Іскерлік әңгіме. Іскерлік қарым-қатынастың ең кең таралған формасы - іскерлік әңгіме. Іскерлік әңгіме - белгілі бір ұйымдардың атынан сөйлесушілердің іскерлік мақсаттағы мәселелерді шешуге бағытталған әңгімесі.
Іскерлік әңгіме.Іскерлік қарым-қатынастың ең кең таралған формасы - іскерлік әңгіме. Іскерлік әңгіме - белгілі бір ұйымдардың атынан сөйлесушілердің іскерлік мақсаттағы мәселелерді шешуге бағытталған әңгімесі.
Алғашқы фразаны бастағанда жасқаншақтық пен сенімсіздік көрсетпеу керек. Ол үшін төмендегідей әңгімені бастау әдістерін меңгерген жөн:
Ширығуды азайту (қиылысу) әдісі: жылы сөздер айтып, әзілдеу арқылы қарсыласын өзіне карату.
«Ұстау, ілу» әдісі: мәселені шешуді сол уақытта болып жаткан оқиғалармен, ерекше сипаттаулармен байланыстыру.
Тікелей әңгіме әдісі (суық әдіс): ешкандай кіріспесіз бірден қажетті мәселеге кірісу. Бұл әдісті тек қысқа әңгімелер үшін, жеңілдеу мәселелерді шешу үшін қолданған дұрыс.