байқауының ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқаудың міндеттері:
Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;
Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;
Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;
Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.
Байқауды өткізуді ұйымдастыру
Байқау Қаратал ауданы білім бөлімі бекіткен Ережеге сәйкес өтеді;
Байқауға қатысуға әр мектептен бір ғана жеңімпаз жіберіледі;
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білім беру мекемесінің штаттық педагогикалық қызметкері болуы шарт;
Байқауға қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, біліктілік санатының екінші, бірінші, жоғары болуы тиіс.
Байқауға бастауыш сынып, денешынықтыру, АӘД пәні мұғалімдері қатыстырылмайды.
Байқауға қатысу тәртібі:
Үміткер аудандық конкурстың ұйымдастыру комитетіне құжаттарын қағаз және электрондық түрде тапсырады.
Мектеп ұсынысы:
Қатысушынының 4 фотосуреті (портрет 10х12), сабақ пен сабақтан тыс іс-шаралар кезеңін бейнелейтін түрлі-түсті 4-5 суреті (А4 форматқа қойылған).
Авторлық (пәні бойынша) бағдарламасы /бекітілгені, бекітілмеген болса жобасы/;
Мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын портфолиосы (қосымша 1).
Байқаудың аудандық 2-кезеңі:
Достарыңызбен бөлісу: |