Ұйымдастырушылық ізденістік
|
-Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады.?
-Сендер қандай қалада
(ауылды)тұрасындар?
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Педагог жетелеуші сұрақтар қоя отырып Отан сөзінің мағынасын түсіндіреді.
-Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен. Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениет, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттің тіл-қазақ тілі. Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен қазір сендермен қандай тілде сөйлесіп тұрмын?
-Қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз дедік?
(Сурет немесе слайд көрсету арқылы), ондағы үйлер, мәдениет орындары, халқы ақпарат береді. Және Қазақстан Республикасының қазіргі жағдай туралы бейнеролик (сәулетті, әдемі Көпқабатты үйлер мен мәдениет орындары, балабақша , мектеп, дүкен, т.б. қоғамдық орындар экономикасы , ұлттық валютасы- теңге) көрсетеді. Өздері тұратын қалалары туралы сұрайды. Қаланың көркейгені ол мемлекеттің мәдениеті мен экономикасының өркендегені екендігін және мемлекеттің өркендеуіне барлық Қазақстандықтардың үлесі бар соның ішінде өздерінің үлесі бар екендігін түсіндіреді.
Педагог Ә.Табылдыұлының
« Қасиетті шар» әңгімесін оқып береді. Балаларды өздерінің таңдауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірнші орталықтағы балаларғы Көпқабатты үйлерді құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үйлерді құрастыруды, екінші орталықтағы балаларға мерекеге дайындық жасап, қала көшелерін безендіру үшін түрлі заттар жасау көректігін айтып түсіндіреді.
Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі орталықтағы балалардың жұмыстарын біріктіріп, жасаған заттарына байланысты сұрақтар қояды.
Сергіту сәті.
|
Қазақстан Республикасы. Тұратын қаласын немесе ауылын айтады.
Отан менің үйім, елім, жерім, - Отан-тауымыз, табиғатымыз.
Отан-отбасымыз, мемлекетіміз.
Балалар мейнероликтен сәулетті, әдемі көпқабатты үйлер мен мәдениет орындарын, балабақша, мектеп, дүкен, ойнап, қыдырып жүрген балаларды көріп қуанышты сезімде болады.
Балалар оқылған шығарма желісі бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Бірінші орталықтағы балалар әртүрлі құрылыс материалдары мен қағаз қиындыларын қолданып, көпқабатты үйлерді құрастырады. Екінші орталықтағы балалар дайын қиылған түрлі түсті шарлар мен жалаушалар т.б. мерекелік безеңдіруге арналған заттарды жіпке тізіп жабыстырады. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
|