«Жылдың үздік мұғалімі-2018» аудандық байқауын өткізу туралы Аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес БҰйырамын: Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі 2018»



бет2/6
Дата03.03.2023
өлшемі27,12 Kb.
#170974
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жыл мұғалімі-2018-Аудандық бұйрық, ереже

байқауының ЕРЕЖЕСІ


Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.


Байқаудың міндеттері:

  • Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;

  • Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;

  • Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;

  • Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;

  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.

Байқауды өткізуді ұйымдастыру

  • Байқау Қаратал ауданы білім бөлімі бекіткен Ережеге сәйкес өтеді;

  • Байқауға қатысуға әр мектептен бір ғана жеңімпаз жіберіледі;

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Білім беру мекемесінің штаттық педагогикалық қызметкері болуы шарт;

  • Байқауға қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, біліктілік санатының екінші, бірінші, жоғары болуы тиіс.

  • Байқауға бастауыш сынып, денешынықтыру, АӘД пәні мұғалімдері қатыстырылмайды.

Байқауға қатысу тәртібі:
Үміткер аудандық конкурстың ұйымдастыру комитетіне құжаттарын қағаз және электрондық түрде тапсырады.
Мектеп ұсынысы:

  • Қатысушынының 4 фотосуреті (портрет 10х12), сабақ пен сабақтан тыс іс-шаралар кезеңін бейнелейтін түрлі-түсті 4-5 суреті (А4 форматқа қойылған).

  • Авторлық (пәні бойынша) бағдарламасы /бекітілгені, бекітілмеген болса жобасы/;

  • Мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын портфолиосы (қосымша 1).

Байқаудың аудандық 2-кезеңі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет