Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1 Күні: Тәрбиеші: Білім беру саласы



бет1/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4507
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)

Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен салыстыру, оларды теңестіру, таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әртүрлі болатынын түсіндіру.

Қажетті көрнекі құралдар: бос жолағы бар 2 карточка , үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы (материал).

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Геометриялық фигуралармен танысу, санауды қайталау

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Қостілділік компонент/билингвальный/: үлкен-большой, көп-много, аз-мало.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


«Жұмақтар және олардың шешуі» ойыны

Педогог балаларға жұмбақтар жасырады

Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекті ай табақта

Алтын алма тербелер,

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер
Қалпағы бар,

Басы жоқ

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлан, тап, не екнін.


Шырша

Күн
Саңырауқұлақ


Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Дәптермен жұмыс.

Педагог 1-тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.

  • Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

  • Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

  • Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыруды ұсынады. 2-тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде орналастырылады.

Педагог дәптерге орындау үшін мынандай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай шәйнекке дейін жол «салыңдар».

Педагог балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту минуты.

Оңға қарай иілдік,

Солға қарай иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3- тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

  • Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

  • Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

  • Тақия көп пе, әлде киіз үй көп пе?

Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3- тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орамның пішіні-

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

  • Барлық шеңберлерді бояңдар.

  • Неше шеңбер боядыңдар?

  • Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.



Балалар сұрақтарға жауап береді:

Шырша бүрі, кірпі, күн, саңырауқұлақ, шырша.

Балалар Күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.
Балалар үлкен шәйнекпен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнекпен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.

Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.


Балалр жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Рефлексиялық-түзетушілік


Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Педагог балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса- сары шеңбер, ал егер қате көп болса- қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс- бәрі дұрыс деген сөз, сары түс- кішкене мұқияттау болу керек, қызыл түс- кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Педагог балаларға осыны түсіндіреді.

Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:

  1. Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.

  2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен қосуларың керек.

  3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір-бірімен қосуларың керек.

Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды;

Игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді, өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырп, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді.

Меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №2
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы:саны 3-ке, 4-ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау.

Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету; үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мзгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту; заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту; қағаз бетіне бағдарлай алу..

Қажетті көрнекі құралдар: әр балаға бос 2 жолағы бар карточка мен фигуралары (2 шаршы, 3 үшбұрыш, 4 шеңбер) бар тәрелке беріледі.

Әдіс-тәсілі: демонстрациялық, сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жыл мезгілдері туралы әңгімелесу, санауды қайталау

Қостілділік компонент/билингвальный/: Жыл мезгілдері-времена года, күз- осень


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педогогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Педогог үстелдің үстіндегі 2,3,4-тен топтастырылған заттарды санатады. Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды. Сандар туралы өлең оқып беріңдер.

Балалар заттың атау мен санын сйкестендіре отырп санайды


Ұйымдастырушы-

лық ізденіс кезеңі


Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма. Педагог балаларға мынандай тапсырмалар береді:

  • Жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарларды санап шығыңдар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салыңдар.

  • Доптарды санаңдар және сендерде бос орынға сонша доптың суретін салыңдар.

  • Кәне, неше шар (үш), неше доп (төрт) салдыңдар?

  • Доп көп пе, әлде, шар көп пе?

Суреттерді салыстырады.

Жұмбақ шешу.

Төрт аяқты, тағанды

Тасиды ол адамды

Жанармайды құйып ап

Тез жүріп ол зулайды

(автокөлік)
Мүйізінен ұстап ап

Айдайды адам абайлап.

Қане, балалар, ойланып

Табыңдаршы, бұл қандай ат?

(велосипед)

Педогог балаларға

2- тапсырманың суретін велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.

  • Велосипедтің дөңгелегі көп пе әлде автокөліктің бе?

«Екі шапалақ» ойыны.

Жоғары екі шапалақ

Алға екі шапалақ

Енді қолды артқа ұстап,

Қос аяқтап секіреді

3- тапсырма.

Алдымен педагог күз туралы өлеңді балалрға оқып береді:

Жапырақтар сарғайып,

Жерге ағылып төгілсе,

Құстарымыз жиналып,

Жылы жақты көздесе,

Күз дегенің осы ғой

Жауын жауар жер тесе.

Күз мезгілеріне тән белгілерді естеріне түсіргеннен кейін, дәптердегі суреттердің арасынан күз көрінісін тауып, бояйды.

Күз


Балалар санап, 3 шардың суретін салады

Балалар санап, 4 шардың суретін салады

Щеңберге қарағанда доптың біреуі артық, ал шардың допқа қарағанда біреуі кем

Балалар жұмбақты шешіп, жауабын айтады.

Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.


Балалар дақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды.

Балалар өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық-түзетушілік


Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Бағдаршам көздерін бояу арқылы өз білімдерін бағалайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттарды санауды, жыл мезгілдерін (күз);

Игереді: үлгі бойынша санауды, екі топтпғы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды

Меңгереді: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетінде бағдарлауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №3
Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Шаршының фигуралардың арасынан табу.

Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау; заттарды санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруға және сол сөздерді сөйлеу барысында қолдпнуға үйретуді жалғастыру; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) анықтап, оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; геометриялық фигура- шаршы туралы өткенді пысықтау; шаршының көлемі әртүрлі болатынын түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, шаршы пішіндегі заттардың суреті, карточкалар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Пішіндермен танысу

Қостілділік компонент/билингвальный/: пішін-фигура, бес-пять


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педогогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-ояту бөлімі

балаларды тақтаның алдына шақырады:

Балалар шаршыны тауып, ол туралы әңгімелей бастайды:

Шаршының барлық 4 қабырғасы бірдей болады.

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі


Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.

балаларға дәптердегі суреттегі мұқият қарап шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

  • Сәбіз қанша?

  • Шие нешеу?

  • Шалқан нешеу?

  • Қияр нешеу?

Мынандай тапсырма беріледі:

«Дөңделегі бар карточкалар мен басқа заттар бейнеленген карточкаларды заттар мен дөңгелектер саны бірдей болатындай етіп, сызық арқылы қосыңдар».

2- тапсырма.

балалармен бірге суретпен танысады және сұрақ қояды:

  • Тәрелкелердің көлемі қандай?

  • Алмалардың көлемі қандай?

Тапсырма : әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, ол үшін көлемі жағынан бірдей алмалар мен тәрелкелерді бір-біріне сызық арқылы қосыңдар.

«Күшік». Сергіту минуты.

Мен- күшік, саңқұлақ,

Ойнаймын шапқылап.

Серікпін қашанда

Малшыға, шопанға.

3- тапсырма

балаларға тақпақ оқып береді:

Ал, Балақай, қарашы,

Мынау- біздің шаршы.

Теңестірген төрт бұрышы.

  • Балалар, тақпақта қандай геометриялық фигура туралы айтылған? Оның тіктөртбұрыштан қандай ерекшелігі бар?

  • Суретте қандай фигуралар берілген. Олардың ішінде неше шаршы бар?

  • Шаршылардың көлемі қандай?

4- тапсырма.

балалардың жоғарыдағы орындық пен төменгі орындықта отырған аңдарды мұқият қарап шығуын өтінеді.

  • Жоғарыдағы орындықта неше аң отыр?

  • Аттарын атап беріңдерші.

  • Ал енді балалар, жоғарыдағы орындықпен төмендегі орындықта отырған аңдарды сан жағынан салыстырыңдар. Қайсы аң кетіп қалды?

  • Қанша аң кетіп қалған болса, суреттің астындағы жолақ ішіндегі сонша дөңгелекті бояңдар.

Жұмбақ шешу.

Бейқам жатқан ел іздейді

Малдан күдер үзбейді

Қорадағы қойға шабады,

Кәне, жауабын кім айтады?
Жаңғақ толы орманда ,

Күндіз тамақ айырып.

Жатады кеш болғанда

Өз құйрығын жамылып.

Бұл не?

Балалар суреттерді қарап шығады және сұрақтарға жауап береді:

Үш

Екі

Бес

Төрт

Балалар карточкаларды бір-біріне қосады.

Балалар суретпен танысқаннан кейін

Сұрақтарға жауап береді:

Үлкен,кіші,кішкентай.

Үлкен,кіші,кішкентай.

Балалар алмалар мен тәрелкелерді сызық арқылы қосады.Балалар күшік бейнесіне еніп,түрлі қимылдар жасайды

Шаршы туралы.

Оның барлық қабырғалары бірдей.
Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша. Оның ішінде шаршы бар.

Үлкен, кіші, кішкентай.

Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.

Қоян, түлкі, қасқыр, тиін.

Қасқыр мен тиін кетіп қалады.
Балалар екі дөңгелекті бояйды.

Қасқыр

Тиін
қасқыр

Тиін

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.


  • Шиені қандай карточкамен қостыңдар? Неліктен?

  • Ал алмұртты ше?



Педагог балаларды мақтайды.

Балалар өз жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Шиені 2 нүктесі бар карточкамен қостық, өйткені шиенің саны да-2.
Алмұртты 4 нүктесі бар карточкамен қостық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет