Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2018» байқауы мамыр айының 16-17 күндері өтеді. Байқауға қатысушы үміткер аудандық конкурстың ұйымдастыру комитетіне құжаттарын мамыр айының 11-не дейін тапсыру керек, 11-нен кейін келген құжаттар қабылданады, бірақ бағаланбайды. 4. Аудандық байқаудың 1-кезеңі «Кәсіби құзыретті мұғалім» (15 минут, сабақ пән бойынша) 2018 жылғы 16 мамыр күні Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп базасында сағат 08.00-де басталады. Сабақ кестесі қатысушылардың пәні бойынша оқыту тілін ескере отырып, құрылады (жауапты –аталған мектеп директорының ОІЖО А.Каленова). Байқау тапсырмасының форматы: ашық сабақ (15 минут) сабаққа өзіндік талдау жасауы, қазылар алқасының сұрағына жауап (5 минут) беруі.
Байқауға қатысушылар белгіленген сыныпта оқу бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес ашық сабақ өткізеді.
Сабақты бағалаудың критерийлері:
Тақырыптың ашылуы және қолданылған әдістемелік тәсілдердің ерекшелігі мен тиімділігі;
Оқушылардың іс-әрекетінің белсенділігі және оқу мотивациясының жоғары деңгейін тудыру және тұрақтандыру.
Оқушылардың түрлі білім көздерін пайдалана білуіне мұғалімнің ықпалы;
Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру;
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі;
Өз сабағына терең және нақты талдау жасауы және кері байланыс.
Аудандық байқаудың 2-кезеңі 2018 жылдың 17 мамыры күні Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің базасында сағат 09.00-де басталады. Байқауға қатысушылар 2-кезеңдегі барлық таныстырылымдарды алдын ала 16 мамыр күні мектептің компьютеріне тіркеу талап етіледі /мектепте жауапты информатика пәні мұғалімі Н.Тұрсынбаева/