«Балабақшаға барамын» (музыкасын жазған Ө.Байділдаев, сөзін жазған К.Сүлейменов).
Әнді алдымен музыка жетекшісі орындап береді.
-Әнде не туралы айтылды?
-Бақша сендерге ұнай ма?
Алдымен мәтінін үйреніп, әуенді анық айтуға үйрету. Ән көңілді ме, көңілсіз бе? Әннің бірінші шумағын үйреніп, екінші шумағы келесі сабақта жалғастырылады.
Әуенді қимыл-қозғалыс: «Достастық»
(музыкасын жазған Р.Рустамов)
-Балабақшада балалар бір-бірімен кейде ренжісіп, өкпелеп қалады. Содан кейін көп ұзамай татуласады. Қазіргі үйренетін биіміз «Достастық» деп аталады.
|
Балалардың жауаптары:
Ойнаймыз, тамақ ішеміз, серуендейміз, өлең айтамыз, ертегі тыңдаймыз.
Балалар білгендерінше жауап беруге тырысады. Жүгіруге, жеңіл айналуға болады.
Балалар өткен сабақтағы әндерді естеріне түсіріп қайталайды. Балабақша туралы әнді көңілді айтуға тырысады.
Алдымен бір-біріне арқаларын беріп, өкпелеп тұрады. Аяқтарымен жерді ұрады. Әуен өзгергенде бір-біріне қарап қолдарын шапалақтайды, тез айналатын жерінде қол ұстасып бірге айналады да, соңында құшақтасып татуласады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |