Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балаларға «Күн мен жаңбыр» әнін (Г.Абдрахманова) қайталату. Зал іші күз мезгілі бейнеленген және Күннің жарқырап күліп тұрған, жаңбырдың себелеп жауып тұрған суреттерімен безендіріледі.Күн жайлы айтылғанда шапалақ соғуды сұрау. Шуақтармен ырғақтарды қайталап көрсету. Жаңбыр жайлы айтылғанда «тырс-тырс» деп айта отырып, оң қол саусақтарын сол қол алақанына тырсылдатуды естеріне түсіреді, үйретеді, қайталатады. Әнді еркін айтуды сұрайды.
«Күн мен жаңбыр» ойыны («Ақ желкен» СД.) Үнтаспадан жаңбыр үні естілгенде қолшатыр астына тығылу. Әннің қайырмасын жеңіл секіріп, би қимылдарын жасау. Ойын екі-үш рет қайталанады.
|
Балалар әуенді естеріне түсіреді. Күз, Күн, жаңбыр, су бейнеленген суреттерге қарап, дұрыс айтуға талпынады. Ырғақтарды шапалақпен соғуды қайталайды.
«Тырс-тырс» дыбысын, сөздерін анық айтып, саусақтарын тырсылдатуды қайталайды.
Күн күркірегенде қолшатыр астына тығылады.
Әуенге ілесіп, өкшесін қоюға, секіруге, бір орында айналуға машықтанады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |