Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет3/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1 цифрын ,үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі(үлкен , кіші , кішкентай) болатынын; «тез», «баяу» ұғымдарын дұрыс пайдалануды ;

Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген фигуралардың ішінен үшбұрышты таба білуді; \

Меңгереді: өщіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен , кіші, кішкентай) салыстыруды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №7
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: 2 саны және цифрымен танысу. Қысқа , ұзын . Сопақша (көптеген фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты: 2 саны және оған сәйкес 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрының

Сандар қатарындағы орнын анықтау; 2 цифрын өзге ыифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту ; өзіне таныс заттарды көлеміне , ұзындығына қарай ( ұзын , қысқа) салыстыра алу дағдыларын дамыту ; геометриялық фигура - сопақша туралы өткенді пысықтау , оны өзге фигуралардың арасынан табу.

Әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , ойын, көрнекілік , түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: Қысқа , ұзын заттардың суреті, сопақша пішіндегі заттар суреті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: 1ден 5ке дейін санау

Қостілділік компонент/билингвальный/: екі-два, қысқа-короткий, ұзын-длинный

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотвациялық-ояту


1 – тапсырма.

Педагог балаларға мынадай жұмбақ жасырады :

Далада жүрген түйенің

Іші пысты, жалықты.

Төлі келіп қасына

Қатары оның толықты.

  • Далада неше түйе жайылып жүр?

Балалар суреттегі түйелерді санайды. Педагог суреттің астындағы жолақтың ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады

Педагог балаларға 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтауды тапсырады

Екі түйе жайылып жүр.


Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


2- тапсырма .

Педагог өлең оқып береді .

Басында бар ілмегі,

Ортасында тірегі,

Толқып қанша жүрсе де ,

Тұрады екінші үнемі.

Балаларға өлеңді жаттау ұсынылады. Педагог балалардан көп цифрлардың арасынан тек 2 цифрын ғана қоршап сызуды тапсырады .

«Кім бірінші ?». Сергіту минуты.

Бұл тапсырманы орындау үшін ұзындықтары әр түрлі екі лента қажет болады (1 метр және 1,5 метр ). Педагог екі баланы тақтаға шақырып алып оларға бір – бір лентадан ұстатады және лентаны қолдарына орауын сұрайды.

Бір баланы қолындағы лентаны қысқа (көрсету керек), екіншісінің ұқолындағының ұзынн (көрсету керек) екендігін еске салады.

Ол балалардан сұрайды:



  • Лентаның бірі неліктен тез оралды?

3-тапсырма.

Педагог балаларға сопақшаның ең үлкенін мжасыл қарындашпен, кішісін көкпен, ал ең кішкентайын қызыл түспен бояуды тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды:

  • Неше сопақша боялды?

  • Сопақшалардың көлемі қандай?

4-тапсырма.

Педагог өлеңді оқиды:

Шөл даланың серкесі,

Өзінің бар өркеші.

Анда-санда шөлдейтін,

Түйеге жол көрсетші.

Педагог балаларға ұзын жолды сары қарындашпен, ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсырады.

  • Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?

  • Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?

  • Түйе қайсы жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді?

Балалар өлеңді тыңдайды. Педагогпен бірге қайталай отырып, өлеңді жаттайды.


Барлық 2 цифрын тауып, қоршайды.
Балалар лентаны қолдарына айналдырып бірнеше рет орайды. Содан соң қысқа лентаның тез, ал ұзын лентаның баяу оралатынын ұғынады.
Үш сопақшаны боядық. Үлкен, кіші, кішкентай.
Өлеңді тыңдайды.

Балалар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Сары жол ұзын.

Жасыл жол қысқа.

Жасыл жолмен жүрсе тез жетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар өздері атқарған жұмысқа баға береді.

Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 2 цифрын, сопақшаны;

Игереді: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына (ұзын-қысқа) қарай салыстыра білуді;

Меңгереді: сопақша туралы түсінікті, соған ұқсас пішіндегі заттады таба білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №8
Күні:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс – жақын.

Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу; 1, 2, 3 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру; «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айырна білуге үйрету.

Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, сюжетті суреттер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Кеңістікті бағдарлай білу

Қостілділік компонент/билингвальный/: Екі-два, алыс-далеко, жақын-близко


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту бөлімі


Педагог балаларға бірнеше жұмбақ жасырады:

Далада жүр шапқылап,

Керемет , тым саққұлақ .

Тек есектен басқада

Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады,

Жап – жасыл сақалы

Жерге шығып тұрады

Балалар жұмбақтардың жауабын шешеді.

Қоян
Сәбіз

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма.

Педагог балалардан суретте неше сәбіз, неше қоян бар екенін сұрайды.

Суреттегі заттарды санату арқылы 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекітеді.

Содан соң екі дөңгелек пен 2 цифрын бояуды тапсырады.

2-тапсырма.

Педагог сол жақта қандай цифр тұрғанын сұрайды. 2 цифрына қанша зат сай келсе, сонша затты бояуды тапсырады.

Заи пен санды сәйкестендіре білуге үйретеді .

Сергіту минуты.Ойнақтаған ор қоян, (жүгіреді). Түлкіні көріп орманда (құйрығын бұлғаңдатады).

Орғып – орғып секірді (секіреді),

Бұтаға барып тығылды (отыру).

3-тапсырма.

Педагог балаларға циырмен саны жағынан сәйкес келетін суреттерді сызық арқылы қосуды тапсырады.

Балаларға сұрақтар қояды.

  • 1цифрын қай карточкамен қостыңдар ?

  • 2 цифрын ше ?

  1. цифрын ше?



4-тапсырма.

Педагог балаларға суретті мұқият қарап шығып,алыс ( қашық), Жақын салынған заттардың атын атап беруді сұрайды.

Балаларға мынадай тапсырмалар беріледі:

  • Қоянға жақын тұрған сәбізді бояңдар.

  • Сәбізден қашық тұрған қоянды бояңдар.



Балалар бояу жұмыстарын орындайды.


Сол жақта 2 цифры тұрғанын айтады.

  1. қамзол мен 2 қалпақтыи бояйды.



Балалар жаттығуларды педагогпен бірге жасайды.


Орманжапырақтың суреті бар карточкамен .

Екі алманың суреті салынған карточкамен.


Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді.
Балалар тапсырманы дәптерге орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін- өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мадақтау айтады.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 2 цифрын,« жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды. Игереді:2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді және 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

Меңгереді:2 цифры туралы түсінікті.Алыс пен жақынды ажыратуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №9

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы:3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру.«Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз).

Мақсаты:3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу; «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Үлестірмелі материалдар: 2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары бар 2түсті тәрелкелері, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Уақыт белгілері жайлы ойындар ойнату

Қостілділік компонент/билингвальный/: үш-три, кеше-вчера, бүгін-сегодня


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі



Үлестірмелі матиралдармен жұмыс.

Педагог балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіреді. Педагог қанша десе сонша үшбұрыш салынуы тиіс және олар қай жерде неше үшбұрыш бар екенін айтып беруі керек. Балаларға берілетін тапсырма, жоғарғы жолаққа 1 қызыл үшбұрыш , ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.

Балалар сұрайды:

  • сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?

Содан соң 2-3 баланыа қасына келіп, олар салған үшбұрыштарды санайды. Қайсы үшбұрыш артық (кем) екенін анықтайды: 1 немесе 2.

Педагог балалардан әр жолақтағы үшбұрыш санын тексеруді (яғни, 2- ден болуын) өтінеді.

Балалар үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс істейді.

Балалар жауап береді.

Балалар үшбұрыштар тең болуы үшін не істеу керектігін табады: теңдей (2-ден болуы үшін) болуы үшін 1 үшбұрыш қосылады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Айгүл келді бірінші боп бақшаға,

Қосылды оған Бибігүл мен Маратта,

Балғындарды ойнап жүрген

да.

Педагог топтағы

Санап берші сен бізге бір ойлан суретте қанша бала болса, жолақтың ішіне сонша дөңгелек салуға тапсырма береді.

Педагог өлең оқып береді:

Үш дегенің екі ілмек,

Тұратын қармағын сермеп


Үшінші боп тұратын ,

Мұны әркім білмек.



  1. цифрының баспаша жазылуымен таныстырады.

2- тапсырма.

Педагог балалардан 3 цифрының қатардағы орнын табуды және оны бояуды өтінеді. Көп моншақтың ішінен тек 3 моншақты ғана санап бояйды.

«Үйеңкі». Сергіту минуты.

Желменен ағаштар

Тербеледі әрдайым

Бір иілді, екі иілді

Сыңғырлады жапырақтар

3- тапсырма.

Педагог балалрға сұрақ қояды:

-қазір қай жыл мезгілі? (күз)

Балалар күз туралы білетін тақпақтарын айтады.

Педагог жылдың 4 мезгілі (күз, қыс, көктем, жаз) суреттелген суреттерді іледі. Балалармен бірге талқылайды.

Педагог күзгі түнгі ағаштарын тауып, бояуды тапсырады.

4-тапсырма

Педагог балаларға бүгін немен айналысқандығын түсіндіреді. Олардан кеше не істегінін сұрайды.
Содан соң ертең не істейтіндерін сұрайды.

-Дәптердегі суретке қараңдар.

Суретші ағаштың суретін бірнеше күнде салып шықты. Қайсысын қай күні салғанын суретшінің мына әңгімесіне қарап өздерің табасыңдар:

«Күзде ағаштардың жапырақтары тез түсіп қалады. Сондықтан суретті әр күні салатын болған соң оны бірдей етіп салу мүмкін емес. Мен мына ағаштың суретін кеше және бүгін салдым. Енді суреттің қайсысын кеше, қайсысын бүгін салғанымды табыңдар.»

Педагог баларға тапсырма береді:

-Ағашта ертең қанша жапырақ қалатын болса, сонша жапырақ салыңдар. Қанша жапырақ саласыңдар?


Балалар жұмбақты шешеді.

Үш дөңгелек салады.


Балалар өлеңді бірге қайталайды, жаттап алады.
Сандар қатарындағы 3 цифры мен 3 моншақты бояйды.

Тапсырманы дәптерге орындайды.
Балалар қолдарын жоғарға көтеріп, өлеңнің мәтініне сай қозғалады. Өлең 2-3 рет қайталанылады.

Балалар суреттермен танысқаннан кейін, жыл мезгілдерін атап көрсетеді.

Суреттерді бояйды.

Сабақ оқу, серуендеу, түскі ас ішу, ұйықтау және т.б. театрға бардық, сурет салдық, ойнадық, серуендедік, теледидар қарадық.

Балабақшаға барамыз, театрға барамыз, қонаққа барамыз.

Балалар суретшінің кеше және бүгін салған суреттерін санайды. Күнде екі жапыраққа кеміп отырғандығын аңғарады. Олай болса ертеңгі салатын суретте ағаштың жапырағы екіге кемиді.

Кеше салған ағашта 6 жапырақ болды. Бүгін салған ағашта 4 жапырақ қалды, олай болса ертең салатын жапырақта 2 жапырақ қалады. Балалар үшінші ағашқа екі жапырақтың суретін салады.

Рефлексиялық-түзету кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған
жұмысқа баға беру.


  • Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер.

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын
педагогтың қолындағы
үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 3 цифрын; «кеше, бүгін, ертең» деген ұғымдарды дұрыс қолдана білуді, жыл мезгілдерін (күз) білу;

Игереді: санадар қатарынан 3 цифрының орнын табуды.

Меңгереді: «кеше, бүгін, ертең» ұғымдарымен сөйлем құрастыра білуді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №10
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:ҚМТҚ.

Тақырыбы:1,2,3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік- аласа. Баланың зейінін дамыту.. Цифрды заттың санымен салыстыру.«Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз).

Мақсаты:3 саны мен 3 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру. 1,2,3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру. Өзіне таныс заттарды биіктігіне (биік, аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылысалыстыру қабілетін дамыту.бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.

Үлестірмелі материалдар: заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: 1 ден 5 ке дейін заттарды санау

Қостілділік компонент/билингвальный/: жыл мезгілдері-времена года

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту кезеңі


Үстелде 1 ден 10ға дейінгі сандар жатыр.

Педагог таныс цифрды тауып, ол туралы өлең оқып беруді өтінеді.

Балалар цифр туралы өлеңдер айтады...



Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


1-тапсырма

Педагог балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді.

Балалардан сұрайды:

-Қымыз құятын неше кесе боядыңдар?

-Қанша кесе боядыңдар?
2- тапсырма.

Педагог балалар ға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді.

Балаларға сұрақ қояды:

-сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар?
-Дөңгелектердің ше?

-Ал шаршының астындағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар?
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Бағандардың түсі қандай?

Қайсысы биік (аласа)? Оны қалай білеміз?

Содан кейін сол қолға аласа бағанды, ал
оң қолға биік бағанды алуды сұрайды. Педагог 3-4 баланы шақырып, олардан қай қолындағы бағанның биік, ал қай қолындағы аласа екендігін сурайды.

Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді.

«бәріміз біргеміз». Сергіту минуты.

Оңға бір қадам

Солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз

Алға бір қадам

Артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Педагог суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік-аласа » деген сөздерді қолданып үйретеді.

Балалардан биік үйдің қайсысына аласа ағаш, ал аласасының қайсысына биік ағаштың суретін салуды сұрайды.

3-тапсырма

Педагог балалрға өлең оқып береді:

Үй жанында байланған,

Бар ғой әсем күшігім

Бұлғаңдатып құйрығын,

Күзетеді үйшігін.

Балалрға тапсырма береді:

-Иттерді жақсылап қарап шығыңдар және оларды бір бірінен қандай және қанша айырмашылығы барын табыңдар.

Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып көрсетуі тиіс. Содан соң 4 дөңгелекті бояйды.


Үш торсық

Үш кесе

1 цифрын, өйткені карточкада бір ғана сопақша бейнеленген.

Үшеу, өйткені карточкада үш дөңгелек бар.

  1. цифрын өйткені, карточкада екі шаршы бар.


Балалар бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.

Балалар жаттығу жасайды.

Балалар жауап береді: сол жақта-биік, оң жақта-аласа.

Биік үй мен аласа үйді салыстырады.
Бірінің мойнында қарғыбауы бар, ал екіншісінде жоқ; бірінің құйрығы салбырап тұр,екіншісінің құйрығы көтеріліп тұр; бірінің табаны жоғары қарап тұр, екіншісінікі олай емес; бірінің құлағы көтеріліп тұр, екіншісінікі салбырап тұр.

Рефлексиялық-түзетушілік кезеңі

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштардың суретін салдыңдар?

Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3 цифрларын, «биік, аласа» түсініктерін;

Игереді:екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді; өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік, аласа) салыстыруды; заттарды сол белгілеріне қарай біріктіруді;.

Меңгереді: 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет