғаға байланысты №3 кітапхана-филиалында «Ядролық қарусыз – болашаққа» тақырыбында тарихи сағаты өтті. Бұл маңызды шараны өткізу барысында кітапханашы оқырмандарға Семей полигоны зардабы туралы, «Семей-Невада» қозғалысының бастау алуындағы қазіргі Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовтің еңбегіне жан-жақты талдау жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімі қазіргі кезде бүкіл әлемге үлгі-өнеге болып, бейбітшілік сүйгіш әлем жұртшылығы бұл бастаманы ядролық қарумен қаруланған кейбір мемлекеттердің бұдан бас тартуын талап етіп отырғандығы мәлім. Оқырмандарға «Семей полигоны» атты бейнефильм көрсетіліп, ядролық полигонның зардабы сол өңірде өмір сүрген қазақ жұртшылығының ұмытылмас қайғы-қасіреті екені айтылды.
Отбасы күні

Кітапханалар отбасылық мерекелер өткізді «Бәрінің бастауы – туған үй» (Ф№1), «Әкем, анам және мен – оқымысты отбасы» отбасылық оқулар (Ф№3), «Отбасы – адам тұлғасының бесігі» кітап көрмелерінің презентациясы (ЦГБ им.С.Сейфуллина), «Отбасымен кітап оқиық!» отбасылық мереке (Ф№4).



Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай

«Согласие» славияндық орталығы мен С. Сейфуллин атындағы ОКЖ №№ 4,10, 17 мектептермен жұмыс жасайтын, славян мәдениеті жастар клубы арасында «Қазақша сөйлейік» атты білім байқауын өткізді. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар өздерін таныстырып, қазақ тілінде көптеген мақал-мәтелдер айтты, караоекеде өлең айтып, үй жұмыстарын ортаға салды. Байқаулық сайыстар шеңберінде үздіктерді таңдау керек болды. Байқау үздіктері №17 ОМ жастар клубы атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, әрбір қатысушыға алғыс хат табысталды.



Сонымен қатар «Туған тілде - әнім менен сәнім бар» ақпарат сағаттары (Ф№4), «Бабалар тілі  – сарқылмас бұлақ» әдеби-музыкалық сағат (С.Сейфуллин атындағы ОКЖ), «Если дружат люди – дружат языки» әдебиетті қарау (Ф№1), «Мақал сөздің мәйегі» әдеби сандықша (Ф№5), «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» көрмеге шолу (А.Гайдар атындағы ОҚБК), диалог-кітап көрмесі «Родной язык – зеркало нации», «Язык – духовная сила и богатство народа» викторина, «Ана тілім – асыл мұрам» кітапханалық көрмеге шолу (Ф№3)


Конфессияаралық келісім, төзімділік

Қазақстан - әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Олар көк тудың астында бірігіп, туған жердің абыройын асқақтатқысы келеді. Мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет болуды мұрат тұтады. Осы орайда кітапханамызда 25 қазанда «Толеранттылық бейбітшілікке барар жол!» атты пікірлер тоғысы өткізілді. «Согласие» славян этномәдени орталығынан келген Валентина Майде, «Видергебург» неміс орталығынан Ирина Магель, корей орталығынан Александр Ли, Ә.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледж студенттері Тоқтамыс Гүлзат, Қайырбекқызы Аяулым, Жеткін Айым, Алтынбек Ақнұр, Тілеуғазым Жібек, Тұрсын Айдана, Магазова Камила әр ұлттың тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, бөлмей, бір-бірімізге толерантты, қайырымды, шыдамды, дос бола білуді, әрқашан бір-бірін құрметтеуге шақырды. Томирис Сағындық пен Борис Грязин адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде қысқаша көрініс көрсетті. Кітапханамыздың оқырманы Л.Козлова «Дружба» өлеңін оқыды. Жапырақтарға жазылған толерантты сөзін ашатын баламаларынан қатысушылар түймедақ гүлін құрастырды. Соңында Дәулетбай Жәрдембектің орындауында «Туған жер» әні тыңдалып, келген қонақтарымыз ізгі тілектерін жазып, «Толеранттылық ағашына» іліп кетті.


С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Балқаш қаласының "Возрождение" атты немістер бірлестігінің 20 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шара өткізілді. «Возраждение» АООНК төрағасы, Қазақстандағы немістер көшбасшысы – Александр Дедерер құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ этно-мәдени орталықтардың белсенді өкілдері қатысты. 20 жыл бойын балқаш қаласның «Возраждение» неміс орталығы біздің көпұлтты қаламызда неміс ұлтының бірегейліктерін сақтауға және түсіністікті дамытуға өз үлестерін қосуда.

С. Сейфуллин атындағы ОКЖ «Возрождение» неміс орталығы дәстүрлі Рождествоны атап өтті. Мереке нағыз ертегі әлеміндегідей өте әдемі болып шықты. Неміс орталығының басшысы Дмитрий Шало өздерінің католиктік мерекелерді әрқашанда өте көңілді және қызықты етіп тойлайтындықтарын, өздерінңің тарихтарын құрметтейтінін және тарихи отандарын ұмытпайтындықтарын айтты. Католиктік Рождествоны тойлауға көп адам жиналды, немістердің салт-дәстүрлерімен танысуға көп қонақтар келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет