Мотивациалық қозғаушы
|
Балаларға сабаққа тағы да құртақандарды шақыруды ұсынады. Ретімен санап, құртақандарды ерекшелігіне қарай сипаттауға ынталандырады: бірінші құртақан көк шалбар киген, екіншісі...
Алдымен 4 құртақанды қатар қойып алыңыз. Содан соң «Балалар, біздің сабағымызға қатысу үшін тағы бір құртақан келді» деу керек. Сұрақ қойылады: «Құртақандар енді нешеу болды? Олаор қалайша 5-еу болып кетті? Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім табады?
|
Құртақандарды санайды. Сабақтың тақырыбын құрастырады.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Дәптерімізді ашып, құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейміз. 5 цифрын табамыз.
Педагог 5 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.
«5» жасағың бар ма?
Онда орақты ал да,
Сабына оның жалға
Көлденең қойып балға
Цифрды бастырып сызамыз.
Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: бірінші тік сызық бойымен жоғарыдан төмен қарай, содан соң дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай, көлденең жатқан сызықты солдан оңға қарай сызамыз.
Сергіту минутын (5 рет секіру,оң аяқпен 5рет, сол аяқпен 5рет жерді тебу, 5рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 4рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1,2,3, 4, 5сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады.). Тәрбиеші 1-5 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.
Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.
Содан соң №2 тапсырманы орындауға береді. Балалар алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын.
|
Заттарды санаймыз.
5 цифрын табады және талдайды.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Цифрды көрсетеді.Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады.
Математикалық сергіту сәтіне қатысады.
Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді.
Заттарды үстелдің шетіне қойып, 5 санын бояйды.
|