Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 Заңы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 22 шілде №313 бұйрығы
20.02.2010 жылдағы Жаңаөзен қалалық білім бөлімі және ішкі саясат бөлімімен бірлескен бойынша жалпы орта мектептерде дәстүрлі діндер тарихы, діннің тәрбиелік мәселелері бойынша өткізілетін кездесудің кестесі
|
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді. Елбасымыз халыққа жолдауында айтылғандай:«Ұлттық қауіпсіздік» Тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты кепілдігі болса, оны қорғау әрбір қазақстандықтардың қасиетті борышы болып табылады.
Жыл басында 2014-2015 оқу жылына арналған «Діни экстремизмнің алдын алу» бағытындағы іс-шаралар жоспары жасақталып, мектеп басшысына бекітілді.
Қыркүйек айында оқушыларға, ата-аналарға мектеп Жарғысына сәйкес мектеп формасын сақтау керектігін түсіндіру мақсатында мектеп инспекторы, педагог-психологы және тәрбие жөніндегі орынбасардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Сонымен қатар намаз оқитын оқушылар анықталып, тізімі бекітілді. Қазіргі таңда мектебімізде намаз оқитын үш оқушы бар. Олар: 10А сынып оқушысы Мамаева Динара Амантайқызы, 9В сынып оқушысы Қуандыков Нұрсултан Алиұлы және 11А сынып оқушысы Аманқосова Мөлдір Ахметқызы. Үшеуі де бес уақыт намазын ата-анасының қадағалауымен үйде оқиды, қалалық мешіттерге бармайды.
Сонымен қатар қараша айында 6-7 сынып оқушыларына дін туралы дұрыс түсінік беру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі І.Жетекбаева Оқушыларға баяндама оқыды.
22.10.2015ж күні жоғары сынып оқушыларымен Орталық мешіттің найд имамы-Альбетов Еркеғали мен Жаңаөзен қалалық әкімдігінің дін мәселелері бойынша маманы-Тулегенов Оразбай кездесу ұйымдастырып, «Ислам діні», «Жат ағымдағы діндерді уағыздаушылар туралы» түсінік берді. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.
30.10.2014ж күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде «Дін - қоғамның рухани тірегі» атты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров келіп, мектебіміздің 10 сыныптың 15 оқушысы, мектеп басшысы және тәрбие жөніндегі орынбасары қатысты. Жиналыста оқушылар ислам діні туралы көптеген ақпараттар алып, Ержан қажы Жаңаөзен тұрғындарының сұрақтарына да жауап берді.
25.11.2015ж күні 9А сынып жетекшісі Д.Жұмажанова «Имандылық-ізгілік негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Желтоқсан айында жоғары сынып оқушыларынан «Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінесің?» тақырыбында сауалнамалар алынды. Үнемі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде болу керек, оқушылардың дін туралы ойлары анық, түсініктері терең боп шықты.
Қаңтар айының соңында Мұхамбет пайғамбардың туған күніне байланысты мереке-Мәуліт мерекесіне орай, дінтанушы, жыршы Бисенов Арғын Бисенұлымен жиналыс өтті. Жиналысқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Жиналыс өте қызықты, сұрақ жауап арқылы пікірталасқа ұласты. Бұл жиналыс туралы ақпатар қалалық «Жаңаөзен» газетіне жарияланды.
10.02.2015ж күні жоғары сынып оқушыларымен Орталық мешіттің найд имамы-Альбетов Еркеғали мен Жаңаөзен қалалық әкімдігінің дін мәселелері бойынша маманы-Тулегенов Оразбай кездесу ұйымдастырып, оқушылардың дін туралы түсініктерін кеңейтті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарыен алды.
Наурыз айында «Діні қуатты елдің-іргесі биік», «Исламның ғылымға көзқарасы», «Имандылық-тәрбие бастауы», «Ислам діні-ақиқат дін», «Отбасы және ислам» тақырыптарында тәрбие сағаттары, сынып сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар наурыз айында 8-9 (8-сынып бойынша-126 оқушы, 9-сыныптар бойынша-96 оқушы қамтылды) сынып оқушыларына «Телефондық лаңкестік», «Діни экстремизмнің профилактикасы» атты қысқаметражды видеороликтер көрсетілді.
29.04-04.05.2015ж күндері аралығында 8-11 сынып оқушыларына (8 сынып-117 оқушы, 9 сынып-94 оқушы, 10-11 сынып-42 оқушы) «Адасқан ағымдар», «Джихад деген не?», «Сириялық қақпан», «Ақиқатқа апарар жол», «Ислам әйелінің жүзі», «Сотталғандар», т.б бейнероликтер көрсетілді.
Бұл бейнероликтерден оқушылар басқа ағымдағы діндер туралы, адасқан адамдармен сұхбаттарын, адасу неден, қалай басталатындығы және алдауға түскен адамдардың шекераның арғы жағындағы өмірі туралы көптеген мағлұматтар алды.
Қытай философының «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, көзбен көріп, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Сондықтан мұндай діни бағытта тура жол сілтер нұсқаулықтарды тәжірибеде пайдалану ауыспалы кезеңдегі оқушыларға маңызы зор.
Мамыр айында «Жалған діни ұйымды дәстүрлі діннен қалай айыруға болады?» тақырыбында оқушыларға нұсқаунама берілді.
Аталған жұмыстардан басқа мектебімізде басқа діни ағымдар туралы түсініктер, мектепке хиджап киюге тыйым салынғанын насихаттайтын діни бұрыш жасақталған, 9-сынып оқушыларына «Дінтану» (аптасына бір рет) пәні оқытылады.
Дін –адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Сондықтан да дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажеттілігін жоймайды.
|
Жасөспірім
дерді жат
діни ағымдар
дан бой алдырмауын қадағалау.
Мектепте
қандай да бір дінге кіріп намаз оқып жүрген оқушыны сырттай қадағалап, бақылауға алу, ата-анасымен түсінік жұмыстарын жүргізу.
Оқушылар
дың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге тарту, қоғамдық жұмыстар беру.
Оқушыларды мектеп ережесіне бағындыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітілген оқу формасын сақтау, хиджап киюге тыйым салу
Білім беру ұйымдарына дәстүрлі емес діндерді насихаттайтын қандай да болмасын тұлғаларға қатаң тыйым салу
Сабақ кезінде ешқандай намаз оқуға кетуіне жол бермеу
|