Іздену ұйымдастырушы
|
Аққалаларды әртүрлі тәртіп бойынша орналастырады. Балалардан оларды салыстыруын сұрайды. Олардың санын анықтап, тиісті санды табу қажет (5).Содан соң «Күн шықты және
2 аққала еріп кетті» дейді. 2 саны жазылған карточканы алып, тақтаға жапсырады. Екі аққаланы алып тастайды. Неше аққала қалғанын сұрайды.
-Біз аққалаларды алып тастадық, азайттық.
Осы сөздерді бірге қайталайды. Бұл амалды жазу үшін «-» таңбасын қолданатынын айтады. Оны балаларға крсетеді. Карточкалардың арасынан азайту таңбасын табуды сұрайды. Тақтадағы сияқты азайтуға бір мысал құрастыруды тапсырады және жазудағы сандардың нені білдіретінін сұрайды.
Дәптердегі 1-тапсырмаға нүктелер мен цифрлар жазылған карточканы жапсыруды тапсырады. Балаларға азайтуға мысал құрастыруға көмектеседі. Жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін сипаттап береді.
|
Аққалаларды санайды. Цифр жазылған карточканы көрсетеді. Тәрбиешінің «алып тастадық, азайттық» деген сөздерін қайталайды.
«Азайту-аққаланы алып тастағанымызды көрсететін таңба» деген түсінікті айтады.
«Азайту» таңбасын табады, мысал құрайды.
1-тапсырмаға тиісті цифрды сан үлгісі –нүктелерді жапсырады.
Мысалдарды әртүрлі етіп оқиды немесе тәрбиешінің соңынан қайталайды.
|