Байланысты: «Жылутехника» П ніні О У дістемелік кешені
Карно циклы Француз ғалымы Сади Карно 19 ғасырдың бірінші жартысында жылудың жұмысқа үлкен табыспен айналуын қарастыратын идеал циклді енгізеді.
Бұл қайтымды цикл. Екі изотерма және екі адиабаттан тұратын тұйық цикл болып саналады. Поршень астындағы газ өзінің бастапқы параметрлерімен V, T, P бірінші нүктеден екінші нүктеге ығысады. Бұл кезде ол жылу көзінен q1 (ккал) тұрақты температурада жылу қабылдайды. Осы процесті PV диаграммада тұрғызсақ:
Мұндағы графикалық жұмыс изотермалық процесс кезіндегі 1, 2, 1’, 2’ ауданымен кескінделеді және бұл жұмыс
(6)
сондықтан жылу:
(7)
формуласымен анықталады.
Екінші нүктеде жылу беру тоқтатылып процесс адиабатты түрде ұлғайтылады, бұл процесс 2-3 кескінімен өрнектеліп және адиабаттық ұлғаю кезінде температура Т1 –ден Т2-ге аз болады, ары қарай процесс Т2 температурасында изотермиялық процесінде изотермиялық сығылу процесі жүріп, ол 3-4 кескінімен көрсетіледі және осы процессте q2жылуы әкетіледі. Төртінші нүктеден бастап адиабаттық сығу процесі жүріп, бірінші нүктеде аяқталады, процесс тұйық процесс. Осы процестегі жұмыс:
(8)
Осы жұмысқа кететін жылу шамасы
(9)
Пайдалы жұмыс (Карно циклі кезіндегі) ұлғаю жұмыстарымен сығылу жұмыстарының айырмасына тең. Карно циклінің термиялық пайдалы әсер коэффициенті:
(10)
Адиабаттар үшін термиялық коэффициент:
(11)
Карно циклінің термиялық коэффициент жұмысшы дененің табиғатынан тәуелсіз және ол жұмысшы денелердің температуралар айырмасынан ғана тәуелді. Карно циклінің ең басты маңызы кез-келген жылулық процестерге немесе жылу қозғалтқыштарының термиялық коэффициентінің ең үлкен шамасын табуда практикалық маңызы бар Карно циклінан көретініміз жұмыстың пайдалы жұмысқа айналу кезінде оның біраз энергиясы суыту көзіне немесе суытылып шығын түрінде (жылу шығыны) әкетіледі. Карно циклі мысалынан пайдалы.