Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні:18.10.2021
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастыралған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Мақсаты: Ою- өрнектермен әшекейлей білуге үйрету, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық ою өрнегінің бірі “омыртқамен” таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі кұралдар: қазақтын ұлттық ою өрнегі және қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері.
Қажеттіқұрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: “Омыртқа” өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол, кимешек.
Іс –әрекеттер кезеңі
Тәрбиешінің іс –әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық – қозғаушылық
Балалар бір -біріне деген жылы тілектерін айтады.
Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды.
Орамал қазақтың ұлттық қиімдеріне жататыны туралы әңгімеледі.
Тәрбиеші қазақтың ұлттық ою- өрнектерін балалардың естеріне түсіреді (киімдердегі ою- өрнекткрді көрсетіп, сұрақтар қояды).
Балалар шеңберге тұрады. Амандасады. –Қамзол, шапан, кимешек. Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына салады.
-“Ирек”, “құсқанаты”, “тышқанізі”. Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар. Өрнек шыршаға ұқсайды т.б.
Ұйымдас-тыру, іздену
Қазақтын ұлттық оюының бірі “омыртқамен” таныстырады.
Сергіту сәті: Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып “омыртқа” өрнегін салады.
Педагог балалардан әженің орамалын ою- өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ- жауап әдісімен қандай ою- өрнек салуды анықтайды.
Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, “омыртқа” өрнегін салуға кіріседі.
- Үшбұрыштарды салу арқылы “омыртқа” өрнегімен әжеміздің орамалын әшекелейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз, содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалымыз әшекейлі және әдемі болып шықты.
(Саусақтармен жаңбыр тырсылы дыбысын салады). Қылқаламды жуып, артық суды стақан ернеуіне қалдырып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс жасайды. _Әжеміз куанып қалды.
_ Мен орамалды әдемі етіп әшекейледім.
Рефлексивті – түзету енгізу
Көрме ұйымдастыру. Жарайсыңдар, “омыртқа” өрнегіміз неге ұқсайды, балалар?
Әженің риза болғанын. Балаларға үлкен алғыс айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау. “ Орамал тастау” ойынын ұйымдастыру.
Балалар толық жауап беруі керек.
Күтілетін нәтиже: Біледі: ою- өрнектермен әшекейлей білуді.
Игереді: қазақтың ұлттық ою -өрнегінің бірі “омыртқа” туралы.
Меңгереді: шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуді.