Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша сараптама



бет2/8
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9138
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқу-далалық жиыны

АӘД пәнінің оқытылу және ұйымдастырылу деңгейі 12-19 мамыр аралығында «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінің территориясында өткізілген оқу-далалық жиынында қортындыланды.







Оқу-далалық жиынына барар алдында, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе-Қорғаныс Күштері Институтының бастығы подполковник Н.Мусиннің келісім кестесіне және қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес, наурыз айының 29-31- аралығында қала мектептерінің 10 класс оқушылары құрылған кесте бойынша, Ақтөбе қаласының территориясындағы Ақтөбе Жоғарғы әуе-қорғаныс күштері институтына және Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан № 6655 ішкі әскер бөліміне, № 30238 артиллерия және ракета әскери бөліміне саяхатқа барып, курсанттардың және мерзімді әскери қызметшілердің өмірі және тұрмысын бақылап, әскери техникаларды көріп, олардың техникалық, тактикалық мінездемесімен танысты.



Сәуір айының 28-29 күндері, оқу-далалық жиынын өткізу аясында, әскери-қолданбалы спорт жарыстары № 9 ОМГ базасында ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ұйымдастырушысы және өткізуші тарап қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі болды.


1-қосымша
Әскери-қолданбалы спорт жарысының

кестесі (28 сәуір)
14.00- № 10, 41, Россовхоз, 42, 22 ОМ
14.30- Благодарный, 44, 40, 6, 11 ОМ
15.00- 25, 26, Елек, Георгиевская, Ақтөбе ОМ
15.30- № 16, 20, 36, 19, 47 ОМ

16.00- Құрашасай, 53, 34, Пригородный, 28 ОМ
16.30- № 46, 30, ҚҚОМ, Қызылжар, 48 ОМ
17.00- № 55, Новый, 50, 8, 24 ОМ
17.30- № 3 ОМ

(29 сәуір)
14.00- № 2, 12, 15, 5, 13 ОМ
14.30- № 31, 4, Сазды, 29, 45 ОМ
15.00- № 27, 38, 1, 18, 17 ОМ
15.30- № 35, 32, 33, 23, 9 ОМ
16.00- № 21, 51, 39, 14, 37 ОМ
Жарыс қорытындысы бойынша;

1-ші ауысым бойынша-

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша белтемірге тартылудан:

3-орын № 24 ЛМГ оқушысы Нұралы Қуаныш

2-орын № 36 ОМ оқушысы Тауасаров Аңсар

1-орын № 24 ЛМГ оқушысы Зайнуллин Айдос.
Пневматикалық мылтықпен нысана көздеп ату сайысы бойынша:

3-орын № 11 ОМГ оқушысы Жанболатов Ислам

2-орын Георгиевская ОМ оқушысы Мырзахметов Айбар

1-орын Георгиевская ОМ оқушысы Карпухин Александр.


Жекелей сайыс қорытындысы бойынша 1000 метрге жүгіруден:

3-орын Өрлеу ауылының ОМ оқушысы Алишев Руслан

2-орын № 31 ОМ оқушысы Ақтанов Жандос

1-орын № 34 ОМ оқушысы Тоқтаров Еркебұлан.


үш сайыс бойынша командалық есеп бойынша марапатталды;

3-орын № 30 ОМ

2-место Георгиевская ОМ

1- орын Россовхоз ОМ


2-ші ауысым бойынша-

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша белтемірге тартылу бойынша;

3-орын № 2 ОМГ оқушысы Лазарев Денис.

2-орын № 23 ОМЛ оқушысы Меңдіқұлов Айбат.

1-орын Сазды ОМ оқушысы Есберген Ерік.
Пневматикалық мылтықпен нысана көздеп ату сайысы бойынша:

3-орын № 23 ОМЛ оқушысы Меңдіқұлов Айбат

2-орын № 23 ОМЛ оқушысы Наурызбаев Алмас

1-орын № 35 ОМ оқушысы Уразов Амир


Жекелей сайыс қорытындысы 1000 метрге жүгіруден:

3- орын алған № 13 ОМ оқушысы Латыпов Альберт.

2- орын алған Сазды ОМ оқушысы Атау Әлібек.

1- орын алған № 33 ОМ оқушысы Жекеев Саламат.


Үш сайыс бойынша командалық есепте марапатталды;

3- орын № 35 ОМ

2-место № 17 ОМГ

1-орын № 23 ОМЛ


Оқу-далалық жиыны, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Ақтөбе қаласының әкімінің «2014-2015 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін орта мектептері оқушыларымен оқу-далалық жиындарын өткізу туралы» № 1003 16.03.2015 жылғы қаулысына сәйкес, Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 10 класс оқушыларымен оқу-далалық жиынын өткізу жоспарын жасап ұйымдастырды.

Оқу-далалық жиынына 10- кластардың, «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілетін екі ауысымдық оқу-далалық жиынына 12-15 мамыр және 16-19 мамыр аралығында 1064 оқушы ер балалар қатыстырылады. (12- 15 мамыр аралығында- 572 оқушы және 16-19 мамыр аралығында- 492 оқушы).

Медициналық-даярлық сабақтарына 1336 қыз бала және денсаулығына байланысты оқу-далалық жиынынан босатылған 121 ер бала қатыстырылды.

Оқу-далалық жиынына оқушылардың қатысымы, бірегей әскери киіммен, қажетті құралдармен жабдықталуы өткен оқу жылындағы оқу-далалық жиынына қарағанда артықшылығы байқалды. Мектеп әкімшіліктері оқу-далалық жиынына оқушыларды даярлау кезінде үлкен жауапкершілік танытқаны көрінді.

Оқу-далалық жиынына жоғарғы жауапкершілікпен қатысып, әскери тәртібімен көзге түскен орта мектептер оқушыларының топтары қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу-далалық жиыны кезінде көптеген әскери жетекшілер мен оқушылар өткен сабақтарды өте жақсы меңгергендігін, тәжрибе жүзінде орындай алатын қабілетін көрсетті. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілет көрсеткені үшін және алға қойған мақсатқа жетудегі ынта-талабы үшін 61 оқушы қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу-далалық жиынның ашылу салтанатына белсене қатысқан- № 24 орта мектеп ұжымы марапатталды.

Әскери тәртібімен, әскери даярлығымен ерекше көзге түскен- № 33 ОМ, Благодарный ОМ, № 6 ОМ, № 42 ОМ, № 55 ОМ, № 26 ОМ, № 24 ЛМГ, № 2 ОМГ, № 5 ОМ, № 32 ОМГ, № 51 Г, № 23 ОМЛ оқушылары Ақтөбе қаласының әкімдігінің алғыс хатымен және кубокпен марапатталды.


Оқу-материалдық базасы

Қаланың көптеген мектептерінде оқу-материалдық базасының деңгейі талапқа сай. Барлық мектептерде жабдықталған АӘД кабинеттері бар, мектептердің 76 % әскери мүліктерді сақтау бөлмесі бар, 80 % саптық даярлық алаңы жабдықталған, 32 % атыс тирімен, 42 % ауыспалы атыс тирімен, 69 % жабдықталған спорттық алаңдары бар. Бірақ қазіргі таңда ешбір мектепте «тосқауылдар алаңы» жоқ. Сонымен қатар қаланың ешбір мектебінде «сақшының қарауыл қызметін атқаратын посты» (грибок, қаруды оқтау және оқсыздандыру орыны) жоқ. Мектеп директорлары қаржының жоқтығына байланысты десе де «тосқауылдар алаңының» және «сақшының қарауыл қызметін атқаратын орынның» қарапайым түрлерін барлық мектептерде жабдықтау қажет.

Қала бойынша- № 25 ОМ (сержант Қ.Санай), № 53 ОМ (аға лейтенант А.Нұрмұханов), Пригородный (капитан Қ.Байгуринов), № 21 (сержант Ж.Убниямов), № 30 (капитан Х.Жұбатыров), № 10 ОМ (жауынгер Т.Жақсыбай), Өрлеу ауылының ОМ (жауынгер Ж.Бүркітбаев) орта мектептеріндегі АӘД кабинеттері жоғарғы дәрежеде жабдықталған.

№ 2, № 51, № 16, № 26, № 27, Ақтөбе ОМ әскери-патриоттық тақырыптағы және тарихи деректерге бай мұражайлар жабдықталған.

Үлкен қиындықтар туғызатын мәселерге, мектептердегі инженерлік, артиллериялық, химиялық қорғаныс мүліктерінің, радиациялық, химиялық барлау құралдарының, АӘД пәнінің оқулықтарының, ҚР ҚК әскери жарғыларының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Мектептерде пневматикалық мылтықтардың және «Калашников автоматының» макетінің жетіспеушілігі байқалады. Қала ішіндегі мектерде 2-3 мылтықтан болса, қала сыртындағы мектептерде 1 мылтықтан. Оның көпшілігі ескірген, қолдануға жарамсыз. Сондықтан оқу процессін қалыпты дәрежеде өткізу үшін мектеп директорлары «Калашников автоматының» макетін және «Пневматикалық мылтықтарды» сатып алу қажет. Және де бұл қаруларды сақтау арнаулы күзет құралдарын қажет етпейді.

АӘД пәнінің 1997 жылы енгізілгенінен бастап көптеген АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары кезекті әскери атақтарын ала алмай жүр. Қазіргі кезде 52 АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының 34 старшина, сержант, қатардағы жауынгер атағында жүр.


Әскери-патриоттық тәрбие

Қала мектептерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз Отанын сүю, елжандылық қасиеттерін дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасалды.



16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай қала мектептерінің барлығында осы мейрамдарға байланысты іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінде семинарлар, пікірталастар, қабырға газеттерінің байқауы, шығармалар байқауы, «Менің отаным Қазақстан», «Туған жерім», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты класс сағаттары, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» әскери-спорттық сайыстары өткізілді.
Қазіргі таңда Б.Момышұлы атындағы қоғамдық бірлестікке қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерініндегі жиырма алты (29) әскери-патриоттық бағыттағы клуб енгізілді.
«Бауыржан Момышұлы атындағы «Сарбаз» жастар және жасөспірімдер клубтарының» қоғамдық бірлестігі әскери-патриоттық клубтары

Т І З І М І




Клуб атауы

Орналасқан жері

Жетекшісі

Мүшелері жас мөлшері

Мүшелері саны

1

«Барыс» ӘПК

№ 1 ОМ

Н.Байболатов

11-14 жас

20 оқушы

2

«Парыз» ӘПК

№3 ОМ

С.Оплачко

12-17 жас

35 оқушы

3

М.Букенбаев ат. «Бүркіт» ӘПК

№5 ОМ

А.Прмағамбетов

14-17 жас

35 оқушы

4

К.Серікбаев ат.«Ұлан» ӘПК

Ғ.Актаев ат. №6 ОМ

Е.Түбір

14-17 жас

40 оқушы

5

Ж.Кереев ат. ӘПК

№8 ОМ

М.Казжанов

14-17 жас

35 оқушы

6

Г.Мясоедов ат «Жас Ұлан» ӘПК

№9 ОМГ

М.Казжанов

12-17 жас

50 оқушы

7

Н.Әбдіров ат. ӘПК

№10 ОМ

Т.Жақсыбай

13-17 жас

50 оқушы

8

С.Абдулин ат. ӘПК

№14 ОМ

Т.Ахметов

12-17 жас

25 оқушы

9

«Сұңқар» ӘПК

№15 ОМ

М.Зайрымбетов

12-17 жас

25 оқушы

10

Қобыланды батыр ат. ӘПК

№16 ОМ

Т.Ахметов

12-17 жас

25 оқушы

11

«Абырой» ӘПК

№17 ОМГ

З.Муканов

12-17 жас

35 оқушы

12

«Арлан» ӘПК

№18 ОМ

А.Спанов

12-17 жас

35 оқушы

13

І.Ургеншибаев ат. ӘПК

№24 ЛМГ

Е.Сариев

12-17 жас

35 оқушы

14

«Патриот» ӘПК

№ 27 ОМЛ

Н.Байболатов

11-16 жас

20 оқушы

15

С.Ешбаев ат. ӘПК

№30 ОМ

Қ.Жубатыров

12-17 жас

35 оқушы

16

Б.Момышұлы ат. ӘПК


№33 ОМ

С.Сраж

10-17 жас

50 оқушы

17

«Қайсар» ӘПК

№ 34 ОМ

Х.Бекмұратов

10-15 жас

25 оқушы

18

«Намыс» ӘПК

№35 ОМ

З.Муканов

12-17 жас

45 оқушы

19

Есет Батыр ат. ӘПК

№36 ОМ

М.Қожахметов

10-17 жас

50 оқушы

20

И.Білтабанов ат. ӘПК

№37 ОМ

С.Сраж

12-17 жас

25 оқушы

21

«Жас қыран» ӘПК

№38 ОМ

Н.Байболатов

12-17 жас

45 оқушы

22

«Жас сарбаз» ӘПК

№42 ОМ

А.Үмбеталин

12-17 жас

45 оқушы

23

«Айбын» ӘПК

№45 ОМ

Ә.Көшербаев

12-17 жас

25 оқушы

24

«Азамат» ӘПК

№ 47 ОМ

Б.Жарылғасинов

12-15 жас

20 оқушы

25

А.Жанзаков ат. ӘПК

№50 ОМ

С.Орынбеков

12-17 жас

25 оқушы

26

Ә.Молдағұлова ат. ӘПК

№53 ОМ

А.Нурмуханов

12-17 жас

40 оқушы

27

Б.Жазыков ат. ӘПК

Благодар ОМ

М.Бергалиев

12-17 жас

25 оқушы

28

М.Мәметова ат «Жас сарбаз» ӘПК

М.Арын ат. ҚҚО

М.Назаров

12-17 жас

25 оқушы

29

«Ұлан» ӘПК

Өрлеу ауылының ОМ

Ж.Бүркітбаев

11-14 жас

25 оқушы




Барлығы: 29 ӘПК





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет