1. «Педагогикалық эссе» (10 минут)
Байқауға қатысушы берілген «» тақырыбы бойынша 10 минут ішінде эссе жазады.
Эссені бағалау критерийлері:
Тақырыптың ашылуы;
Авторлық позицияның айқындығы;
Синтаксистік және грамматикалық формаларды қолдану шеберлігі, сауаттылығы;
Көлемі 100 сөзден кем болмауы тиіс;
Логикалық бірізділіктің сақталуы;
Қорытынды пікір.
2. Шығармашылық таныстырылым: «Менің педагогикалық кредом» (5 минут)
Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. (Уақыт регламенті: 5 минут, 10 слайдтан аспауы тиіс).
Бағалау критерийлері (10 балдық жүйемен бағаланады) :
Ұсынылған оқыту тәсілдерінің әдістемелік негіздемесі және құндылығы;
Мазмұндылығы, шынайылығы, жаңашылдығы, нәтижелілігі;
Презентацияның өзіндік ерекшелігі;
Уақытты тиімді пайдалана білуі;
Сөйлеу шеберлігі.
3. Импровизациялық тапсырма (3 минут)
Байқауға қатысушы 3 минут ішінде аудитория алдында берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс.
Импровизациялық тапсырмаға қойылатын талаптар (10 балдық жүйемен бағаланады):
Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;
Сөйлеу стилін аудиторияның ерекшелігіне қарай таңдай білу қабілеті;
Сөйлеу әрекетінің түріне байланысты сөздерді анық, дәл қолдана білуі; (баяндама, ой толғау, шығармашылық есеп, ұсыныс, үгіт-насихат, пікір, ой өрбіту, құттықтау сөз т.б.);
Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы, тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы;
Уақытты тиімді пайдалануы.
Достарыңызбен бөлісу: |