-адамгершілік тәрбие бағытында қыркүйек айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетова мектепішілік «Мектепке жол-2015» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, жиналған қаржыны мектептегі мүжәлсіз, тұлдыр жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға бөліп берді. Қазан айында «1 қазан - Қарттар күніне» орай «Ақылды қария - ағып жатқан дария!» атты іс-шаралар өткізілді. Бұл шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары К.Мензелеева, А.Салаватова және Р.Изимбергенова қонаққа шақырылып, оларға кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлықтар тапсырылды. Тарих пәнінің мұғалімі 11А сыныбында Л.Бегдуллаева «Жемқорлық-бұл кертартпалық» тақырыбында пікірталас өткізді. Желтоқсан айында 8-9 сынып жетекшілері өз сыныптарында «Ислам дінінің адамгершілікке тәрбиелеу қағидалары» атты сынып сағаттарын өтті. Қаңтар айында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Кітапханашылар А.Тегісбаева мен Г.Құсайынова «Дін-тәрбиенің мәйегі, дамуымыздың демі» тақырыбында кітапханада бұрыш жасақтады. Ақпан айында 8-11 сынып оқушыларының арасында діни ахуалдың алдын алу бойынша мешіт имамыен кездесу ұйымдастырылды. Наурыз айында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне» орай апталық өткізілді. Сәуір айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетованың жетекшілігімен «Жылы жүрек-жомарт қол» акциясы ұйымдастырылды. ТЖО: А.Аминованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып ұлдары арасында «Қылмыс өміріңе қауіп» атты тақырыпта құқық қорғау органының қызметкерімен кездесу ұйымдастырылды.
Ұлттық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында 6Г сынып жетекшісі М. Шалмұқанова «Құрбан айт-қасиетті мереке» атты тақырыпта сынып сағаттын өткізді. «22 қыркүйек – тілдер мерекесіне» орай пән бірлестік жетекшілері іс-шаралар өткізді. Қараша айында 8Ә сынып жетекшісі А.Байбарақова өз сыныбына «Б.Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұралары» тақырыбында баяндама оқыды. Ақпан айында мектеп кітапханашылары .Ф.Оңғарсыноваға арналған поэзиялық кеш ұйымдастырды. Наурыз айында еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Булекбаева мектепішілік «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты қолөнер көрмесін өткізді. ТЖО: А.Иманкалиева мен тәлімгер А.Байбарақованың ұйымдастыруымен «14 наурыз-Амал күніне» және «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында тәрбие сағаттары, қабырға газеттері, пән бірлестіктер арасында «Келіндер сайысы», «Бесікке салу» рәсімі ұйымдастырылды. Сәуір айында 9-10 сыныптарда «Ата салтым-асыл қазынам» атты сынып сағаттары өтті. Мамыр айында кітапханшылар «Мағжан-қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» тақырыбында кеш өткізді.
Отбасы тәрбиесі бағытында қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық өткізіліп, іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтіп, ата-аналар комитетінің құрамы сайланды. Қараша айында «Баланың бас ұстазы-Ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы, желтоқсан айында мектеп психологы Ж.Наурызбайқызы қиын және қиынға бейім оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, тренинг өткізді. Қаңтар айында «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы, наурыз айында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында жиналыс өтті. Мамыр айында 2 сынып ата-аналары арасында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаз ата-аналар мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, жылдық қорытынды жиналыс болып өтті.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытында қыркүйек айында «Еңбек күні» мерекесіне орай мектепішілік іс-шаралар барысында тәрбие сағаттары, еңбек ардагерімен кездесу және де мектеп ауласына сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп медбикесі Б.Таджиева үнемі мектеп тазалығын бақылауда ұстады. Қазан айында бейнелеу пәнінің мұғалімі А.Исаева 5-6 сыныптарда мектепішілік «ЭКСПО-2017» сурет көрмесін ұйымдастырды. Желтоқсан айында 9-10 сынып оқушылары арасында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай бөлімінің мамандарымен кездесу өткізілді. Ақпан айында мектеп психологы Ж.Наурызбайқызы 11 сынып оқушыларына «Кәсібім-мақтанышым» атты психологиялық тренинг өткізді. Наурыз айында еңбек пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен мектеп ауласын абаттандыру, көркейту жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында 4 сынып жетекшілері оқушыларымен мұражайға саяхат жасады. 9 сынып оқушыларынан Ж.Наурызбайқызының жетекшілігімен «Менің таңдауым» атты сауалнама алынды. Сонымен қатар, кітапханашылар «Табиғат-алтын бесігім» тақырыбында көрме жасақтады.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында мектебімізде ТЖО: А.Иманкалиеваның ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Маусымашар-2015» ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныптар марапатталды. Қазан айында 9-10 сынып оқушыларының арасында «Алтын күз-2015» байқауы ұйымдастырылды. Желтоқсан айында дайындық топ пен 11 сыныптар арасында «Жаңа жыл-2016» мерекелік кеші өткізілді. Наурыз айында 2Г сынып жетекшісі Б.Хаирова мен 2Д сынып жетекшісі Г.Басқараева «Ана-біздің шырағымыз», «Аяулы анашым!» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын өтті. Сәуір айында 3 сыныптар арасында «Әнші балапан» байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз сыныптар марапатталды. Мамыр айында 8 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны-2016» байқауы өткізілді. Сонымен қатар, «Соңғы қоңырау-2016» салтанатты жиын өтті. Жиынға қала әкімшілігінен және ҚБҮО-нан мамандар қатысты.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағытында қыркүйек айында 7А, 8А сыныптарында «Балалардың денсаулығы мен дамуына ұялы телефондар мен компьютердің тигізетін жағымсыз және оң әсерлері» тақырыбында сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қараша айында 5-11 сынып оқушыларының арасында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Ақпан айында 3-4 сыныптар арасында «Сөз мәйегі-ой түйіні» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Наурыз айында 8 сыныптар арасында «Көктем аруы-2016» байқауы өтті. Сәуір айында 5-6 сынып жетекшілері «18 сәуір – тарихи ескерткіштер күніне» орай сынып сағаттарын өткізді. «Кітаптар елінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Сонымен қатар, мектеп тәлімгері А.Байбарақова оқушыларды қалалық «Жас жол инспекторлар слеті-2016» қатыстырып, 2 орынға ие болды. Мамыр айында «1 мамыр – Ынтымақ, бірлік күніне» байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. \
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағытында қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі-2015» науқан бойынша жоспар жасақталып, әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «Жол және біз!» атты апталық ұйымдастырылды. Қазан айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетова «Дұрыс тамақтану» онкүндігін өткізді. Қараша айында «ЖИТС –тің алдын алу» атты айлығы өткізілді. Желтоқсан айында «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу» бойынша іс-шаралар, ақпан айында 6 сынып оқушылар арасында биология пәнінің мұғалімі «Арақ аздырса, темекі тоздырады» атты пікірталас өткізілді. Наурыз айында «Туберкулездің алдын алу» бойынша онкүндік, сәуір айында «7 сәуір – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық» күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мамыр айында ««Гипертонияға қарсы күрес күніне» байланысты іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, ұлттық нышандардың маңыздылығын арттыру және патриотизмді дамыту мақсатындағы атқарылған шаралар туралы ақпарат
Еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау және оқушылар арасында патриотизмді дамыту мақсатында мектебімізде жылдық жоспар жасақталды.
Еліміздің бір дана Елтаңбасы және бір дана Туы мектеп директорының кабинетінде орналасса, бір дана Елтаңба мен бір дана Туы мектептің акт залында орналасқан. Рәміздер бұрышы бірінші қабаттағы дәлізде орналасқан, әрбір бірінші күннің сабағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтудан басталады. Кітапханашылар А.Тегісбаева мен Г.Құсайынованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Рәміздер-тәуелсіздік айғағы» атты тақырыпта бұрыш жасақталды. Сонымен қатар, қыркүйек айында 5-7 сыныптар арасында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы не білеміз?» атты сауалнама жүргізілді. Қатысқан оқушылар саны-248.
Сауалнама нәтижесі төмендегідей:
ҚР туының түсі қандай? «Дұрыс жауап»-96℅, қателескені-4℅.
ҚР туының ортасында ненің бейнесі суреттелген? «Дұрыс жауап»-98℅, қателескені-2℅.
Тудың авторы кім? «Дұрыс жауап»-94℅, қателескені-6℅.
Геральдика-бұл қандай ғылым? «Дұрыс жауап»-78℅, қателескені-22℅.
ҚР әнұранының музыкалық авторы кім? «Дұрыс жауап»-97℅, қателескені-3℅.
Қазан-желтоқсан айларында 3А, 5Г сыныптарында «Рәміздерім-мақтанышым!» атты сынып, тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Наурыз айында 8-9 сынып оқушыларының арасында «ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеу» тақырыбында шығармалар алынды. Сәуір айында 10-11 сынып оқушыларының арасында «Мен елімнің қорғаушы азаматымын» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Жыл бойы өткізілетін салтанатты жиындар мен мерекелік шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып отырады.
Салауатты өмір салты бағытында қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі-2015» науқан бойынша жоспар жасақталып, әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «Жол және біз!» атты апталық ұйымдастырылды. Қазан айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетова «Дұрыс тамақтану» онкүндігін өткізді. Қараша айында «ЖИТС –тің алдын алу» атты айлығы өткізілді. Желтоқсан айында «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу» бойынша іс-шаралар, ақпан айында 6 сынып оқушылар арасында биология пәнінің мұғалімі «Арақ аздырса, темекі тоздырады» атты пікірталас өткізілді. Наурыз айында «Туберкулездің алдын алу» бойынша онкүндік, сәуір айында «7 сәуір – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық» күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мамыр айында ««Гипертонияға қарсы күрес күніне» байланысты іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, ұлттық нышандардың маңыздылығын арттыру және патриотизмді дамыту мақсатындағы атқарылған шаралар туралы ақпарат
Еліміздің Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау және оқушылар арасында патриотизмді дамыту мақсатында мектебімізде жылдық жоспар жасақталды.
Еліміздің бір дана Елтаңбасы және бір дана Туы мектеп директорының кабинетінде орналасса, бір дана Елтаңба мен бір дана Туы мектептің акт залында орналасқан. Рәміздер бұрышы бірінші қабаттағы дәлізде орналасқан, әрбір бірінші күннің сабағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтудан басталады. Кітапханашылар А.Тегісбаева мен Г.Құсайынованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Рәміздер-тәуелсіздік айғағы» атты тақырыпта бұрыш жасақталды. Сонымен қатар, қыркүйек айында 5-7 сыныптар арасында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы не білеміз?» атты сауалнама жүргізілді. Қатысқан оқушылар саны-248.
Сауалнама нәтижесі төмендегідей:
ҚР туының түсі қандай? «Дұрыс жауап»-96℅, қателескені-4℅.
ҚР туының ортасында ненің бейнесі суреттелген? «Дұрыс жауап»-98℅, қателескені-2℅.
Тудың авторы кім? «Дұрыс жауап»-94℅, қателескені-6℅.
Геральдика-бұл қандай ғылым? «Дұрыс жауап»-78℅, қателескені-22℅.
ҚР әнұранының музыкалық авторы кім? «Дұрыс жауап»-97℅, қателескені-3℅.
Қазан-желтоқсан айларында 3А, 5Г сыныптарында «Рәміздерім-мақтанышым!» атты сынып, тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Наурыз айында 8-9 сынып оқушыларының арасында «ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеу» тақырыбында шығармалар алынды. Сәуір айында 10-11 сынып оқушыларының арасында «Мен елімнің қорғаушы азаматымын» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Жыл бойы өткізілетін салтанатты жиындар мен мерекелік шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып отырады.
«Жас Ұлан » бірыңғай балалар мен жасөапірімдер ұйымының
2016-2015 оқу жылының
жылдық есебі.
Қыркүйек айының 30-ші жұлыды күні мектебіміздің акт залында 8-9 сыныптар арасында жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында мектеп президентін сайлап «Өзін-өзі басқару» тобын құрдық. Атап айта кететін болсам Меретова Қалдыгүл мектеп президенті,Жоламанова Құндыз вице президент, Берниязқызы Мәншүк «Білім шыңы» президенті,Жоламанов Әділет «Патриот тобы» президенті,Нұрметова Әсел «Инабат тобы»президені, Демеева Айзада «Өнер тобы» президенті, Қалауова Тахмина «Ақпарт тобы»президенті,Ислам Гүлдана «Қайырымдылық» президенті, Қалдыбаева Сандуғаш «Денсаулық» президенті.Осы аты аталған оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен танысты.Әр президент өздеріне жүктелген тапсырманы мұқият орындауға уәде берді.Оқушылардың жұмыстарының жүрісін мектеп президентіне жүктелді.
Қыркүйек айында «Жас Ұлан» ұйымына ұланбасын сайладық. Сайлау барысында 8 «Ә» сынып оқушысы Бимағамбетов Нариман мен 8 «Г» сынып оқушысы Қыдырбаев Бегарыс дауысқа түсіп, оқушылардың шешімі бойынша ұланбасы болып сайланды. Нәтижесінде «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы етіп Қыдырбаев Бегарыс мектеп басшысының бұйрығымен сайланды.
Қазан айының 1-ші жұлдызы күні мектебімізде «Ақылды қария-ағып жатқан дария» атты мерекелік шара болып өтті. Өзін-өзі басқару тобы Акт залды безендіріп, өнерлі оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Қонаққа шақырған ардагерлеріміз келіп оқушылардың өнерін тамашалады. Ардагерлеріміз алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ардагерлерге сыйға кітап ұсындық.
Қазан айының 3-ші жұлдызы күні мектеп оқушылары дайындаған «Ұстаз-ұлы есім» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Мектеп басшысы барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, жоғары биіктерден көрініп жүрген мұғалімдерді мектеп басшысының мақтау қағазымен және білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапаттады.
Мектебімізде қазан айының 29-шы жұлдызы күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Алтын күз-2015» атты сайысы өткізілді. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындармен марапатталды.
Қараша айының 27-і жұлдызы күні Жаңаөзен қаласының оқушылар шығармашылық үйінде қалалық «Жас Ұлан» кубогіне үміткер КТК ойыны болып өтті.Команданың атын «Сыныптастар » деп атап кеттік.Мектебіміздің 8 сынып оқушылары қатысты,атап айта кетер болсақ. Рахманбердиев Самат,Мырзабай Аян,Қарсақбай Бекзат,Тоғайбай Әсет, Жолдасов Сүндет,Көбеев Аманқос . «Жас Ұлан» кубогіне үміткер КТК ойында ІІ орынға ие болдық.
«Жас ұлан» ұйымының жетекшісі А. Ж. Абированың басшылығымен мектеп тәлімгерлерінің жиыны әр айда өткізіліп отырады. Жиыналыста «Жас ұлан» ұйымының жоспарының орындалу барысы, «Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың қоғамдық жұмысқа ат салысуы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой-өрістерін кеңейтіп, қоғамдық жұмыстарға тарту және т.б. мәселелер қарастырылады.
Қараша айының 30-ші жұлдызы күні оқушылар шығармашылық үйінде «Үздік тәлімгер-2015» атты сайыс болып өтті.Сайысқа 8 мектеп қатысты. Сайыс өз дәрежесінде болды.
Қараша айының 30-шы жұлдызы күні «1 желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күнін» мерекелеу аясында мектебімізде ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының еңбектерін үйрену үшін 10 сынып оқушылар арасында «Қазақ елінің тұңғыш көшбасшысы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылар өздерінің ойларын айтып,пікір алмасты. Мереке барысында «Елін сүйген-Елбасы» атты баяндама оқылды. Елбасымыздың бірқатар еңбектері және әлеуметтік- экономикалық даму мәселелері,халыққа жолдауы мен қоғамдық- саяси тақырыптарда сөз қозғалды.
Желтоқсан айының 15 – сі күні № 19 орта мектепте «16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуәлсіздігі күні» мерекесіне орай, оқушыларды патриоттық тәрбиеге бағыттау мақсатында қалалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға ҚҚБ-ң басшысы Г.Б.Азан, ардагер ұстаздар және метеп директорлары қатысып, жас ұрпаққа өздерінің тілектерін білдірді. Бұл салтанатты жиынға мектебіміздің үздік оқушылары қабылдады.
Ақпан айының 16-шы жұлдызы күні мектебімізде «Ең үздік сынып» байқауы болып өтті. Байқауға барлық 5-10 сыныптар қатысты. Оқушылар сыныптарын талапқа сай жабдықтап,гүлдермен безендірді. Сайыста сыныптағы оқушылардың білім сапасы, мектеп формасы, сыныптың талапқа сай жабдықталуы қаралды. Байқауда ең үздік болып 5 «А» сыныбы марапатталды.
Ақпан айының 6-шы жұлдызы күні мектебімізде 5-сыныптар арасында «Біз зиянды әдеттерден» аулақпыз атты сурет байқауы болып өтті. Оқушылар А4 форматқа зиянды әдеттердің суреттерін салып,өз ойларын білдірді. Суреттерді мектеп дәлізіне іліп, оқушыларды мақтау қағазымен марапатталды.
Мектебімізде «8 наурыз-Халықаралық әйел, қыздар мерекесіне» орай іс-шаралар жоспары жасақталып, мектеп басшысымен бекітілді.
05.03.2016 ж. ТЖО: А.Иманкалиеваның ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында «Көктем аруы-2016» байқауы өткізіліп, байқауға 5 сынып қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 8Г сынып оқушысы Романова Жұлдызай І орын, 8Б сынып оқушысы Жұмағазиева Меруерт ІІ орын, 8Ә сынып оқушысы Нургазиева Әсем, 8А сынып оқушысы Шаданова Айзада ІІІ орын, 8Ғ сынып оқушысы Аманқұл Нұрай ІV орынды иеленді.
07.03.2016 ж. мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің шуағы!» атты тақырыпта концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерт барысында мектеп басшысы Д.М.Джамалов қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін бір топ қыз-келіншектерді марапаттады.
16.03.2016 ж. дене пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен пән бірлестіктер арасында «Көңілді сөре» спорттық сайысы ұйымдастырылды. Сайыс ойдағыдай өткізіліп, қорытындысы бойынша І орын: «Бәйтерек» тобына, ІІ орын: «Тұлпар» тобына, ІІІ орын: «Болашақ» тобына, «Жігер» тобына, ІV орын: «Сұңқар» тобына, «Жалын» тобына бұйырды. Жеңімпаз топтар кәсіподақ ұйымы тағайындаған ақшалай сыйлықтармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.
18.03.2016 ж. ТЖО: А.Иманкалиева,А.Аминова мектеп тәлімгері А.Байбарақованвң ұйымдастыруымен мектеп ұжымы арасында «Наурыз-2016» мерекелік шарасы өткізіліп, онда бастауыш пәнінің мұғалімдері «Бесікке салу» рәсімін көрсетсе, пән бірлестктер арасында «Келіндер сайысы» ойдағыдай өткізілді. Мерекелік шараға мектебіміздің кураторы, ҚБҮО әдіскері Х.Ы.Маңғытай қонаққа шақырылды
18.05.2016 ж. мектебімізде жақсы оқитын үлгілі оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылданды. Барлық қабылданған оқушылар саны-76. Жас қыран саны-34. Жас Ұлан саны-42.
28.04.2016 ж. мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Б.Клычевтіің жетекшілігімен мектеп оқушылары қалалық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық жарысына қатысып, іріктеу кезеңінен өтіп, нәтижесінде ІІІ орынға ие болды.
2015/2016 оқу жылындағы №6 орта мектептің педагог-психологының
жылдық есебі
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- жеке тұлғаның ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті қалыптасуына, жеке тұлғаның дарындылық шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру, мұғалімдер ұжымына психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты, терең зерттеу болып табылады.
Мектепте психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке тұлғаның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана-сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аударуы қажет.
Психологиялық қызметтің міндеті
Әр баланың толық психологиялық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал туғызу.
Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым – қатынас стилін реттеу.
Әлеуметтік және жеке даралық жетістіктерге жол ашу.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда таным үрдістерінің дамуына жол ашу.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.
Мақсаты: Педагог-психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
Қыркүйек
2015/2016 оқу жылының басында, яғни қыркүйек айында тәрбие жөніндегі орынбасармен біріге отырып, қиын, қиынға бейім оқушылардың тізімі жасақталды. Осы тізімге алынған оқушылардың папкалары жасақталып, сауалнамалар алынды.
Қиын және қиынға бейім оқушылармен коррекциялық жұмыс ретінде әңгімелесу-сұхбат жұмыстары жүргізіліп тұрады. Коррекциялық жұмыстың бірі ретінде әр оқушымен жеке-жеке «Қиын бала» әдістемесі жүргізілді. Бұл әдістеменің мақсаты тізімде тұрған оқушының қиын бала екенін сезіндіру. Осы мақсатта қиын балаға мынадай сұрақтар берілді:
Қиын баланың мінезі---
Қиын баланың ортадағы іс-әрекеті---
Қиын баланың болашағы---
Аталған сұрақтарға балалар жеке-жеке жауап жазып талқыланды.
Бұдан кейін «Жақсы, жаман қасиеттер» атты жаттығу жасалды. Бұл жаттығудың мақсаты: оқушылардың біріншіден өздерін, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойындағы жаман қасиеттерін жойып, жақсы қасиеттерін асыру. Оқушыдан айнадағы өз бейнесіне қарап ойлана отырып, қандай адам екенін айқындап жазу сұралады. Берілген парақтың оң жағына «жақсы», сол жағына «жаман» қасиеттерді бөліп жазу керек. Бұл жаттығуды сынып ұжымы арқылы да жасауға болады.
Оқушылармен жеке-жеке жүргізілген бұл жаттығуда әрқайсысы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің қайсысы басым екендігіне назар аудара отырып, өз-өзіне талдау жасады.
«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі арқылы оқушыларды мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу жүргізіледі. Жеке қағаздарға жазылған аяқталмаған сөйлемдерге оқушы жауап беруі арқылы оның ішкі ойын оқуға мүмкіндік алдық.
Қиын және қиынға бейім оқушылардың «Жақсы және жаман қасиеттер» әдістемесін орындау
«Тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу» жөнінде мектеп ұстаздарына арналған баяндама оқылды. Бұл жерде қиын баламен жұмыс жасау ерекшеліктері сөз етіле келе, В.И.Куфаев , И.А.Невский , Л.Керімов сияқты ғалымдардың тұжырымдамалары келтірілді.
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.
Жайсыз отбасында тұратын оқушыларды анықтау.
Жаңа оқу жылы басталысымен қыркүйек айы бойы жайсыз отбасында тұратын оқушыларды бақылауға алу жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілерімен сөйлесе отырып оқушының отбасылық жағдайына қанық болдық. 9 «Б» сынып оқушысы Айтбаев Нұржан, 8 «Ғ» сынып оқушысы Айтбанов Айбек, 8 «Г» сынып оқушысы Бисенбеков Жеткерді бақылау жұмыстары жүргізіліп, әңгімелесу әдісі қолданылды.
Жас мұғалімдермен танысу, тізімін алу, құжаттарымен жұмыс.
Қыркүйек айында мектептегі жас мамандардың тізімі алынды. Есеп бойынша 23 жас маман тіркелді. Әрқайсысының туған жері, туған жылы, айы-күні, бітірген оқу орны т.б. ақпараттардың тізімі жасақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |