Жарыс нәтижесінде, командалық есепте;
1 орын- Пригородный ОМ-63 ұпай
2-орын- № 35 ОМ-62 ұпай
3-орын № 17 ОМГ-62 ұпай.
Жекелей сайыс қорытындысы бойынша, ер балалар арасында-
1 орын- № 6 ОМ оқушысы Шәріпжанов Аслан- 27 ұпай
2- орын- № 17 ОМГ оқушысы Баширов Тимур-24 ұпай
3- орын- Медициналық колледж оқушысы Қожаниязов Ернар-23 ұпай
Жекелей сайыс қорытындысы бойынша, қыз балалар арасында-
1 орын- Пригородный ОМ оқушысы Ужраева Дания- 33 ұпай
2- орын- Музыкалық колледж оқушысы Әбдір Бисара-27 ұпай
3- орын- № 35 ОМ оқушысы Дубок Анастасия-25 ұпай.
Ақпан айында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігіне қарасты Алматы Радиоэлектроника, байланыс және әскери инженерлік институтының, Алматы Құрлық әскерлері институының қызметкерлері қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің жоғарғы класс оқушылары ер балаларымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты мектеп бітіруші жастарды әскери мамандық алуға және болашақ офицер мамандығын алуға үгіт-насихат жүргізу болып табылды.
2015 жылдың 25- ақпаны күні, Кеңес Одағының Батыры жерлесіміз Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында Ақтөбе облыстық Әлия Молдағұлованың Мемориалды музейімен бірлесе отырып, қаланың және облыстың мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қыз балаларының арасында № 22- ОМ спорт залында, дәстүрлі «Мерген ару-2015» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан жарыс өткізілді.
Қалалық білім бөлімінің және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай және облыстық Әлия Молдағұлова атындағы Мемориалды музейімен бірлесе отырып, ақпан айының 25- күні, облыстың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің оқушылары қыз балаларының арасында, дәстүрлі «Мерген Ару-2015» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді. Жарысқа қаланың 56 мектебінің командасы, аудандардың 13 командасы қатыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |