ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қаңғыбастығы мен қылмыстың алдын алу» туралы.
Қоғамымыздағы кездесіп қалатын күрделі жағдайларға: тілден, діннен, алдау мен арбау, кісі өлтіру мен ұрлық , әділетсіздік пен қайырымсыздық, нашақорлық пен уытқұмарлық атаулыға тосқауыл болатын жол табу қажеттігі туындайды.
Кез келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Жасөспірімдер арасындағы құқық пен қылмыстың алдын алу, қылмысты төмендету мақсатында мектеп тарапынан көптеген жұмыстар жүргізілді.
І. Кәмелетке толмағандар мен жастардың әлеуметтік демографиялық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың көбеюі олардың әлеуметтік жағдайы, ата-ана тарапынан бақылаусыз болу себептерінің бірі материалдық қажеттілігі болып табылады.
Қылмыс пен құқықбұзушылықты тудыратын әр түрлі себептері:
өз абыройын көтеру,
жеке, жанұялық, материалдық және тұрмыстық проблемалар,
Жасөспірімдерге айналасындағылардың немқұрайлылықпен қарауы, түсінбеушілігі және т.б. болып табылады.
ІІ. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы
Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің 2005 жылғы 21 маусымдағы №372 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі участкелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы ережесіне» сәйкес мектеп инспекторы Б.Абдуллаев жыл басында жеке кабинетпен қамтамасыз етілді. Оқу жылының басынан бастап әр тоқсанда мектеп инспекторы мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, педагог-психологпен бірлікте жұмыс жоспарын құрып, соған сәйкес жұмыстанды. Сонымен қатар мектептің іші мен мектеп ауласында, сынып бөлмелерінде құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары(74 дана) орнатылған.
Оқу жылының басында қалалық есепте 5оқушы болды. Атап өтетін болсам: 5«Ә»сынып оқушысы Авезбаев Жасурбек,7«Ә»сынып оқушысы Жақсылықова Алтынай, 11 «А»сынып оқушысы Жұбатқанова Салима,11 «А»сынып оқушысы Берниязов Наурызбек,10 «Ә»сынып оқушысы Тілекбаева Ардақ..
18-қаңтар мен 18-ақпан аралығында «Мектептегі тәртіп» өткізілген шұғыл шарасында мектебімізден сабаққа келуден қасақана бас тартқан 12оқушы анықталды. Қазіргі таңда осы 12оқушының 2-нің ата-анасы әкімшілік сотқа шақырылған. Осы оқушылар қалалық есепке алынды,9«в»оқушысы Досанова Мария,7«Б»сынып оқушысы Бисен Фатима.Сәуір айында 5«Ә»сынып оқушысы Авезбаев Жасурбек,7«Ә»сынып оқушысы Жақсылықова Алтынай, 11«А»сынып оқушысы Жұбатқанова Салима,11«А»сынып оқушысы Берниязов Наурызбек, уақытының келуіне байланысты және осы бір жыл ішінде ешқандай құқықбұзушылық пен қылмыс жасамағандықтан есептен шығарылды.Оқу жылының аяғында қалалық есепте 3оқушы бар.Олар: 10 «Ә»сынып оқушысы Тілекбаева Ардақ, 9«в»оқушысы Досанова Мария, 7«Б»сынып оқушысы Бисен Фатима.Сынып жетекшілерінің қатысуымен сыныптардағы қиын және қиынға бейім оқушылар анықталды. Осы оқу жылында сабаққа үнемі кешігіп келетін және мектеп ережесіне бағынбайтын 9Б сыныбының 2 оқушысы Айтбаев Нұржан,Чалабаев Арнат, 9Ә сынып оқушысы Дүйсенов Семсер, 9Гсынып оқушысы Жарасқан Ермұхан, 4 Ғ сынып оқушысы Өмірзақұлы Наурыздың ата-аналарын шақыртып, профилактикалық кеңес өткізіп, мектепішілік есепке алдық. Қазіргі таңда мектепішілік есепте 5 оқушы. Есепте тұрған оқушылар туралы мәлімет беретін карточкалар жазылды. Олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін үйірмелереге қатысы туралы кесте жасақталып, үнемі қадағаланып отырды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында мектебімізде көптеген шаралар өтті. Атап айтатын болсақ:
Қыркүйек айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жылдық іс-шаралар жоспары құрылды. Сонымен қатар 06.09.2015ж күні мектеп инспекторы Б.Абдуллаев мектеп оқушыларымен жиналыс өткізді. Мектеп инспекторы № 127-1, 311, 330, 333, 336, 336-1, 336-4, 387 баптарымен таныстырып өтті. МБТЖО А.Демиханова «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық неліктен артып барады» тақырыбында баяндама оқыды.
Жыл басында 5 оқушы мектепішілік қиын, қиынға бейім оқушы тізіміне тіркелді. Әр күні таңертен оқушылардың формасы мен сабаққа қатысы да тексеріліп тұрады.
Қазан айында 8Г сынып жетекшісі Ш.Жылгелдиева оқушыларға «Бала тәрбиесіндегі отбасы ролі» тақырыбында баяндама оқыды.
17.10.2014ж күні ата-аналармен жиналыс өтті. Жиналыста ата-аналарды 2014-2015 оқу жылының жоспарымен, оқушылардың тәртібі, сабақтан себепсіз қалмауы, әкімшілік жаза(127-бап) туралы түсінік берілді.
01-03.10.2015ж аралығында мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігінің 23.10.2014 жылғы шығыс № 1-5-1-24/3470-И нұсқауына сәйкес «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясының іс-шара жоспары жасақталды.
Жоспарға сәйкес 01.10.2015ж күні мектеп инспекторы Б.Абдуллаев жоғары сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста оқушыларға қасақана сабақтан жалтаруға болмайтынын, сонымен қатар кешкі сағат 22.00-ден кейін үйде болулары керектігін, сонымен қатар мектепте мектеп формасын қатаң сақтап, мектеп қабырғасында ұялы телефондарды ұстауға тыйым салынғандығын айтып өтті.Бұдан да басқа құқықбұзушылықпен \қоғамдық орындарға қоқыс тастау,қоғамдық орындарды темекі тарту т.б\бірге күресуге шақырды.Сонымен қатар жиналыс соңында мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Демиханова оқушыларға «Мүлдем төзбеушілік қағидасы қоғам тыныштығын сақтайды» тақырыбында баяндама оқыды.
МБТЖО А.Демиханова мен «патриот» ұлдар ұйымының мүшелерінің бастауымен оқушыларға «Ұсақ құқықбұзушылықпен бірге күресейі», «Бүгінгі ұсақ құқықбұзушылық болашақта қылмысқа айналады.», «Құқық пен заң туралы ұлағатты сөздер»,«Құқықтық сауаттылық-заман талабы», «Бала құқығы-асыл қазына» атты тақырыптарда таратпа материалдарын дайындап, таратты.
Сонымен қатар «Қоғамдағы нөлдік төзімділік»,«Мүлдем төзбеушілік»,«Сенің құқығың» тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Мектепішілік және қалалақ есепте тұрған оқушылардың сынып жетекшілері кешкі уақытта балалардың үйіне рейд жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қазан айында қиын,қиынға бейім оқушылармен жиналыс өткізілді.Педагог -психолог Ж.Наурызбайқызы «Бала тәрбиесі бесіктен»тақырыбында баяндама оқыды.
Қараша айында 24-30.11.2015ж Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік»қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015жылға арналған қалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясынының іс- шара жоспары жасақталды.
26.11.2015ж «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясынының іс шара жоспарына сәйкес жоғары сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.МБТЖО А.Демиханова «Тәртіптсіздікке төзуге болмайды» тақырыбында баяндама оқыды.
27.11.2015ж Акция аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды.
24-30.11.2015ж аралығында қиын,қиынға бейім оқушылардың кешкі уақытта қаңғыбастықпен айналысуының алдын алу мақсатында кешкі рейдтер ұйымдастыру.
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын- алу»тақырыбында ата- аналар жиналысы өткізілді.
Желтоқсан айында 26-желтоқсан – Қазақстан Республикасының азаматтары туралы Заң қабылданған күніне» байланысты азаматтық тәрбие сағаттары өткізілді.
Жыл бойы педагог-психолог үнемі Ж. Наурызбайқызы мен МБТЖО А.Демиханова қиын, қиынға бейім оқушылармен кездесіп, қиын деген мәселелеріне ортақ жауап іздеп, психологиялық деңгейін анықтап, бақылау картасын толтырады, оқушылардың сабаққа қатысын, тәртібін, сыныптастарымен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын анықтайды.
Сонымен қатар «Құқықбұзушылық,қылмыс және жасөспірім»тақырыбында 9-сынып оқушылары пікірталас өткізді.
Қаңтар айында жоғары сынып оқушылары мен мектеп инспекторы мектеп әкімшілігімен бірлікте дөңгелек үстел өткізді.
17.01.2016ж күні мектеп инспекторы Б. Абдуллаев, МБТЖО А.Аминова жарты жылдықта себепсіз сабақтан қалған оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізіп, ескертулер берілді. Сонымен қатар мектеп инспекторы Заңдағы өзгерістер, жаңа баптар туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
18-қаңтар мен 18-ақпан аралығында «Мектептегі тәртіп» өткізілген шұғыл шарасында мектебімізде қасақана сабаққа келмеген 12 оқушы анықталды. Ақпан айының 01-де қасақана сабаққа келмеген оқушылардың тізімі жасақталып ата- аналарымен түсінік жұмыстар жүргізілді.Аты аталған оқушылардың мектепішілік тізімге алып,мектебіміздің психологтары Ж.Ермағанбетова мен Ж.Наурызбайқызы әлеуметтік жағдайымен танысып, «Қоғамдағы ортада өз құқығыңды білесіңбе?»тақырыбында сауалнамалар алды.Сонымен қатар «Бақыт деген сенің бала күндерін» атты тақырыпта тренинг сабақ өткізді.ТЖО:А.Аминованың ұйымдастырумен «Жасөспірім және заң», «Құқық және міндет»тақырыптарында пікірталас пен дөңгелек үстел өткізді.Сынып жетекшілер құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заңды білу- заман талабы»тақырыбында сынып сағаттарын өткізсе, А.Иманкалиева мен тәлімгер А.Байбарақова «Үздік сынып»атты тақырыпта сыныптар арасында сайыс өткізді.Сынып жетекшілермен ТЖО А.Аминова және психологтар Ж.Наурызбайқызы мен Ж.Ермағанбетова оқушылардың үйіне кешкі мезгілде «Көше күтпеген жағдайларға толы»атты тақырыпта рейдке шықты.Қазіргі таңда аты аталған оқушылар сабақтан қалмайды.Ата -аналары балдарының сабақтан қалмайтынын жөнінде қол хаттар жазып берді.
№
|
Оқушының
аты-жөні
|
сыныбы
|
қалган күні,
сағат саны
|
сынып жетекшісі
|
1
|
Бисен Ф
|
7б
|
20-120
|
Илясова Ж
|
2
|
Зайыров А
|
7б
|
19-95
|
Илясова Ж
|
3
|
Досанова М
|
9в
|
10-60
|
Байсакова Ж
|
4
|
Алламбергенова А
|
7ғ
|
12-69
|
Тулесинова А
|
5
|
Оразалиев Е
|
11а
|
15-90
|
Бегдуллаева Л
|
6
|
Гарыплаев Р
|
8а
|
11-66
|
Сатурлиева З
|
7
|
Нұрғазиева Ж
|
8в
|
15-75
|
Бажикова Ж
|
8
|
Мустапаева Ж
|
10ә
|
20-120
|
Абатова Н
|
9
|
Шандыев А
|
9ә
|
14-84
|
Ауезова Б
|
10
|
Текемуратов Е
|
8ә
|
15-75
|
Байбарақова А
|
11
|
Джалгасов А
|
8ғ
|
12-70
|
Ермаганбетова Ж
|
12
|
Аманова А
|
11а
|
11-66
|
Бегдуллаева Л
|
Ақпан айында «Жасөспірім және заң» тақырыбында пікірталас өткізілді. Сонымен қатар 4Ғ сынып оқушысы Өмірзақұлы Наурыз қасақана сабақтан жалтарғаны үшін және ұсақ тәртіпбұзушылық үшін мектепішілік есепке алынды.
Жаңаөзен ҚІІБ-ның ЮПТ-ның мектепішілік инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Абдуллаев мектептің жоғары сынып оқушыларымен, ата-аналар және мектеп қызметкерлерімен құқықбұзушылық мазмұнында жиналыс өтті. Жиналыста мектеп инспекторы Б. Абдуллаев Жаңаөзен ҚІІБ ЮПТ-ның 2016 жылдың қаңтар айының жұмыс қорытындысын баяндап, мектеп инспекторының мектеп әкімшілігінің қарым-қатынас деңгейін анықтау жұмыстарының қорытындысымен таныстырды. Сонымен қатар ақпан айының 13-23аралығында тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен құқықтық апталық өтті. «Жасөспірім және заң»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Наурыз айында «Тәртіпсіздікті болдырмау және оның алдын алу неге байланысты?»тақырыбында пікірталас өткізілді.8-11сынып оқушыларымен жиналыс ұйымдастырылып педагог-психолог «Заңды білу-заман талабы»тақырыбында баяндама оқыды.
Сәуір айында Жасөсіпірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында ІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Интернет ресурстарын пайдалануда мектеп оқушыларының тәрбиесіне әсер ететін ақпараттарға тосқауыл қою мақсатында білім беру ұйымдарында 18.04-13.05.2016ж аралығында іс -шаралар өткізілді.
22.04.2016ж «Компьютерлік ойындардың және теледидар ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері» әсері тақырыбында ата –аналар жиналысындп ағылшын пәнінің мұғалімі:Жантурова Бақыт баяндама оқыды.
25-30.04.2016ж «Интернет әлемінде адасып кету оп- оңай»тақырыбында 4сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.
26.04.2016ж информатика пәнінің мұғалімі:Есбергенова Жібек «Интернет-ресурстарын пайдаланудың маңызы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе, Чохыев Жасұлан «Ұялы телефон арақтан да қауіпті»тақырыбында пікірталас өткізді.
23.04.2016ж 3 «А» сынып жетекшісі: Изимбергенова Нүргүл «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
28.04.2016ж Физика пәнінің мұғалімі: Байрамбаева Жаннат «Қауіпсіз ғаламтор»тақырыбында пікірталас өткізді.Сонымен қатар18.04-30.04.2016ж «Оқушыға ұялы телефон керекпе?»тақырыбында психологтар: Ж.Ермағанбетова
Ж.Наурызбайқызы сауалнамалар алды.
Мамыр айында мектептің педагог-психологы Ж. Наурызбайқызы оқушыларға «Бара тәрбиесі-баршаға ортақ» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар жыл бойы мектептегі қиын, қиынға бейім балалардың қатысын үнемі мектеп инспекторы, МБТЖО қадағаласа, түзеу, бақылау жұмыстарымен педагог-психолог айналысып отырады.Мектеп әкімшілігі, «Жігерлендіру» тобының мүшелері және ата-ана қауымы бірлесіп,«Түнгі қаладағы балалар»,«Көше»,«Жасөспірім» атты рейдтер ұйымдастырды. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері «Балалық шақтың бал әні базарда өтіп барады» тақырыбымен қаламыздағы «Бөкен» базары мен «Жібек жолы» сауда орталығына рейдтік тексеруге шықты.
2015-2016 оқу жылында ата-аналармен жасалған
жұмыстардың есебі
Оқу жылының басында ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың жоспары құрылып, бекітілді. Сонымен қатар жыл басында мектептің ата-аналар қауымының құрамы бекітілді. Ата-аналар комитетінің төрайымы болып 4А сыныптың ата-анасы Г.Абдуллаева , ата-аналар комитетінің мүшелері болып 5Асыныбынан Г.Абишева 6Асыныбынан-.А.Кыдырова,5Бсыныбынан-Ә.Шамянова,7АсыныбынанА.Нұрқалиева тағайындалды. Сонымен қатар үнемі мектеппен байланысын үзбей, балаларын үнемі қадағалап отыратын әкелер арасынан «Әкелер алқасы» тағайындалды. Оның төрағасы болып Н.Олжаев, ал мүшелері болып А. Базарбаев, К.Есетов сайланды.
2014-2015оқу жылында тоқсанның қорытындысымен ата-аналарды таныстыру мақсатында қыркүйек,қараша, қаңтар, наурыз,мамыр айларында жалпы ата-аналар жиналыстары жоспарлы түрде өтіп тұрды.Ата-аналар жиналыстарында
МБТЖО:А.Демиханова «Баланың бас ұстазы Ата-ана» тақырыбында баяндама оқыса, педагог-психолог Ж.Наурызбайқызы «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық»тақырыбында тренинг өткізді.Мамыр айының 13-де дене пәнінң ұйымдастыруымен 2-сыныптар арасында «Әкем,шешем және мен»атты спорттық сайыс өткізілді.Жарысқа 2А,2Ғ,2Д сыныптары қатысты.
Қараша айында :«Әке абыройы...» тақырыбында 3-сыныптар арасында жиналыс өтті. Жиналыста К.Сарсенбаева әкелермен тренинг жүргізіп, бала өміріндегі әке орнын ерекшелеп кетті.
Қаңтар айында:3-сыныптардың әкелері арасында «Күш бірлікте тақырыбында сайыс өткізілді.Сайысқа 3А,Ә,Г,Ғ сыныптары қатысты.
Наурыз айында:мектептің педагог-психологы «Отбасы-тәрбиенің ұясы» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді.
Мамыр айында:МБТЖО А.Аминованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалар мекені»тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.
«Инабат» қыздар ұйымының жұмысының есебі
Жыл басында «Инабат» қыздар ұйымының жұмыс жоспары бекітіліп, құрамы сайланды. Оның құрамына Махмудова А-11Ә сынып оқушысы, А. Қазақбаева-11А сынып оқушысы, Еркінбаева-11Ә сынып оқушысы,О.Әжіханова-10А сынып оқушысы, А.Азибекова-10Ә сынып оқушысы,К.Караева-9Асынып оқушысы сайланып, жетекшісі А. Тұрсынбаева болды.
Қазан айында «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбында ұcтаздар мерекесіне концерттік бағдарлама ұйымдастырып, 1 қазан-Қарттар күніне орай ардагер ұстаздарды да шақырды.
Қараша айында «Әдептен озбайық» атты 8-11 сынып қыздарының арасында жиналыс өтті. Сонымен қатар «Алтын күз- 2015»байқауы өткізілді
Қаңтар айында «Бүгінгі бойжеткен,ертеңгі асыл жар» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, қазіргі таңдағы қыздардың киіну үлгісі, тәрбиесі мен бір-біріне деген қарым-қатынасы туралы сөз қозғалды.Сонымен қатар «Сүйемін таза жүрегіңді»тақырыбында пікірталас өткізілді.
Ақпан айының «Ажарлы,сұлу,ғажап тым қыздары қандай қазақтың»тақырыбында Қалалық емхананың психолог маманы А.Нұрдәулетова мен гинеколог: Ұ.Арысовамен кездесу өтті.
Наурыз айында «8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне» , «Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесіне» орай концерттік бағдарлама және қыздар арасында қолөнер көрмесін ұйымдастыруға да «Инабат» қыздар ұйымының қосқан үлесі зор болды.Сонымен қатар наурыз айында 8-9 сыныптың қыздары арасында «Көктем аруы-2016» байқауы өтті.
Сәуір айында мектеп оқушыларын «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» тақырыбында қаламыздағы ардагерлер үйіне апарды.
Мамыр айында «Озар елдің қызы мінезді келеді»тақырыбында жиналыс өткізілді.
«Патриот» ұлдар ұйымының жұмысының есебі
Жыл басында «Патриот» ұлдар ұйымының жұмыс жоспарын бекітіліп, құрамы сайланды.
Қазан айында «Ұстаз-ұлы тұлға» апталығында «өзін-өзі басқару»тобымен және «Инабат» қыздар ұйымымен бірлесе отырып концерттік бағдарлама өткізді.Сонымен қатар 8-11сыныптың ұлдарына жиналыс өткізілді.
Қараша айында ұлдар арасында жиналыс өтіп, І тоқсанда сабақтан себепсіз қалатын, ұсақ тәртіпбұзушылықпен көзге түсетін оқушылардың мәселелері талқыланды. Желтоқсан айында жоғары сынып оқушылары жастар орталығының маманы Е.Илясұлымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар осы айда Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ақпан айында ұлдар арасында Ауған соғысына қатысқан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай «Ұлы мен бүгін,тәуелсіз болған елімнің» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Сонымен қатар ақпан айының 14-нде мектебімізде қызмет ететін ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, жауабын алды. Қабырға газеттерін шығарып, кітапханашылар көрме ұйымдастырды.
1-наурыз Азаматтық қорғаныс күнінде «Патриот» ұлдар ұйымы мен «Инабат» қыздар ұйымының мүшелері қабырға газеттернің көрмесін, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.Сонымен Қорғаныс күніне сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Наурыз айында ұлдар арасында жиналыс өтті. Жиналыста өтпелі кезеңдегі балалардың іс-әрекеті, келеңсіздіктердің алдын алу туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар осы айда 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Патриот» ұйымының мүшелері мектептегі қыз балалар мен мұғалімдерге арнап «Ана өмірдің шуағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Сәуір айында «Жақсы жетектесе тартына көрме,жаман жетектесе артынан ерме» тақырыбында пікірталас өтті.
Мамыр айында Ұландар күніне байланысты 8- сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2016» байқауы өтті.
|