Іздену ұйымдастырушы
|
Бір паровозға неше вагон тіркедік?Әр вагонды таяқшамен көрсетіп балалармен бірге дауыстап санайды. Содан соң балаларға айтады:
Қәне,балалар,енді терезелерді санаймыз:бір,екі. Келесі вагонның терезелерін санайық:бірғекі және т.б. Әр вагонда 2терезе немесе қос терезе бар. 2-еуден тұрған заттарды іздейік.
Балалар,біздің неше қолымыз,неше аяғымыз бар?Көзіміз,құла,ымыз нешеу?
Біз екі затты жұп зат деп атаймыз.Мысалы,бір жұп қолғап,бір жұп аяқ киім жіне т.б
Сонда бір жұп затты қандай санмен белгілейміз(екі санымен)? Цифрды тақтадан немесе дәптерден көрсетеді. 2цифры туралы өлең оқиды.
Айдын көлдің бетінде
Мойнын иіп жүзгенде,
Бұл аққу ма, «2» ме?
Деп қаламыз біз кейде.
Дәптерімізді ашып,1-тапсырманы орындаймыз. Қоңыз нешеу екен,балалар?(2немесе жұп).
Көрсетілген бағыт сызығы бойынша саусақпен басып жазамыз:бірінші дөңгелек сызықты оңнан солға қарай сызамыз. Содан соң көлбеу сызықты жоғарыдан төмен қарай және көлденең сызықты оңға қарай сызамыз. Егер балалар «көлденең және көлбеу» деген сөздерді білмейтін болса,сызатын бағытты ауаға немесе тақтаға сызып көрсетіңіз. Цифр дегеннің санның таңбасы екенін ұғындыру.
Педагог үстелге отырғызу тәртібін қайталайды. Содан соң 2 цифрының қатарын қарындашпен қоршап сызуды өтінеді. Балаларды сабақта белсенділік танытып,тапсырманы мұқият әрә таза орындағаны үшін мадақтайды. 2-тапсырма сергіту сәтінен кейін орындалады.
Сергіту сәті: 2рет секіреді.Оң аяқпен 2рет,сол аяқпен 2рет жерді тебу. 2рет алақан соғу және тб. 2-тапсырмада 2 цифрын тауып, оларды бояу қажет.
|
Вагондарды,вагондардағы кейіпкелерді,вагондардың тережелерін санайды. Екі,жұп деген сөздерді дауыстап қайталайды.
Жұп заттарды іздейді.
Дәптерімізді ашып, 1-тапсырманы орындайды. Ауаға немесе қағазға қолымен жазады.
Цифрларды тиісті бағыт бойынша сызады. 2санын қатыстыра отырып,сергіту сәтін орындайды.
2-тапсырмадағы 2цифры бар палитраларды бояйды.
Сергіту сәтінде Педагогтің берген бұйрығын орындайды. Қажетті қимылдарды жасайды. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.
|