Іздену ұйымдастырушы
|
Дәптерімізді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейміз. 6 цифрын табамыз.
Педагог 6 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.
Есікке салар іліп,
Мынау деген құлып,
Аузы ашылған қалпы
Айнымаған «6»
Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай, содан соң солдан оңға қарай жоғары сызамыз.
Сергіту минутын ( 6рет секіру,оң аяқпен 6рет, сол аяқпен 5рет жерді тебу, 6рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 6 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1,2,3, 4, 5,6сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады.). Тәрбиеші 1-6 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.
Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.
Содан соң №2 тапсырманы орындауға береді. Балалар алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын.
Цифрды іздейміз және бояймыз. 1-ден 6-ға дейін, 6-дан 1-ге дейін тура және кері санау. Топтың деңгейіне қарай нәтижесі 6 болатын мысалдар құрастыруды ұсынуға болады.
|
Заттарды санайды.
6 цифрын табады және талдайды. Тақпақты тыңдайды. Цифрды ауаға, содан соң қарындашты алып, дәптердегі 6санын бастырып сызады.
Математикалық сергіту минутын жасайды. Тиісті нүктелер мен тиісті цифрды көрсетіп, текшемен жұмыс істейді.
Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.
|