Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Күні: Топ аты: «Ертөстік» мектепалды даярлық тобы Білім беру саласы



Дата14.02.2018
өлшемі136,53 Kb.
#37638
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Күні:

Топ аты: «Ертөстік» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: “Қатынас”

Бөлімі: «Ағылшын тілі»

Тақырыбы: Саяхатшы- Бауырсақ- The bun- explorer

«Танысу-Greeting», «1-12 аралығындағы сандар- Numbers from 1 to 12», «Түстер- Colours», «Пішіндер- Shapes»



Мақсаттары:

1) Білімділік: Тақырыптарға байланысты өлең мен тақпақтарды үш тілде түсініп айта білуге баулу. Жаңа технология арқылы тапсырма орындауды және берілген тақырыптарды қайталата отырып, жаңа фразаларды меңгерту, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту;

2) Дамытушылық: Тілдің үштұғырлығын енгізуде қазақ тіліне басымдық бере отырып, орыс және ағылшын тілдерін кіріктіре оқыту негізінде балалардың тілдерін дамыту

3) Тәрбиелік: Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және өз- өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді, этикалық дағдыларды қалыптастыру. Тапсырмаларды жұптаса орындату арқылы еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке, бір-біріне көмектерін аямауға тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері: Монтессори технологиясының элементтері, ТРИЗ технологиясының элементтері, көрнекіліктер бойынша сұрақ-жауап, ойнату, өлең-тақпақ айтқызу, ертегі сахналау, мадақтау, қорытындылау

Сөздік жұмыс: Red, yellow, green, blue, orange, violet, numbers, -Hello, -What’s your name?, -My name is…, square, circle, triangle, треугольник,квадрат, круг, clock, часы, -What time is it? - It’ s … o ’clock, a wolf, a rabbit, a fox, a bear, волк, лиса, заяц, медведь

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ноутбук, сағат, слайд, әр-түрлі пішіндер және аңдардың киімдері, шырша

Тосынсый сәті: Бауырсақ

Әрекет кезеңдері


Мұғалім әрекеттері

Балалардың әрекеттері



Танымды

оятушылық

Амандасу

-Hello,children!

-How are you?

-Балалар, біздің бүгінгі оқу іс- әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Сендердің ағылшын тілін қалай меңгеріп жүргендеріңді көру үшін, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қанекей, қонақтарымызбен амандасып жіберейік!


Шаттық шеңбер:
Қуан- шаттан алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Құрметті біздің қонақтар!
Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите, друг на друга !

Пожелайте добра!


Good morning, good morning! Good morning to you!

Good morning to sun,

Good morning for you!
-Sit down, please!

-Hello, teacher!

-We are fine!

Балалар қонақтарға қарап үш тілде амандасады

Орындарына отырады




Ұйымдастыру-

іздестіру



Құрметті қонақтар, сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Балалар, тынышталыңдаршы! Есікті біреу қағып тұрған сияқты!

-Бұл кім?

Дұрыс айтасыңдар. Ол-Бауырсақ (музыка әуенімен кіреді).

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қай тілде сөйлеп тұрсыңдар?

-Жақсы болды ғой, менде ағылшын тілін үйренетін болдым.


-Бауырсақ сен бізге қалайша келіп қалдың?

Бауырсақ: Сендер білетін «Бауырсақ » атты ертегіден келдім.

-Сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?

-Балалар, біз бауырсақты таниды екенбіз, енді, өзімізді таныстырып жіберейік. Let’s sing a song “What’s your name?”

-Бауырсақ, балалармен танысып алдың.

-Сен қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Мен орманға саяхат жасауға бара жатырмын.

-Сендердің де барғыларың келе ме?



Бауырсақ: Жүріңдер, ендеше кеттік!

The bun and children runs along the road and meets a rabbit.



Қоян: (музыка ойналады) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

(Бауырсақ қорқып кетеді)

-Балалар, сиқырлы экранға қарайықшы! Не көріп тұрсыңдар?

Қоян: Балалар, менің уақытым тығыз. Досымның туған күні болатын еді, сағат неше болды айтып жібересіңдер ме?

-What is it, children?

-Қоянға сағат неше болғанын ағылшын тілінде айтып беріңдерші?!

-What time is it?

-Қоян, балалар саған өзің туралы тақпақ айтқысы келеді. Тыңдап көресің бе?

Қоян: Тыңдап көрелік.

-Өте жақсы! Сендердің жауаптарыңа көңілім толды.

-Бауырсақ, сен, балалардың арқасында менен құтылып кеттің! Менің де сендермен бірге саяхатқа шықсам бола ма?

Бауырсақ: -Рахмет, сендерге!

The bun and children and a rabbit runs along the road and meets a bear.



Аю: (музыка әуенімен шығады) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

(Бауырсақ қорқып кетеді)



Аю: -Аюлар қыс мезгілінде не істейді?

-Дұрыс айтасыңдар, мен қыста ұйықтаймын деп, жаңа жыл мерекесінен құр қалдым. Содан көңіл күйім жоқ. Менің тапсырмам жаңа жыл мерекесінен қысқаша көрініс көрсетсеңдер екен.

-Балалар, біз жаңа жыл мерекесінде не істеп едік? Есімізге түсірейікші!

-Let’s sing a song «Jingle bells»



Аю: -Жоқ, сендер менің көңіл- күйімді көтере алмадыңдар. Мен бауырсақты жеймін!

-Керемет! Сендер менің көңіл- күйімді көтеріп жібердіңдер. Сендердің арқаларыңда бауырсақ менен құтылып кетті. Сендер сондай көңілді балалар екенсіңдер, сендермен бірге саяхаттасам бола ма?

The bun and children, a bear and a rabbit runs along the road and meets a wolf.

( музыка қосылады).



Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

(Бауырсақ қорқып кетеді)

-Балалар, экранға қарайықшы!

-Бұлар нелер?

Олай болса пішіндерді қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде атап шығайықшы!

-Қасқыр аға, біздің бүлдіршіндер пішіндер туралы тақпақ та айта алады. Тыңдап көресіз бе?



Қасқыр: Жарайды тыңдап көрелік.

Тақпақ: « Shapes »

Қасқыр: Жауаптарыңа риза емеспін! Бауырсақты жеймін!
Олай болса, балалар, пішіндер жайлы ойын ойнайық. Ойынның атауы: «Пішінді орналастыр». Сендер қолдарыңдағы пішіндерді, пішіндер ойылып кесілген қорапқа саласыңдар. Ойын шарты түсінікті ме?


Қасқыр: -Жарайсыңдар, балалар!- Бауырсақ, осы жолы ақылды, білімді балалардың арқасында құтылып кеттің. Сендермен бірге саяхаттасам бола ма?

-Бұл- Бауырсақ

-Hello, бауырсақ!

-Ағылшын тілінде

-Білеміз

Балалар хормен айтады

-Барамыз
-Жемеші, сенің кез- келген тапсырмаңды орындаймыз.
-Сандарды

Балалар 1-ден 12- ге дейін қазақша, орысша және ағылшынша санап береді.

-It’s a clock

Кез-келген бір бала сағатты алып, сағат тілін жылжытады

Балалар: It’ s one o’ clock

It’ s two o’ clock

It’ s three o’ clock

It’ s four o’ clock

It’ s five o’ clock

It’ s six o’ clock

It’ s seven o’ clock

It’ s eight o’ clock

It’ s nine o’ clock

It’ s ten o’ clock

It’ s eleven o’ clock

It’ s twelve o’ clock

Балалар, үш тілде тақпақтарын айтып береді.

-Болады


-Жемеңізші! Кез- келген тапсырмаңызды орындаймыз.
-Ұйықтайды, ұйқыға кетеді

Тақпақ, өлең айтқанбыз. Би биледік.

-«Jingle bells» әнін орындағанбыз
-Жемеші бауырсақты, біз саған тақпақ айтып береміз

Үш тілде аю туралы тақпақ айтады


-Әрине, болады!

-Жемеңізші, қасқыр аға! Сіз не айтсаңыз, соны орындаймыз.


-Пішіндер
-үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, треугольник, квадрат, круглый, triangle, square,circle

Shapes are here, shapes are there Shapes are, shapes are everywhere

This is a circle, this is a triangle,

This is a square

Shapes are, shapes are everywhere
-Жемеші, қасқыр аға, біз саған ойын ойнап береміз!

-Түсінікті.

Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды
-Болады



Рефлексивті

түзету

Қорытынды


Бауырсақ: -Рахмет, балалар! Мен аздап шаршап қалған сияқтымын.

-Олай болса, бауырсақ, қасқыр, қоян, аю мен бірге сергіту жаттығуын жасап жіберіп, бір сергіп алайық.



Сергіту сәті:

Міне мынау оң қолым

Міне мынау сол қолым

Шапалақтап соғайық

Тату- тәтті билейік

Міне мынау сол аяқ

Міне мынау оң аяқ

Топ, топ, топ, топ басайық

Жаттығуды жасайық

Хлоп, хлоп, хлопаю

Топ, топ, топаю

Это правая рука

Эта левая рука

Хлоп, хлоп, хлопаю

Топ, топ, топаю

Это правая нога

Эта левая нога

Here is my right hand

Here is my left hand

I can clap, clap, clap

With all my mind!

Here is my right leg

Here is my left leg

I can stamp, stamp, stamp,

With all my mind!

Бауырсақ пен балалар біраз демалып алып, жолға шығады. The bun and children, a bear, a rabbit, a wolf runs along the road and meets a fox.



Түлкі: (музыка ойналады) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

(Бауырсақ қорқып кетеді)


-Балалар, сиқырлы экранға назар аударыңдаршы! Мыналар нелер?

-Бәрекелді! Біз ағылшын тілінде қандай түстерді білеміз?



Түлкі: -Олай болса, мен келесі тапсырмамда өз қулығымды асырып көрейін.

Дидактикалық ойын: «What color is missing?»

Түлкі: -Экрандағы түстердің біреуін жасырып қоямын. Сендер тауып, ағылшын тілінде жауап беріңдер.

-Қанеки, балалар, сиқырлы экранға назар аударайықшы!


-Түлкі, сен өзіңнің қандай қу, айлакер екеніңді көрсете алмадың. Біздің ақылды, білімді балаларымызды алдау мүмкін емес. Келісесің бе?

Түлкі: - Сендер менің ашуыма тидіңдер, мен, бауырсақты жеймін!

-Жарайсыңдар, балалар! Сендермен бірге саяхаттасам болады ма?

-Міне, балалар, бауырсақпен саяхатымыз аяқталды. Өз тобымызға да жеттік. Жұптаса жүріп, топтаса жүріп талай-талай қиындықтарды жеңдік. Бүгін бәріміз бауырсақты кімдерден қорғап қалдық?

-Бізге кезігіп қалған аңдардың атауларын ағылшын тілінде айтып көрейікші!

-Бауырсақ, бізбен жүріп ағылшын тілін меңгеріп алған шығарсың?

Бауырсақ: -Рахмет, сендерге балалар! Сендердің маған көп көмектерің тиді, сонымен қатар ағылшын тілінде сәлемдесуді, танысуды, түстерді, пішіндерді, сандарды үйрендім. Мен одан ары саяхатымды жалғастыра берейін.

-Сау бол! -дегенді ағылшын тілінде қалай айтады?

-Good- bye!

-Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс- әрекетіміз ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіне сендер жақсы қатыстыңдар. Мен сендердің әрқайсыларыңа жұлдыздарды таратып беремін. Жұлдыз қандай бағаны білдіреді?

-Демек, барлығың «5» деген бағаға лайықтысыңдар.

Балалар, сендер, бүгінгі ашық оқу іс- әрекетінде, бір-

біріңе жақын болдыңдар, ұйымшылдық, бірліктің арқасында талай қиындықтарды жеңдіңдер әрі, достықтарың нығая түсті. Сендерді шаттық шеңберге шақырамын. Қанеки достық туралы тақпағымызды айтып жіберейікші!

Олай болса,қонақтарымызбен қоштасайық!

Thank you, very much!

Our lesson is over!

-Good- bye, everybody!


Балалар орындарынан тұрып, бауырсақ, қасқыр, аю, қоян мен бірге өлеңді іс- қимылдарымен көрсетіп, хормен орындайды

-Жемеңізші! Біз сіздің берген тапсырмаңызды бұлжытпай орындаймыз.

-Түcтер


- Red, yellow, green, blue, orange, violet

Балалар ағылшын тілінде тапсырманы орындайды

Интербелсенді тақтадағы тапсырманы мүдірмей, дұрыс орындайды.

-Жемеші, бауырсақты, біз саған тақпақ айтып береміз!

Балалар түстер туралы тақпақ айтады

-Болады
Оны аюға, қасқырға, қоянға, түлкіге жегізбей қорғап қалдық.

-A bear, a rabbit, a fox, a wolf

-Good- bye, бауырсақ!

Балалар сұрақтарға жауап береді
-Бес деген

We love, love

Around the world

We glad, glad

Near to the friend
Good- bye, good- bye see you again! Good- bye, good- bye see you my friends!

Good- bye, good- bye see you again!

Good- bye, good- bye see you my guests!

-Good- bye!



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Өлең мен тақпақтарды жатқа айтып, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде тапсырмаларды топтасып орындай алады

Болу керек: Зейінді, ұқыпты, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған болу керек

Істей білу керек: Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын бұлжытпай орындай білуі керек

Пән мұғалімі: Әлімжан А.Е

ШҚО,Аягөз қаласы, №6 бөбекжай- балабақша

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет