«Жылдың үздік мұғалімі-2018» аудандық байқауын өткізу туралы Аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес БҰйырамын: Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі 2018»



бет3/6
Дата03.03.2023
өлшемі27,12 Kb.
#170974
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жыл мұғалімі-2018-Аудандық бұйрық, ереже

1. «Педагогикалық эссе» (10 минут)
Байқауға қатысушы берілген «» тақырыбы бойынша 10 минут ішінде эссе жазады.
Эссені бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ашылуы;

  • Авторлық позицияның айқындығы;

  • Синтаксистік және грамматикалық формаларды қолдану шеберлігі, сауаттылығы;

  • Көлемі 100 сөзден кем болмауы тиіс;

  • Логикалық бірізділіктің сақталуы;

  • Қорытынды пікір.

2. Шығармашылық таныстырылым: «Менің педагогикалық кредом» (5 минут)
Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. (Уақыт регламенті: 5 минут, 10 слайдтан аспауы тиіс).
Бағалау критерийлері (10 балдық жүйемен бағаланады) :

  • Ұсынылған оқыту тәсілдерінің әдістемелік негіздемесі және құндылығы;

  • Мазмұндылығы, шынайылығы, жаңашылдығы, нәтижелілігі;

  • Презентацияның өзіндік ерекшелігі;

  • Уақытты тиімді пайдалана білуі;

  • Сөйлеу шеберлігі.

3. Импровизациялық тапсырма (3 минут)
Байқауға қатысушы 3 минут ішінде аудитория алдында берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс.
Импровизациялық тапсырмаға қойылатын талаптар (10 балдық жүйемен бағаланады):

  • Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;

  • Сөйлеу стилін аудиторияның ерекшелігіне қарай таңдай білу қабілеті;

  • Сөйлеу әрекетінің түріне байланысты сөздерді анық, дәл қолдана білуі; (баяндама, ой толғау, шығармашылық есеп, ұсыныс, үгіт-насихат, пікір, ой өрбіту, құттықтау сөз т.б.);

  • Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы, тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы;

  • Уақытты тиімді пайдалануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет