Игереді:сандық және реттік санауды айыра білуді, «қанша?», «нешінші»сұрақтарына дұрыс жауап беруді;цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
Меңгереді: 1-5-ке дейінгі сандар туралы,заттың орналасуы жөнінде түсінікті(жоғары,төмен,арасында);ұзындығы бойынша 5 заттың арасындаңы сәйкестікті қоюды;ұзындығының артуына және кемуіне байланысты заттарды қатаға қоя білуд Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №28
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.Баланың зейінін дамыту».
Мақсаты: цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;математикалық жұмбақтарды шешу; баланың зейінін дамыту.
Меңгереді: қағаз бетңнде бағдарлау туралы түсінікті(сол ,оң жақта,жоғарыда,төмен).
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №30
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: заттың санын цифрмен сәйкестендіру;үлгі бойынша санау.Нақты заттарды геометриялықденелермен салыстыру.сол,оң жақта.
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіру қабілетін нығайту;айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көру қабілетін нығайту; заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды үйрету.
Педагог балаларға тапсырма береді. Қалқанқұлақтың нені жинайтынын, ал қолтырауын Генаның нені жинайтынын бағдаршам мен көрсетіуі тиіс.Ол үшін ағаштардағы алмалармен алмұрттарды санап шығып, олардың қолындағы сәйкес келетін цифрға бағыт сызығымен қосу керек.Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Гена не жинады?
-Қалқанқұлақ не жинады?
2-тапсырма.
Педагог жолақтарға сол жақтағы цифрларға сәйкес келетіндей етіп фигуралар салып шығуларын сұрайды. Тапсырманың орындалу ретін қадағалап, сұрақ қояды:
-Неше үшбұрыш салдыңдар?
-Неге?
Осылай барлық жолақтар бойынша жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту минуты.
Жаттығулар балалардың қалаулары бойынша өткізіледі.
3-тапсырма:
Педагог балаларға геометриялық
фигураларды көрсетіп, олардың атын атап берулерін өтінеді.
-Неге оларды жазық фигуралар деп атайды?
-Біз өткен сабақтарда қандай көлемді фигуралармен таныстық, оларды кім атап бере алады?
Педагог дәптердегі тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды:
-Заттардың атын атаңдар?
Содан соң балаларға шар мен текшені өздеріне ұқсас фигуралармен қосуды тапсырады. Нақтылайды:
-Шарды немен қостыңдар?
-Текшені ше?
4-тапсырма:
Педагог:
-Қалқанқұлақ орманда келе жатыр.Ол сендерден жолдың оң жағы мен сол жағында кездескен заттардың атын атап шығуға көмектесулеріңді сұрайды.
Педагог балаларға Қалқанқұлақтың оң жағындағы заттарды бояуды тапсырады.Содан кейін олардан нені бояғандарын сұрайды.Нақтылайды:
-Қоянды қандай түспен боядыңдар?Неліктен?
Ағашта 5 алмұрт бар,ал Генаның қолындағы кестеде 5 саны жазылған.
Алма ағашында 4 алма бар, ал Қалқанқұлақтың қолындағы кестеде 4 саны жазылған.
Төрт.
Өйткені бір үшбұрыш салынған. Тағы төртеу салсақ, бесеу болады және сол жақтағы 5 деген цифрға теңеседі.
Өйткені олардың көлемі жоқ және біз оларды алақанымызбен жаба аламыз.
Текше және шар. Қорап, доп, әріптер жазылған текше.
Шарды доп пе жібі бар шармен қосамыз.
Текшені қораппен, ойыншық текшемен. Балалар заттарды қарап шығады және олардың атын атайды.
Қоян мен үйшік. Сұр түспен. Өйткені ол жазда сұр болады.
Рефлексивті-түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балалардан мына нәрселерді еске түсіруді сұрайды:
-Текше мен шарға ұқсайтын тағы қандай заттар бар?
-Қолтырауын Гена нені жинады?Ал Қалқанқұлақ ше?
Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.
Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, заттың орналасқан ретін сөзбен баяндауды;
Меңгереді: айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көре білуді, текше, шар сияқты геометриялық денелер туралы түсінікті;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №31
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математиқалық жұмбақ. Алыс, жақын. Баланың зейінін дамыту».
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету, логикалық тапсырмаларды көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді үйрету.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын
Қажетті көрнекті құралдар: қуыршақ театрының кейіпкерлері
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: зейінін аудару есептері
Балалар, үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен өлең оқимын, ал сендер мұқият тыңдап соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды және тиісті цифрларды көрсетеді.
Ұйымдастырушылық
ізденіс кезеңі
1-тапсырма
Қуыршақ театрының кейіпкерлері
-Қоян, тышқан және аю балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Олардың әңгімесіне педагог араласты. Сөйтсе, достар кімнің және қайда баратынын шеше алмай отыр екен. Педагог қонақтарға басу айтады және балалардан көмек сұрап көрелік деген ұсыныс жасайды.
Педагог балалардан сұрайды:
-Суреттегі көліктердің аты қандай және оның неше дөңгелегі бар?
Нақтылайды:
-Аңдардың кейімдеріндегі цифрлар ойыншықтың дөңгелегінің саны мен сәйкес болуы кеерк. Ендеше сан нешені көрсетсе, аңдар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді.
-Бағыт сызығы мен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер
-Қоян сұрайды:
-Машина кімдікі?
Тышқан сұрайды:
-Самокат кімдікі?
Педагог балалрдан:
-Велосипед кімдікі?- деп сұрайды.
Аңдар балаларға алғыс айтып, кетіп қалады.
Қоян балалармен бірге қалады.
2-тапсырма
Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді.
«Сұр қоян» сергіту минуты
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлнермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпақдап,
Көжегі екен өзінің
3-тапсырма
Қоян айтады:
-Менің үйім тиінмен кірпінің үйлері арасында. Кәне, балалар, айтыңдаршы, біздің қайсысымыз тиіннен алыс тұрамыз? Мен бе, әлде кірпі ме? Кәне, жауабын тауып көріңдер.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, педагог балалрдан сұрайды:
-Неше дөңгелек боядыңдар?
-Қандай айырмашылық таптыңдар?
Самокатта екі дөңгелек, велосипедте 3, машинада 4 дөңгелек бар
Аюдікі. Өйткені оның киімінде 4 деген цифр бар
Қояндікі, өйткені оның киімінде 2 цифры бар Тышқандікі, өйткені оның киімінде 3 цифр бар Балалар жасырынып тұрған қояндардың барлығын санап, 5 қоянды бой\яйды.
Балалар өлеңнің мәтіні бойынша қоянға тән қимылдарды жасайды
Балалар суреттен қоянның үйін тауып көрсетеді.
Тиіннен ең алыс тұратын кірпі. Өйткені кірпінің үйі менің үйімнен кейін тұр.
Қоян мен оның үйін бояды.
Төрт айырмашылықты тауып, төрт дөңгелекті бояйды. Сол жақтағы суретте күн, оң жақтағысында бұлт тұр, оң жақтағы суретте көбелек бар, сол жақтағыда жоқ.
Сол жақтағы суретте ағаштың жапырағы бар, ал оң жақтағыда жапырақ жоқ.
Оң жақта тұрған суретте гүлдің жапырақтары бар, ал сол жақтағы суретте гүл жапырағы жоқ.
Рефлексивті-түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтайды.
Балалардан қорытынды шығаруды сұрайды: 4 артық па,5 артық па?
Балалар қорытынды шығарады: 5саны 4-тен үлкен, 4саны 5-тен кіші..