Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет29/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ертегі қмж

Күтілетін нәтиже:
Білді: Ертегінің кеіпкерлерің бейнелеуді, мазмұндап айтуды білді.

Игерді: өз ойларын айтуды, ойларын дұрыс жеткізуді игерді.

Меңгерді: ертегі айта білуді меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:01.03.2017ж

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сүйікті ертегілер

Тақырыбы:Қайырымды қоян.

Мақсаты: Ертегінің идеясын ұғына білуге үйрету.


Қызмет

кезендері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту


Шаттық шеңбері

Қайырлы таң балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, барлығың бір-бірлеріңнің көздеріңе қарандаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің, сенімділіктің, достықтың, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Қазір барлығымыз осы жақсы көңіл – күйімізбен шаттық шеңберін құрайық.

Біз шаттық шеңберімізде бір-бірімізге жақсы теңеулер айтамыз.

-Сен аққудай әдемісің

-Көбелектей сұлусың

-Күн сияқты мейірімдісің

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру


іздену

Балалар бүгін «Қайырымды қоян» ертегісін тыңдайсыңдар.

Мейрам күні әке- шешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге жұмсайды. Екеуі көптеген адамның аттарын атайды.

Бала көшеге шығысымен – ақ шақыр деген қонақтардың есімін ұмытып қалады. Үйге барып, қайта сұрауға бата алмайды.

«Ауыл адамдарын тегіс шақырайын , солармен шақыр деген адамдары да келер» - деп ойлайды. Үй біткеннің бәрінен кіріп, ауыладамдарын тегіс қонаққа шақырады. Бәрі риза болып, келетіндіктерін айтады. Бала үйіне қайтады.

Түсте қонақтардың алды жинала бастайды. Ауыл адамдары тегіс жиналып ,енді тек дастарханның жиналуын күтеді. Баланың әке – шешесі жиналған қонақтарды көріп шошып кетіп:

-Мұнысы несі? Мұнша жұртқа тамақты қалай жеткіземіз? – дейді.

Бала шақыр деген адамдарды ұмытып қалғандықтан , үйге кел деп жұртқа түгел хабар бергенін мойнына алады.

Жұртдастарханның жайылуын сарғая күтумен болады. Ақыры әке – шешесі үйдегі барлық тамақты дастарханға қояды. Бірақ онысы жиын топқа аздық етеді.

-Өзің бүлдірген істі өзің жөнде! – деп ата – анасы баласына ренжиді.

Бала көз жасын сорғалата үйден атып шығып, тоғайға кетіп қалады. Ағаш түбіне отырып, ағыл – тегіл жылайды.Кенет ескі досы - қоян жүгіріп қасына келеді. Бала кішкене қоянды көжек кезінде тауып алып, үйіне апарып өсірген соң , тоғайға алып келіп ,қоя берген болатын.

Бала өз жайын қоянға баяндайды.

Жарайды, қапаланбадосым. Үйіңе қайт,бәрі жақсы болады, - дейді. Тоғайға кіріп жоқ болады.

Бала үйіне келсе ,қонақтар үй иесіне ренжістерін білдіріп, кейбіреулері ұрысып жатыр екен.

Беретін еш нәрсе болмаған соң қонақ шақырып нең бар еді? – дейді.

Қонақтардың бірі терезеден қараса, аңдардың бәрі қолдарнына бір –бір азықтарын ұстап, аюлар балдарын домалатып кіргізеді. Қасқырлар қойдың етін әкеліп, түлкілер тауқ пен қоян еттерін алып келіп, тиіндер жаңғақ пен жидектер әкеледі. Аңдарға тамақтар әкелуді өтінген баланың досы қоян болатын. Ол қонақтарға баланың өзін өсіріп, тоғайға жібергендігін түгел айтып береді.

Әке – шешесі қуанғаннанне істерін білмейді. Ал бала екеуінен де бетер қуанып, қоян досына риза болады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

‒ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.

‒ Балалар, енді мына мақалды жаттап алайық.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.



Балалар ертегіні тыңдады

Ролдерге еніп ертегіні жақсы түсіндіре біліп, қойылым көрсетті

Сергіту


жаттығуларын жасады


Рефлексивті

түзету

Оқушыларды марапаттау,бағалау.

Балалар жауап берді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет