2013-2014 жылы ауданның білім саласы бойынша атқарылған
жұмыстар туралы анықтама
Аудан бойынша 10 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Оның 7-уі шағын құрамды мектеп, 2 орта мектеп, 1 мектеп-гимназиясы мен 1 мектеп-лицейі жұмыс жасайды. Осы мектептерде 2646 оқушы оқиды. Аудан бойынша мектепке дейіңгі жастағы барлық балалар есепке алынған. 13 мектеп алды даярлық топтары, 3 ясли – бақша, 15 шағын орталық, 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды.
Білім беру мекемелерінде өткен оқу жылында 412 педагог қызмет жасады, оның жоғары санаттысы - 42 (10,2%), бірінші санаттысы – 162 (39,3%), екінші санаттысы – 122 (29,6%), санатсызы – 86 (20,9%) мұғалім. Үстіміздегі жылы 17 педагог өз санатын растауға, 70 педагог – тағайындауға, жиыны 87 педагог аттестациядан өткізілді. Бұл барлық педагогтардың 21 пайызын құрайды. Кембридж университеті жобасы негізінде 41 мұғалім деңгейлік білім курстарынан өтіп, сертификат алды.
Мектептердің техникалық базасы жақсартылуда. 2014 жылы 12 млн. 297 мың теңге бөлінді: Молдағалиев мектебіне 4 млн 97 мың теңгеге химия кабинеті, Бекбосынов мектебіне 4 млн 100 мың теңгеге биология кабинеті, Абай мектеп-лицейіне 4 млн 100 мың теңгеге мультимедиялық кабинет алынды. Сонымен қатар Абай лицейіне 5 млн 721 мың теңгеге ПАЗ микроавтобусы сатып алынды.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарға 70 млн.теңге қаржы бөлінді. Қарауыл гимназиясының жылу жүйелері мен шеберхана шатырын жөндеуге 5 млн 271 мың теңге бөлініп, игерілуде. Сондай-ақ, жоғарыдағы қаржы есебінен Әуезов орта мектебінің акт және спорт залын жөндеуге, Молдағалиев орта мектебінің есік-терезе мен кабинет едендерін жөндеуге де қаражат бөлінді. Жалпы соңғы жылдары аудан мектептеріне 13 мультимедиялық кабинет, 9 физика кабинеті, 7 химия, 4 биология кабинеттері және 1 шеберхана алынды.
Қазақстанның экономикасы соңғы жылдары өсудің жоғары қарқынына ие, сондықтан да мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғаюда. Мысалы, ауданымыздың білім саласына 2011 жылы – 889 млн теңге, 2012 жылы – 944 млн теңге, 2013 жылы - 1 млрд 106 млн теңге бөлінсе, 2014 жылы 1 млрд 126 млн 573 мың теңге қаражат бөлініп отыр.млн 229 мың теңге қаржы бөлінді.
Аудан бойынша барлық ауылдарда мектепке дейінгі жастағы балалар есепке алынған, аудандағы 10 мектепте 13 мектепалды даярлық топтары, 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде 3 балабақша, 15 шағын орталық топтары жұмыс жасайды.
2014 жылдың сәуір айында аудан бойынша бастауыш сынып оқушыларының аудандық олимпиадасы өткізілді, Оған аудан мектептерінен 63 оқушы қатысып, жекелеме пәндер бойынша І орын алған төмендегі мектеп оқушылары облыстық олимпиадаға жолдама алып, жүлделі І, ІІ,ІІІ орындарды иеленіп қайтты және командалық ІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен, дипломмен марапатталды.
Жаңа оқу жылына аудан боынша 1 сыныпқа 276 бала қабылданды. Аудан мектептері бойынша 208 түлек мектеп бітіріп, оның 145-і ҰБТ-ке қатысып 63 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырды.
Аудан бойынша ҰБТ-дің орташа балы
Жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Орташа балл
(аудан бойынша)
|
60,6
|
70,4
|
76,3
|
Оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда спорттық ойындарға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат әдетке салынуын, бос уақытын болдырмау мақсатында мектептердің жанынан 60 спорт секциялары (волейбол, баскетбол, футбол, қазақша күрес т.б) жұмыс жасаса, әртүрлі салаларды қамтитын 49 үйірмелер («Үкілі домбыра», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Шебер қолдар» т.б.) ұйымдастырылды, оларға жалпы саны 1768 бала тартылды, яғни бұл жалпы бала санымен шаққанда 67 %-ды құрайды. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылыққа баулу мақсатында аудан бойынша қосымша білім беру ұйымдарының жүйесін дамыту қолға алынып отыр. Аудандық Балалар көркемсурет, Ж.Кәрменов атындағы саз мектептеріне 570 (22%) оқушы тартылды.
9-сәуір мен 9-мамыр аралығында «Еріктілер» топтары соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне, жалғыз басты отбасыларына т.б. қамқорлық көмектері жасалуда және осы аралықта барлық білім беру мекемелерінде Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына орай республикалық «Патриот» айлығы жаппай өткізілді.
Дүниежүзілік Балалар күнін мерекелеу мақсатында «Барлық әлем мен үшін» атты мерекелік іс-шаралар онкүндігінің аясында 2013 жылдың 12-20 қараша аралығында білім беру мекемелерінің барлығында жоспарға сәйкес өткізілді. Онкүндік шеңберінде шығармалар байқауы, спорттық сайыстар, сурет көрмесі, дөңгелек стол, кездесулер, пікірталас, ертеңгіліктер т.б. мазмұнды іс-шаралар өтіп, оған жалпы саны – 2500 бала тартылды. Үздік жазылған шығармалар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздары, шебер салынған сурет иелері марапатталып, онкүндік қорытындылары шығарылды.
Абай ауданы бойынша 11 мектепте 10 асхана және 1 буфет түріндегі (30 кісілік) асхана жұмыс жасап , мектеп асханаларын арнайы аспазшы болмағандықтан кәсіпкерлер жалға алу арқылы оқушыларды тамақтандыруда. Әр оқушыға берілетін 1 күнгі тамақтың бағасы – 120 теңгеден есептелінген.
2012-2013 оқу жылында аудан бойынша мектептерде жиыны 2698 оқушы, оның ішінде бастауыш сыныпта 1021, аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балаларының 465 оқушы білім алған.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған 1414 оқушының баолығына аптасына 2 рет сүт тағамдары берілсе, аптасына3 рет 20 грамм бал берілген.
2013-2014 оқу жылында аудан бойынша 1-11 сыныптар бойынша 2646 оқушы білім алды.
2013 жылдың қыркүйек айынан жалпы ыстық тамақпен 2245 оқушы (84,8%); тегін ыстық тамақпен 1595 оқушы (60,2%) , мұнда аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасының 465 баласы, бастауыш сыныптың 1060 оқушылары 100 пайыз, сонымен қатар мектеп асханасын жалға алушылардың есебінен көп балалы отбасы балаларынан 70 оқушы тегін ыстық тамақпен, аптасына 3 рет 10 гр. қапталған бал және аптасына 2 рет 200 гр. сүт немесе айранмен қамтылса, 2014 жылдың қаңтар аынан жалпы ыстық тамақпен 2282 оқушы (86,2%); тегін ыстық тамақпен 1632 оқушы 61,6 пайыз, мұнда аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасының 502 баласы, бастауыш сыныптың 1060 оқушылары 100 пайыз сонымен қатар мектеп асханасын жалға алушылардың есебінен көп балалы отбасы балаларынан 70 оқушы тегін ыстық тамақпен, аптасына 3 рет 10 гр. қапталған бал және аптасына 2 рет 200гр. сүт немесе айранмен қамтылған.
Оқушылардың жазғы еңбек демалысын ұйымдастыру, сауықтыру шараларын жүргізу - білім саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Абай ауданы бойынша 2013-2014 оқу жылын 1-10 сыныптар бойынша 2439 бала бітіреді. Жазғы демалыс кезінде оқушылардың 99,8 пайызы жазғы орналастырылуға тартылады. Атап айтсақ 11 мектеп жанынан өнер, спорт, компьютерлік, өлкетану, шығармашылық, мәдени бағыттар бойынша жазғы демалыс алаңдары ашылып, жұмыс жасайды, оған 1100 бала тартылып, толық 2 маусым демалды. Мектептер жанынан құрылған жазғы демалыс алаңдары өз жұмыстарын 1-маусымнан бастап, 30-маусымда аяқтады.
2013-2014 оқу жылында Бақанас елді мекеніндегі Көкбай атындағы орта мектебі жанынан жұмыс жасайтын «Бақанас» жазғы туристік – сауықтыру демалыс лагеріне жалпыға бірдей білім беру қорынан 4 кезеңге 2 млн. 400 мың теңге аударылып, аз қамтылған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларынан және жетім балалардан 200 бала тегін демалды. 1 кезеңде 10 күннен, 10 күндік тамақ ақысы – 12 мың теңге ал, 1 күнгісі - 1200 теңге. Лагерь өз жұмысын 16 маусымнан бастап, 22 шілдеде аяқтады.
ХІҮ Республикалық Абай оқуларына қатысқан үш оқушы да жүлдегер атанды: 1 бөлім бойынша Көкбай орта мектебінің оқушысы Серікбеков Мұхтар 2-орынды иеленсе, ІІ бөлімге қатысқан Таутанова Зере (Абай лицейі) мен үшінші бөлімге қатысқан Дәуренқызы Айдана (Қарауыл гимназиясы) 1-орынды жеңіп алды. Көкбай орта мектебінің оқушылары Тілеуғабылова Дана Алматы қаласында өткен «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық байқауда 1-орынға, ал Зейноллина Ұлжан «Біз есірткіге қарсымыз!» атты республикалық шығармалар сайысында бас жүлдеге ие болды. Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне 5 номинация бойынша қатысқан 6 оқушының 5-уі жүлдегер атанып, үш бала 1-орын, бір бала 2-орынды жеңіп алып, төртеуі де Астана қаласында өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, екі оқушы жүлдегер атанды: Олар - Абай мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Байбуринова Мөлдір мен Қарауыл гимназиясының оқушысы Уәлибекова Ділда. Жүлдегер атанған Байбуринова Мөлдір Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік Университетінің оқу грантын жеңіп алды; ал Уәлибекова Ділда 3-орынға ие болды. Сонымен қатар Ділда үстіміздегі жылы қазақ тілінен Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанып қайтты. Наурыз және сәуір айларында ХҮ Республикалық Абай оқуларының аймақтық, аудандық кезеңдері өткізілді. Байқауға қатысқан 60-қа жуық оқушылардың ішінен үш үміткер озып шығып, алдағы қыркүйек айында болатын ХҮ Республикалық Абай оқуларына жолдама алды. Олар: 1-бөлім бойынша Жұматаева Бұлбұл (Шәкәрім орта мектебі), 2-бөлім бойынша Советқызы Талшын (Қарауыл гимназиясы), 3-бөлім бойынша Уәлибекова Ділда (Қарауыл гимназиясы). Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Түгелжан Марал Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазда өткен республикалық сайыста 1-орын алды. Оқушылардың тіл байлығын, дарындылығын дамыту, әдебиет пен поэзияға деген, ұлы тұлғалардың рухани мұрасын игеруге деген құштарлығы мен ынтасын ояту бағытында жыл бойы білім бөлімінің ұйымдастыруымен әр түрлі тіл сайыстары, Абай мен Шәкәрім, Шәкір, Көкбай, Махамбет оқулары өткізілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып «Білгенге маржан» атты үш тілде тіл білгірлерінің байқауы өтті. Бірнеше жыл өткізіліп келген жазушы-ұстаз Кәмен Оразалин атындағы қазақ тілі олимпиадасы биыл өзгертіліп, жазушының шығармашылығын жан-жақты насихаттау мақсатында алғаш рет Кәмен оқулары болып ұйымдастырылды. Бұл сайыстар мен байқауларға аудан мектептерінің барлығынан дерлік оқушылар қатысып, бақ сынады. Дарынды балаларды анықтау мақсатында жыл сайын 5-8 сынып оқушылары арасында Қаныш Сәтбаев атындағы кіші олимпиада, ғылыми жобалар конкурсы, математика пәнінен Ғабдолла Асылаев атындағы олимпиада, сонымен қатар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сияқты зияткерлік сайыстар білім бөлімі тарапынан жүйелі түрде ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.
Барлық ауыл мектептерінде жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен арнайы хоккей корттары жасақталып, қысқы спортты дамытуға байланысты мұзайдын құйылып, мұғалімдер мен оқушылар арасында допты хоккейден аудандық жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар арасында Көкбай орта мектебінің оқушылары белсенділік танытып жарыстың жүлделі 1-орынын жеңіп алды.
Волейболдан да мектеп оқушылары арасындағы аудандық жарыс жоғары деңгейде өткізілді, аудан командасы облыстық жарыста жүлделі 2-орындарды иеленіп қайтты; жаттықтырушысы Нұрғазин Ернар. Тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы атап айтсақ Назымқызы Н, Қимадиев С, Асетов А. (жаттықтырушысы Күзембай Назым). Аталған оқушылар 2011-2013 жылы өткен «Сәулетай» облыстық балалар спартакиадасының екі мәрте бас жүлдені жеңіп алды. Бокстан да оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізді, атап айтсақ: Құралов Серікбол, Айымғазин Е, Мәненов Ерболат, (жаттықтырушылары Жанболатов Ұлан).
Футбол ойынын дамытуға байланысты 7 ауылда жасанды футбол алаңы жасақталған, аудан бойынша футбол жарысы жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.
Аудан мектептері бойынша 1450 оқушы мектептен тыс волейбол, футбол, баскетбол, қазақ күресі, бокс, тоғызқұмалақ, теннис, жеңіл атлетика секцияларымен айналысады. Барлық мектептерде аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшелері жұмыс жасайды. Қазақ күресінен де оқушыларымыз облыстық, республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр, атап айтсақ: Жақсылықов Е, Құмаров С, Амангелді А, Абылқасымов Ұ,т.б. Барлық мектептерде спорт залдар жаңа оқу жылына байланысты күрделі жөндеуден өтіп боялып пйдалануға беріліп отыр. Аудандық білім бөлімінің жоспарына сай спорттық шаралар мектептердің демеушілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бүгінде Абай ауданында екі қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Олар Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебі және аудандық балалар көркемсурет мектебі. Бұл мекемелерде жиыны 569 оқушы білім алуда. Саз мектебінде 240, оның Қасқабұлақ филиалында – 64, Саржал филиалында – 90, Құндызды филиалында – 44, Көкбай филиалында – 8, Шәкәрім филиалында – 13 оқушы оқиды. Балалар көркемсурет мектебінде 110 оқушы білім алады. Саз мектебінде 2013-2014 оқу жылында жалпы 49 мұғалім жұмыс жасады. Наурыз айында Семей қаласында өткен амақтық «Semey star» телевизиялық жобаға Жанболатова Сәулет, Ағдариева Ақбөпе қатысып, лауреат атанып қайтты. Оқытушысы Сахариева Фариза.
27-28 наурызда I облыстық «Күй - киелі өнер» атты байқауға саз мектебінен 4 оқушы қатысып, кіші топтан 1-орын Жұмаханова Дарина (оқытушысы Орынжанова Гүлмира), орта топтан Оразқызы Толқын 1-орын (Оқытушысы Қайралапова Жаңыл), қалған 2 оқушы дипломант атанып қайтты. Ұстаздары байқауға жоғары дәрежеде оқушы дайындағаны үшін ШҚО білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
27-28 наурыз күндері Семей қаласында өткен II облыстық «Алтай жұлдыздары» байқауында домбыра номинациясы боынша Мәденова Мадина II-орын (оқытушысы Қайралапов Асқарбек), қыл-қобыз бойынша Бірлікқалиева Асыл III-орын (оқытушысы Ермұқашева Рыскүл), ән-домбыра номинациясы бойынша Төкенов Ербұлан 3-орынға ие болды.
1-сәуір күні Семей қаласында өткен Латиф Хамиди атындағы I Республикалық байқауға ішекті аспаптар бөлімінен қыл-қобыз аспабы бойынша Қайсаханова Мадина (кіші топ) III-орын, Бірлікқалиева Асыл, Толымбекқызы Гүлім (ансамбль, орта топ) II-орын иеленді. Ұстазы-Ермұқашева Рыскүл. Домбыра аспабы бойынша кіші топтан Д.Жұмаханова I- орын алды. Оқытушысы: Орынжанова Гүлмира.
Облыстық «Махамбет оқулары» конкурсында «Асыл мұра» күй номинациясы бойынша Мәденова Мадина III-орын алды. Оқытушысы: Қайралапов Асқарбек.
Достарыңызбен бөлісу: |