Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты (Әдістемелік ұсынымдар) Уральск 2015



бет1/7
Дата29.03.2018
өлшемі1,11 Mb.
#39789
  1   2   3   4   5   6   7
Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке

дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

«Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты

(Әдістемелік ұсынымдар)

Уральск 2015

Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде каралып,облыс педагогтарына таратуға ұсынылды



Хаттама№

Жинақтаған: облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің логопед-мұғалімдері Р.Е. Маселова, Л.Б.Ажгалиева, А.Ж.Ташенова, Н.В.Панова
Рецензенттер:

Лебедева Н.Н. – Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының инклюзивті арнайы білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы;

Бауетдинова Ш.К. – МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу,инклюзивті, косымша білімді дамыту және тәрбие бөлімінің әдіскері.

Әдістемелік құралда логопунктте ұйымдастыру жұмыстары бойынша

материалдар ұсынылған. Сөйлеу тілі бұзылған балалар туралы негіздеме, түзету жұмыстың түрлері атап өтілген, логопедтің жұмыс істеген кезінде керек құжаттардың тізімі мазмұнына кіреді. Сонымен бірге күнтізбелік және тақырыптық жоспардың үлгілері, сыныптан тыс сөйлеу шараларын өткізуге ұсынылым берілген.

Әдістемегеқосымша сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға толтырылатын логопедиялық тексеру карталары,логопедтік сабақтардың конспекттеріберілген.

Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептегі мұғалім-логопед, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиешілерге қолдануға болады.

КІРІСПЕ
Сөйлеу – бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана алуы, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарға түсініп жауап беру болып табылады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және күнделікті қарым-қатынаста сөздерді қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген.

Сөйлеу тілінің бұзылуы – мектеп жасына дейінгі және бірінші сынып балалары арасында жиі кездеседі. Егер сөйлеу тіліндегі кемістікті уақытымен түзетпесе, бала бастауыш сынып бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездеседі.

Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеубұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерінде жазу мен оқудымеңгеруге, ал келесі кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық пәндер бағдарламаларын меңгеруге кедергі болады.

Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпымектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындаужағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен дер кезінде өткізілуі,логопед осындай балаларға сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге, соның нәтижесіндетолыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.

Тәжірибеге жүктелетін болсақ, онда жүйелі жүргізген жұмыстың арасында бала тіліндегі кемістіктерді түзетуге болады. Сол себепті, баланың сөйлеу тілін түзету барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер іздестіру, қолдану уақытымен сөйлеу бұзылыстарын жоюға әкеледі.

Қазіргі кезеңде көптеген мектептерде логопедиялық пункттер ұйымдастырылған. Оларда логопед-мұғалімі ана тілде сауатты оқуға, жазуға, емін-еркін сөйлеуге көмек көрсетеді.

Мектептегі логопед-мұғалімнің міндеттері:
      1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және алғашқы кемістікке байланысты үлгермеуді болдырмау мен алдын алуға жәрдемдесуі;
      2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруі;
      3) логопедтік пункттарға баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыруы;
      4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен және сөйлеу қабілеттері күрделі бұзылған балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар поликлиникасының, ПМПК-ның, оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің дәрігер-мамандарымен байланысты жүзеге асыруы;
      5) білім беру қызметкерлері, ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізуі, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестер мен ата-аналар (заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;
      6) мұғалім-логопедтердің (аудандық, қалалық) әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы;
      7) білім беру ұйымының әкімшілігі ұсынатын нысан бойынша жыл сайынғы есепті құрастыруы;
      8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы (5 жылда бір рет) және педагогтік қызметкерлер үшін белгіленген тәртіппен аттестатталуы қажет.

Логопедиялық құжаттар және оларды жүргізу
- Оқу жылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары.

- Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы.

- Директормен бекітілген логопедиялық сабақтар кестесі.

- Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары.

- Логопедиялық пунктке қабылданған сөйлеу кемістігі бар оқушылардыңлогопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал.

-Логопедиялық жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары (оқу жылына оқушылардың әр тобына).

-Оқу жылының басында «Логопунктке түзету сабақтарына балаларды қабылдау туралы» бұйрық.

-Логопедиялықжұмыстың күнделікті сабақ жоспарлары (оқушылардың

әр тобына).

- Оқушылардың жұмыс дәптерлері.

- Үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады).

- Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты.

-Жыл бойы өткізілген логопедиялық жұмыс жайлы есеп.

- Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар, ұсыныстар.



1.Оқужылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары(бекітілген үлгідегі (қосымша № 1)ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін құрылады. Жоспар тор көзді дәптерге жазыладынемесе А-4 ақ қағазына басылып шығарылады.

Бірінші бетінделогопедтің ____ оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстыңжалпы жоспары.

Жоғарғы оң жақ бұрышына: «Бекітемін» _______ (қолы) мектеп директорының мөрімен бекітіледі.

Жоспарға логопед-мұғалімнің жұмысының негізгі бағыттарыкіреді:



  • Ұйымдастыру іс – шаралары. Жаңа оқу жылына дайындық(сынып, жоспарлар), 1-4 сыныптарды ауызша және жазбаша тілін тексеру; топтарды құру; сабақ кестесін құру және бекіту.

- Оқу - педагогикалық жұмыстар.Мұғалімдермен, ата-аналармен өзара әрекет ету; сабақтарға қатысу, психолог,дәрігерлермен бірлескен жұмыс; логопедиялық сабақтардынасихаттау (әңгіме, дәріс, әдістемелік бірлестіктер, ата-аналаржиналысының тақырыбы; ПМПК жұмысына қатысу; мектепмәселесімен, кабинетті жасақтау бойынша жұмыс).

- Кеңестік-әдістемелік жұмыс (педагогтарға, әкімшілік, ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру; қоғаммен жұмыс, мақала,газет-журналдарға мақала жазу; «Логопед бұрышын» безендіру; түзету жұмыстың мониторингін жүргізу; зерттеужұмыстары, т.б.).

-Кәсіби біліктілікті көтеру (бастауыш сынып және қазақ тілімұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына, логопедтердіңоблыстық семинар-практикумына қатысуы, жеке логопедтердің жұмыс тәжірибесін зерттеу, қазіргі технологиялар мен әдістемелердіенгізу, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, т.б.).

Жоспарды 3-5 жыл сақтау шарт.



2.Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы үлкен форматтағы (А4) қалың дәптерде тіркеледі. Дәптертігіледі, беттері номерленеді, соңғы бетінде байлау желімделіп, келесіжазу жазылады:

___________бет

___________ басталды

___________ аяқталды

Мектеп директорының қолы және мөрі қойылады. Журнал көпжыл жүргізіледі, сондықтан жыл сайын зерттеу жылы жазылады (Мысалы:2015-2016 о.ж.). Тексеру кезінде журналға келесі мәліметтеренгізіледі:


Р/с №

Аты- жөні

Жасы

Сынып

Тексе

ру күні


Мекен

жайы


Үлгерімі

Логопед

қорытындысы



Ұсыныс

тар


Ескер

ту


Қазақ тілі

Ана тілі


Матема

тика











1

Амиров Аман

6

1 «а»

4.09.15

Достық 56-5










Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі

ІІІ деңгейілі ЖТК-нің № 1 тобына қабылданды

Психолог

тың кеңесі


«Ұсыныстар» бағанында «№ топқа қабылданды», «кезекте тұр»,«кеңес берілді», «ата-аналарға, мұғалімге ұсыныстар жасалды» дегенжазу жазылады.

«Ескерту» бағанында баламен жүргізілген жұмыстың соңғынәтижесі жазылады: «шығарылды», «қалды». Журнал тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін, логопедиялық пунктте сақталады, яғни 9 жылдан кем емес.

3. Логопедиялық сабақтардың кестесі қаржылай есеп беруқұжаты болып табылады, өйткені онда логопедтің жұмысжүктемесі бекітіледі (1 ставка=18 сағат).

Сабақ кестесінде логопедиялық топтың толық аты (сабаққа қатысу

журналы бойынша), сабақтың өткізілген уақыты, апта күндерініңкөрсетілуі болуы керек. Сабақ кестесін мектеп директорыбекітеді.

Сабақ кестесі келесі уақыт параметрлеріне қарайқұрастырылады:

1 сынып оқушыларының оқу уақыты - 35минут, 2-4сыныптараралығы үшін оқу уақыты - 45минут;

топшалардың оқу уақыты – 20-25минут;

жеке оқыту уақыты –15-20 әрбір оқушымен;

топтар арасында 10-15минут үзілістер, ал топшалар арасында 5-10 минут үзіліс болып тұруы мүмкін.

Осы үзілістерді логопед оқушылардың сабақта жазғанжұмыстарын тексеру үшін, есептерде кеткен қателіктерді талдауға,келесі сабақтарды жоспарлағанда осы қателіктерді түзетужұмысынкіріктіру үшін, өзінің қарауы бойынша өзге жұмыстар (балалардысыныпқа жинау, оларды сыныптарына апару, тақтаны дайындау,көрнекі материалды келесі сабақтарға әзірлеу) жасауғапайдаланады.

Логопедтің сабақ кестесі әр топтың балалары аптасына екі-үш рет әр күнде бір уақытта дайындалуы үшін таңдалып құрылады. Бұлбірінші сыныпта оқитын топтар үшін өте маңызды. Фонематикалықпроцестерінің қалыптаспағандығымен шартталған жазу бұзылыстарыбар 3-сынып оқушыларымен және жазу бұзылыстары бар 2-3 және 3-4сыныптардың аралас топтарымен сабақты аптасына 2 рет жүргізугеболады. Дыбыс айтуды түзету бойынша жеке немесе шағын топтықжұмыстар тілдік кемістіктің күрделілігіне байланысты логопедтіңшешімімен аптасына 1-3 рет жүргізілуі мүмкін.



Топ және топшаларды құру. Көп жылдық тәжірибелеркөрсеткендей, логопедтің тиянақты және толық түзету жұмысынөткізуі үшін балалардың максималды саны 25 адамнан аспауы керек. Оқушылардың санының көбеюі түзету жұмысыныңсапасының, нәтижесінің төмендеуіне әкеледі.

Логопунктқа қабылданған оқушыларды логопед келесі топтарғабөледі:

1. Жалпы тіл кемістігі немесе оның элементтері (1- сыныпта оқитындар);

2. Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық немесефонематикалық бұзылуы (1-сыныпта оқитындар);

3. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен негізделген жазу бұзылысы (2-сынып оқушылары);

4. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен,сөйлеу тілінің жалпы дамымауы немесе оның элементтерімен негізделген жазудың бұзылуы (2-3сынып оқушылары).

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар топқа сөйлеу тілініңлексико-грамматикалық, фонетико-фонематикалық немесефонематикалық жақтары, байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған небұзылған 1-сынып оқушылары қабылданады.

Оқу жылында логопунктте 5-6топ жұмыс істейді, топтағы оқушы саны 4-5. Түзету жұмысының топтық түрі бастыболады.

Логопунктке қабылданғандардың көбін 1-сынып оқушыларықұру керек. Мектеп бағдарламасын ұтымды меңгеруге кедерге болатынсөйлеу тілінің бұзылыстары бар 1-сынып оқушыларыныңбарлығының логопунктке қабылдануына ұмтылу керек. Егер логопедбұндай жұмысты атқара алса, онда 2-сыныптағы жазу бұзылыстары бар балалардың саны азаяды.

Мектептік логопунктте жұмыс істейтін логопедтің барлықназары оқушылардағы жазу бұзылыстарын алдын –алуға және сөйлеутілін түзетуге бағытталған. Бірақ сөйлеу тілінің жалпы дамымауыжәне жазу бұзылыстары бар топқа қабылданған балалардың ішіндефонетикалық бұзылыстары бар оқушылар да кездеседі. Бұндайбалалардан логопед дыбыс айтуды түзету бойынша жұмыс үшіншағын топтар құрайды. Топшаларда 2-ден 5-ке дейін оқушылар болуымүмкін.

Логопед бір шағын топқабірдей бұзылысы бар бір немесе әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіре алады. Мысалы, ызыңдыбыстарды түзету бойынша шағын топ. Қажеттілік болса, ондалогопед оқу жылының ішінде бір топшадан екінші топшаға балалардыауыстыра алады. Дыбыс айтуды түзету бойынша топшалармен жұмыстоптық сабақтармен параллель жүргізіледі.

Сабақ кестесінің 1-данасы сабаққа қатысу журналының бірінші бетіне тігіледі, 2-шідана «Логопед бұрышында» орналасады, 3-дана – әкімшілікте (негізінендиректордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарында болады).

Бұлардың көшірмесі логопедиялық сабақтарға қатысатын оқушылардыңсыныбында (мұғалімде, сынып бұрышында) болуы керек.

4. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары(бекітілген үлгідегі (қосымша №2)логопунктке тіркелген жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі, фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтығу, сөйлеудің дыбыс айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар логопедиялық қорытындылар толтырылады.

«Дыбыс айту бұзылуы» деген логопедиялық қорытындысыбар баланың сөйлеу картасын толтырғанда артикуляциялықаппараттың құрылысына және дыбыстың бұзылу сипатына назараудару қажет. Мысалы: р – велярлы, увулярлы, с – тісаралық, ш –төменгі, осындай мысал келтіру міндетті.

Фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға сөйлеу картасын толтырғандаартикуляциялық аппараттың құрылысына, дыбыстың бұзылусипатына, фонематикалық үрдіс деңгейіне, оппозициялықдыбыстарды жіктеуге, анализ және синтез дағдыларына назар аударылады Мысалы: С↔Ш; Б↔П; Р↔Л;

Жалпы тіл кемістігі және фонетико-фонематикалық жетіспеушілігімен негізделген оқу мен жазу бұзылыстары деген логопедиялыққорытындылары бар сөйлеу карталары сөйлеу тілі кемістігінің сипатыбойынша толық болуы керек. Оның ішінде диагностикалық жазбашажұмыс және қателерді талдау хаттамасы болуы керек. Сөйлеу тілініңдыбыстық және мағыналық жағы бұзылғандықтан барлық бағандар дұрыс толтырылуы қажет. Дыбысталудың, фонематикалықпроцесстердің даму деңгейінің, сөздік қордың шектелуі және

жеткіліксіз жіктелуінің, грамматикалық құрылымның бұзылуларыныңсипаттамасы болу керек. Тексеру кезіндегі баланың сөйлеу тілініңмысалдары көрсетіледі. (Таңбалар қолданылады: ауыстыру =,алмастыру ↔). Жыл ішінде сөйлеу картаға логопедтің қандайкемістіктермен жұмыс істегені жайлы жазбалар, сол жұмыстыңнәтижелері жазылады.
5.Оқушылардың логопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал келесі түрде жазылған, бекітілген үлгідегі сыныпжурналы сияқты болуы керек. Мысалы:

____2015-2016____оқу жылына арналған

логопедиялық пункттегі логопедиялық сабақтарға қатысу журналы

_________Батыс Қазақстан____ облысы /қаласы/мектебі

_________Орал қаласының №__ жалпы орта білім беретін мектебі
Журналды толтыру екі тілде жүргізіледі. Бірінші бетте директор бекіткен логопедиялық сабақтар кестесіжазылуы керек. Екінші бетте келесі түрде толтырылатын бөлім:

с №

Логопедиялық топтың аты

Беті


1

№1 топ. ЖТК-нің ІІІ деңгейі. 1 сынып

4-6 беттер

Бір топқа 3-4 бет, шағын топтарға және жеке оқитын әр оқушыға3 беттен беріледі.

Үшінші бетте – зерттеу. Мұнда логопед-мұғалім 1-15 қыркүйекжәне 15-30 мамыр аралығындағы тексеру нәтижелерін тіркейді.

Төртінші бетте сол жақ жартысында үстінде топтың аты,логопедиялық қорытынды, сынып белгіленеді. Мысалы: Топ №1. Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі 1 сынып.

Топтың тізімі алфавиттік тәртіпте жазылады. Баланың аты-жөнітуу туралы куәлігі бойынша жазылады. Күндер мен жыл сандартүрімен (02, 05, 11, 19, 2015ж.), айы қазақ және орыс тілінде. Сабақтаболу жайлы белгі, болмауы – «ж». Оң жақ жарты бетте жазылады:логопед-мұғалімнің аты-жөні. Күні: 02.09.2015ж. және күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспары бойынша өткізілгенсабақ тақырыбы.

Журнал әр сабақтың басында толтырылады. Жеке топтарға жәнежеке сабақтарға берілген беттердің үстіңгі сол жақ жартысындатоптың номерінің орнына жұмыс жүргізілетін бұзылған дыбыстар тобы жазылады.

Соңғы беттердің біреуінде «Демалыс кезіндегі логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын тіркеу» жүргізіледі.

Журналқаражаттық есеп беру құжаты болып табылады.Тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін,яғни 2 жылдан кем емес логопедиялық пунктте сақталады.



6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары(бекітілген үлгідегі (қосымша № 3)әр логопедиялық қорытынды бойынша логопедиялық зерттеу нәтижелері негізінде жасалады.Егер логопунктте бір жас шамасындағы бірдей сөйлеу бұзылысыбар балалардың екі немесе бірнеше тобы болса, онда логопед оларға бір күнтізбелік жоспар құра алады. Топтыңномерін, сыныпты, логопедиялық қорытындыны жазу міндетті.

Жоспар алдында түсінік хаты болады.

Мысалы:

Дыбыс айтуды түзету бойынша жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырыбы


Мақсатымен міндеттері

Сабақ саны

Құрал- жабдықтар

Тілдік материалдар

Оқу- әдістемелік құрал,әдебиеттер

Ескертулер


_______ cынып оқушыларында фонетико-фонематикалық жетілмеуі бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптықжоспары

Тақырыбы


Сабақ саны

Уақыты


Тілдің лексикалық жағынбелсендіру

Фонематикалық естудітәрбиелеу және дамыту

Бағдарламалық материалжәне жұмыс мазмұны

Оқу-әдістемелік құралдар,әдебиеттер

Ескертулер
_______ сынып оқушыларында жазу және оқу бұзылыстары бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып


Мақсаты,міндеттері

Сағат саны

Уақыты

Жұмыстыңнегізгі түрлері



Бағдарламалық материал

Көрнекілік құралдар

Оқу-әдістемелік құралдар,әдебиеттер

Ескертулер


________ сынып оқушыларында жалпы тіл кемістігінің ІІІ-і деңгейі бойынша жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Дыбыстар


Сабақ саны

Уақыты


Дыбыстарды ажырату

Дыбыстық анализ дағдыларынмеңгеру

Сөздік қорды нақтылау, байытужәне белсендіру

Грамматикалық құрылымныңдамуы

Құрал- жабдық

Фонетика, грамматика,орфография саласындағытәжірибелік байыту

Ескертулер
ІІ кезеңдегі жұмыстың күнтізбелік жоспары

Тақырып


Сабақ саны

Уақыты


Құрал- жабдық

Тәжірибелік морфологиялықжалпылаудықалыптастыру

Сөйлемменжұмыс

Дыбыстықанализ бойыншажұмыс

Ескертулер
ІІІ кезеңдегі жұмыстың күнтізбелік жоспары

Тақырып


Сабақ саны

Уақыты


Құрал- жабдықтар

Байланысқансөйлемдерменжұмыс

Сөйлемдерменжұмыс

Фонетикалық жәнеморфологиялықжалпылаулардыжетілдіру

Ескертулер
Анық білінбеген сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуін жою мен алдын-алу бойынша жұмыстың перспективті-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы, мақсаты

Сабақ саны

Уақыты


Дыбыстауды түзету

Фонетикалық естудің дамуы

Дыбыстық анализ дағдыларын меңгеру

Сөздік қорды нақтылау, байыту,белсендіру

Грамматикалық құрылымның дамуы

Тәжірибелікжалпылау(бағдарламалық материал)

Әдістемелік әдебиет, көрнекі құрал,дидактикалық материал

Ескертулер


2 сынып оқушыларында жазу мен оқу бұзылуын түзету

бойынша жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Дыбыстар


Тақырып пенмақсаттар

Сабақ саны

Уақыты

Анализ-синтез дыбыстыңдамыту мен қалыптастыру.



Бағдарламалықматериалдыңмеңгерілуі (тіл, әдебиет,математика)

Көрнекі-құралдар,әдебиет

Ескертулер
7.Оқу жылының басына 15 қыркүйектен кейін мектепдиректоры логопед-мұғалімнің жұмыс уақыты, логопедиялықсабақтар кестесі, оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жалпыжоспары, логопедиялық топтардың толықтырылуы және осы топтарғаперспективалы-тақырыптық жоспарлар бекітілгеннен кейін «Логопунктке түзету сабақтарына балаларды қабылдау туралы» бұйрығын шығарады.

8.Сабақтардың күнделікті жұмыс жоспарын (бекітілген үлгідегі (қосымша № 4) логопед жұмыс кезеңін, тіл кемшілігінің түрін, балалардың жасын,бағдарламалық талаптарды есепке алып күнтізбелік-тақырыптықжоспар негізінде құрастырады.

Сабақтың жоспар-конспектісі әр топқа құрылады. Бір күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша (бірдей жас шамасы,бірдей логопедиялық қорытынды) жұмыс істейтін екі немесе бірнешетоптар үшін бір сабақ жоспарын қолдануға болады. Мысалы: 1-сыныпоқушыларында ІІІ деңгейлі жалпы тіл кемістігін жою бойынша сабақтың жоспары, №1 және №2 топтар.

Сабақтың күнделікті жоспарында сабақты өткізу күні (мысалы: 11.10.2015ж.), сабақтың тақырыбы (күнтізбелік-тақырыптықжоспармен сәйкес келуі керек), мақсаттары мен міндеттері(білімділік,түзету, тәрбиелік), құрал-жабдықтар (көрнекілік,дидактикалық материал) көрсетіледі. Одан кейін сабақ барысы –жұмыстың мазмұны жазылады.

Логопедиялық сабақтың құрылымы сөйлеу кемістігіне, жұмыс кезеңіне байланысты. Мысалы:



Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

-Ұйымдастыру кезі.

-Мақсатты қою.

- Артикуляциялық гимнастика.

- Дыбыс артикуляциясын нақтылау.

- Дыбысты қою.

- Оқшауланған дыбысты бекіту.

- Фонематикалық естуді қалыптастыру бойынша жұмыс.

- Дыбыс пен белгінің (графема) байланысы.

- Үй тапсырмасы.

- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет