Ұйымдағы бейресми топтарының РӨлі және топ жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар



Дата07.02.2022
өлшемі249,74 Kb.
#92850
Байланысты:
ҰЙЫМДАҒЫ БЕЙРЕСМИ ТОПТАРЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ТОП ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ

ҰЙЫМДАҒЫ БЕЙРЕСМИ ТОПТАРЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ТОП ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР


Бақылаудың тиімділігінеәсер ететін бірінші фактор ретінде адамдардың тәртібі қарастырылады. Тиімді бақылау жүргізуге төмендегідей ұсыныстар жасалынып шығарылған:
- қызметкерлер қабылдайтын, мағынасы бар стандарттар жасау
- екі жақты қатынас орнату
- шамадан тыс бақылаудан аулақ болу
- өте қатаң, бірақ мүмкін болатын стандарттар белгілеу
- көрсетілген стандартқа жеткені үшін марапаттау
Екінші фактор. Бақылау тиімді болу үшін стратегиялық сипатта болуы керек, яғни ұйымның алғашқы алғы шарттарын бейнелеп, оларды қолдану
Үшінші фактор. Бақылаудың түпкілікті мақсаты – мәліметтерді жинап, мәселелерді айқындап, стандарт белгілеу емес, ұйым алдындағы мәліметтерді шешу болып табылады. Өлшеу іс-әрекеттері мен олардың нәтижелері жөніндегі хабарландырулар тек қана мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырады.
Төртінші фактор. Егер бақылау басқарудың басқа түрлерімен қарым-қатнаста болса тиімді болады.
Бесінші фактор. Бақылаудың дер кезінде өткізілуі өте жоғары жылдамдығымен, жүргізілу жиілігімен сипатталынбайды. Ол бақыланып отырылғанобьектіде жүргізілген өлшеу жұмыстары мен оны бағалаудың арасындағы уақыт аралығымен көрсетіледі.
Алтыншы фактор. Бақылау, жоспарларға ұқсасболып жатқан өзгерістерге тез арада бейімделуі тиіс.
Жетінші фактор. Ең тиімді бақылау дегеніміз – бұл осы бақылауға арналған мақсаттар тұрғысынан алып қарағандағы өте қарапайым бақылау. Бақылаудың қарапайым әдістері аз көлемдегі күш – жігерді талап етедіжәне де тиімді болып келеді.
Сегізінші фактор. Бақылау жүйесімен бірге әрекет жасап, оны жүзеге асырушы адамдардың қажеттіліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес болған жағдайда бақылау тиімді болад 
Адамдар бір-бірімен араласуды қажет етеді. Сондықтан да ол басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды қалайды. Егерде екі немесе одан да көп адамдар біраз уақыт ішінде бір-бірімен тығыз байланыста болған болса, онда олар біртіндеп бір-бірінің бар екендігін сезініп түсінісе бастайды. Мұндай сезіну дәрежесін талап ететін уақыт жағдайға және адамдардың өзара байланыстарының сипаттамасына өте жоғары деңгейде тәуелді болып келеді. Басқалардың олпр туралы ойлап, олардан бір нәрсені күту сезімі адамдардың тәртібінің біршама өзгеруіне әкеп соғады. Сонымен қатар, ол әлеуметтік өзара қарым-қатнастың бар екендігін дәлелдейді. Жоғарыда айтқан іс-әрекеттердің барлығы орындалып және адамдардың өз еркімен жиналуы-топ негізін құрайды.

Марвин Шоудың айтуы бойынша: топ дегеніміз - бұл екі немесе одан да көп адамдар, басқа адамдарға ықпал етіп және өздері де басқалардың ықпалында жүретіндей бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Кез-келген көлемде ұйым бірнеше топтан тұрады. Басшылық көлденең (бөлімшелер) және тік (басқару деңгейі) еңбек бөлінісі болған жағдайларда өз еркімен топтар құрайды. Кез-келген үлкен ұйымның бөлімдерінде көптеген басқару деңгейлері болуы мүмкін. Қорыта келгенде үлкен ұйым бірнеше жүздеген немесе мыңдаған кіші топтардан тұрады. 
Өндірістік процесті ұйымдастыру үшін басшылық еркімен құрылған топтар – ресми топтар деп аталады.
Ресми топтардың алғашқы қызметі нақты мәселені шешіп, нақты мақсаттарға жету болып табылады. Ресми топтың көлемі оның қызметіне ешқандайда ықпалын тигізбейді.
Ұйымдарда ресми топтардың үш негізгі түрі бар. Олар:
1. Басшы топтар – басшыдан және оның тікелей бағынушыларынан тұрады, ол бағынушылар өз кезегінде топтың басқа мүшелеріне басшы бол алады. Компания президентті мен оның вице – президенттін басшы тобына мысал ретінде көсетуге болады
2. Өндірістік топтар – бұлар жұмысшы немесе мақсаттық топтар депте аталынады. Бұл топтар негізінде тапсырманы орындап жатқан адамдардан құралады. Олар бір басшыға бағынышты болғанымен де басшы топтарынан айырмашылығы бар, яғни олардың жоспарлау кезінде де және өз еңбегін жүзеге асыруда көп мөлшерде дербестіктер бар.
3. Комитеттер – бұл қандай да бір тапсырманы орындауға өкілеттігі бар ұйым ішіндегі топ. Кейде оларды мақсатты топтар, коммиссиялар деп те атайды. Бірақ олар қарастырған жағдайлардың барлығында да шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру іс - әрекеттерін топ болып шешеді. 
Бейресми ұйым – ішкі себептермен пайда болған, белгілі бір мақсатқа жету үшін жүйелі түрде өзара қарым – қатнаста болатын және өзара пайда болған адамдар тобы.
Ресми ұйымдарға ұқсасбұл мақсаттар бейресми ұйымдардаң қалыптасуының себебі болып табылады. Үлкен ұйымдарда бейресми ұйымдардың бір-бірімен байланысып жатқан жүйесі болады
Ресми ұйымның қызметкерлері шешетін міндеттердің, тапсырмалардың сипаты оларды әрқашанда бір-бірімен араласып, өзара іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Мұндай үдемелі әлеуметтік қарым-қатнастардың орынды нәтижесі ретінде өз еркімен пайда болған беиресми ұйымдарды қарастыруға болады
4. Топтың тиімді жұмыс жасауына ықпал ететін негізгі факторлар қатарына мыналар жатады:
Көлемі  – 5-11 мүшеден тұратын тапты – тиімді топ деп қарастыруға болады. Бұл кезде топтың әрбір мүшесіне деген жауапкершілік арта түседі. Ал адамдар саны көп болатын топтарда топ мүшелерінің өз көзқарастарын қорғау мүмкіншіліктерінің қиындауы мүмкін .Топ көлемін ұлғайту бір қатар қиыншылықтарды тудырады.
Құрылымы – көтерілген мәселелер бойынша топ мүшелерінің шешім қабылдауының маңызды себебі ретінде әртүрлі көзқарастарды қолдану арқылы ең тиімді шешімді іздестіру қарастырылады.
Топ ережелері –  топ қабылдаған ережелер жеке адамның тәртібі мен іс-әрекетіне және де топтың қандай бағытта жұмыс жасайтынына ықпалын тигізеді.
Бұл ережелерді төмендегідей жіктеуге болады:
- ұйымға деген мақтаныш пен абырой
- мақсатқа жету
- бірлескен еңбек
- жоспарлау
- бақылау
- өте жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау
- жаңалықтар енгізу 
-тұтынушыларға көңіл бөлу
- адалдықты қорғау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет