. Табыс салығының салық салу объектілері болып: салық салынатын табыс; төлем көзінен салық салынатын табыс; ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның табысы. Салық салынатын табысжылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын табыс = жылдық жиынтық табыс - шегерімдер Жылдық жиынтық табыс –заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады.
Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.