Тұрмыс-салт одағайларынахалықтың салт-дәстүр, сенім-нанымына байланысты, адамдардың белгілі бір қарым-қатынас жағдайлары барысында айтылатын сөздер жатады. Тұрмыс-салт одағайларын өз ішінен төмендегі тақырыптық топтарға бөлуге болады:
Сәлемдесу-қоштасу одағайлары: Ассалаумағалейкүм! Әликсалам! Қош!
Қоштау одағайлары: Хош! Хайыр! Жарайды! Е-е!
Ілтипат білдіру одағайы: Рақмет! Оқасы жоқ!
Мойынсұну одағайы: Құп! Ләббай! Дат! Жарайды!
Діни одағайлар: Аумин! Жәрәкімалла! Тәуба! Піссіміллә!