Жылдық жиынтық табыстың түсінігі және жылдық жиынтық табысқа кіретін табыстар.
Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Жылдық жиынтық табыстың түсінігі
Салықтар – кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. ҚР заңды тұлғалардан алынатын салықтар мен алымдар ішінде табыс салығының орны ерекше.
Табыс салығы кез келген мемлекетте табысқа немесе пайдаға салық салынады.
Пайда – шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс – шаруашылық субъектілерінің өз тауарын, қызметін, жұмысын өткізгеннен түскен түсім.
«Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы.
Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.